Қан сары суындағы α2 глобулиндердің қалыпты көрсеткіштері
| | |
α2-макроглобулин
| | |
балалар (1‑3 жас)
|
4,5 г/л
| |
ерлер
|
1,50‑3,50 г/л
| |
әйелдер
|
1,75‑4,20 г/л
| |
Гаптоглобин
|
0,8-2,7 г/л
| |
Церулоплазмин
| | |
балалар
|
нәрестелер
|
0,01-0,3 г/л
| |
6-12 ай
|
0,15-0,50 г/л
| |
1-12 жас
|
0,30-0,65 г/л
|
Ересектер
| |
0,15-0,60 г/л
|
- Α2-МАКРОГЛОБУЛИН – бауырда, моноцит және макрофагтарда синтезделеді. Қалыпты жағдайда ересек адамдарда оның көрсеткіштері 1,5-4,2 г/л, ал балаларда 2,5 есе жоғары. Бұл ақуыз иммунды жүйеге жатады және цитостатик болып табылады. (оба жасушаларының бөлінуін тоқтатады). α2-макроглобулин деңгейінің төмендеуі жедел қабыну, ревматизм, полиартрит және онкологиялық аурулар кезінде болады, ал α2-макроглобулин деңгейінің жоғарылауы бауыр циррозы, бүйрек аурулары, микседема және қант диабеті кезінде болады.
- ГАПТОГЛОБИН екі субъединицадан тұрады және адам қанында үш молекулярлы формада жүреді. Жедел фазалы ақуыз болып табылады. Сау адамның қанындағы қалыпты көрсеткіштері — 2,7 г/л. Бұл ақуыздың басты қызметі гемоглобинді ретикуло-эндотелиальды жүйе жасушаларына тасымалдау, кейін онда гемоглобин ыдырап, билирубин туындайды. Гаптоглобин деңгейінің жоғарылауы жедел қабыну кезінде жоғарылайды, ал төмендеуі гемолитикалық анемия кезінде болады. Сәйкес емес қан құйған кезде мүлде жоғалып кетеді.
- ЦЕРУЛОПЛАЗМИН – фермент қасиетіне ие ақуыз, ол Fe2+ Fe3+-ке қышқылдандырады. Церулоплазмин мыстың депосы және тасымалдаушысы болып табылады. Сау адам қанында қалыпты жағдайда 0,15 — 0,60 г/л деңгейінде болады. Бұл ақуыз жедел қабыну және жүктілік кезінде жоғарылайды, ағзаның осы ақуызды синтездей алмауы туа пайда болатын ауру – Вильсон-Коновалов, және сол науқас туыстарында байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |