Курсы : 1 Институты: Жаратылыстану және геошрафия


«Менің мектебім» тақырыбында эссе



бет21/21
Дата11.05.2022
өлшемі94,54 Kb.
#141919
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Аманбаева Аружан практика
ЛОГИКА вариатив , 55555, zere, zere
«Менің мектебім» тақырыбында эссе.
Мектеп… Осы бір сөзде үлкен мән-мағына жатыр. Осы бір сөзден біздің бүкіл өміріміздің алғашқы баспалдақтары басталады. Кімге де болса он бір жыл білім берген, адалдыққа, кішіпейілдікке, мәдениетке үйреткен, болашаққа жолдама беретін алтын ұя мектебі қымбат. Біздер үшін өміріміздің алғашқы қадамы басталған жер әр кез кімге болса да ыстық. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады.
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт деп ойлаймын. Мектеп -білім айдынындағы үлкен кеме , осы кемеде әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі де өзгереді.
Мен Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепті оқып аяқтадым. Менің мектедім шағын ғана еді. Сырт келбеті шағын болғанымен мектебімде білімге ашылған жол өте көп еді. Біздің мектептің түлектерінің спорт жағынанда білім жағынанда жеткен жетістіктері өте көп. Мен оны мақтана айта аламын.Оның мысалы , Мейрамбек Нұрдаулет Ертайұлы воллейболдан республикалық жарыстардан жүлделі орындарға ие. Сонымен қатар, Дәуітбеков Дархан ағайымыз алгебра және география пәндерін жетік менгерген ұлағатты ұстаз. Дауысы өте керемет , республикалық ән бауқауларынан белгілі жүлделері бар.Айта берсең өте көп үлгі тұтар азаматтар түлеп ұшқан.
Менің бастауыш сыныптағы ұстазым, ақылшым Фарида апайыма көп алғыс айтқым келеді. Маған өз жылулығын сыйлап, әріп танытып, санауды үйретті! Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шатыққа толы кездер, дәл осы кездер есімізде мәңгіге қалады деп сенемін. Жазуды да, оқуды да, санауды да осы кісіден үйреніп міне қазір мектеп қабырғасынан ұшып үлкен өмірге қадам бастым. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күнім, әрбір қырық бес минуттарым балалық шағымның балғын уақыты болып қалмақ. Мектеп біздің “екінші отбасымыз, ақылшы анамыз, ұстазымыз”! Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге көп бақытты күндер сыйлады, тірек болды, жылулық пен бақыт сыйлады. Ал ұстаздарымыз болса, бізге білім үйретуден еш жалықпады.
Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебім маған үлкен өмірге жолдама берді, үлкен өмірге дайындады. Мен осы мектепте 1 – ші сыныптан бастап оқып келемін, енді міне осы мектебім мен үшін жауапты емес, бірақ мен мектебімнің алдында әлі қарыздармын! Ендігі осы жолы алдыма үлкен мақсаттар қойып, алдымда тұрған 4 жылдық оқуымды жақсы бітіріп бір мамандық иесі болып, мені мәпелеп өсірген ата – анамның борышын ақтағым келеді! Оқуымды бітіріп дипломымды алып өзім оқыған мектебіме келіп оқушыларды білім нәрімен сусындатқым келеді. Осы мақсатыма жетемін деген ойдамын!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет