Курсы: 1 Тобы: гик221дк (дот) Мамандығы



бет3/9
Дата21.02.2023
өлшемі1,1 Mb.
#169640
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ПРАКТИКА ОТЧЕТ 2023 ГОТОВЫЙ[

Жалпы ереже
Мектепте оқушылар өзара және үлкендер арасында рухани – адамгершілік нормаларын сақтайды. Адал әрі өзінің және өзгенің ар-ождан қағидаларын биік ұстайды.
Оқушылар:
· Оқушылар мектепте мектеп формасымен жүруге ;
· Үлкендерге құрметпен қарауға;
· Көмек керек кезінде кішілерге, мүгедек-кемтарларға көмек көрсетуге;
· Мектеп мүлкін өз мүлкіндей сақтап, күтуге, басқа да адамдар мен қоғамдық меншіктерді көздің қарашығындай сақтауға;
· Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауға;
· Ынталы оқуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және білімді табандылықпен меңгеруге;
· Сабақтан қалмауға, сабаққа және басқа да іс-шараларға кешікпей, уақтылы келуге;
· Мектеп ережелерімен талаптарын (мектеп әкімшілігінің , мұғалімдердің, сынып жетекшілері мен оқушылар ұйымының) орындауға;
· Мектептің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысуға;
· Өзінің мәдени деңгейін әрқашан көтеріп отыруға, өз бойында жақсы эстетикалық талғам мен әдептерді қалыптастыруға;
· Жаман әдеттерден: темекі шегу, жаман сөз айту, қыдыру, салақтық т.б. аулақ болуға, оны болдырмауға;
· Жеке бас гигиенасын сақтауға, денесін шынықтыруға, мектепте және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға;
· Ұжымда достық қарым-қатынас орнатуға, бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінің абыройы мен намысын қорғауға;
· Табиғатқа (өсімдік, жан-жануар т.б.) нұқсан келтірмей, қамқор болуға


Қатаң тиым салынады
· Терезе алдында, жәшіктерге (шкафтарға) және басқа заттарға, шатырға мінуі;
· Электр жүйелерін, қосып-айыратын нүктелі жәшіктерді ашуы;
· Мектеп мүлкінің, басқыш сатының ұшты бұрыштарына отыруы, асылып тұруы, басқаларды итеруі;
· Шаруашылық заттар қоймасына кіруі;
Мектепте сабақ басталғанға дейін
· 30 минут қалғанда мектеп үлгісінде таза, ұқыпты киініп келеді. Төменгі сынып оқушылары сабақтың басталуына 20 минут қалғанда келеді.
· Мектепке кіргеннен соң сырт киімдерін шешіп, шаштарын, киімдерін ретке келтіріп, сынып бөлмесіне барады. Сабаққа керек оқу-құралдарын парта үстіне шығарып, дайын отырады.


Сабақ үстінде
· Сынып бөлмесіне мұғалім кіргенде оқушылар орнынан тұрады. Сәлемдескеннен кейін мұғалімнің рұқсатымен орындарына отырады. Сонымен қатар сабақ үстінде сынып бөлмесіне кірген жасы үлкен адамға оқушылар орнынан тұрып сәлемдеседі. Мұғалім немесе басқа да жасы үлкен адам сынып бөлмесінен шыққанда да оқушылар орнынан тұрады
· Сабақ үстінде сабақтың тәртіп ережелерін сол сабақтың пән мұғалімі белгілейді.
· Сабақ үстінде шулауға , өз бетінше қозғалуға, басқа оқушыларды алаңдатуға, әңгіме айтуға, сабаққа қатысы жоқ басқа іс-әрекеттерме шұғылдануға, ойын ойнауға болмайды.
· Егер оқушы бір нәрсе айтқысы келсе, жауап бергісі келсе, сұрақ қойғысы келсе қол көтереді. Тек мұғалімнің рұқсатынан кейін ғана орындай алады. Мұғалім басқа тәртіп орнатуы мүмкін.
· Қоңырау-мұғалімге сабақтың біткендігін хабарлайтын құрал. Қоңырау сабақ уақытын дәл есептейді.
· Егер оқушы денсаулығына байланысты сабақтан қалса, сынып жетекшісіне дәрігерлік анықтама немесе өте қиын жағдайда ата-анадан мәлімдеме қағаз әкеледі. Сабақтан дәлелсіз қалуға, сабаққа кешіге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет