Курсы: 1 Тобы: гик221дк (дот) Мамандығы


-қосымша «Мектептің құқықтық және нормативтік құжаттарының көшірмесі» ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҮЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет8/9
Дата21.02.2023
өлшемі1,1 Mb.
#169640
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ПРАКТИКА ОТЧЕТ 2023 ГОТОВЫЙ[

1-қосымша «Мектептің құқықтық және нормативтік құжаттарының көшірмесі»


ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҮЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1.1. Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілері


2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:
–«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы);
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы);
«Білімді ұлт» «Сапалы білім» Ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы;
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы);
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы);
«ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы);
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы);
«Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы);
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы);
«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығы);
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы);
«Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы);
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығы);
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы);
«Мамандандырылған Білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік Кеңес туралы ережені бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2015 жылғы 1 шілдедегі № 428 бұйрығы);
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы);
«Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы);
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі №125 бұйрығымен енгізілген);
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы;
«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығы); – «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №175 бұйрығы);
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы);
«Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы);
«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы);
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы);
«Орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығы);
«Жеңімпаздар, жүлдегерлер және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен марапатталатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 333 бұйрығы);
«Білім беру деңгейлері бойынша сапаны қамтамасыз ету жөніндегі басшылықты бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 23 маусым № 292 бұйрығы).







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет