Курс: 7 Тақырыбы: Ақуыздар алмасуы бұзылысы кезіндегі лабораториялық диагностика Орындаған


Ақуызға  анализы  қалай тапсыру қажет?



бет3/7
Дата22.10.2022
өлшемі2,04 Mb.
#154642
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ақуыздар алмасуы кезіндегі

Ақуызға  анализы  қалай тапсыру қажет?
Жалпы ақуыз деңгейін анықтау үшін  қан  таңертең, аш қарынға венадан алынады. Ақырғы тамақ ішкен уақыт аралығы 8 сағаттан кем болмау қажет. Тәтті сусындар ішпеген дұрыс. Бүгінгі таңда жалпы ақуыз деңгейі биуретинді немесе микробиуретті әдіспен (егер концентрация өте төмен болса) анықталады. Бұл әдіс универсалды және қолданылуға қарапайым, арзан және тез әдіс. Бұл әдісті қолданған кезде қателік аз, сондықтан информативті және сенімді әдіс болып табылады. Қателіктер кей жағдайда реакцияны дұрыс қоймаған кезде немесе кір ыдыстарды пайдаланған кезде болады.
Альбумин, глобулин түрлері, қалыпты көрсеткіштері, жоғарылау және төмендеу себептері
Ақуыз фракцияларының түрлері, қалыпты көрсеткіштері
Қан  ақуыздары бірнеше түрде болады, оларды ақуыз фракциялары деп атайды. Жалпы ақуыздың екі фракциясы бар – альбумин және глобулин. Глобулин өз кезегінде төрт типпен көрінген – α1, α2, β және γ.

Қан ақуыздарының қалыпты көрсеткіштері

альбумин

64%

40-50 г/л

α1-глобулин

4%

2,0‑2,4 г/л

α2-глобулин

7%

балалар 4,5 г/л
ерлер 1,50‑3,50 г/л
әйелдер 1,75‑4,20 г/л

β-глобулин

10%

нәрестелер 1,30-2,75 г/л
ересектер 2,20-4,0 г/л

γ-глобулин

Осы көрсетілген ақуыз фракцияларының бұзылысы диспротеинемия деп аталады. Диспротеинемияның әртүрлі түрлері бауыр және инфекциялық аурулар әсерінен болады.
Альбумин – қалыпты көрсеткіштері, жоғарылау және төмендеу себептері, анализды қалай тапсыру қажет
Әрбір ақуызды фракцияны жеке қарастырайық. Альбумин біртекті топ болып табылады, жартысы  қан  тамыр торында, қалған жартысы жасуша аралық сұйықтықта болады. Теріс заряд және альбумин беткейінің үлкен болуына байланысты өзі арқылы әртүрлі аттарды тасуға мүмкіндігі бар, олар гормон, дәрілік заттар, май қышқылдары, билирубин, металл иондары және т.б. Альбуминдердің басты физиологиялық қызметі – қысымды ұстап тұру және аминқышқылдардың резервісі болып табылады. Альбумин бауырда синтезделеді және 12-27 күн бойы өмір сүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет