|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы
|
044 -39/15-( 15 )
45 беттің -беті
|
«Философия» пәні бойынша дәріс комплекстері
|
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА
АКАДЕМИЯСЫ
Кафедра: ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕР
ДӘРІС КЕШЕНІ
Пәні: Философия
Пән коды: FiI 2102
Мамандығы: 5В110100 «Мейіргер ісі»
051103 «Фармация»
5В074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
Оқу сағатының (кредиттің) көлемі: 135 (3 кредит)
Курсы:1,2
Оқу семестрі: 1,3,4
2013 жыл
Дәріс комплекстері қоғамдық пәндер кафедрасының мәжілісінде бекітілді.
Хаттама №____ «_____»__________2013ж.
Кафедра меңгерушісі: _________Қ.Б. Кемелбеков
1)Тақырып № 1 Философия мәдениет феномені хақысында.
2)Мақсаты: Философияның, дүниетанымның мәнін, түсініктерін түсіндіру. философияның мәдениет әлеміндегі мағынасы мен орны.
3)Дәріс тезистері: Философия мәнін талқылаудың негізгі типтері.Әлемге деген қатынас және дүниетаным түсініктері.Дүниетаным және философия.Философияның негізгі мәселесі.Мәдени-тарихи контекстегі философия.Философия адам қызығушылығын,ғылым,дін, логиканың әр түрлі төрт аймағының негізі ретінде:
1. Философия термині көне грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ал көне үнді тілінен аударғанда ақиқатты көру деген мағынаны береді.
«Философ» сөзін ең алғаш рет интеллектуалды білімге ұмтылып, дұрыс өмір сүруге тырысқан адамдарды оқшаулау мақсатында көне грек математигі мен философы Пифагор қолданған.
Философия терминін түсіндіріп, оны ерекше ғылымның түрі ретінде негіздеген Платон. Көне дүниеде философия деп аталған білім ғылымдардың алғашқы негіздері, практикалық байқаумен, қорытындылармен қатар адамдардың әлем туралы адам тіршілігінің мәні мен мақсаты, өзі туралы мәліметтерді біріктірді.
Философияның қалыптасуы әлем туралы білімдер мен адамдардың өмірлік тәжірибесінің үйлесімділігін іздестіретін ерекше рухани ұстанымның пайда болуын паш етті.
Философия даналыққа апаратын жол, яғни даналық философиядан да жоғары, оған философияның көмегімен көтерілуге болады.
Даналық дегеніміз - әр нәрсенің шегін білу, байыбына бару, себебін түсіну, асықпай, аптықпай шешім қабылдау, яғни ол – адамның интеллектуалдық мүмкіндігінің шыңы, адам армандайтын рухани биіктік.
Алғашқы философиялық теориялар өзінің мағынасы жағынан синкретті, яғни жиынтық білім болды. Өйткені, оның құрамында әлем мен адам туралы барлық білімдер сонымен қатар, математиканың, тарихтың, астрономияның, механиканың, медицинаның, этиканың, эстетиканың бастаулары орын алды. Антикалық философияның кез келген өкілінің әмбебап ойшыл, энциклопедиялық ғалым болғандығы жай ғана кездейсоқтық болмаса керек.
2000-нан астам жыл тарихында философияның пәні ұдайы өзгеріп, дамып отырды. Бірақ оның болмысында жылдар, ғасырлар өтсе де өзгермейтін тұрақты, тек оған ғана тән ерекшеліктері болды. Философияның іргелі сұрақтары дүниетаным мәселелерімен тығыз байланысты.
Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған ортаға, өзіне - өзінің, басқаларға қарым – қатынасы туралы мәліметтердің жиынтығы. Сонымен қатар, ол адамның бағыт бағдарын, сенімі мен идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді.
Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге деген қатынас. Адам дүниеге бейжай немқұрайдылықпен немесе қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды.
2. Философия пәні. Философия адамның әлем мен өзінің мәнін іздей бастаған уақытта – ақ қалыптаса бастайды. Сондықтан да, философия әлемнің – жалпы теориясы және ондағы адамды теорялық тұрғыдан пайымдау.Философияны тек әлем ғана қызықтырып қоймаған, ондағы адам, оның мәні, өмір сүру заңдылықтары да оның назарынан тыс қалмаған. Өйткені, адам осы әлемде өмірге келеді, оның аясында қуанады, қайғырады, таным процесінің дәмін татиды, өледі. Философия - өзінің мәні мен мағынасы тұрғысынан адами сипатқа ие болған ғылыми сала. Өйткені, ешбір басқа әлем мен таным формасы «Әлем - Адам» күрделі байланысының барлық байлығы мен мүмкіндігін жан – жақты ашып көрсете алмайды. Философия - әлем туралы және ондағы адамның орны туралы жалпы ілім. Ол адам мен әлем байланысын қарастыра отырып, әлемді танудың, оны өзгертудің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Философияның пәні басқа ғылымдардан ерекше. Өйткені, философия дегеніміз - өте терең теориялық білім. Оның құрамында онтология, гносеология, даму теориясы, антропология, әлеуметтік философия сияқты өте күрделі салалар бар. Философияның даму тарихында одан эстетика, этика, психология, саясаттану жеке пәндер болып бөлініп шықты. Философия пәнінің ерекшелігінен философиялық білімдердің негізгі белгілері туындайды:
- ол жалпы, теориялық сипаттағы білім;
- басқа ғылымға негіз бола алатын іргелі ұғымдар мен идеяларды, ұстанымдарды біріктіретін білім;
- жеке философтардың тұлғалық қасиеттерінің ықпалын бейнелейтін субъективті білім;
- белгілі тарихи уақыттың объективті білімдері мен ұстанымдарының жиынтығы;
- танымның нысанын ғана емес, тану тетігін де қарастырады;
- ой тек нысанға ғана емес, өзіне де бағыттала алатындықтан, рефлексивті сипаты бар;
- бұрынғы философтардың ұстанымына сүйенеді.
Кез - келген пән қажетті ақпаратты бере отырып, әлемнің салыстырмалы әмбебап үлгісін көрсетеді. Ал философия ойлаудың болмысқа қатынасының түпкі тамырын, негіздерін зерттейтін болғандықтан, ол қоршаған ортада нақты ішкі жағынан біртұтас, жалпы көзқарасты қалыптастырады.
Философия – жүйеленген дүниетаным. Тарихта әлеуметтік өмірді, дәстүрлі көзқарастарды, басты нанымдарды күрделі, түпкілікті өзгерістерге ұшырап отыратын ірі идеялық қозғалыстар кең көлемдегі діни – мистикалық, жаңарту ағымдары көп болған. Адамның дүниетанымы оның білімі мен сенімнің бірлігі. Ол әйтеуір бір қуанышты оқиғаны немесе нәтижені білдіретін үмітсіз болмайды. Үміт – адамды болашаққа жетелейді, өмірге деген сенімді одан әрі арттырып, оған ғашық етеді. Үміт – белгілі бір істің, ойдың жүзеге асуына білдірілген сенім, дәме. Адам үмітпен өмір сүреді. Үміт бар жерде өмір де бар. Ол – адам өміріндегі ең маңызды адамгершілік тірегі.
Өзінің мағынасы жағынан дүниетаным әр уақытта көп жақты. Сондықтан оның бірнеше маңызды қабаттарын, аспектілерін ерекше бөліп көрсетуге болады. Ғылыми дүниетанымда табиғат, әлем, оның құрылымы және өмір сүру заңдылықтары туралы мәліметтер ерекше роль атқарады. Дүниетанымның экономикалық қыры адамдардың еңбек етуі мен техника, сауда, ақша, яғни қоғамның экономикалық болмысының барлық қатынастарын білдіреді. Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы. Азамзаттың мифтері әлемнің қалыптасуы мен дамуы табиғи құбылыстардың мәні, адамның тағдыры, өмірі, өлімі, іс - әрекеті, табыстары, адамгершілік, этикалық ұғымдар тәрізді аса маңызды сұрақтарды қамтыды.
4)Иллюстрациялық материал: Таблица-схема,плакат.
5)Әдебиет:
Негізгі:
1. Антология мировой философии. В 4-х т. М.: Мысль,
1993/2002
2. Алексеев П.В. Философия учебник. 2010 -592с.
3. Барулин В.С. Социальная философия. М., 2000.
4. Боженов А.З. Основы философии: Учебное пособие. 2009 -284с.
5. Бруно Дж. О бесконечности Вселенной и мирах //Бруно Дж. Избранное. Самара, 2000//
6. Ницше Фр. Веселая наука. М., 2002.
7. Сенека Луций Анний. О счастливой жизни // Римские стоики. М., 2000
8. Фромм Э. Искусство любви. М., 2004.
9. Фромм Э. Иметь или быть М., 2001
10. Фромм Э. Бегство от свободы. М., 2001.
11. Философия: учебник/ сост. Т. Х. Габитов. 2006 – 404с.
Қосымша:
1. Кішібеков Д. Сыздықов Ұ. Философия.- А.,2002 – 388б.
2. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. – А.,1994,2000
3. Алтаев Ж.А., Философия тарихы. – А., 2011- 468б.
4. Әбішев Қ. Философия.- А., 1998,2000
5. Философиялық сөздік. – А., 1996
6. Ғабитов Т.Х. Философия.- А., 2005.
7. Спиркин А.Г. Философия.- М. 2000
8. Философия;жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық/ құраст. Т. Ғабитов, 2005 – 400б.
9. Хасанов М. Ш. Философия, оқулық. 2012 – 460б.
10. Мырзалы С. Философия, оқулық. 2011 – 672б.
Электронды ресурстар:
1. Алтай Ж. Философия тарихы(Электронды ресурс): оқулық-А.,1999- барлығы 1 экз.
2. Молдабеков Ж. Шығыс философиясы (Электронды ресурс): оқу құралы-
А 2001,- барлығы 1 экз.
3. Философия және мәдениеттану (Электронды ресурс) оқу құралы-
А 2001,- барлығы 1 экз.
6)Бақылау сұрақтары
1. Философия, оның пәні мен функциялары
2. Дүниетанымның тарихи типтері
3. Философияның функциялары мен құрылымы.
4. Мәдени - тарихи контекстегі философия
1)Тақырып №2. Мәдениет контекстіндегі философиялық ой кешудің тарихи типтері.
2)Мақсаты: Философиялық пайымдаудың тарихи типтерінің мәнін түсіндіру.
3)Дәріс тезистері.Үнді философиясындағы дүниетанымның негізгі идеялары. Буддизм сыни қайта пайымдау ретінде. Қытай алғы философиясының негізгі мазмұны. Ертедегі Қытайдың философиялық мектептері. Антикалық философиялық ойдың өзгешелігі. Антикалық философияның римдік кезеңі. Антикалық философияның гуманистік және классикалық кезеңдері. Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені. Ренессанс және Реформация мәдениетіндегі философия. Жаңа Уакыт философиясы.19-20 ғ.ғ.философиясы және отандық философия.
1.Шығыс мәдениетіндегі философия феномені. Көне Үнді философиясының дамуында мынадай тарихи кезеңдер бар.
1.Ведалық дәуір біздің дәуірімізге дейінгі XV-VII ғасырларды қамтиды. Ведалық әдебиеттің төрт түрін көрсетуге болады: самхиттер – гимндер жинағы; брахмандар – ведалық текстерге түсініктеме және ритуалдарды баяндау; араньяктар («орман кітаптары» орман кезіп, өмір сүретін дервиштерге арналған жинақ); упанишадтар – жартылай поэтикалық, жартылай философиялық трактаттар.
2.Эпикалық дәуір. Біздің дәуірімізден бұрынғы VI ғасыр мен біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырлардың аралығын қамтиды. Осы тарихи уақытта ірі поэмалар Рамаяна мен Махабхарата дүниеге келген. Бұл дәуірдегі философияның дамуын үш сатыға бөлуге болады:
А) Ведалардың беделін мойындамайтын мектептер – джайнизм, буддизм және чарвака – локаята материалистік мектебі, б.э.д. VI ғ.
Б) Бхагавадгита мен кейінгі упанишадтарды теологиялық тұрғыдан реконструкциялау б.з.б. V – IV В) Веданың беделін мойындайтын және оған сүйенетін мектептер – санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя, вайшешика, біздің заманымызға дейінгі III және біздің заманымызға дейінгі II ғасыр аралығында дамыған.
Бұл мектептерле классикалық үнді философиясының жүйелері қалыптаса бастады.
1.Философиялық сутралар және оған түсініктемелер дәуірі. Осы уақытқа дейінгі жиналған материалдарды қысқарту және жинақтау уақыты болды.
Сутралар қысқа әрі нұсқа текстер болғандықтан оларды қосымша түсіндіру қажет болды.
Үнді философиясының дәстүрінде бәрі мойындайтын және пайдаланатын іргелі ұғымдар бар. Ең алдымен, бұл карма ұғымы. Карма – жазмыш заңдылығы, тағдыр адамға істеген әрекетінің табиғатына қарай несібе сыйлайды. Егер адам өзінің эгоистік пиғылдағы әрекетінен тазарып, тек жоғары құндылықтарға ұмтылып отырса, онда ол карманың кәріне ұшырамайды. Карма ұғымы сансара туралы іліммен тікелей байланысты.
Сансара дегеніміз – жанның жай таппай жиһан кезуі, бір денеден екінші денеге ұдайы ауысып отыруы туралы ілім.
Қайтадан туу қатары үзіліп, сансарадан азат болуды мокша деп атайды.
Ведалар – бұл магиялық дұғалар мен салтанатты әуендердің, қасиетті әндер мен құрбан шалу формаларының жиынтығы.
Олардың ең маңыздысы және ең алғашқысы – Ригведа. Ригведаның гимндерінде атақты құдайларды мадақтап, көтеріңкі әдемі түрде олардың іс - әрекетін жариялау, туысқандық байланыстары мен ұлы потенциясын, негізгі функциясын айқындау бар.
Екінші веда, Самаведа, негізінен Ригведаның гимндерін қайталайтын самхит.
Үшінші – Яджурведа, әртүрлі мектептерге лайық самхиттердің бірнеше варианттарын ұсынады.
Атхарваведа – төртінші және соңғы самхит.
Ведалық әдебиет ұзақ уақытта және алғашқы мемлекеттің қалыптасуының қиыншылықтары жағдайында пісіп – жетілген. Көшпенді, мал бағатын арийлердің алғашқы тайпалары бірте – бірте өзгеріске ұшырап, жіктелген таптарға айналып, дамыған жер өңдеуші, сауда, қолөнері бар қоғам қалыптасты. Мұнда негізгі сословие пайда болды.
Брахмандар – дінбасылары мен монахтар.
Кшатрийлер - әскерлер мен бұрынғы тайпа көсемдері, вайшилер жер өңдеушілер, қолөнершілер және саудагерлер.
Шудралар – тікелей өндірушілер.
Ведалық текстер көзқарастар мен идеялардың бірыңғай жүйесі емес.
Ведалық дін – бұл күрделі, бірте – бірте дамитын діни – мифологиялық көзқарастар мен оған сәйкес рәсімдер мен культтік ырымдардың жиынтығы. «Ригведада» арийлердің жауларын жоятын найзағай құдайы Митра маңызды орын алады. От құдайы – Агни, Күн құдайы – Сурья.Кейбір ведалық гимндерде қоршаған ортаның жекеленген процестері мен заттарын біріктіретін жалпы принциптерді іздестіруді көреміз. Бұл – бәрін біріктіретін бәрінен жоғары тұратын әмбебап ғарыштық тәртіп принципі.Ведалық культтің негізі - өз міндеттерін бұлжытпай орындап отыруын сұрап, құдайға жалбарынып, құрбан шалып отыру.Брахманизм діни философиялық көзқарастар мен рәсімдік – культтік практика ретінде ведалық әдебиеттің тікелей мұрагері болып табылады. Онда әлемнің пайда болуы мен дамуы туралы пікірлер бар. Кейбір жерлерінде әлемнің түпкі субстанциясы су деген пікір де кездеседі.Брахмандар дегеніміз - ең алдымен, ведалық рәсімдерді орындауға бағытталған практикалық нұсқаулар.Брахман – абыздар төрт негізгі принципті есепке алуға міндетті: шыққан тегі бархмандық болуы және соған лайықты өмір сүруі, білім алуы және білімділігімен көзге түсуі бірден – бір қажеттілік. Оларадамдарға көмектесіп, солар үшін құрбан шалуы тиіс.Мұның өзі брахмандардың қоғамдағы орнын ерекше дәрежеге көтерді, оларға тиісе алмады, мүлкіне қол сұқпады. Абыз – брахмандар өзінің осы беделін әрдайым нығайтуға тырысты. Упанишадтар ведалық әдебиетті аяқтайды.«Упанишад» термині ұстаздың жанында отыру дегенді білдіреді, ұстазға өте жақын отырып, оның аузынан шыққан әрбір сөзге құлақ түріп, оның мағынасын түсінуге тырысты. Алғашқы упанишадтар өмірден баз кешіп, ойға шомылған аскеттердің көмегімен жасалған. Брахман өзінің дамуында төрт кезеңнен өтеді: бала кезінде ол ұстазының үйінде ведаларды оқып үйренеді, отбасының қожайыны ретінде түсініктемелерді басшылыққа алады; толыққан шағында араньяктармен танысады, өмірінің соңында өмір қызықтарынан бас тартып кезбеге айналған упанишада даналығына назар аударады.
Көне Қытай философиясының негізгі ерекшеліктері.Қытай - территориясының көлемі жағынан үшінші орында, ал халқының саны жағынан бірінші орында тұрған алып мемлекет.Қытай өркениеті бұдан 5000 жыл бұрын пайда болған. Ол біздің дәуірімізден бұрынғы 221 жылдан бастап, 1911 жылға дейін бүтін империя болып келді. Олар қағаз шығарған, кітап басқан, оқ, жібек дайындаған. Дүние жүзіндегі ең сапалы ыдыстар Қытайда жасалған.
Қытай халқының мәдени болмысының негізін қалайтын бес атақты кітабы бар.
«Шу - цзин» - көне императорлардың өкіметтік басқару жүйелері мен ақыл кеңестерін қарастырады.
«И - цзин» - Қытай жазуының негізі болып табылатын фигураларды түсіндіреді. Сонымен қатар бұл кітап Қытай пайымдауларының да негізі. Өйткені ол бірлік пен екі жақтылық абстракциясын түсіндіруден басталады.
«Шу - цзин» - әртүрлі көне әндердің жиынтығы.
«Ли - цзин» - әртүрлі рәсімдер жинағы.
«Чунь - цю» - шежірелер жинағы.
Қытай мәдениетінің үлгі, эталон бола алатын, саф алтындай өлмес тәлімдері бар.Қытай қоғамына объективті семьялық пиәтет тән, әрбір қытай азаматы өзін тек қана жан ұяның ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де ұлы ретінде сезінген «Шу - цзин» кітабында Қытай қоғамының түп – негізін құрайтын, ерекше құрметтелетін және ұдайы тұрақты деп есептеленетін бес қарым – қатынас немесе міндеттер жүйесі келтірілген: 1) елбасы мен елдің өзара қарым – қатынасы; 2) әкесі мен баласының; 3) кіші мен үлкен бауырының; 4) ері мен жұбайының; 5) достардың өзара қарым – қатынасы.Бұл міндеттердің немесе жауапкершіліктің әрдайым сақталып, орындалып отырылуы қоғамның әлеуметтік, адамгершілік негізінің тұрақты болуын қамтамасыз еткен.
«Шу - цзин» кітабының «Ұлы жоспар» деген тарауында бес істің орындалып, үлгілі тәртіп пен келісті ойдың, сөздің бес бұлжымас ережесінің сақталуы туралы айтылады: «Өзін - өзі бір қалыпты ұстай алу, лайықты сөйлей білу. Анық көру, нақты есту, терең ойлау»
Сократ – философия тарихындағы ең атақты тұлға. Көне дәуірдің өзінде – ақ ол даналықтың, дана адамның идеалы болып саналды. Сонымен қатар, Сократ - ең жұмбақ тұлға. Өйткені, ол ешнәрсе жазған жоқ, ешқандай жазба мұра қалдырмаған. Афина көшесін ұзаққа кезіп жүріп, философиялық ойларын айтқан. Көшеде кім кездессе сонымен әңгіме дүкен құра берген. Сократ философиясының барлық мағынасы мен мәнін оның шәкірті Платонның философиялық жағынан терең, көркемдігі жағынан тартымды шығармаларынан білеміз.
Сократ философияның негізгі мәселесі адам деп шешті. Сондықтан адам адамгершілігінің табиғатын зерттеуге көңіл бөлді. Адамның ішкі жан дүниесінің мәнін анықтайтн игілік, жамандық, жақсылық, әділеттілік, сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды анықтауға кірісті. Осыдан келіп өзін-өзі тану мәселесі туындайды.Көне Стоя Китилік Зенон, Клеланпф, Хрисипп біздің заманымызға дейінгі II – I ғасырлар. Кейінгі Стоя – Анней Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий – біздің заманымызға дейінгі V ғасыр – біздің заманымыздың 65, 121, 180 жылдары.Негізгі мәселе – мораль мәселесі. Философияның негізгі міндеті адамгершіліктің кемшіліктерін жою, игіліктерге тәрбиелеу. Стоицизмнің көптеген мәселелері христиан философиясына ұқсас.Рим стоиктері тұлға психологиясымен айналысты. Ұждан моральдың функционалды ұғымы, ал еркіндік моральдық, әрекеттің тетігі ретінде қарастырылды. Адамның күнәлы болуы түсіндірілді. Адам, тіпті ұлы адамның өзі де кей уақытта кінәлы болады. Өйткені, Құдай ғана күнәсіз. Сенека тағдыр алдындағы адамдардың бірлігі туралы идея ұсынады.
Жалпы платоншылдық ағымы Плотин, Прокл есімдерімен тығыз байланысты. Плотин өзінің көзқарасын «Эннеадтар» деген еңбегінде жариялаған. Барлық тіршіліктің бастауы, қайнар көзі – Құдай. Ол болмыстан да, ойлаудан да жоғары. Бәрінен де жоғары болмыс – Құдай эманация арқылы бәрін жаратқан. Құдай, ең алдымен әлемдік ақылды, сонан соң әлемдік жанды, соңында құбылыстардың сезімдік әлемін жаратты. Адам өмірінің мақсаты - өзін тән құрсауынан босатып құдайға қайта оралуы.Плотин ілімін Порфирий мен Ямвлих одан әрі дамытқан.
Платон (б.з.д. 427-347) – көне Грекияның көрнекті философы, Сократтың шәкірті, Академия мектебінің, философиядағы идеалистік бағыттың негізін қалаушы.
Платон ірге философиялық еңбектердің авторы: «Сократ апологиясы», «Парменид», «Горгий», «Федон», «Мемлекет», «Заңдар» шығармаларының көпшілігі сұхбат түрінде жазылған.
Платон философиясының негізгі қағадалары мынадай:
- материалдық заттар өзгермелі, тұрақты емес, уақыт өткен сайын құрдымға кетеді;
- айналадағы қоршаған орта да өзгермелі, уақытша, дербес субстанция ретінде өмір сүре алмайды;
- шын мәнінде тек таза идеялар ғана бар;
- таза идеялар мәңгі және тұрақты;кез келген зат пен құбылыс сол зат туралы алғашқы идеяның көрінісі, сұлбасы ғана;
Материалды әлем идеялар әлемінің бейнесі болғандықтан, таным процесіннің негізгі объектісі таза идеялар бола алады. Таза идеяларды сезімдер арқылы тануға болмайды, оларды тек ақылдың көмегімен тануға болады.
Платон – бір тұтас, жүйелі философиялық ілім жасаған алғашқы грек философы. Оның құрамында әлем, адам, оның жаны және қоғам мен мемлекет туралы көзқарастар бар.
Платонның пікірінше, әлем үшқабаттан тұрады. Ең жоғарғы және негізгі қабат – идеялар әлемі, екіншісі – адамдар тұратын материалдық әлем, ал үшіншісі түнек, яғни идеяның күйреуі.
Ойшыл құрметтеген негізгі идеялар қатарына, этикалық сипаттағы Ақиқат, Игілік, Әдемілік және Әділеттілік идеялары жатады. Платон өз идеяларын екі немесе одан көп тыңдаушылар қатысатын сұхбат түрінде баяндаған. Олардың біреуі әруақытта Сократ болған, Сократ авторлық идеяны жеткізуші, түсіндіруші.Сұхбат ерекше көтеріңкі, поэтикалық түрде өрбіген. Қажет уақытында автор философиялық сипаттағы мифтік шығармашылықты да кеңінен пайдаланған. Мәселен, Платон үңгір туралы мифте материалдық әлемдегі адам санасының кейпін бейнелейді. Өзіңіз көз алдыңызда елестетіңізші: бір үңгірде оның қабырғасын ғана көре алатындай етіп байланған тұтқын отыр. Үңгірге кіре берісте қолына шырақ ұстаған адамдар әрі бері қозғалып жүр, жанған оттар көрінеді. Тұтқын үңгірдің қабырғасынан не көре алады? Бұлыңғыр, ары бері қозғалып жүрген көлеңкені ғана көреді. Үңгірдің сыртында не болып жатқанын ол біле алмайды. Адам әлемде болып жатқан оқиғаларды білетін сияқты, ол шын мәнінде ол шындықтың көлеңкесін ғана біле алады, яғни идеяның жарық түсіруін ғана сезе алады.Платон өз шығармашылығында мемлекет мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Платон мемлекеттік құрылымның өзіндік бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама бойынша:
- мемлекеттің барлық халқы үш сословиеге – философтар, әскерлер, жұмысшылар – бөлінеді;
- жұмысшылар ауыр қара жұмыспен айналысып, материалдық игіліктерді жасайды, аз көлемде меншік иесі бола алады;
- әскерлер ұдайы өзін - өзі шынықтырады, жетілдіреді, қоғамда тәртіп пен реттілікті қамтамасыз етіп отырады.
- философтар әлемді таниды, мемлекетті басқаруды үйретеді, философиялық теориялар жасайды.
Философтар мен әскерлер жеке меншік иесі бола алмайды.
- мемлекет тұрғындары бос уақыттарын бірге өткізеді, бірге тамақ ішеді, бірге демалады.
Платон философиясының тарихи маңызы мынада:
- бірінші рет философ іргелі философиялық туындыларды дүниеге келтіреді;
- идеализм бағытына негіз болды;
- бірінші рет тек табиғат қана емес, қоғам мен мемлекет мәселелері жан – жақты талқыланды;
- ұғымдық ойлаудың негізі қаланды;
- философиялық мектеп – Академия пайда болды.
Платон Академиясы – Афина қаласының маңында 387 жылы құрылған діни – философиялық мектеп болды. Оның ең атақты шәкірттері:
- Аристотель
- Ксенокрит
- Кратет
- Аркесилай
Академия 529 жылы Византия императоры Юстинианның бұйрығымен жабылған.
3. Аристотель (б.з.д. 384-322) – классикалық дәуірдегі көрнекті философ. Платонның шәкірті, Александр Македанскийдің ұстазы.
Аристотельдің философиялық іс - әрекетінің дамуында үш маңызды кезеңді бөліп көрсетуге болады.
- б.з.д. 367-347 (30 жыл), 17 жасынан бастап Платон Академиясында жұмыс істеді.
- б.з.д. 347-335 – Македонияның астанасы Пеледе тұрды, патша Филиптің өтініші бойынша Александр Македонскийді тәрбиеледі.
- б.з.д. 335-322 - өзінің мектебі – Ликейді құрды, өмірінің соңына дейін сонда істеді.
Аристотельдің көрнекті еңбектері: «Органон», «Физика», «Механика», «Метафизика», «Жан туралы», «Никомах этикасы», «Риторика», «Политика», «Поэтика».
Ойшыл философияны үш бөлімге жіктеген:
-теориялық, яғни алғашқы философия – болмысты, оның әртүрлі қабаттарын, әртүрлі құбылыстардың себебін зерттейді;
-практикалық – адамның іс - әрекетін, мемлекеттің құрылымын қарастырады;
-поэтикалық.
Сонымен қатар, Аристотель логиканы да дамытқан.
Болмыс мәселесін қарастыру барысында философ Платонның идеялар туралы білімін сынға алды. Платонның кемшілігі - идеяларды шындықтан бөліп қарауға тырысуы. Аристотельдің пікірінше, қоршаған ортамен байланыссыз таза идеялар болуы мүмкін емес. Нақты жеке құбылыстар мен заттар бар. Мысалы, үйдің идеясы емес, белгілі сипаттары бар нақты үй бар.
Болмыс таза идея емес, сонда ол қайдан пайда болды. «Болмыс дегеніміз не» - осы сұраққа жауап беру барысында болмысты ұғымдар арқылы анықтауға болады деген ұйғарым туындайды.
Аристотель он ұғымды бөліп қарастырады. Олар мән, сан, сапа, қатынас, уақыт, орын, жағдай, әрекет, қиналу. Яғни, болмыс дегеніміз - сандық, сапалық, уақыттық, орындық, қатынастық, жағдайлық, әрекеттік, қиналу сипаты бар мән.
Аристотель философиясынды материя ұғымы маңызды роль атқарады.
Оның пікірінше, материя дегеніміз – формамен шектелген потенция (мысалы, мыс шар – бұл шардың формасымен шектелген мыс). Осы мәселе төңірегінде Аристотель мынадай ой қорытады:
-әлемдегі барлық болмыс материя мен формадан тұрады;
-материя мен форманың өзгерісі заттың мәнін өзгертеді;
-шындық материядан формаға және формадан материяға өту болып табылады;
-материя енжар, ал форма белсенді бастау.
Сананың негізі - рух немесе жан. Философ жанның үш деңгейін анықтайды.
-өсімдік жаны
-жануар жаны
-ақылды жан
Сананың негізгі иесі ретінде жан ағзаның функцияларын да орындайды.
Өсімдік жан тамақтану, өсіп, жетілу функцияларына жауап береді. Жануар жан да осыған қатысты, бірақ оған адамның түйсігі мен тілектері де бағынышты. Ақылды жан аталған функциялардан басқа ой қорыту және ойлау әрекеттерін де атқарады. Осы соңғы қасиетті адамды ерекше бөлектейді.
Аристотельдің пікірінше, адам жоғары ұйымдастырылған жануардың бірі болып табылады, бірақ басқалардың оның айырмашылығы ақылы мен ойлауының болуында.Сократ – философия тарихындағы ең атақты тұлға. Көне дәуірдің өзінде – ақ ол даналықтың, дана адамның идеалы болып саналды. Сонымен қатар, Сократ - ең жұмбақ тұлға. Өйткені, ол ешнәрсе жазған жоқ, ешқандай жазба мұра қалдырмаған. Афина көшесін ұзаққа кезіп жүріп, философиялық ойларын айтқан. Көшеде кім кездессе сонымен әңгіме дүкен құра берген. Сократ философиясының барлық мағынасы мен мәнін оның шәкірті Платонның философиялық жағынан терең, көркемдігі жағынан тартымды шығармаларынан білеміз.Сократ философияның негізгі мәселесі адам деп шешті. Сондықтан адам адамгершілігінің табиғатын зерттеуге көңіл бөлді. Адамның ішкі жан дүниесінің мәнін анықтайтн игілік, жамандық, жақсылық, әділеттілік, сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды анықтауға кірісті. Осыдан келіп өзін-өзі тану мәселесі туындайды.Көне Стоя Китилік Зенон, Клеланпф, Хрисипп біздің заманымызға дейінгі II – I ғасырлар. Кейінгі Стоя – Анней Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий – біздің заманымызға дейінгі V ғасыр – біздің заманымыздың 65, 121, 180 жылдары. Негізгі мәселе – мораль мәселесі. Философияның негізгі міндеті адамгершіліктің кемшіліктерін жою, игіліктерге тәрбиелеу. Стоицизмнің көптеген мәселелері христиан философиясына ұқсас.Рим стоиктері тұлға психологиясымен айналысты. Ұждан моральдың функционалды ұғымы, ал еркіндік моральдық, әрекеттің тетігі ретінде қарастырылды. Адамның күнәлы болуы түсіндірілді. Адам, тіпті ұлы адамның өзі де кей уақытта кінәлы болады. Өйткені, Құдай ғана күнәсіз. Сенека тағдыр алдындағы адамдардың бірлігі туралы идея ұсынады.
Жалпы платоншылдық ағымы Плотин, Прокл есімдерімен тығыз байланысты. Плотин өзінің көзқарасын «Эннеадтар» деген еңбегінде жариялаған. Барлық тіршіліктің бастауы, қайнар көзі – Құдай. Ол болмыстан да, ойлаудан да жоғары. Бәрінен де жоғары болмыс – Құдай эманация арқылы бәрін жаратқан. Құдай, ең алдымен әлемдік ақылды, сонан соң әлемдік жанды, соңында құбылыстардың сезімдік әлемін жаратты. Адам өмірінің мақсаты - өзін тән құрсауынан босатып құдайға қайта оралуы. Плотин ілімін Порфирий мен Ямвлих одан әрі дамытқан.
2. Платон философиясы Платон (б.з.д. 427-347) – көне Грекияның көрнекті философы, Сократтың шәкірті, Академия мектебінің, философиядағы идеалистік бағыттың негізін қалаушы. Платон ірге философиялық еңбектердің авторы: «Сократ апологиясы», «Парменид», «Горгий», «Федон», «Мемлекет», «Заңдар» шығармаларының көпшілігі сұхбат түрінде жазылған. Платон философиясының негізгі қағадалары мынадай:
- материалдық заттар өзгермелі, тұрақты емес, уақыт өткен сайын құрдымға кетеді;
- айналадағы қоршаған орта да өзгермелі, уақытша, дербес субстанция ретінде өмір сүре алмайды;
- шын мәнінде тек таза идеялар ғана бар;
- таза идеялар мәңгі және тұрақты;
кез келген зат пен құбылыс сол зат туралы алғашқы идеяның көрінісі, сұлбасы ғана;
Материалды әлем идеялар әлемінің бейнесі болғандықтан, таным процесіннің негізгі объектісі таза идеялар бола алады. Таза идеяларды сезімдер арқылы тануға болмайды, оларды тек ақылдың көмегімен тануға болады.Платон – бір тұтас, жүйелі философиялық ілім жасаған алғашқы грек философы. Оның құрамында әлем, адам, оның жаны және қоғам мен мемлекет туралы көзқарастар бар. Платонның пікірінше, әлем үшқабаттан тұрады. Ең жоғарғы және негізгі қабат – идеялар әлемі, екіншісі – адамдар тұратын материалдық әлем, ал үшіншісі түнек, яғни идеяның күйреуі.
Ойшыл құрметтеген негізгі идеялар қатарына, этикалық сипаттағы Ақиқат, Игілік, Әдемілік және Әділеттілік идеялары жатады. Платон өз идеяларын екі немесе одан көп тыңдаушылар қатысатын сұхбат түрінде баяндаған. Олардың біреуі әруақытта Сократ болған, Сократ авторлық идеяны жеткізуші, түсіндіруші. Сұхбат ерекше көтеріңкі, поэтикалық түрде өрбіген. Қажет уақытында автор философиялық сипаттағы мифтік шығармашылықты да кеңінен пайдаланған. Мәселен, Платон үңгір туралы мифте материалдық әлемдегі адам санасының кейпін бейнелейді. Өзіңіз көз алдыңызда елестетіңізші: бір үңгірде оның қабырғасын ғана көре алатындай етіп байланған тұтқын отыр. Үңгірге кіре берісте қолына шырақ ұстаған адамдар әрі бері қозғалып жүр, жанған оттар көрінеді. Тұтқын үңгірдің қабырғасынан не көре алады? Бұлыңғыр, ары бері қозғалып жүрген көлеңкені ғана көреді. Үңгірдің сыртында не болып жатқанын ол біле алмайды. Адам әлемде болып жатқан оқиғаларды білетін сияқты, ол шын мәнінде ол шындықтың көлеңкесін ғана біле алады, яғни идеяның жарық түсіруін ғана сезе алады.Платон өз шығармашылығында мемлекет мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Платон мемлекеттік құрылымның өзіндік бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама бойынша:
- мемлекеттің барлық халқы үш сословиеге – философтар, әскерлер, жұмысшылар – бөлінеді;
-жұмысшылар ауыр қара жұмыспен айналысып, материалдық игіліктерді жасайды, аз көлемде меншік иесі бола алады;
- әскерлер ұдайы өзін - өзі шынықтырады, жетілдіреді, қоғамда тәртіп пен реттілікті қамтамасыз етіп отырады.
- философтар әлемді таниды, мемлекетті басқаруды үйретеді, философиялық теориялар жасайды.Философтар мен әскерлер жеке меншік иесі бола алмайды.
- мемлекет тұрғындары бос уақыттарын бірге өткізеді, бірге тамақ ішеді, бірге демалады.Платон философиясының тарихи маңызы мынада:
- бірінші рет философ іргелі философиялық туындыларды дүниеге келтіреді;
-идеализм бағытына негіз болды;
-бірінші рет тек табиғат қана емес, қоғам мен мемлекет мәселелері жан – жақты талқыланды;
- ұғымдық ойлаудың негізі қаланды;
- философиялық мектеп – Академия пайда болды.
Платон Академиясы – Афина қаласының маңында 387 жылы құрылған діни – философиялық мектеп болды. Оның ең атақты шәкірттері:
- Аристотель
- Ксенокрит
- Кратет
- Аркесилай
Академия 529 жылы Византия императоры Юстинианның бұйрығымен жабылған.
3. Аристотель (б.з.д. 384-322) – классикалық дәуірдегі көрнекті философ. Платонның шәкірті, Александр Македанскийдің ұстазы.ристотельдің философиялық іс - әрекетінің дамуында үш маңызды кезеңді бөліп көрсетуге болады.
-б.з.д. 367-347 (30 жыл), 17 жасынан бастап Платон Академиясында жұмыс істеді.
-б.з.д. 347-335 – Македонияның астанасы Пеледе тұрды, патша Филиптің өтініші бойынша Александр Македонскийді тәрбиеледі.
- б.з.д. 335-322 - өзінің мектебі – Ликейді құрды, өмірінің соңына дейін сонда істеді.
Аристотельдің көрнекті еңбектері: «Органон», «Физика», «Механика», «Метафизика», «Жан туралы», «Никомах этикасы», «Риторика», «Политика», «Поэтика».
Ойшыл философияны үш бөлімге жіктеген:
- теориялық, яғни алғашқы философия – болмысты, оның әртүрлі қабаттарын, әртүрлі құбылыстардың себебін зерттейді;
-практикалық – адамның іс - әрекетін, мемлекеттің құрылымын қарастырады;
-поэтикалық. Сонымен қатар, Аристотель логиканы да дамытқан.
Болмыс мәселесін қарастыру барысында философ Платонның идеялар туралы білімін сынға алды. Платонның кемшілігі - идеяларды шындықтан бөліп қарауға тырысуы. Аристотельдің пікірінше, қоршаған ортамен байланыссыз таза идеялар болуы мүмкін емес. Нақты жеке құбылыстар мен заттар бар. Мысалы, үйдің идеясы емес, белгілі сипаттары бар нақты үй бар.
Болмыс таза идея емес, сонда ол қайдан пайда болды. «Болмыс дегеніміз не» - осы сұраққа жауап беру барысында болмысты ұғымдар арқылы анықтауға болады деген ұйғарым туындайды.
Аристотель он ұғымды бөліп қарастырады. Олар мән, сан, сапа, қатынас, уақыт, орын, жағдай, әрекет, қиналу. Яғни, болмыс дегеніміз - сандық, сапалық, уақыттық, орындық, қатынастық, жағдайлық, әрекеттік, қиналу сипаты бар мән.
Аристотель философиясынды материя ұғымы маңызды роль атқарады. Оның пікірінше, материя дегеніміз – формамен шектелген потенция (мысалы, мыс шар – бұл шардың формасымен шектелген мыс). Осы мәселе төңірегінде Аристотель мынадай ой қорытады:
- әлемдегі барлық болмыс материя мен формадан тұрады;
- материя мен форманың өзгерісі заттың мәнін өзгертеді;
- шындық материядан формаға және формадан материяға өту болып табылады; Сананың негізі - рух немесе жан. Философ жанның үш деңгейін анықтайды.
- өсімдік жаны
- жануар жаны
- ақылды жан
Сананың негізгі иесі ретінде жан ағзаның функцияларын да орындайды.
Өсімдік жан тамақтану, өсіп, жетілу функцияларына жауап береді. Жануар жан да осыған қатысты, бірақ оған адамның түйсігі мен тілектері де бағынышты. Ақылды жан аталған функциялардан басқа ой қорыту және ойлау әрекеттерін де атқарады. Осы соңғы қасиетті адамды ерекше бөлектейді.
- материя енжар, ал форма белсенді бастау.Аристотельдің пікірінше, адам жоғары ұйымдастырылған жануардың бірі болып табылады, бірақ басқалардың оның айырмашылығы ақылы мен ойлауының болуында.Европада орта ғасырдағы батыс философиясы үлкен тарихи дәуірді қамтиды. Оның ең басты сипаты – христиан дінімен тығыз байланыстығы. Философия негізгі діни қағидаларды есепке ала отырып дамыған Бұл кезде білім мен рухани мәдениеттің негізгі ошағы рөлін шіркеу атқарған. Ал философия діни догматтарды негіздейтін және түсіндіретін білім саласы болған.
Философияның негізгі мәселелері де діни сипатқа ие болды. Мысалы, әлемді құдай жаратты ма, әлде ол өзімен өзі өмір сүре ме? Адамның ерік бостандығы мен құдайдың құдіреті өзара қалай байланысады?
Адамдар түсініп, ойланып қана қоймай, сенуі де керек. Сенім барлық философиялық ізденістердің күре тамырына, өзегіне айналған. Қалай және не нәрсеге сүйене отырып, сену керек. Неге сену керек? Осындай сұрақтар төңірегінде іздене отырып, философтар негізгі қағидаларды, тұжырымдарды анықтаған, оны шіркеулер жиналысында бекітіп, догмаға яғни бұлжымай орындауды талап ететін ережелер дәрежесіне көтерген. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдері: Тертуллиан (160-220), мәртебелі Августин (354-430), Боэций (480-524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225-1274), Ансельм Кентерберийский (1033-1109), Пьер Абеляр (1079-1142), Уильям Оккам (1285-1349). Орта ғасырлардағы теологиялық философияның негізгі ерекшеліктері: космосқа, табиғатқа, қоршаған орта құбылыстарына онша мән бермейді, бәрі құдайдан жаралды деген догмат үстем болды;
Орта ғасыр философиясының патристика және схоластика деп аталатын маңызды кезеңдері бар.
Патристика дәуірі I-VI ғасырларды қамтиды. Ұлы Василий, әулие Августин, Григорий Нисский, Тертуллиан, Ориген және тағы басқалары христиан дінінің негізгі догматтарын жасаған.
Патристиканың негізгі мәселелері: Құдайдың мәні және ақылдың, грек даналығы мен христиан әулиелігінің өзара қарым – қатынасы, тарихты белгілі бір мақсатқа ұмтылушылық деп түсіну және осы ақырғы мақсатты анықтау, адамның ерік бостандығы және оның жанын құтқару, әлемдегі зұлымдықтың шығу себептері, оны құдайдың қабылдауының себептері.Шіркеу әкелерінің философиялық ілімдерінің қалыптасуына Платон философиясы ықпал етті.
V-VIII ғасырдан кейін схоластика дәуірі басталады. Бұл уақытта Иоан Дамаский, Петр Ивер сияқты ойшылдар өмір сүрді.IX-XV ғасырларда кейінгі схоластика дамиды. «Схоластика» сөзі «мектеп», яғни «оқу» философиясын білдіреді. Патристика дәуіріндегі негізгі мәселелер одан әрі зертеледі, толықтырылады, жүйеленеді.
Схоластиканың өкілдері – Эриугена, ұлы Альберт, Фома Аквинский, Росцелин, Абеляр, Ансельм Кентербийский. Схоластикалық философия христиан ілімін тек сенім арқылы ғана емес, ақылдың көмегімен де игеру қажеттігін мойындайды. Философия ғылыми дәрежеге көтеріледі. Антикалық философияға көңіл бөлінеді, оның көптеген ұғымдары мен категориялары христиан философиясын дамытуда кеңінен қолданылады.
Әулие Августин (354-430) - патристика дәуіріндегі ең көрнекті философ.Августинің пікірі бойынша, Құдай – табиғаттан жоғары, барлық дүниені жаратқан тұлға. Құдайдың әлемді жаратуын түсіндіре келіп, Августин мәңгілік және уақыт мәселесіне тоқталды. Уақыт барлық жаратылған заттардың қозғалысы мен өзгерісінің өлшемі, сол себепті заттардан бұрын болмаған. Ол құдайдың шығармашылығымен бірге қалыптасқан.Құдай өзгеріп отыратын заттарды жарата отырып, оның өзгерісінің өлшемін де дүниеге әкелген.Августин сенімінің ақылдан жоғарылығын көрсететін теологиялық формуланы ұсынды. Ойшыл – теолог қасиетті жазуда көрсетілген құдайдың беделіне, қасиетіне деген сенім адам ілімдерінің бастапқы және негізгі қайнар көзі деп есептеді. «Түсіну үшін сен» деп, сенім түсінуге жол ашатындығын айқындады.Августин жалпы тарихтың христиандық тұғырнамасын дамытты, яғни тарих құдайдың алдын ала болжауымен дамып отырады деген фаталистік нанымды жақтады.Бүкіл адамзаттың тарихы құдай әлемі мен жер әлемінің арасындағы тартыспен анықталады.Құдай әлемі – шынайы өмір әлемі, ал жер әлемі – күнәкәр өмір әлемі. Жер әлемінің негізі – бауырын құрдымға кетірген қанішер Каин, оған Рим тарихында Ромул сәйкес. Августин үшін Рим жер әлемінің символы болды. Мәңгілік өмір немесе нағыз болмысты сыйлайтын Құдай әлеміне ұмтылғандар Римді ысырып тастауы керек. Римнің өшуі христиан дінінің басқа бұратана халықтар арасында тарауына жағдай жасайды.
Августиннің тарих туралы ойлары эсхатология деп аталады, өйткені ол ақыр заманға бағытталған. IX-XIV ғасырлар арасында схоластика дамыды. Бұл тарихи дәуірде антикалық философияның өкілдері Платон мен Аристотельдің идеяларына ерекше көңіл бөлінді.Орта ғасырдағы схоластиканың негізгі мәселесі – универсаийлер, яғни жалпы ұғымдар туралы пікір талас. Пікір таластың мәні - жалпы ұғымдар қалай пайда болады деген сұраққа жауап іздестіру. Жалпы ұғымдар ойлау әрекетінің туындысы, яғни екінші қатардағы реалдық немесе ол бірінші, өздігінен пайда болған, жеке дербес өмір сүретін құбылыс. Осы сұраққа жауап беру барысында бір – біріне қарама – қарсы екі бағыт қалыптасты – реализм және номинализм.Реализмнің өкілдері жалпы ұғымдар табиғаттың жеке заттарынан тыс, дербес және олардан бұрын өмір сүреді деп пайымдайды. Платонның көзқарасына сүйене отырып, жалпы ұғымдарға заттар мен адамдардан тыс дербестік тән деген пікірді қолдаған.Реализмнің көрнекті өкілдері - итальян философы Ансельм Кентерберийский және француз схоласты Шамподағы Гийом.Көрнекті итальян ойшылы Фома Аквинский жалпы ұғымдар, яғни универсийлер үш түрлі сипатта өмір сүреді деп пайымдаған. 1. «заттарға дейін», құдайдың ақыл-ойында; 2. заттардың өз ішінде, олардың мәні немесе формасы ретінде және 3. заттардан кейін, яғни абстракциялық ойлаудың нәтижесі ретінде адамның басында.Неополитан корольдігіндегі Аквино қалашығында дүниеге келген Фоманың көзқарастар жүйесі Аристотель ілімінің теологиялық түсініктемесі болып табылады. РимОның пікіріше, барлық тіршілік иелері иерархиялық тәртіппен өмір сүреді. Құдайға ұқсас жаратылған адам қозғалмайтын Жердің ортасында өмір сүреді. Табиғатта барлығы оған бағытталған икемделген: Күн жарық пен жылу береді, жаңбыр жерді ылғалдандырады. Бұл тәртіптік жүйеде табиғаттың дүлей күштері орын тепкен: жер сілкінуі, боран, күшті желдер. Құдай бұларды адамның күнәкәрлік істері үшін жіберіп отырады. Ойшылдың пікірінше, Құдайдың барлығын, оның бірлігін, адам жанының мәңгілігін ақылмен түсінуге болады, ал әлемді жарату, алғашқы күнә, Құдайдың үшжақтылығын ақыл арқылы емес, Құдайдың ашылуы нәтижесінде ғана түсіне аласың.Фома Аквинский католиктік философия – томистік бағыттың негізін қалады.
Номинализмнің өкілдері – жалпы ұғымдар жай ғана есімдер, заттардың аттары деп есептеді. Шын мәнінде өзіндік ерекшеліктері бар жеке заттар ғана өмір сүреді. Жалпы ұғымдар заттарға тәуелді ғана емес, тіпті олар заттардың сапалық қасиеттері мен ерекшеліктерін бейнелей де алмайды. Номинализм – орта ғасырдағы материализмнің көрінісі. Бірақ олар жалпы ұғымдардың заттар мен құбылыстардың мәні мен мағынасын бейнелейтінін түсіне алмады.
Номинализмнің көрнекті өкілдері – Иоан Росцелин, Иоанн Дунс Скот, ағылшын философы Уильям Оккам.Пьер Абеляр реализм мен номинализмнің біржақты пікірлерін толықтыруға тырысты, сөйтіп өзіндік ерекшелігі бар концептуализм ілімін жасады. Абеляр Аристотельдің Платон идеялары туралы ойларын қайтадан жаңғыртты. Ойшылдың пікірінше, жалпы нақты заттардан тыс бола алмайды. Ол заттармен бірге, оның болмысымен біте қайнасқан. Адам ақылы оны заттан бөліп, сол арқылы заттың ішкі мәні мен мағынасын анықтайды, сөйтіп жалпы ұғымдарды тудырады. Жалпы ұғым адамның ақылында концепт ретінде өмір сүреді.Орта ғасырдағы философия - адам рухының ерекше туындысы. Оның іргелі принципі - теоцентристік көзқарас, яғни барлық болмыстың, игіліктің, әдеміліктің, философиялық және діни пайымдаудың күретамыры, бастауы -дін деп қарастыру. Оғанмонотеистік принцип – Құдай біреу, жалғыз деген догматиты мойындау:креационистік принцип – Құдай әлемді ештеңеден жаратты деп қабылдау;
провиденциалдық принцип – адам қоғамның дамуы, қозғалысының қайнар көзі мен мақсаты, Құдайдың алдын ала анықтауымен болады деген ұстанымды негізге алу тән.
Әл – Фараби адам жанының тәннен басқа мәні бар екенін айтады. Бірақ бұл мәселеде Шығыс елдерінде өте ықпалды болған неоплатонизм дәстүрін қолдамайды. Ол жанның тәннен бұрын немесе кейін өмір сүретінін мойындамайды. Жанның қызметтерін анықтауда оған «Бірінші ұстаз» Аристотельдің әсері тисе керек, өйткені ол жан мен тәннің өзара байланысын атап көрсетеді. Адамның өсімдіктен, жануардан айырмашылығы оның жанының рухани қызметтерінде, яғни әдемілік пен жетілгендікті қабылдауында.
Адамның таным функциялары сезімсіз іске аса алмайды. Қабылдау мен қиял – сезімдік білімнің негізгі құралдары. Бірақ олар болмыстың іргелі анықтамалары мәнді игере алмайды. Ол тек ақылға ғана тән. Құндылықтардың жаңа жүйесі қалыптасты. Бірінші орынға адам мен табиғаттың өзара қатынасы шықты, ал дін, оның мәселелері екінші қатарға ығыстырылды. Адам – табиғи жан. Бұдан Қайта өркендеу дәуірінің тағы да бір маңызды ерекшелігі туындайды, яғни мәдениет пен философия діннің ықпалынан босайды. Мемлекет, мораль, ғылым мәселелері дін тұрғысынан емес, ғылыми дүниетаным тұрғысынан зерттеле бастайды. Аталған мәселелер дербес сипат алып, зайырлы ғылымның негізгі нысанына айналады. Құдай, жамандық пен жақсылық төңірегіндегі діни ізденістер ұмытылмайды, бірақ олар бұрынғыдай шешуші орында бола алмайды. Бұл уақытта табиғат туралы жан – жақты мәлімет беретін ғылымдар қалыптасады.
Ақылда ғана адамның жоғары танымдық қабілеттері дами алады. Өйткені ақыл болмыстың мәнін игереді.
Ибн-Сина (980-1037) – ғалым – философ, дәрігер, Шығыс перипатепизмінің көрнекті өкілі. «Сауықтыру кітабы» және «Құтқару кітабы» деп аталатын екі атақты шығарманың авторы. Ойшылдың бұл кітаптарында осы дәуірдің көрнекті дәрігерінің этикалық ізденістері көрініс тапқан. Ренессанс немесе Қайта өркендеу – философия тарихындағы маңызды дәуір. Кампанелла қоғамның жаңа түрлерін іздестірді. Ренессанс философияның негізгі ерекшелігі – антропологиялық мәселенің алдыңғы қатарға шығуы. Зерттеу ізденістерінің нысаны Құдай емес, Адам болды. Адамның әлемдегі орны, оның еркіндігі, тағдыры Леонардо да Винчи, Микеланджело, Эразм Роттердамский, Никкола Макиавелли, Томас Мор, Мишель де Монтень сияқты ойшылдарды қызықтырды.
Бұл – Коперник, Кеплер, Галилей, Бруно сияқты ойшылдардың табиғат жөніндегі ізденістерінің дәуірі.
Қайта өркендеу дәуірінің ойшылдары схоластар сияқты ұғымдарды жан – жақты талдауға тырыспайды. Олар табиғат пен қоғамның құбылыстарын меңгеруге, түсінуге бет бұрады.Олардың көпшілігі интуиция мен сәуегейлікке емес, тәжірибе мен ақылға иек артады.
Қайта өркендеу дәуіріндегі философияның тағы да бір маңызды ерекшелігі – эстетикалық өлшемдердің үстемдігі. Өнер онымен бірге әсемдік те дамиды. Осы уақытта бейнелеу өнерінің өркендегені жай ғана кездейсоқтық емес. Леонардо да Винчидің, Микеланджело, Рафаэль Сантидің, Альбрехт Дюрердің тамаша туындылары осы дәуірдің жемісі.Гуманизм – осы кезеңде қалыптасады. Ол – адамды оның барлық қадір қасиетімен құрметтеу, сыйлау керек екендігін көрсететін көзқарастың бірі .Гуманизм дәстүрлері антикалық, орта ғасырлық дәуірлерде де болды, бірақ кең көлемдегі саяси, әлеуметтік, адамгершілік сипаттағы қоғамдық қозғалыс ретінде Қайта өркендеу дәуірінде қалыптасты. Яғни жаңа типтегі дүниетанымдық, адамгершілік және саяси идея дүниеге келді. Өмірден тым алыс схоластика сынға ұшырады. Әділетті қоғамдық – мемлекеттік құрылым – парламенттік басқару Италияда енгізілді. Адамдардың қызығушылықтарының өзара үйлесімде болуының жолдары қаастырылды.
Гуманистер адамдардың қарым – қатынастарының негізінде сүйіспеншілік, достық, бірін – бірі сыйлау сияқты құндылықтар жатуы қажет деп жариялады. Адамдардың нағыз ізгілікті табиғатын Данте шығармашылығынан көруге болады.
Николай Кузанский (1401-1464) – католик шіркеуінің қайраткері, кардинал. Николай жаратылыстануды дамытуды, адамның іс - әрекетіне теология араласпауын жақтады. Әлемді Құдай жаратты, бірақ ол шексіз, материалды және қарама – қарсылықтардың күшімен қозғалады.
Бұл ойшыл адамды өте қастерлейді. Құдай адамның өзінде, онымен біте қайнасқан. Сонымен қатар, Құдай барлық жерде, ең алдымен, табиғаттың өзінде. Құдай – бұл Әлемнің орталығы және оның негі. Ол – бүтін, ал Әлем оның бөлігі. Әлем Құдайда жинақталған, шоғырланған Құдай әлем түріне енген сайын табиғи процестердің мәні ашыла береді. Осы көзқарасты пантеизм деп атаймыз.Джованни Пико делла Мирандола (1463-1494) өзіне дейінгі барлық діни, философиялық ілімдерді біріктіріп, «900 тезис» деп аталатын эклектикалық шығарма жазды. Адам өзін өзі еркіне, өзіндік таңдауына сүйене отырып дамытады, ол өз бақытының қайнар көзі, өзін өзі жетілідіре алады, яғни өз тағдырын өзі жасайды. Парацельс (1493-1541) – дәрігер, ғалым. Ол туралы көптеген аңыздар бар, доктор Фаустың прототипі болған. Оның пікірінше, әр нәрсенің өзіндік ережесі бар. Оны белсенді өмірлік күш деп атаймыз. Соған дұрыс әсер ету арқылы затты танимыз. Емдеу өнері осыған негізделген. Парацельс үшін жалғыз әмбебап ғылым - медицина, ол философияға, теологияға, астрономияға және ал-химияға негізделген.
Николай Коперник (1473 - 1543) теоцентрлік көзқарастарға негізделген жасанды жүйені бұзып, гелиоцентрлік теорияны жасады.
Коперниктің ілімі ғылым тарихындағы нағыз төңкеріс еді. Өйткені ол табиғат танудағы шіркеудің беделін түсірді.Қайта өрлеу дәуірі ғылымының бұл жаңалығы туралы Энгельс былай деп жазған: «Н.Коперник табиғат мәселелерінде шіркеу беделіне соққы болған өшпес жаңалық ашты. Бұл революциялық акт табиғатты зерттеу ғылымдарының тәуелсіздігіне жол ашты. Осындан бастап жаратылыстанудың теологиядан босап шығуының жыл санауы басталады».
Галилео Галилей (1546-1642) эксперимент әдісімен біраз жаңалық ашады. Телескоптың көмегімен Айдың, Күннің беті тегіс емес екендігін, Юпитердің төрт серігін анықтайды.Галилей философ емес, бірақ оның ғылыми көзқарастарының ықпалы зор болды. Оның негізгі идеясы мынада: табиғат біз үшін жабық, оны оқуымыз үшін математика керек, өйткені табиғаттың тілі – математика. Галилей математика мен экспериментке негізделген жаңа методологияны дамытады. Егер бұрын заттар мен құбылыстардың сапалық қасиеттеріне көңіл бөлінсе, Галилейдің негізгі идеясы сандық қатынастарға сүйенеді. Табиғи заттардың өлшемі бар, оларды дәл есептей отырып, заңдарын игеруге жол ашамыз.
Галилей әлемнің үйлесімін, қозғалыс динамикасын геометриялық, алгебралық әдістермен көрсетуге болатынын дәлелдеді, индукция мен дедукцияны біріктіре отырып механиканы негіздеген.
Джордано Бруно (1548-1600) осы дәуірдің көрнекті философтарының бірі. Пантеистік көзқарасты дамытты.
Пантеизм дегеніміз - әлем Құдаймен бара – бар, әлем, материя – бұл Құдайдың өзі деп пайымдайтын ілім. Материяға берілетін форма Құдайды сезім арқылы қабылдау үшін қажет.
Өзінің методологиясында қозғалыс пен материяны табиғат пен әлемдік рухты барабар деп есептейді. Оның пікірінше, әлем біртұтас, шексіз, бірақ көптеген дербес, жеке әлемдерден тұрады. Ғарыш шексіз және көп жақты.
Бруноның пікірінше, сезімдік таным дүниені тану үшін жеткіліксіз. Ақыл мен сезімнің өзіндік синтезі ғана әлемді жан – жақты тануға мүмкіндік береді. Таным шексіз процесс, өйткені оның нысаны да шексіз.
Қайта өркендеу дәуіріндегі натурфилософияның негізгі мәселесі – табиғатты зерттеу. «Адам Құдайдай құдіретті» деп есептеген Қайта өркендеу дәуірінің ойшылдары оның өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік теорияларды дүниеге келтірген. Мемлекет пен құқық туралы тың концепциялар туындай бастады. Біржақты және бір сарындағы діни бастаулардан гөрі, адамның табиғи сипатына, оның күнделікті қажеттіліктері мен мұхтаждықтарына көңіл аудару қажеттігі қызықтыра бастады.
Әлеуметтік теориялардың негізгі мәселесі – мемлекет. Европалық ұлттардың өрлеу дәуірінде католиктік әмбебаптық жағдайында күшті, бір орталыққа бағынатын мемлекет қана қоғамдағы әртүрлі топтарды біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыра алады деген сенім орнықты. Осы идея әлеуметтік теориялардың негізін қалады.
Никколо Макиавелли (1469-1527) өзінің еңбектерінде мемлекет және саясат туралы идеяларын дамытты.Биліктің ең іргелі негізі – күш, содан кейінгі негізі – басшының беделі, үшінші негізі – күшті бюрократиялық аппарат. Бірақ әруақытта нақты жағдайлар мен оқиғалар есепке алынуы қажет. Бір өкініштісі, қолда билік күшейген сайын, оны жоғалтып алу қаупі де көбейеді. Абсолютті тиранды басқамен ауыстыра салу оңай. Ал парламентті ауыстыру әлдеқайда қиын.Адамдардың бәрінің мүддесін есепке алатын саяси бітімгершілікке қол жеткізу әруақытта қиын, өйткені адамдардың қажеттіліктері әртүрлі. Дін мен мораль - саясаттың құралы. Дін мен моральдың қағидаларымен мемлекет өмір сүре алмайды. Саяси өмір мен саяси шешімдерді, саяси фактілердің өзін талдау өте маңызды. Саясаттың өз заңы бар, сондықтан онда өтірік, күш, қатыгездік әруақытта болып тұрады.Қайта өркендеу дәуірінде әлеуметтік әділеттілікті көксейтін алғашқы утопиялар да пайда болған.
Гуманистік идеяларға негізделген утопиялық құрылымдарды Томас Мор (1476 - 1555) және Томмазо Кампанелла (1568-1639) жасады.
Т.Мор ізденістері утопиялық социализмнің аясындағы социализм туралы маңызды зерттеу болып есептелінеді. Оның әлеуметтік ілімі ғылыми танымның сол кездегі деңгейіне сәйкес еді. Жаңа қоғам туралы өз ойларын ол фантазия деп есептеген жоқ, бірақ іске асыруда көптеген қиындықтар болады деп ойлады.
Т.Кампанелла «Күн қала» еңбегінде жаңа қоғамның мамыражай бейнесін жасаған. Экономикалық мәселелерге көңіл аудармаған. Жеке меншіктік қатынастарды христиан дінінің моральдық принциптеріне сүйеніп, жоюға болады деп ойлайды.
Күн қаланың мемлекеттік құрылымы - басшысы абыз болатын теократиялық жүйе. Күн нұрын бойына сіңірген абыздың көмекшілері – Билік, Даналық және Махаббат.Кампанелла ғылымға көңіл бөледі, халықтың білімді болғанын қалайды, әділеттлікке негізделген рационалды басқаруды көздейді.Жалпы, Қайта өркендеу дәуірінің маңызы өте зор. Өйткені ол қалыпты дәстүрді бұзып, дүниетанымдық принциптерді түбегейлі өзгертті, барлық күш пен қуатты, жаңа методологияны жер бетіндегі тіршілікке бағыттады. Жаңа дәуір философиясына тарихи, мәдени, рухани негіз болды. Жаңа дәуір философиясы XVII-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл -философиядан бөілініп шыққан жаратылыстану ғылымдарының қалыптасу және даму кезеңі. Физика, химия, астрономия, математика, механика дербес ғылымдарға айналды. Сондықтан танымның жалпы әдісін анықтау, жаратылыстану ғылымдарының мәліметтері мен табыстарын түсіндіру және жалпылау мәселесі туындайды. Мұның өзі жаңа дәуір философиясына жаңа міндеттер жүктейді.Жаңа дәуір философиясыныңі негізгі мәселесі – таным теориясы, барлық ғылымдарға қажетті ғылыми таным әдістерін жасау.
Егер жеке нақты ғылымдар табиғат заңдарын ашса, ал философия барлық ғылымдарға ортақ ойлаудың заңдылықтарын анықтауы тиіс.Осы мәселемен Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Г.В.Лейбниц айналысқан. Олар мүмкіндігі жоғары ойлау заңдылықтарын іздестірген. Бірақ адам ақылы нақты өмірде кейбір қате идеялармен, ұғымдармен тұманданған, көмескіленген. Осы тұманнан идолдан (Ф.Бэкон) босаған, тазартылған таза ақыл ғана құбылыстың мәнін аша алады. Яғни, таза ақылды табу керек. Сонымен қатар, ыңғайлы, пәрменді таным әдістерін ойластыру да өте қажет.
Жаңа дәуір философиясына тән бірнеше маңызды ұстанымдар бар:
1.Ғылымның діннен толық ажыратылуы. Сенімнің ақылмен, ғылымның дінмен бірігуі мүмкін емес.
2.Ғылымның адамзаттың маңызды іс - әрекеті дәрежесіне көтерілуі. Тек ғылым ғана адамзатты байытады, қайғы мен қасіреттен босатады, қоғамды дамудың жаңа сатысына көтереді, қоғамдық прогресті қамтамасыз етеді.
3.Ғылымның дамуы мен адамның табиғатты игеруі барлық ғылымдарға ортақ негізгі әдістерді анықтаған жағдайда ғана мүмкін болады.
Таным теориясы жаңа дәуірде өзекті мәселеге айналды. Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшынның көрнекті философы және мемлекет қайраткері. Англиядағы жоғары мемлекеттік лауазым лорд-канцлер болған. Философияда оның ғылым және оның әдісі туралы ілімі ықпалды, атақты болды. Бэкон өзінің философиялық зерттеулерінің мақсатын «ғылымдарды түбегейлі қалпына келтіру» деп анықтап, сол уақыттағы ғылыми білімдерді жан – жақты өзгертуге бет бұрды. Бэкон білімді қайта құрудың, қажеттілігін екі себеппен түсіндіреді.
Біріншіден, адам танымының тарихын талдау ғылымның қоғамдағы орнының маңыздылығын және қажеттілігін көрсетеді. Ғылыми білімдердің көмегімен адам өз өмірін жеңілдетуге мүмкіндік алады. Бұдан былайда ғылым адамға пайда келтіруі қажет, өйткені оның ең басты міндеті – адамзатты аштықтан, кедейліктен, аурулардан азат ету.
Екіншіден, ғылым осы уақытқа дейін негізгі міндеттерін анда-санда, аракідік, кездейсоқ орындап келді. Ғалымдар көп уақыттарын практикалық іс - әрекеттен тым алыс, жалаң пікір таластарға жұмсады. Мұндай жағдайдың бірнеше себептері бар. Ең бастысы, ғалымдар адамның танымдық қабілеттерін зерттемеді. Сондықтан олар таным процесінің іс жүзінде қалай іске асатынын білмеді, бақыламады.Танымдық іс - әрекеттің тетіктерін білмегендіктен, оны жақсартатын оңтайлы құралдарды да таба алмады.
Үшінші себеп, ғалымдар өз білімдерін дамытудың бағыттарын білмеді.Бэкон өзі көрсеткен кемшіліктерді жеңудің жолын ұсынды. Оның ойынша, таным процесі екі кезеңнен тұрады: 1) сезімнің тануы; 2) ақылдың пікірі. Сезіммен табиғатты тануға болмайды, олар тіпті өтірік ақпар беруі де мүмкін. Заттардың сапалары, дыбыс, түр, дәм, иіс, жылу, суық адамдардың сыртқы заттарды қабылдауларының түрі болып табылады. Ал ақыл сезімнің мәліметтерінен тез арылады және өзіндік рең береді. Осы өзіндік реңді Бэкон «идол», елес деп атаған.
Ф.Бэкон идол, яғни, пұттарды немесе елестерді өзгелердің пікіріне сын көзбен қарамай, қабылдаудан, адамның табиғи мүмкіндіктерінен, жеке адамның кемшіліктерінен, тілдің шикілігінен, дәйексіздігінен туындайтын қателіктер деп анықтады.
Таным процесін осындай елестерден тазарту үшін арнайы ойлап табылған және жақсы ұйымдастырылған тәжірибені пайдалану қажет. Оның мағынасы – табиғи заттарды іс - әрекетте байқау, не нәрсенің себеп, не нәрсенің салдар екенін түсіну.
Сезім туралы ілімі және білімді алудың жолдарын көрсету арқылы Бэкон жаңа эмпиризмнің негізін қалады.
Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм – бұл тәжірибелік, сезімдік білімді нағыз шынайы ақиқат білім деп мойындау.
Бэкон ақылдың негізгі құралы ретінде индукцияны пайдаланды, яғни көптеген жеке құбылыстарды анықтап, жинақтап, қорытындылады. Танымның негізгі әдісі индукция дей отырып, Ф.Бэкон танымдық іс - әрекеттің нақты жолдарын анықтады. Бұлар – «өрмекшінің жолы», «құмырсқаның жолы», «араның жолы».
«Өрмекшінің жолы» білімді таза ақылдың күшімен, рационалдық жолмен алу. Бұл әдіс нақты фактілер мен практикалық тәжірибенің ролін төмендетеді.
«Құмырсқа жолы» - білімді барлық мәліметтерді пайдалану арқылы алу. Бұл жағдайда зерттеу нысаны туралы барлық мәліметтер жинақталады, оның ішінде керектісі, керексізі де, маңыздысы, маңызды емесі де болады. Ғалым көптеген нақтылықтардың арғы жағында не жатқанын көрмей қалуы да мүмкін.
Бэконның пікірінше, оңтайлы таным әдісі «араның жолы». Бұл жағдайда «зерттеуші» өрмекші, құмырсқа жолдарының жақсы жақтарын қабылдап, кемшіліктерінен арылуға тырысады. Яғни нақтылы мәліметтерді жинастырумен қатар оның артында не тұрғанын да білуге ұмтылады. Сөйтіп, танымның негізгі жолы құбылыс пен заттардың мәніне рационалдық әдіспен үңілетін индукцияға негізделген эмпиризм болып табылады. Эмпириктер, эксперименталді жаратылыстануды ғылымның ғылымы деп есептеді. Эмпириктердің негізгі ұраны – Ф.Бэконның «Білім - күш» деген тезисі.
Рене Декарт (1596-1650) – көрнекті француз философы және математигі, жаңа европалық рационализмнің негізін қалаушы. Жастайынан ақиқат білімді өтірік білімнен ажыратуға күш салды. Өзінің алдына қойған мақсатын орындауға бағытталған ережелерді ойлап тапты. Оның өзінің сөзі бойынша, философияның жарты бөлігі мынадай ойларға сүйенді:
1. Ақиқатты іздестіру барысында тек ақылды басшылыққа алу керек. Еш қандай беделге, дәстүрге, кітапқа, сезімге сенуге болмайды.
2.Сондықтан бұрынғы барлық білімдер мен икемділіктерді ығыстырып, олардың орнына жаңадан табылған немесе бұрынғы, бірақ ақылмен ойластырылған, тексерілген білімдерді қою қажет.
3.Ақиқатқа тек қана ақылдың күшімен, оның дұрыс пайдаланумен ғана жетуге болады.
Осы қағидалардан – ақ Декарттың таным туралы ілімінің Ф.Бэкон ілімінен түбегейлі айырмашылығын көруге болады. Өйткені, білімнің негізі, ақиқаттың қайнар көзі - адам ақылы деп Декарт рационализмді жақтады.
Декарт білім алуға оңтайлы әдіс ұсынған. Оның төрт маңызды ережесі бар:
күмәндануға жол бермейтін анық нәрсені ақиқат ретінде қабылдау;
күрделі мәселелерді қарапайым, ұсақ бөлшектерге жіктеу;
қарапайым, ұсақ бөлшектерден тұратын бірінен бірі туындайтын тізбек құру;
осы бөлшектердің ешқайсысын қалдырмай толық есепке алу.
Білімнің ақиқаттығының өлшемі – ақыл.
Декарт философияны ағаш сияқты жүйе деп есептеді. Бұл ағаштың тамыры философия, діңі – физика, ал сабақтары – басқа ғылымдар: медицина (адамдардың денінің сау болуына жол ашады), механика (тұрмысты оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған білімді береді), этика (ізгілікті өмір сүрудің жолдарын анықтайды).
Ағаштың діңі мен сабақтары тамырынсыз өсіп – өне алмайтыны сияқты философиясыз ешбір ғылым дами алмайды.
Ғылымдар жүйесі үшін философия өте маңызды, сондықтан оның алғашқы бастаулары мен түп неігздерін әруақытта біліп отыру қажет.
Осы мақсатты орындау үшін Декарт арнайы тәсіл ойлап тауып, оны картезиандық күмәндану деп атады. «Күмән келтіру» принципін Декарт былай деп суреттеді. «Егер мен күмәнданатын болсам, онда менің ойлағаным. Егер мен ойланатым болсам, онда менің өмір сүргенім». Декарт осы принципі арқылы әлем мен философияның ескі көзқарастарынан арылып, жаңалыққа бой ұруына жол ашты.
Ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қисынсыз қағидаларды талқандай отырып, рационалдық методтың тууына себепкер болды. Декарт ақыл – парасатты аса жоғары бағалап, оны білімнің қайнар көзі деп есептеді.
Жалпыдан жекеге өту арқылы логикалық тұжырым жасау керек деп Декарт дедукциялық әдісті дамытты.
Р.Декарт дуалистік ілімнің өкілі болды. Өйткені ол әлемнің, дүниенің түп негізі ретінде екі бастаманы, яғни материалдық және рухани бастамаларды мойындады.
Р.Декарттың іліміндегі материалдық субстанцияның негізгі сипаттары созылмалық және бөлінгіштік. Ал рухани субстанцияларға ойлау қабілеті тән, сондықтан олар бөлінбейді. Декарт туа біткен идеялар туралы ілім ұсынған, көптеген білімдер таным мен дедукция арқылы пайда болады. Бірақ ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін білімдер де бар. Олар бірден тікелей белгілі, ұрпақтан ұрпаққа берліп отырады. Бұл идеялар екі түрде болады: ұғымдар және пікірлер. Туа біткен ұғымның мысалы: Құдай (бар), сан (бар), «ерік», «тән», «жан».
Туа біткен пікірдің мысалы: «Бүтін өзінің бөлшегінен үлкен», «ештеңеден ештеңе туындамайды».
3. Жаңа дәуір философиясында ғылыми танымның әдістері туралы ізденістерде бір – біріне қарама – қарсы екі бағыт қалыптасты: эмпириялық және рационалистік.
Эмпириктер (Ф.Бэкон, Т.Гоббс, ДжЛокк) танымның негізі, қайнар көзі – тәжірибе. Тәжірибе сезімдік таныммен, түйсікпен, қабылдаумен, елестермен тығыз байланысты. Адамның жаны ақ қағаздай тап – таза. Оған белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние, ал сыртқы дүние сезім мүшелері арқылы бізге әсер етіп, білім береді. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр.
Рационалистер Р.Декарт, Б.Спиноза, Т.Лейбництнің пікірінше, адамның сезіміне негізделген тәжірибе барлық ғылымдарға ортақ әдістің негізі бола алмайды. Қабылдаулар мен түйсіктер алдамшы. Пәрменді әдістің негізі – адамның ақыл – ойы, парасаты.
Рационалистік бағыт адамның ақыл – ойын әдістің негізі етіп алады.
Эмпиризм мен рационализм арасындағы осындай пікір таласы жалпы таным теориясына оң әсер етті. Өйткені олардың әрқайсысы өз пікірін дәлелдеу мақсатымен таным процесіне терең үңіліп, оның мүмкіндіктерін, шегін, әртүрлі деңгейін жан – жақты талқылауға, талдауға кірісті. Мұндай аналитикалық талдау адамның танымдық қабілетінің бұрын онша айтыла бермейтін жаңа қырлары мен қасиеттерін анықтауға жол ашты.
Эмпиризм де, рационализм де бір жақтылыққа ұрынды. Шын мәнінде таным процесінде сезімдік мүмкіндіктердің және ақыл – ой, парасаттың өзіндік орны бар, оларды бір – біріне қарама – қарсы қоймай, бір тұтастықта қарастыру ақиқатқа әлдеқайда жақын еді.
Бұл дәуірдің бастапқы жетістігі – танымның құрылымының күрделі табиғатына назар аударып, оны әртүрлі жағынан анықтау.
Жаңа дәуірдегі Голландия философиясының өкілі Бенедикт Спиноза (1632-1677) Р.Декарт идеяларын жалғастырды. Субстанция, таным теориясы, этика, еркіндік пен қажеттілік мәселесін зерттеді. Спиноза философияның негізі ретінде біртұтас субстанция туралы идеяны қабылдады. Оның - атрибуттары ойлау мен табиғат. Табиғат өзін - өзі жаратушы, яғни субстанция өзінің сансыз көп модустары (түрлі күйлері, қасиеттері) арқылы көрінеді. Осындай модустардың бірі - қозғалыс. Дүниенің өз себебі деп жариялай отырып, Спиноза сол арқылы әлемді жаратушы Құдайдың жоқ екенін негіздейді. Пантеизмді жақтай отырып, ол Құдай табиғаттың өзі деп жариялайды. Спиноза еркіндік мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Оның пікірінше, еркіндік ұғымы қажеттілік ұғымына қайшы емес.
Еркіндік дегеніміз – танылған қажеттілік, яғни саналы түрде және нақты не нәрсе қажет екендігін түсіну деп ойлады.
Томас Гоббс (1588-1679) – таным және мемлекет мәселесімен айналысты. Таным дегеніміз, Гоббстың ойынша, ойларды бір – бірімен қосу және бір – бірінен алу. Осыдан келіп, ол таным процесінің бірден – бір ғылыми әдісі тек қосу мен алуға негізделген математикалық әдіс қана бола алады деген тұжырым жасады.
Т.Гоббс – мемлекеттің пайда болуында қоғамдық келісім жатыр деген идеяны бірінші ұсынған философ. Оның атақты еңбегі – Левиафан.
Джон Локк (1632-1704) – ағылшын материализмнің ірі өкілі, іштен туатын иделарды (Декарт) жоққа шығара отырып, біз барлық білімдерімізді тәжірибе, түйсік арқылы аламыз, жаңа туған баланың миы – таза тақта, өмір өз шимақтарын салады, білім осыдан құралады деп есептеді. Локктің басты тезисі: алдын ала түйсікте болмаған нәрсе ақыл – ойды да болмайды. Түйсіктер сыртқы дүниедегі заттардың біздің сезім мүшелерімізге әсер етуінен туындайды. Сөйтіп материалистік, сенсуализмнің негізін қалады.
Готфрид Лейбниц (1646-1716) – неміс ғалымы, математик, юрист, философ, рационализмді дамытушы. Негізгі ұғымы – монада туралы ілім. Монада қарапайым, бөлінбейді, материалдық заттық құрылым емес.
Монада – бұл ұдайы өз күйін өзгертіп тұратын – іс - әрекет. Оған тырысу, қызығу, қабылдау елес тән.
Дж. Беркли (1685-1753) – субъективтік идеализмнің өкілі. Оның пікірінше, өмір сүру дегеніміз – қабылдану. Жеке заттар түйсіктердің жиынтығы түрінде ғана адам сапасына енеді, өмір сүреді.
Дж.Юм (1711-1776) Берклидің ілімін агностицизм бағытында дамытты. Оның пікірінше, адам өз түйсігінен тыс шыға алмайды, өзінен тыс ешнәрсені біле алмайды. Ол объективті себептілікті жоққа шығарды.
Ағартушылық философия европаның классикалық философиясының дамуының жаңа кезеңі болып табылады.
Ағартушылық идеяларының отаны Англия болды. XVII ғасырдың аяғында прогрессивті ағылшын буржуазиясының нығаюы мен ғылыми білімнің даму үрдістері ағартушылық идеяларының кеңінен қанат жаюына негіз болды. Жаратылыстану ғылымдарының дамуымен тығыз байланыста болған ағылшын ағартушылары адамның еркіндігі мен ақыл ойының күшіне сенім артты.
Осы сарындағы философиялық идеялар Францияға тез жетіп, жан – жақты дамыған концепциялар пайда болды. Ағартушы – философтар қоғам мен адамның ғылым мен прогреске сүйене отырып жетілуін көкседі. Білімді кең көлемде таратып, адамдарды тәрбиелеу қажеттілігіне көңіл аударды. Адам табиғатынан ізгілікті, оның кемшіліктері қоғамның қайшылықтарынан туындайды. Сондықтан оны әрдайым тәрбиелеп, бағыттап отыру қажет.
Ағартушылық таза философиялық ілім емес, оның құрамында қалыптасып келе жатқан буржуазияның идеялық және саяси өзіндік санасының мұраттары да көрініс тапты.
Англияда, Францияда ағартушылық қайраткерлері ақыл – ойлы негізгі культке айналдырды. Феодалдық қоғамның қалдықтарын сынға алды, ғылыми – философиялық ойлаудың, көркемөнер шығармашылықтың адамдардың пікірі айту қабілетінің еркіндігін жақтады.
Француз ағартушылығының көрнекті өкілдері – Франсуа Вольтер (1694-1778), Жан Жак Руссо (1712-1778), Дени Дидро (1713-1784), Жан Батист Д`Аламбер (1717-1783), Жюльен Ламетри (1709-1751), Клод Гельвеций (1715-1771), Поль Гольбах (1712-1789).
Вольтердің негізгі еңбектерінің бірі – «Метафизикалық трактат». Ол ағылшын философтары Ф.Бэкон мен Т.Гоббстың шығармашылығын жоғары бағалап, эмпиризмнің ықпалында болады. Көп уақытқа дейін Декарт идеяларына самарқаулық танытады. Вольтер тәжірибенің танымдық маңызын анықтап, оның теорияға қатынасын түсіндіруге тырысады.
Ойшылдың философиясында субъектің белсенділігі туралы мәселе кеңінен қойылған Вольтер субъектің іс - әрекетінің динамизмі мен белсенділігін ерекше атап, зерттеді, жаңа дәуір философиясын едәуір байытты.
Оның «қоғамдық адамға» деген қызығушылығы сол кездегі әлеуметтік сұраныстан туындаған. Вольтер басқа адамдар мен тығыз байланыста өмір сүретін адамның қоғамдық табиғатынан жақсы түсінген.
Вольтер философиялық еңбектерінде адамдардың теңдігі туралы да мәселе қойылған. Ол саяси теңдік, заң мен құқық алдындағы теңдікке ерекше көңіл аударған.
Адамдардың саяси, құқықтық теңдігі экономикалық және әлеуметтік теңдігімен анықталатынын түсіне алмаған.
Вольтердің замандасы және оған рухани жақын ойшыл Ш.Л.Монтескье (1689-1755). Деизмді жақтады. Тарихты адамдар жасайды деген қорытындыға келді. Қоғамның дамуына климат пен географиялық фактор әсер ететіндігін мойындады.
Қоғамда заңның үстемдігі мен билікті болу идеялары Ш.Монтескьенің болашағы мол өскелең ойлары болып табылады.
Жан Жак Руссо (1712-1778) – кедей ортаның өкілі, оның әкесі сағат жөндеуші және биді үйретуші болған. Руссоның шығармашылығы жан-жақты, театр шығармашылығынан басқа ол ғылым мен өркениетті сынаумен, экономикалық, әлеуметтік – саяси мәселелермен айналысқан. Оның «Эмиль немесе тәрбие туралы» және «Жаңа Элоиза» шығармалары жетілген, табиғи моральдың жобалары болып табылады.
Руссоны қызықтырғанең маңызды мәселе – адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.
Адамдар арасында негізінен теңсіздік бірден пайда болмайды. Оның туындауына себеп болған меншіктік қатынастар. Яғни қоғамда меншіктік жіктелу болып, жеке меншік пайда болғаннан бастап, теңсіздік қатынастар өркендей бастайды.
Жеке меншік - теңсіздіктің бірінші себебі. Ал жеке меншіктің өзі адамдар қажеттілігінің қайшылығынан, бәсекелестік пен бақталастықтан туындайды. Қоғамның табиғи жағдайы бір – бірімен жауласқан топтар қатынасымен алмастырылады.
Меншіктік жіктелу – теңсіздіктің бірінші сатысы. Теңсіздіктің екінші сатысы – мемлекеттің қалыптасуы, билік иелері мен оған бағынушылар арасындағы теңсіздік.
Үшінші сатыдағы теңсіздік заңы үкіметтің деспотияға айналған уақытында пайда болады. Соңғы жағдайда, Руссоның пікірінше, барлық адамдар өзінің теңсіздігінде бірдей болады да, тиранға қарсы бас көтеруге құқық алады. 1789 жылғы Франциядағы революциялық қозғалыстың заңдылығын Руссо осындай ойлармен негіздейді.
Осы ойларын Ж.Ж.Руссо «адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы мен себептері» деген еңбегінде баяндайды.
«Қоғамдық келісім туралы» атты еңбегінде Руссо біріккен халық басқаратын «халықтың мемлекет» идеясын ұсынды. Бұл мемлекетте жалпы ерік пен жеке адамдар еркінің арасындағы күрделі өзара қатынастар елді билейді деп ой қорытады.
Ж.Ж.Руссо философиясының атақты девизі «Қайтадан табиғатқа оралу». Өйткені табиғатта адамның орны оның қабілеттеріне байланысты, сондықтан табиғи тәртіп әділетті. Ал қоғамда адам меншік байлық арқасында орын алады, бұдан қоғамдық тәртіптің әділетсіздігі туындайды.
Дени Дидро (1713-1784) ғылым, өнер және қолөнер энциклопедиясын жасауды ұсынды.
Қазақ философиясы деген ұғым ғылым тіліне 90 жылдардың басында енді. Ол – қазақ халқының өзіндік төл мәдениеті мен ерекше тағдырының айнасы. Халық тарихқа қазақ деген атпен XIV-XV ғасырда енгенімен, оның одан да әрі терең тарихы бар.
А.Х.Қасымжанов, Ә.Н.Нысанбаев, Ғ.Есімов сияқты ғалымдардың айтуынша, қазақ халқының ойлау мәдениетінің шығу тегі көне түркі заманынан басталады. V-VI ғасырларда түріктерде әліппе болған. Соның негізінде түріктер жазба мәдениетін тудырды. Оны мәдениет тарихында көне түркі жырлары деп атайды. Ол мәдениет мұралар Талас, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылғандықтан «Орхон - Енисей» руна жазулары деп аталады.
Қазақ халқының менталиті көптеген мәдени дәстүрлердің, яғни сақтардың, көне түркілердің, қытайдың, арабтың, парсының, орыстың, европалықтың өзара ұшырасып, араласуынан туындаған.
Жазба мәдениетінің пайда болуы мен діннің қалыптасуын зерттеушілер түркі – соғдылық және түркі тохарлық байланыстың ықпалымен түсіндіреді.
Қазақтардың өзіндік діні – тәңірлі дүниетанымы болды. Тәңірлік өзіндік онтологиясы, космологиясы этикасы мен демонологиясы бар жетілдірілген дүниетаным болды»1.
Бұдан басқа бақсылық, буддизм, манихейшілік, христиан діні де орын алған. Мұндай көпжақтылық пен олардың арасындағы өзара кірігу, бірігу процесі ерекше дүниетанымдық жүйенің қалыптасуына және оның плюралистік сипат алуына негіз болды.
Қазақтың ұлттық менталитетінің архетиптері болып табылатын кеңдігі, кеңпейілділігі, қайырымдылығы, қонақжайлығы, басқаны жатырқамауы, аңғарымпаздығы, байқағыштығы, табиғатқа жақындығы, философиялық ойларға бейімділігі, дүние, өмір, заман туралы ойлары, ақын – жандылығы, маңғаздығы, асықпай – аптықбауы, тәубәшілдігі, сәтті күнді күтуі, туысшылдығы2 сияқты сипаттарының қалыптасуы Анахарсис, Қорқыт ата, әл – Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Ясауи сынды әртүрлі бағыттағы философиялық дәстүрлердің әсерінен болды.
Философия тарихында Шығыс перипатетизмінің көрнекті өкілі болған, өзінің шығармашылығында батыс пен шығыс дүниетанымдық жүйелерін ерекше үйлесіммен, тапқырлықпен қабыстыра отырып, өзіндік келбеті бар философиялық жүйені жасаған әл – Фараби қазақ философиясының негізгі бастауының бірі болып есептелінеді.
Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі мемлекетті басқару, әлеуметтік топтардың сипаты, қоғамдық құрылым туралы ойлары мен этикалық, танымдық көзқарастары да елеусіз, тарих қойнауында қалмаған.
Қазақ философиясы мен дүниетанымының тағы да бір маңызды бастауы – сопылық дәстүр.
Ислам аясында қалыптаса отырып, көне Үнді, Қытай, Грек, Рим, Сирия ойшылдарының үздік ойларын бойына сіңірген сопылық философиясының Қазақстан мен Орта Азия халықтарының «арасында кеңінен және табысты таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз ілімін жеңіл және түсінікті тілмен, әсем сопылық идеяларды жергілікті салт-жырлармен үйлестіре дәріптеді Ахмет Яссауидің Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы Яссауидің ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімін пантеизммен және бақсылық жыры элементтерімен үйлестіре алуынан еді»3.
Қазақ даласында сопылық идеялары Шығыс поэзиясы, яғни Фирдоуси, Навои, Рудаки, Омар Хайям, Низами, Насими секілді ақындардың философиялық сипаттағы шығармалары арқылы тараған.
Сөйтіп, қазақ философиясының дамуына негіз, бастау, тарихи тамыр болған объективті алғышарттардың қатарына қазақ халқының өзінің ауыз әдебиеті және өмір сүру салт – дәстүрі, түрік мәдениеті мен түрік ойшылдары, араб – парсы әдебиеті мен философиясы, сопылық дәстүр жатады. Олар көпжақты және көпмағыналы мәдени үрдістерді біріктіреді. Соның өне бойында мүлгіген көптеген маңызды және өміршең белгілер мен қасиеттерді бойына сіңіре отырып, қазақ халқы ерекше сарындағы, өміршең, оптимистік философиялық көзқарастарды дүниеге келтірді.
Қазақ кең де, ашық дала перзенті. Дала ұшы – қиыры жоқ, шетсіз, шексіз. Сан ғасырлар бойы сол өзін аялаған табиғатта өмір сүріп, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді.
Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп – қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте сезінді.
Киіз үй көне қазақтардың әлем, бүкіл дүниенің құрылымы туралы көзқарасын білдіреді. Киіз үй ғарыштың кішкене моделі.
Киіз үйдің дәл ортасында, шаңырақтың асында ошақ орналасқан. Ошақтың осылай орналасуы ыңғайлы және қауіпсіз. От қажетті құбылыс, оған көне адамдар тағзым еткен. Жануарларды отпен аластап, тазартқан. От күннің символы.
Күн батып, кеш түскен соң ай мен жұлдыздар жер бетін жарық қылады.
Қазақ «аспанға европалықтың қалтасындағы сағатына қарағанындай қарайды»1. Өйткені, бұл өмір сүріп, тіршілік етудің бірден – бір қажеттілігі еді. Аспан денелерінің қозғалысы бойынша жыл, ай және тәуліктің малға жайлы мезгілдерін анықтай алған. Аспан шырақтарына «Жеті қарақшы», «Темір қазық», «Сүмбіле», «Шолпан», «Есекқырған» деп ат қойып, олардың қозғалыстарын бақылаған, календарь жасаған. Мысалы, Сүмбіле,Үркер жұлдыздарына сүйеніп, жыл мезгілдерін былайша анықтайды: «Үркерлі айдың бәрі қыс», «Сүмбіле туса су қатады», яғни күз түседі. «Үркер жерге түспей, жер қызбайды». Түнгі уақытта жол жүруге тура келгенде «Темір қазыққа сүйеніп», барар бағытын анықтаған.
Киіз үйдің шаңырағы – оның негізі. Оны ең мықты ағаштан жасаған. Ұрпақтан ұрпаққа беріп отырған. Кереге мен уықты ауыстыруға, бұзуға болады, ал шаңырақты ауыстыруға, бұзуға болмайды. Ол отбасының беріктігінің символы.
Аспан сырларын табиғи тербеліске, ішкі толғанысқа бейімдей отырып, көшпенділердің қиял сезімін байытуға ықпал етті, яғни мүлгіген табиғат пен адам арасындағы ерекше сұхбат қалыптасып, дами бастады. Осының нәтижесінде адамның дүниеден үн – сыр аулауға икемділігі мен шеберлігі артады, көзі көркемдікті танығыш, көңілі әсершіл, құлағы үн аулағыш.
Көшпенді қиялындағы қырағылық, зердесіндегі зеректік, санасындағы саңлақтық шындық үрдісімен, тұрмыс – тіршілік, кәсіп дүниесімен үйлесімділігін тапты. Тұрмыс жағдайына қарай көшпенділер айға, күнге жұлдызға ибадат етті, бұларды қасиет тұтты.
Табиғат пен тұрмыстың әдемі көріністерін астарлап, оны ою - өрнекке түсіру арқылы шебер өзінің дүниеге деген көзқарасын, философиялық ойын, эстетикалық сезімін білдіре алған.
Қазақ халқы ою - өрнек салуда, оның структуралық композициясын құрастыруда және бояу түстерін қолдануда өте бай және ерекше мұраға ие. Әрбір ою - өрнек белгілі бір мағынаны білдіреді. Ол көшпені қазақтың табиғатпен қауышуның тереңдігін және көпжақтылығын білдіреді. Ою - өрнектерде жан – жануарлар, көк өніс, өсімдіктер, аспан, жер – дүние сыры бейнеленіп, олардың адам өміріндегі алатын орны ерекшеленген. Сондықтан ай, күн, жұлдыздардың адамзат тіршілігіне қажеттілігін түсіну, жұлдыздардың атын білу, туған жер табиғатының ерекшеліктерін ескеру, бояуларды табиғи үйлесімділікте беру әруақытта қарастырылған.
Қазақтардың негізгі тағамдары сүтпен байланысты болғандықтан ақ түс ерекше құрметтеледі. «Ананың ақ сүті», «Ақ отау», «Көңілі ағарсын» сияқты киелі ұғым осыдан туындаса керек, көк түс аспанды, сары түс білімді, даналықты, қызыл түс – от, күнді, жасыл – жастық пен көктемді, қара түс – жерді, береке нышанын бейнелейді.
XV-XVIII ғасырлар аралығында қазақ философиясы негізгі үш бағытта дамыған.
Бірінші, көрнекті бағыт жыраулар философиясы, екінші – билер, ал үшінші – зар заман философиясы.
Жыраулар философиясы Асан Қайғы, Қазтуған (XV ғ.), Доспамбет, Шалкиіз (XVI), Ақтамберді, Тәтіқара (XVIII), Үмбетей, Бұқар есімдерімен белгілі.
Жырау кім? Белгілі хандардың ақылшысы, қоғам қайраткері, қолбасшы, әскербасы, батыр, сонымен қатар, табиғи дарынының арқасында суырып салма ақын да болған ерекше тұлғалар.
Жыраулар поэтикалық сипаттағы толғауларды дүниеге келтірген. Олардың шығуына себеп болған маңызды оқиғалар – ұлт – азаттық қозғалыс, саяси жаңару, қоғамның даму жолдары, өмір туралы ізденістер. Толғаулардың тақырыптары - өмір, ел, адам, туған жер, азаттық, адамгершілік мәселелері.
Жыраулар – жаратылыс философиясының сырын ұғып, өмір тұтқасына дер кезінде жармасып, озбырлармен арбасып, тарихпен сырласып, өз халқының мұңын мұндаған даналар. Олар өз толғауларында өткенді саралап, бүгінгіні даралап, болашақты болжаған. Сондықтан да олардың суырып салма шешендігі көсемдікке ұласып отырған.
Жыраулар шығармашылығында ерекше мән берілген мәселе – бар нәрсеге ризашылық қанағат сезімі.
Асан Қайғы заманыңды, арғымағыңды, тұйғыныңды, иіс мойылды көңінді, әкіміңді, өз барыңды, ақтоныңды, қарияларыңды жамандама, ешкімге ұрыспа, бұрынғыны қуыспа, тәуір көретін кісіңмен жалған айтып суыспа, ешкімді өзіңнен кем сана ма, достарыңмен санаспа, кеңессіз сөз бастама деп үйретті.
«Атадан алтау тудым деп, асқынып жауап айтпаңыз. Алғаным асыл ару деп, күн шығарып жатпаңыз. Атаның малы көпті деп атты босқа тартпаңыз»1, дей отырып, Асан Қайғы әр нәрсенің өзінің шегі, есебі бар екендігін еске салады. Әруақытта осындай объективті жағдайларды есепке алып отыру, шектен шықпау - әдептіліктің белгісі.
Қазтуған жырау (XV ғ.) – сахара эпосін жасаушылардың бірі, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы. Ол өмір, атамекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптардағы сан алуан мол мұра қалдырған. Оның «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» шығармалары көне поэзияның таңдаулы нұсқасы бола отырып, қазақ халқының өмірге көзқарасын, ой толғамын бейнелеген.
Бұқар жырау:
«... Ежелгі дұшпан ел болмас
Көңілінде кір баты бар ...
Ежелгі дұшпан ел болмас
Көңілінің тұтқар кірі бар»2
дей отырып, көңілдің тазалығына ерекше мән берді.
Жыраулардың толғауларында адамның көңілін қалдырмау үшін, не нәрседен бас тарту қажет деген мәселе қойылған.
Бұқар жырау адам қаншалықты қиыншылықты көріп, жаны қиыншылыққа ілініп, шаршап, қалжырап, көңілі – қарайып, көзі қарауытып тұрса да үмітін үзбейді деп ой қорытады.
Бұқар өз заманының мән – мағынасын түсінді, оның аумалы төкпелі болмысын заңды объективті процесс деп санады. Ол өткенге өкініп, ескіні аңсамады, өз уақытының тарихи тынысын қалтқысыз қабылдап, соған сәйкес өмір сүрді.
Бұқар жырау қасыңа қыдыр келіп, басыңа дәулет құсы қонып, хан дәрежесіне көтерілгенше сен кім едің деп Абылай ханға тура бағыштап:
«... Сен қай жерде жүріп жетіктің?
Үйсін Төле билердің түйесін баққан құл едің» деген екен. Бұл әрине, дана, беделді қарияның, азаматтың еркіндігінің белгісі еді. Сонымен қатар, қазақ қоғамындағы жалпы қариялардың, жасы үлкен адамдардың ерекше қоғамдық роліне меңзейді.
Елдің бірлігі, халықтың тірлігі, заманның тыныштық берекесі сияқты аса маңызды қоғамдық мұраттардың сақтаушысы, жақтаушысы, ұйытқысы да солар болған.
Ақын – жыраулар адам, қоғам өміріндегі және табиғаттағы сан түрлі сапалық қасиеттерді мінез – құлықтағы өлшемді сақтап отыру, ақиқатқа жетуге ұмтылу, өз мақсаттарына жету үшін қандай нәрсені болса да дәлелдей отырып, дұрыс өмір салтын сақтау туралы философиялық ойлардың, практикалық ақыл – кеңестердің авторы болып табылады.
Ақын – жыраулар өмір, тіршілік, тұрмыс, қоршаған орта, әлем, өзгермелі, құбылмалы, опасыз, ауыспалы, қайырымсыз, алдамшы, айгнымалы, жалған дүние туралы ой толғаған. Осы сарынмен қатар, оған қарама қарсы жайнаған жастықтың базары, жақсылықтың шырағы бар нұрлы өмір, жарық дүние, адамзаттың арман мұраты жолындағы отын сөндірмей, болашаққа, келешек күндерге жетелейтін алтындай таза, күмістей жарқыраған сенім туралы да оптимизмгі толы ой пірімдер молынан кездесіп отырады.
Шоқан Уәлиханов - XIX ғасырдағы қазақ философиясының көрнекті өкілі. Тарихшы, саяхатшы, аз болса да өте мәнді өмір сүріп, қазақ халқының тарихында ерекше із алдырды. Оның негізгі еңбектерінің ішінде «Бақсылық туралы», «Сот реформасы туралы», «Даладағы мұсылмандық туралы» деген дүниетанымдық, қоғамдық мәселелерді зерттейтін еңбектері бар.
Уәлиханов саяси және құқықтық теорияларды жақсы білді. Оның пікірінше, саясат – бұл билік және оны орнату тәсілдері. Билік мемлекеттің негізгі функциясы, оның құрылымы және іс - әрекетінің мағынасы үстемдік ететін күштерге байланысты.
Шоқанның Құлжаға сапары ғылыми ерлікпен барабар. Оның ерлігі мен ғылыми табыстары бүкіл Европа жұршылығының жоғары бағасына ие болған.
Шоқанның ғылыми зерттеулерінің негізгі тақыптары халқының тарихы, тұрмысы және адамгершілік мәселелері.
Ш.Уәлиханов орыс мәдениеті мен ғылымының қазақ халқының тағдырында маңызды роль атқарғандығына көңіл бөледі. Алдыңғы қатарлы гуманист орыс ғалымдары мен жазушылары халықтың рухани өркендеуіне, өсуіне өз үлесін қосты. Біз оны Шоқанмен байланысты болған адамдардың іс - әрекетінен айқын көреміз.
Ш.Уәлиханов ағартушы – ғалым ретінде халықтың білімді және еркін болғандығын армандады. «Тек білім өмірді бағалауға үйретеді, адам өміріне жайлы тұрмыс құруға жағдай жасайды. Халықтың рухани өсіп – жетілуі үшін еркіндік пен білім өте қажет» деп жазды Ш.Уәлиханов.
Экономикалық және саяси реформалар халықтың дәстүрі мен қажеттіліктеріне сүйенуі керек.
Қоғамды саяси реформалардың көмегімен өзгертуге болады деп ойлады. Бірақ XIX ғасырдың 60 жылдарында патша өкімет іске асырған саяси – экономикалық реформалар Шоқанның идеалына сай келмеді.
«Сот реформалары туралы хат» деген еңбегінде Шоқан әлеуметтік – саяси реформаның мәнін ашып көрсетті, қазақ даласында тарихи тамыры терең, халықтың қолдауына ие болған билер сотының қажеттілігін негіздеді.
Қазақстанның округтарға бөлініп, оны басқарудың жаңа түрі енгізілгенде қазақтардың басқару жүйесіне қатыстырылуы олардың өмірін жеңілдетеді деп ойлады.
2. Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты.
Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды.
Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты.
Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры – адам. Адам Абай үшін оның организмін, іс - әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап – тілегі мен қызығушылығын зерттегенде физиологиялық – психологиялық нысан, ал таным процесінің мәнін түсіндіргенде – философиялық нысан, жақсылық пен жамандықтың мағынасын алып, «Адам бол» этикалық принципін негіздеген уақытта этикалық нысан болып табылады.
Таным, Абайдың пікірінше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты, адам жанының бірден – бір қажеттілігі.
Табиғат пен қоғам ұдайы өзгерісте, дамуда. Қоғам дегеніміз – ұрпақтың үнемі ауысып отыруы.
«Адам бол» деген Абай принципінің мәні адамды, оның ролін жоғары бағалауында. Ойшылдың пікірінше, әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы керек.
«Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалаң.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан», - деп жазды Абай.
3. Қазақ философиясының көрнекті өкілі – Шәкәрім Құдайбердиев. Ол арнайы философиялық трактат «Үш анықты» жазған. Өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Абай, Ыбырайға қарағанда грек, европа философиясының тарихын тереңірек біліп, оған баға беріп, өзіндік ой қорытты. Шәкәрім өте білімді адам. Ол Батыс пен Шығыстың мәдениетін жетік білген.
«Үш анықта» белгілі, белгісіз көптеген ғалымдардың аттары келтірілген. Бұл ғалымның іздену аясының кеңдігін дәлелдейді.
Шәкәрім философия тарихында маңызды екі бағыт, екі түрлі дүниетанымдық ұстаным бар екенін дұрыс түсінген. Мұның өзі үлкен жетістік.
«Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсаматын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді»1 – деп жазды Шәкәрім «Үш анықта».
Достарыңызбен бөлісу: |