Курманов Болат Анарбекович «Тағдырын білем ауған даласының» атты ардагерлермен кездесу кеші сыныптан тыс іс-шараның сценарий


Өткізетін: АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушы



бет2/2
Дата07.05.2017
өлшемі2,15 Mb.
#16192
түріСценарий
1   2

Өткізетін: АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушы:

Құрманов Болат Анарбекұлы

Семей қаласы 2014-2015 оқу жылы

ШҚО. Семей қаласы.

21жалпы білім беретін мектеп»КММ



Алғашқы әскери дайындық- оқытушы ұйымдастырушы

Курманов Болат Анарбекович
«Тағдырын білем ауған даласының» атты ардагерлермен кездесу кеші

сыныптан тыс іс-шараның сценарийі

Мақсаты:

  • Екінші жаһан соғысына пара-пар Ауған соғысы туралы оқушыларға мағлұмат беру, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін мәңгі құрметтеуге тәрбиелеу;

Түрі: Кездесу - естелік кеші

Өтілетін орны: Мектептің акт залы

Көрнекілігі: Ауған соғысы жайлы деректі фильм, слайд-презентация, плакат

Б А Р Ы С Ы:

Жоспар:

  1. Кездесудің ашылуы

а) Слайд арқылы «Туған елім» әні орындалуы

б) Ауған соғысы жайлы деректі фильмнен үзінді .

2. Қонақтарды таныстыру.

3. Ардагерлерге сөз беру.

4. Әскерге шақыру куәлігін тапсыру

5. Концерттік бағдарлама.

6. Қорытынды сөз (мектеп директоры, орынбасарлары).

7. «Атамекен» әнімен аяқталады. Қонақтармен фотоға түсу.

I, Кіріспе.

а) Слайд арқылы «Туған елім» әні орындалуы.

б) Ауған соғысы жайлы «Ұлы дала өркениеті» деректі фильмнен үзінді.

1-ші жүргізуші: _ ___________________________

Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен, 


Жарқын дүние жанарынан сан көшкен. 
Ардагерлер-естелігі ерліктің, 
Ұрпақтары-бұтақтары, 
Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен. 

2-ші жүргізуші: _________________________________

Армысыздар Ауғандық жауынгерлер,

Дауыл көрген,Ауғанның қанын көрген,

Алға қарап,арманға қол созайық,

Аға тауып алқалы қауымды елден- деген өлең жолдарымен «Тағдырын білем ауған даласының» атты ардагерлермен кездесу кешін бастайымыз.

2. Қонақтарды таныстыру.

1-ші жүргізуші: ___________________________________

«Қасіретін көзбен көрген жалғанның,

Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.

Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,

Соғысында қан кешкендер Ауғанның » -деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ауған ардагерлері біздің ортамызда.

Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныс болайық.

1.___________________________________________________

2._____________________________________________________

3.____________________________________________________

4._______________________________________________________

5.________________________________________________________

2-ші жүргізуші: ___________________________________
1978 жылдың сәуір айында Ауғанстанда революция жасалды. Революциялық кеңес және Республика үкіметі құрылып, төраға қызметі Н.М.Таракиге жүктелді. Жаңа үкіметтің нақтылы реформалық іс-әрекеттері дамыған социалистік елдердегі құрылысқа ұқсас болды. Жаңа өмірдің қалыптасуы барысында басқарушы партия арасында алауыздық пайда болып, өзара тартыс басталды. 

- 1979 ж. 12-желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов, А.А.Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. 1979 ж. 25-желтоқсанда Кеңес одағы әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15-ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

 1-ші жүргізуші: ________________________________

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! ҰОС Жеңіске 70 жыл,интернациолист жауынгер ардагерлерінің құрметіне арналған «Тағдырын білем ауған даласының» атты кездесу   кеші – батырлы, қайғылы Ауғанстан соғысына қатысқандардың барлығын еске алу кеші, сол сұрапыл соғыс Ұлы Отан соғысынан да екі есе ұзақ болған емес пе?!. . .



