9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Композициялық портрет
Этюдтер жазу.
Адам бейнесін жұмсақ материалмен салу.
Әйел, ер адам портретін салу.
Адам бейнесін табиғат аясында жазу.
10. ОҚУ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ САРАМАНДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР жоқ
11. СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
Әр семестрден кейін студенттердің білімдерін бағалау:
Оқыту негізінен практикалық жұмыс түрінде жүріп, оқу материалдарының мазмұны, үйренген, алған білімдері сол арқылы көрініс табатындықтан емтихан көрме түрінде (выставление) өтеді.
Студенттердің алған білімдері жекелеген семестрлік тапсырмалар, үй тапсырмалары, т.б. сол көрмеге қойылып, оны кафедра оқытушыларынан құралған комиссия бағалайды.
Емтихан көрмесіне қойылатын негізгі жұмыстарға, соңғы орындалған аудиториялық жұмыс талапқа сай безендіріліп , күнделікті этюдтер, нобайлар, нұсқадан, қиялы бойынша да салынған кескіндемелік жұмыстар қойылады (үй тапсырмаларын майлы бояу, жұмсақ материалдар, сангинамен орындауға болады).
Бұндағы қойылатын негізгі талаптарға:
- үйлестіру, орналастыру жағдайын – сәйкестік заңдылықтарын;
- қойылым кеңістігін көрсету, перспективасы мен ауа перспективасын;
- заттардың неден жасалғандықтарын, яғни материалдарын көрсету;
- жазықтыққа дұрыс орналасуын, орындау техникасы мен ұқыптылығын, т.б.
жатқызамыз.
Комиссия әр оқу семестрінде емтиханда үздік деп танылған, сәтті деген жұмыстарды таңдап алып, оқу ғимараты дәлізіне көрмеге іледі.
Достарыңызбен бөлісу: |