Курсы: 1,2 Оқу семестрі: 1,3,4 2013 жыл


)Иллюстрациялық материал: С



бет5/5
Дата11.09.2017
өлшемі1,42 Mb.
#32018
1   2   3   4   5

4)Иллюстрациялық материал: Схемелар, таблицалар, слайттар.

5)Әдебиет:

Негізгі:

1. Антология мировой философии. В 4-х т. М.: Мысль,

1993/2002

2. Алексеев П.В. Философия учебник. 2010 -592с.

3. Барулин В.С. Социальная философия. М., 2000.

4. Боженов А.З. Основы философии: Учебное пособие. 2009 -284с.

5. Бруно Дж. О бесконечности Вселенной и мирах //Бруно Дж. Избранное. Самара, 2000//

6. Ницше Фр. Веселая наука. М., 2002.

7. Сенека Луций Анний. О счастливой жизни // Римские стоики. М., 2000

8. Фромм Э. Искусство любви. М., 2004.

9. Фромм Э. Иметь или быть М., 2001

10. Фромм Э. Бегство от свободы. М., 2001.

11. Философия: учебник/ сост. Т. Х. Габитов. 2006 – 404с.

Қосымша:

1. Кішібеков Д. Сыздықов Ұ. Философия.- А.,2002 – 388б.

2. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. – А.,1994,2000

3. Алтаев Ж.А., Философия тарихы. – А., 2011- 468б.

4. Әбішев Қ. Философия.- А., 1998,2000

5. Философиялық сөздік. – А., 1996

6. Ғабитов Т.Х. Философия.- А., 2005.

7. Спиркин А.Г. Философия.- М. 2000

8. Философия;жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық/ құраст. Т. Ғабитов, 2005 – 400б.

9. Хасанов М. Ш. Философия, оқулық. 2012 – 460б.

10. Мырзалы С. Философия, оқулық. 2011 – 672б.

Электронды ресурстар:

1. Алтай Ж. Философия тарихы(Электронды ресурс): оқулық-А.,1999- барлығы 1 экз.

2. Молдабеков Ж. Шығыс философиясы (Электронды ресурс): оқу құралы-

А 2001,- барлығы 1 экз.

3. Философия және мәдениеттану (Электронды ресурс) оқу құралы-

А 2001,- барлығы 1 экз.



6)Бақылау сұрақтары:

1. Тәжірбиеге дейінгі білімнің мәні неде?

2. Сезімдік және рационалдық танымға не қатысты болады?

3. Ақиқат және адасушылық түсініктеріне не кіреді?

4. Ғылыми танымның әдістерінің мәні неде?

5. Ғылымның дамуының нәтижелеріне не қатысты болады?


1) Тақырып №8. Глобалдық мәселелер философиясы.

2) Мақсаты: Глобалдық мәселелер философиясының мәнін, ерекшелігін түсіндіру.

3)Дәріс тезистері: Глобалдық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. Экологиялық апат қаупі және оны жеңудің негізгі сценарийлерінің философиялық мағынасы. Глобалдану, глобализм және антиглобализм тарихтың қазіргі ұйғарым-талабы ретінде. Глобалдық модельдеу негізгі мәселе ретінде. Глобалдық мәселелерді зерттеудің негізгі бағыттары. Глобалдық сана қалыптасуы мәселесі.Мындаған жылдар бойы өркениеттік даму шеңберіндегі адамдардың арманы, бір жағынан, баска ұлт пен ұлыстармен кездесу, мәдениет үлгілермен алмасу, бірге бейбіт өмір сүру т.с.с. болса, екінші, шамасы, ешқашанда орындалмайтын - Ғарыштағы басқа саналы тіршілікпен, яғни рухпен жүздесу қиялы болатын. Осы тұрғыдан алғанда, көне заманныңатақты императоры, ғұлама Аристотельдің тәрбиесінде болған Ескендір, Орта ғасырдағы теңдесі жоқ ұлы Шыңғыс хан, Иван Грозный т.с.с. саяси қайраткердің іс- әрекетінің астарында «жаһандану идеясы» жатса керек. Мүмкін, олар оны саналы түрде пайымдаса да, ішкі «көкей көзімен» сезген болар.

