Кредит саны –3
Өту орны: №7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
Семестр
Кредит саны
Дәрістер
Студиялық сабақ
ОЖСӨЖ
СӨЖ
Барлығы
Бақылау
түрі
3
5
3
-
45
45
45
135
Емтихан
Кіріспе Курстың қысқаша сипаттамасы: Бейнелеу өнерінде Компьютерлік графика пәні - студенттердің теориялық және практикалық білімдерін терендетіп олардың суретші дизайнер ретінде кәсіби шеберліктерін арттырады.
Компьютерлік графиканың қазіргі заманғы информациялық (ақпараттық) технологиялары кәсіби өсу барысында жанр мүмкіншіліктерін ашады.
Жаңа ақпарат кезеңіне қол жеткізу (әр түрлі компьютерлік мағлұматтар базалары, жанрлық қызметі және мына редакторлық бағдарламалар CorelDRAW, PhotoShop, PageMaker, AutoCAD, 3DSMAX, Premiere) шығармашылық жасанды жолда тиімді қызмет атқарады.
Курстың мақсаты: Компьютерлік графика пәнінің мақсаты студенттерді компьютердің көмегімен әр түрлі баспа және анимациялық бұйымдар құрастыру мен жасау, жаңа кәсіби информациялық технологияларды оқыту, графикалық пакеттер және олармен көркем жұмыс істеу әдістерімен таныстыру. Көркем бейнелерді компьютер көмегімен салу шығармашылық процесті тиянақты әрі ұтымды өткізуге септігін тигізеді. Компьютермен қарым-қатынас шығармашылық ойды, қолды және көзді бағыттауға, қалыптастыруға әсер етеді. Жалпы пәнге деген көзқарастарын, қызығушылықтарын, ой-өрістерін, суретші дизайнер ретінде қалыптастыруларын арттыру. Қазіргі кезеңде суретшілермен дизайнерлерді бизнес баспа және көркемөнер салаларында компьютерлік кәсіби даярлығы мен эстетикалық талғамы жоғары мамандарға деген сұраныс туып отыр.