      Сол кезді әркім әрқалай суреттеп, әрқалай жырлайды. Ауғанстан жеріндегі қозғалыстар мен іс-әрекеттер бір ғана сөзге тоқталады, ол – соғыс. Соғыс, бұл – ешқашан қайталанбау керек деген соғыс. Бұл -баршамызға сабақ, жай ғана сабақ емес, өмір бақи есімізде қаларлық сабақ болуы керек.

Жанын қиған Отан үшін

Тоқта,досым,сабыр ет.

Үнсіз тұрып бір минут

Басыңды иіп,тәжім ет.

      Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын өтеп жүріп мерт болған жауынгерлерге бір минут үнсіздікпен еске алайық!

Слайд арқылы: Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері (Семей облысы 1997 жылға дейін) көрсетіледі.

2-ші жүргізуші: _____________________________

- Армысың, Ауғандық жауынгерлер

Жырым бар жараланған жаныңды емдер,

Өлгендердің жәннатта болсын жаны

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңде - демекші, оқушыларымыз арнайы өлең жырларын дайындаған екен, ендеше, соларға кезек берсек.. «Тағдырын білем ауған даласының" (оқушылар шығармашылығы)

1-ші оқушы_____________________________:


Қан майданда қан аққан бұлақтардан

Қанды кешіп жүреді алда ерлер

Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам

Ассалаумағалейкүм, ардагерлер

Соқыр билік тұсында сумаң қаққан

Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті

Ауғанның көк аспанын тұмандатқан

Сұрапыл майдан бопты қасіретті

Дұшпанмен бетпе-бет көп шайқастарда

Жасқанып шегінбеген, тайсалмаған

Отан үшін бас тігіп айқасқанда

Оққа ұшты қанша қазақ қайсар балаң



2-ші оқушы _______________________________

Тастаған енді ер жетер шақта қырып

Кектерін олар үшін заман алар

Кебенек киген ұлын аттандырып

Қабірін құшып қалған аналар бар

Қарғыс атқыр, бағасыз арық қойдан

Сұм соғыс ғазиз жанды опырады

Ауғанда неше боздақ қалып қойған

Бұйырмай туған жердің топырағы

Қажет болған кезде де

Отан үшін оққа тостың кеудеңді

Ерлігіңді, өрлігіңді төрткүл дүние ел көрді

Бірге аттанған, кей бауырыңды

Топырақ жапты, жерленді

Енді олар жебейді ғой аруағымен сендерді

3-ші оқушы ______________________________

Адал еңбек әркімді сүйікті еткен

Ар биіктеткен

Армандар сол жылдары

Сұм соғыстың отына күйіп кеткен

Жақсының әр кез болатұғын ауласы

Ерлік мінездің қазақта көп қой арнасы

Оқ пен оттан қан кешіп елін қорғаған

Бауыржан менен Қасымдардың сен жалғасы

Ешбір қауіп Отаныма төнбесін

Шамшырағы еш отаудың сөнбесін

Берік болсын керегесі елімнің

Жас ұрпағым, мұндай соғыс көрмесін.

1-ші жүргізуші: ______________________________

Ауған соғысы туралы мәлімет

1979 жылдың 25 желтоқсаннан - 1989 жылдың 15 ақпанына дейінгі аралықта, яғни 110 айға созылған бұл соғыста көптеген жанұяның шаңырағы шайқалды. Аяқ-қолдан айырылып, қан төгіп мүгедек болғандар қаншама! Тіпті аман оралғандар да жұқпалы дертке ұшыраған бүгін де Ауған соғысының зардабын тартып жүр.

Ауған соғысына 22 мың қазақстандықтар қатысты.

Бұл соғыста 15 мыңнан астам Кеңес солдаттары мен офицерлері қаза тапты.

35 мың адам ауыр жараланды.

761 адам қаза тапқан.

21 адам із-түзсіз жоқ.

1000-ға жуық адам кемтар.

1000-ға жуық адам осы соғыстан кейін о дүниелік болды.

 - Деректері бойынша 2008 жылғы 5 маусымға қарағанда Шығыс Қазақстан облысында 2356 ардагер-ауғандық, олардың ішінде 93 мүгедек бар.



