Курс: 4 Кредит саны: 2



бет20/33
Дата08.02.2022
өлшемі135,86 Kb.
#123687
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
жарат

Лекция мақсаты: сабақ типтері туралы ұғым, және олардың түрлері туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Жоспары:
1. Аралас сабақты өткізу әдістемесі
2.Зертханалық-практикалық сабақтар.
З.Экскурсия және семинар сабақтары .


Лекция мәтіні:
1. Аралас сабақты басқаша жалпы сабақ деп те атайды.Ол сабақтардың ең жиі кездесетін түрі. Сабақтардың қазір қолданылып жүрген жүйесін М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернер ұсынған. Онда мынадай элементтер болуы мүмкін:


  1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыладың сабаққа әзірлігін тексеру, сабақ тақырыбын таныстыру, мақсатын анықтау. Бұл бөліснің мақсаты сабақта жұмыс жағдайын туғызу.


  2. Үй тапсырмасын тексеру әртүрлі түрде орындалады. Кейде оқушылардың жұмысын көріп шығу да жеткілікті болады. Кейде ішінара тексеру жүргіземіз немесе оқушылардың өзара тексеруін өткіздіреміз.


  3. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін ауызша тексеру жүргізілуі мүмкін. Ол жеке дара, жаппай сұрау арқылы жүргізіледі.


  4. Жаңа білімді баяндау, жаңа материалды талдау.


  5. Өтілген тақырыпты бекіту. Ол әртүрлі формада жүргізілуі мүмкін (жаттығу, пысықтау, практикалық жұмыс т.б.) Жаттығу жұмыстарында оқушыға мұғалім көмектесуі мүмкін.


  6. Өтілген материал бойынша оқушылар білімін анықтау (өзіндік жұмыс) 5-6 минут.


  7. Үйге тапсырма беру.


Озат мұғалімдер В.Шаталовтың, В.Давыдовтың, Л.Зориннің ұсынған нұсқаларын аралас сабақтарда қолданып, уақытты үнемдей отырып жаңа материалды терең игеруге негізделген. Олар: ақпаратты ірілеп беру, структуралық схеманы жетілдіру, ақпаратты модельдеу, тірек схемаларын пайдалану, сабақ үстінде оқушылармен кері байланысты жетілдіру, оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру т.б.


Оқушылардың оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру керек: сыныптың белсенді оқушылар тобын құру, ауыспалы жұптық, өзара жарыса оқитын топтық ұжымдар өзіндік жұмыстар орындау керек.
Бағалау қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болуы үшін оны тек мұғалім ғана емес оқушылар да қолдана алатындай болуы керек. Жаңа материалды бекіту үшін:
  1. Жаңа материал бойынша 4-5 минуттық жаттығу жұмыстарын жүргізіп жаңа материалды бекітіп алу.


  2. Өтілген материал бойынша деңгейлік тапсырмалар беру.


Үй жұмысын орындағанда оқушылар оқи білуге, өзіндік жұмыс істеуге үйренеді. Ол жайлы озат мұғалімдердің ұсынысы мынадай:


    1. Оқушыларға аяқталмаған, бекітілмеген материал бойынша үй тапсырмасын беруге болмайды.


    2. Үй жұмысы негізінен келесі жаңа материалға дайындық түрінде болғаны жөн.


Оқушылардың дәптерін тексеруге оқушылардың өзін жұмылдырудың оқушылардың пәнге қызығуын арттырады. Тіпті оқушылардың өзіндік жұмыстарын да белсенді оқушыларға тексертуге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет