Пререквизиттер: Компьютерлік бағдарлама
Постреквизиттер: Компьютерлік графика, CorelDRAW, PhotoShop редактор бағдарламалары, композиция негізі, сызба геометриясы, перспектива
Оқыту әдістемесі:
Оқыту негізінен практикалық жұмыс түрінде жүріп, оқу материалдарының мазмұны, үйренген әрі алған білімдері сол арқылы көрініс табады.
Студенттердің алған білімдері үй тапсырмасын тексерумен, дәрісханалардағы көрмелер, жекелеген семестрлік тапсырмалармен бақылауға алынады.
Студенттерге қойылатын талаптар:
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады. Белгілі бір себептерге байланысты сабақ қалдырса, тиісті құжаттары болуы қажет.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |