Курс: 4 Кредит саны: 2


Оқу сағаттарының тақырып бойынша бөліну кестесі



бет7/33
Дата08.02.2022
өлшемі135,86 Kb.
#123687
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
жарат
Бут академическое письмо, №7 ШЖМ, №7 ШЖМ, №7 ШЖМ, жарат, жарат, ОПИСЬ 2020-2021, Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word, жарат, жарат, Педагогикалық кейстер 7, ibraimova-kazak-otbasy, 500 әдіс-тәсіл
8. Оқу сағаттарының тақырып бойынша бөліну кестесі..






Тараулар атауы, реті

Сағат саны




Лек


Лаб.

прак


ОБСӨЖ


СӨЖ

“Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесі” пәнінің мақсаты мен міндеті


1

1



4

2

Жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесінің

даму тарихы, кезеңдері

1

1



4

3

Дүниетану пәнінің мазмұны, құрылымы, ерекшелігі


1





4

4

Кіші жастағы оқушылардың табиғаттану, қоғам тану және адам тану ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру мен дамыту әдістемесі.




1



4

5

Оқыту әдістері, тәсілдері. Олардың классификациясы.


Оқыту технологиялары, оларды пайдалану жолдары.


1

1



4

6

«Қоршаған орта» курсын оқытуды ұйымдастыру формалары.


1

1



4

7

Сабақтың құрылымы.


1

1



4

8

Сабақ типтері.


1

1



4

9.

Дәстүрлі емес сабақтар түрлері.


1





4

10

Ойын сабақ және оны өткізу әдістемесі.


1

1



4

11

Сыныптан тыс жұмыстар.


1





4

12

Дүниетану сабақтарындағы тәжірибелер


1

1



5

13

Жеке, топпен, сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері.


1





5

14

Оқушы білім, білігі, дағдысын тексерудің жолдары.


1

1



5

15

Кіші комплектілі мектептерде оқыту ерекшеліктері.


1

1



5





БАРЛЫҒЫ


15


11




64



9. Лекция сабақтары

1-лекция. Тақырыбы: “Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесі” пәнінің мақсаты мен міндеті

Лекция мақсаты: пәннің мақсаты мен міндеті туралы түсінік қалыптастыру.

Жоспары:
  1. “Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәнінің мазмұны.


  2. “Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәнінің мақсаты мен міндеттері.


  3. “Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәнінің зерттеу әдістері.


  4. “Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.


  5. “Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” оқу пәні ретінде.




Лекция мәтіні :

1.Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы жалпы дүниетану пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу процестерінің жүйесіне кіреді.
Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің дүниетану пәндерін тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні дүниетануды оқытудың мазмұны мен ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Білім беру ісі әрқашанда бастауыш білім сатысынан басталады. Білім берудің негізі – бастауышта, яғни бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Соның ішінде “дүниетану” пәні тұлғаның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосады.”Дүниетану” пәні негізінен үш блокты: “Адам”, “Табиғат”, “Қоғам”ұғымдарын бірлестіретін пән болып табылады.Яғни “өмір әліппесі” болып саналған “Дүниетану” пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.
2.Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің мақсаты болашақ мұғалімдерге мектептегі “Дүниетану” пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал “Дүниетану”пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін “Дүниетану” пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады.
Дүниетану пәнінің міндеті:
  • оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);


  • оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.);


  • дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады.


Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы – оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады.



3.Сонымен бірге оқыту әдістері – практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, эксперименттер, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану арқылы жүргізіледі.Бұл ерекшеліктер мектепте оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.). Мұндағы ерекше оқыту формаларын жүргізу әдістемесі осы пәнде қарастырылады.
Бұл пәннің мазмұны және өзіндік ерекшеліктері, оқытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.
Дүниетану сабақтарында табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі және өлі табиғат заңдылықтарын оқып-білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырады.Сондықтан да болашақ бастауыш мектеп мұғалімі “Дүниетану” пәніне қатысты барлық білімдер мен білік-дағдыларды толық меңгеруі қажет.

4.Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні көптеген ғылым салаларымен байланысты.Ең алдымен студенттер мектеп курсында өткен табиғаттану, ботаника, жануартану, тәнтану, тіршіліктану , астрономия және т.б. пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді.Сонымен қатар “Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәні бұрынғы курстарда оқылған жаратылыстану негіздері және физиология пәндерінен білім негіздерін пайдалана отырып оқытылады, гуманитарлық пәндердің көзделген мақсаттарын сәйкестендіреді.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні мынадай: педагогика, психология, валеология, мектеп жасындағы балалар физиологясы пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Осы білім негізінде дүниенің даму заңдылықтарын түсінетін жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру үшін енгізілді. Бұл пәннің теориялық негізі студенттер оқыған жаратылыстану циклі мен педагогика және психология пәндері болып табылады. Бұл пәннің көп бағыттылығы, көп пәнділігі және олардың арасындағы пәнаралық байланыс, оқытудағы жүйелілік және болашақ “дүниетану” пәнінің мұғаліміне қажетті білім мен білік деңгейі көрсетілген.
5.Бұл пәнде студенттер әдістемелік білім мен білік дағдыларды жаратылыстану циклі және педагогика-психология пәндерінен білуі қажет екендігі байқалады. “Дүниетану” пәнінің мазмұнын меңгеру бастауыш мектеп мұғалімдерінен оқу-тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау және табиғатты, адамды, қоғамды, еңбек адамдарын оқуда оқыту әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдауды қажет етеді. Студенттер дүниетану пәнінің мазмұнында экологиялық, табиғатты қорғау, гумандық т.б. бағыттарды көре білуге үйрену қажет.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнін оқу барысында студенттер мынадай білімдермен қарулану қажет:
  • жаратылыстану циклінен алған білімдерін пайдалана отырып дүниетану пәнінен өздеріне қажетті білім мен білікті қалыптастыру;


  • оқушыларға тіршіліктің алуан түрлілігі жайлы, оның таралу жолдарын, табиғатты аялай білу қажеттілігін түсіндіру;


  • оқу пәнінің мазмұны мен оқу тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтауға үйрену;


  • оқушылардың пәнге деген қызығұшылығын арттыруға бағытталған жұмыс формаларын ұйымдастыра білуге дағдылану.


Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні студенттерді бастауыш мектепте “Дүниетану” пәнін жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстырып қана қоймай, адамзатты қоршап жатқан дүниені қорғау қажеттілігін сезінуге және оны жас буынның бойына сіңіре білуге бағыттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет