Альбумин деңгейінің жоғарылауы – себептері
Қан альбуминдерінің жоғарылауы (гиперальбуминемия) келесі патологиялармен байланысты болады, жалпы альбумин деңгейінің жоғарылауы диагностикалық маңызға ие емес.
дегидратация немесе сусыздану (құсу, іш өту кезіндегі сұйықтықты жоғалту)
кең таралған күйіктер
витамин А жоғары дозада қолдану
АЛЬБУМИН ДЕҢГЕЙІНІҢ ТӨМЕНДЕУІ – СЕБЕПТЕРІ
Альбумин концентрациясының төмендеуі (гипоальбуминемия) 30 г/л дейін болуы мүмкін, нәтижесінде онкотикалық қан қысымы төмендейді және ісіну пайда болады. Гипоальбуминемия келесі жағдайларда туындайды:
- әртүрлі нефрит кезінде (гломерулонефрит)
- бауырдың жедел атрофиясы, токсикалық гепатит, цирроз
- капиллярлардың өткізгіштігінің жоғарылауы кезінде
- Амилоидоз
- Күйік
- Жарақат
- қан кету
- жүрек жеткіліксіздігі
- асқазан – ішек жолдарының патологиясы
- Ашығу
- жүктілік және лактация
- Ісік
- мальабсорбция синдромы
- Сепсис
- Тиреотоксикоз
- оральды контрацептивтер және эстрогенды гормондарды пайдалану
АНАЛИЗ ТАПСЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Альбумин концентрациясын анықтау үшін қан венадан, аш қарынға таңертең алынады. Анализ тапсырар алдында ақырғы тамақтану уақытының аралығы 8-12 сағат болу қажет және ауыр физикалық жүктеме мен зерттелетін адам ұзақ аяқта тұрмауы қажет. Бұл факторлар нәтижеге әсер беруі мүмкін және қорытынды нәтиже қате болуы мүмкін. Альбумин концентрациясын анықтау үшін арнайы реактив – бромкрезол жасылы қолданылады. Бұл әдіс арқылы альбумин деңгейін анықтау дәл, қарапайым, уақыт бойынша ұзақ емес болып табылады. Мүмкін болатын қателіктер анализ кезінде қанды дұрыс өңдемеу, кір ыдыстарды пайдалану және реактивті дұрыс қоймау әсерінен болуы мүмкін.
Глобулиндер – олардың түрлері, қалыпты көрсеткіштері, жоғарылау және төмендеу себептері.
α1-глобулин – α1-антитрипсин, α1-қышқыл гликопротеин, қалыпты көрсеткіштері, жоғарылау және төмендеу себептері
Бұл ақуызды фракция құрамына 5 ақуызға дейін кіреді және олар қалыпты жағдайда жалпы ақуыздардың 4%- н құрайды. Диагностикалық маңызды екі түрі – α1-антитрипсин (серинды протеиназ ингибиторы) және α1-қышқыл гликопротеин (орозомукоид).
Достарыңызбен бөлісу: |