  • Ауғанстанда қызмет еткен кезінде КСРО-ның үкіметтік наградаларымен. 52 адам  Қызыл Жұлдыз орденімен, ал полковник Петр Евгеньевич Рытов пен подполковник Виктор Григорьевич Вартанов екі мәрте наградталды. 220 адам адам «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін»» медальдарымен марапатталды.

Слайд арқылы Қазақстан бойынша ауған жерінде қаза болған және із түссіз жоғалғандар көріңіздер

  • Алматы және Алматы облысы бойынша 117 адам қаза болған, 1 адам із-түссіз жоғалған.

  • Ақмола облысында-62 адам және 2 адам іс-түссіз жоғалған.

  • Ақтөбе облысы -26 адам және 1 адам.

  • Атырау облысы-19 адам және 1 адам.

  • Жамбыл облысында-62 адам және 1 адам.

  • Жезқазған облысында-32 адам және 2 адам.

  • Көкшетау облысында-22 адам және 1 адам.

  • Қарағанды облысында-70 адам және 2 адам.

  • Қызылорда облысында-12 адам.

  • Қостанай облысында-43 адам және 2 адам.

  • Орал облысында-27 адам және 1 адам

  • Павлодар облысында-27 адам.

  • Семей облысында-46 адам және 2 адам.

  • Солтүстік Қазақстанда-27 адам.

  • Талдықорғанда-58 адам және 1 адам.

  • Шымкентте-65 адам және 3 адам.

  • Шығыс Қазақстанда-42 адам және 1 адам.

Бүгінгі «Тағдырын білем ауған даласының"атты кездесу кешіне қатысушы қонақтарымыздың құрметіне    мектептің «Жұлдыз-ай» би тобы орындауында қазақтың ұлттық биі – « ______________».

2-ші жүргізуші: ___ _____________________________

Соғыс зұлымдық,Жазықсыз төгілген қан.

Өтер жылдар,уақыт тағы алыстар.

Тағдыр талай тауқыметін табыстар



Көрініс: «Мағынасыз соғыстың қасыреті»

Жауынгер:_________________

Үстел басында сарбаз киімін киген,мылтық асынған жас жігіт отыр.

Мұнды әуен ойнап тұр.

Сараз көңілсіз күйде хат жазып отыр.



(оқушы сахна сыртынан оқиды)_______________________________________

«Аяулы менің анашым.Ауыл ел тегіс аман ба?Анашым,мен сізді соңғы кезде түсімде көрдім,әкем марқұмның әскери киімдерін,соғыстағы достарымен түскен фотосуреттерін жинап отыр екенсіз.Маған қарап күлімсіреп қоясыз,сенің әкең Ұлы Отан соғысының батыры деп мақтанып отырғандайсыз.Мен бірақ бұл жағдайға көп көңіл бөле қойған жоқпын.

Анашым,бізді мүлдем түсініксіз себептермен өзбек даласына оқу жаттығу шараларына апармақшы.Содан кейін Ауғанстанға барасыңдар дейді.Бір түсініксіз хикая тәрізді.Ешкім түсініп болмайды.Егер соғыс даласы болса ше,кім үшін,не үшін,кіммен соғысуымыз керек тағы беймәлім.

Елімді қорғаймын деп ант ант қабылдап,қолыма қару алғасын менің таянып қалар жерім жоқ.Тек амандықта жүздеуге жазсын.Ұзақ уақыт хабарсыз кетсем уайымдама,кім білген хат хабар алысуға мүмкіндік бола ма,жоқ па.Тек маған сеніңіз,сіздің ұлыңыз жасынан әке аманатын арқалаған азамат.Әкемнің рухы үшін мен бәріне дайынмын.Тезірек көрісуге жазсын,анашым.

Ыстық сәлеммен сарбаз ұлың Қанат.1979 жыл 1желтоқсан»

Анасы______________________

Пошташы қыз______________________________

Хатты жазып болып сарбаз орнынан тұрып кетеді де,хатты пошташы қызға ұстатады.

Есіктен анасы кіреді.

Пошташы қыз хатты анасына беріп тұрып.

Апа,әскердегі ұлыңыздан хат келді.



Анасы:Қарағым жайшылық па?Кейінгі кезде бір түрлі түс көріп жаным жай таппай жүр.

Пошташы қыз хатты беріп шығып кетеді.



Анасы хатты ашып оқып,не істерін білмей:Құдай ай,Канатжан не дейді,соғысы несі.Бұл заман тағы неге бастап бара жатыр.Оқтың иісі,соғыстың оты әлі өшпеп пе еді.Кеше әкесін,бүгін баласын...Жо жоқ,мүмкін емес деп жерге жүресінен отыра кетеді.

Мұңды әуен күшейе түседі.

Сәлден соң орнынан тұрып:

Уа халқым,соғыстың иісі көкрегімді кернеп тұр,бұл жолы қанша боздақтың тағдыры кесіліп,қанша шаңырақтың оты сөнетіні бір Аллаға ғана аян.Менің ұлым,Қанат құлыным,әкең кешкен азаптан сен де құтыла алмадың ау.Қош құлыным,қош.

Ән «_______________________________________»

 2-ші жүргізуші: ___ ___________________________

-         Құрметті ардагерлер ! Сіздердің Ауған соғысы кезінде бастан кешкен оқиғаларыңыз жайлы өздеріңізден біраз естеліктер тыңдасақ. Сіздерді ортаға шақырамыз.



3. Ардагерлермен сұхбат:

-         Сіздің пікіріңізше, Ауған соғысының басты сабақтары не деп ойлайсыз?

-         Бастан өткізген қиындықтарды ұмыту мүмкін емес қой. Ал сіздің әскери борышыңызды өтеу қай жерде басталды, алғашқы кездерде қандай қиындықтар болды? Ауғанстан несімен есіңізде қалды?

Соғысқа шыдамай өз-өзіне қол жұмсаған адамдар болды ма? 

-         Солдат өмірі тек қиындық пен сәтсіздіктерден тұруы мүмкін емес қой, еске алатындай көңілді де қызықты сәттеріңіз болған шығар, соның біреуін еске түсіріп айтып бере аласыз ба?

-         Біздің халқымызда ертеден досқа қол ұшын беру, көмек көрсету – үлкен мәртебе, әрі парыз болып есептелген. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл принцип яғни, адал достық жеңіске жетуге көмектесті. Ал «Достық қиындықта шындалады» дейміз, Ауған жерінде осындай достық жеңістерге жетулеріңізге көмектесті ме?

Ауған ардагерлері сіздің құрметіңізге арнап «Салам бача» әнін тыңдаңыздар!

4. Әскерге шақыру куәлігін тапсыру

1-ші жүргізуші: _______________________________

Құрметті қонақтарымыз біздің мектеп оқушылары 1997 жылғы ұлдарымыздың әскерге шақырылушылар куәлігін салтанатты түрде тапсыруға рұқсат етіңіздер! Куәлік алушы оқушыларды:



  1. Абдолла Ерсін Азатбекұлы

  2. Адасханов Берікжан Амангелдіұлы

3. Ахантаев Адлет Сейлович

4. Демежанов Дидар Бауржанович

5. Жумагалиев Мейрамбек Бауыржанұлы

6. Зиябеков Мирас Алмасбекович

7. Керейханов Сағындық Жумагалиевич

8. Рахметоллин Руслан Семейбекұлы

9. Тлеубаев Адиль Кайратович

10. Медігатұлы Азамат ортаға шақырамыз!



Баянат:

Майор мырза! Бөлімше әскерге шақырылушылар куәлігін алу салтанатты рәсіміне сапқа тұрғызылды.Бөлімше командирі оқушы:Рахметоллин



Директор мырза! Оқушылар әскери тіркеу куәлігін қабылдауға дайын.АӘД пәні оқытушы ұйымдастырушы майор Құрманов.

 2-ші жүргізуші: ____________________________

Куәлікті тапсыру мектеп директоры және келіп отырған қонақтарға береміз, ортаға қошеметпен шақырайық.

Оқушыларға әскери тіркеу куәлігін беру рәсімін бастау үшін сөз кезегі Семей қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімше бастығы____________________________________

беріледі.

Оқушыларымыз әскери тіркеу куәлігін қабылдауға байланысты салтанатты түрде ант беруге дайын!



Бөлімше командирі:Анттың мәтінін дауыстап оқиды да,қалғандары «Ант етеміз!» сөзін хормен айтады.

Анттың мәтіні

1.№21 жалпы орта білім беретін мектеп ұстаздарының алдында мектебіміздің мәртебесін көтеріп жүруге Ант етеміз!

2.Біз қазақтың жері үшін өмірін сарп еткен батыр бабаларымыздың қаһармандық ерліктерін әрқашанда есімізде ұстауға,оны ұрпақтардың санасына өшпейтіндей есте қалдыруға және абырой атағына кір келтірмеуге Ант етеміз!

3.Біз егеменді еліміздің тұтқасын ұстар азаматы болуға Ант етеміз!

4.Біз жас жеткіншек,оқуда,еңбекте әрдайым алда болуға Ант етеміз!

5.Біз Отанымыздың тұғырын биік белестерге көтеруге Ант етеміз!



Семей қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімше бастығының пәрмені бойынша:

оқушы Рахметтолин әскерге шақырушылар куәлігін алуға маған кел!

оқушылар тізім бойынша өз тегін естісімен оқушы: «Мен,Құп болады!» деп саптық адыммен әскерге тіркелу куәлігін алуға Семей қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімше бастығы келіп баянат береді


Әскери атағы бойынша мырза!

Оқушы ______________ әскерге шақырылушылар куәлігін алуға келіп тұр!

Баянат берген соң куәлікті алып,тізімдегі өз тұсына қолын қойып.

Көрермендерге қарап бұрылып «Қазақстан Республикасына қызмет етуге дайынмын!» дейді.Одан кейін қайтадан сапқа оралады,солай жалғаса береді.

Куәлік берілгеннен кейін АӘД пәні оқытушы ұйымдастырушы пәрмені бойынша:

Оқушылар түзел, тік тұр!

Әскерге шақырылушылар куәлігін алу және ант қабылдау рәсімінің аяқталуымен құттықтаймын!

Оқушылар «Ура,Ура,Ура!» деп жауап береді.



1-ші жүргізуші: _______________________________

Құрметті қонақтар,оқушылар! Өз орындарыңызға баруға рұқсат

Әскерге шақырылушылар куәлігін алған оқушылар мен қонақтарымызға арнап,

4-сынып оқушысы Тұрсынов Ералының орындауында, «Жаса Қазақстан» әнін тыңдаңыздар!

Білімнің шарлағанда талай өрін,

Жаналық ашқан жастар келер керім.

Бар ғалам, барлық қонақ ұстаздарды,

Сыйлайды мәңгі бақи, беріп төрін- деп, құттықтау сөз мектеп директоры:

Зейнелов Тоқтарбек Зейнелұлына беріледі

Қонақтарға сыйлық тапсыру (Жұлдыз ай би тобының қыздары)

2-ші жүргізуші: ______________________________

-         Бүгінгі кешімізге келген Ауған соғысына қатысушыларға мың да бір алғыс айтқымыз келеді. Сіздерге мықты денсаулық, ашық аспан, қажымас қайрат, қуаныш пен шаттық тілей отыра, Отанымыз тыныш болсын деймін. Тек қана жақсылықпен кездесейік. Ал оның бәрі болатынына кәміл сенемін.

Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,

Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.

Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін

Ардагерлер – естелігі соғыстың.

Құрметті ағалар,ұстаздар, оқушылар бүгінгі кездесу кешімізді ақын сазгер

Ермурат Зейілханның «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтаймыз және естелік фото суретке түсеміз, көңіл қойып тыңдап қатысқандарыңызға көп рахмет!!!



1-ші 2-ші жүргізуші қош сау болыңыздар!
АӘД пәні оқытушы- ұйымдастырушы: Б.Құрманов

Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет