Курстық жұмысты қорғау Курстық жұмысты қорғаудың мақсаты болып студенттің жұмыстың тақырыбын ашу деңгейін, мәселені зерттеудің өздігінен жүргізілуі мен тереңдігін, түйіндер мен ұсыныстардың негізділігін анықтау болып табылады.
Курстық жұмысты қорғауға студент мұқият дайын болуы керек: ол баяндама тезисін құрастырады, қажетінше иллюстрациялық материалдарды (кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар және т.б.) дайындайды; жеке қағаз бетінде курстық жұмыста мазмұндалған, теориялық және тәжірибелік маңызы бар жұмыстың ерекше мәнді ережелерін мазмұндайды. Баяндама тезистерін дайындауды студент курстық жұмысты кафедраға ұсынғаннан бірден бастауы қажет.
Курстық жұмысты қорғау Курстық жұмысты қорғау кезінде студент курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін қысқаша, айқын әрі нақты сипаттайды, оның маңызды ережелерін мазмұндайды, өзінің жасаған түйіндері мен ұсыныстарын талдайды, яғни дәлелдейді. Басқаша айтқанда, курстық жұмысты қорғау барысында студент курстық жұмысты жазу кезінде өздігінен зерттеу арқылы алынған нәтижелерді ауызша дәлелдеуі қажет.
Баяндама жасауға студентке 5-7 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Студентке ғылыми жетекші мен қорғауға қатысушы кез келген адам сұрақтар қоюы мүмкін. Қойылған сұрақтарға студент қысқа, бірақ дәл жауап беруі керек.
Курстық жұмысты қорғау Курстық жұмысты қорғау процедурасы:
1.Жұмыстың мазмұны туралы студенттің хабарламасы (7-10 минут).
2. Авторға сұрақ және жұмысты талқылау.
3. Жетекшінің сөзі.
4. Студенттің қорытынды сөзі.
5. Қорғауды қорытындылау.
Студент қорғауға 7 минутқа есептелген ауызша сөз даярлайды.
Курстық жұмысты қорғауда студенттің сөйлеуі болуы тиіс:
нақты және ықшам;
қамтылған мәселелер бойынша білімін демонстрациялау;
нақты анықталған зерттеу нысаны, пәні мен гипотезасының болуы, қарастырылған тақырыптың өзектілігін негіздеу;
өткізілген эмперикалық зерттеулердің қорытындысы мен нәтижелерін ашу (болған жағдайда);
көрнекі-иллюстративті материал: сызба, кесте, график т.б.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
курстық жұмысты орындау және тапсыру уақытын сақтау;
курстық жұмыстың сыртқы түрі және безендірудің дұрыстығы;
илюстративті материалдардың безендірілу дұрыстығы мен көрнекілігі;
қосымшалардың болуы және сапасы;
әдебиеттер тізімін рәсімдеу дұрыстығы;
теориялық талдау тереңдігі, берілген тақырыптың негізгі мәселелерін талдау білігі, талқылау мәселелерінің және көзқарасының негізгі түйіндерін білу және түсіну;
жұмыстың теориялық және практикалық бағалылығы (қажетіне қарай);
практикалық сынақ сипатының болуы және толықтылығы;
жұмысты рәсімдеу сапасы.
Курстық жұмысты қорғау Курстық жұмысты қорғаудың нәтижесін ғылыми жетекші «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық»,
«қанағаттанарлықсыз» деп бағалайды. Курстық жұмысты бағалаудың критериі болып жұмыстың мазмұны және оны рәсімдеу, жұмысты қорғау табылады.
Оң бағалар («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомостіне және студенттің сынақ кітапшасына қойылады. «Қанағаттанарлықсыз» бағасы тек емтихан ведомостіне қойылады.
Курстық жұмыс бойынша қойылған баға студентке қорғаудан кейін бірден жарияланады.
Курстық жұмысты қорғағаннан кейін оң бағаны жоғарылату мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Оқу процесінде жазылатын барлық курстық жұмыстардың бағалары студентке институтты тамамдауда берілетін дипломына қосымша ретіндегі анықтамаға енгізіледі.
Курстық жұмысты қорғау «Өте жақсы» бағасы курстық жұмысқа қойылатын талаптар сақталғанда және курстық жұмыс мезгілінде орындалғанда қойылады.
«Жақсы» бағасы теориялық (реферативті) бөлігі жоғары деңгейде орындалып, зерттеушілік бөлігі мен қорытындысы толық дәлелденбегенде қойылады.
«Қанағаттанарлық»бағасы курстық жұмысқа қойылатын талаптар жартылай сақталғанда: мәселенің мәні толық ашылмағанда, жұмыстың құрылымдық бөліктерінің бірі жоқ және жұмыс дұрыс емес безендірілгенде қойылады.
«Қанағаттанарлықсыз»бағасы курстық жұмысқа қойылатын талаптардың барлығы сақталмағанда, оның ішінде жұмыс бір немесе бірнеше ақпарат көзінен көшірілген (Интернет желісін қоса алғанда), оны жазуда қолданылған ақпарат көзі аз және ескірген, оқулықтар мен ғылымикөпшілік әдебиеттерді негізге алады, жұмыста ғылыми қағидасы бұрмаланған болса қойылады.