Тек бүгінгі таңда, XX ғ. аяғы мен XXI ғ. басында бұл идея бүкіл адамзаттың жан-дүниесінде тұрақты орын алған сияқты. Кейбіреуге ол ұнауы, я болмаса, ұнамауы да мүмкін, бірақ, бірде-бір мемлекет одан оқшау өмір сүре алмайды. Олай болса, жаһандану идеясы философиялық тұрғыдан қажетті түрде қаралып, сарапталуы керек.

Жаһандану дегеніміз - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үдеріс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп дамып келеді. Алысқа бармай ақ, өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда – Турциядан әкелген туфли, астыңызда Германия, немесе, Америкадан шыққан жеңіл машина, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаң сорғыш, Жапониядан шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үнді елінен әкелген шай, Мароккадан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары, Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Сонымен қатар, біз басқа елдерге мұнай мен газды, жүн мен мақтаны, қара және түрлі- түсті металдар мен тас көмірді т.с.с. жіберіп жатқан жайымыз бар.Бұл сауда-саттықтың құрылымына қарағанда, әрине, көкірегі ояу азаматқа неше түрлі ауыр ойлар келеді. Мүмкін, біз шынында да «жаңа бодандық» ауруына шалдыққан болармыз? –Алайда, ондай тұжырымға келу әрі ертерек сияқты. Өйткені, біздің дербестік алып дамып жатқанымызға басы-аяғы он жылдан сәл артыққана уақыт болды ғой. Бүгінгі өкімет неше-түрлі инновациялық бағдарламалар қабылдап, «ұлттық қаржы қорын» жасап өндірісті дамытуға бел байлап, сол жұмыстарға нақтылы кірісіп жатқан жайыбар. Оған халқымыз да дайын.Енді саяси салаға келер болсақ, Қазақ елі бүкіл Дүниежүзілік қауымдастықпен терезесі тең қарым-қатынас орнатуда. Біздің ел дербес ел ретінде мойындалды. Саяси салаға «көп партиялық», «адам құқықтары», «құқықтық мемлекет» т.с.с. ұғымдар кіріп, өзге,ріске ұшырап жатыр. Біз тек қана БҰҰ ғана кіріп қоймай, басқа да халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесіне айналып жатырмыз.Бүгінгі таңда Қазақ елі өз төл мәдениетімен біршама халықтарды таныстырып, солардың қошеметіне ие болды. Сонымен қатар, «бұқара мәдениеті» деген ұғым сөздігімізге кіріп қана қоймай, соның «Отандық үлгілері» жасалуда

Жоғарыда келтірген қазақ елі өмірінен алынған деректердің бәрі де Жер бетінде жүріп жатқан жаһанщдану үрдістермен байланысты екенін бір қарағанда-ақ байқауға болады.

2. Енді бірінші орында ядролық соғыс қару-жарақтың жетілуі мен халықаралық бақылаудың шеңберінен шығып кетуі жатыр. Бұрыннан келе жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда Үнді, Пәкістан, Оңтүстік Африка, Израиль сияқты елдер қосылды. Біршама елдер ядролық технологияны игеру үстінде (Иран, Солтүстік Корея). әңгіменің қиындығы – бұл қосылған жаңа елдер халықаралық шиеліністер аймағында орналасқан. 2001 ж. Үнді мен Пәкістан арасында қақтығыстар сол елдердің мемлекет қайраткерлерінің «ядролық қаруды қолдануымыз мүмкін» деген жантүршігерлік қорқытумен аяқталғанын білеміз. Бұл проблеманың шешудің негізгі жолы – барлық ядролық елдерді халықаралық бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру болмақ. Атомның күш-қуаты тек АЭС-терді салу арқылы бейбіт жолға қойылуы керек. өкінішке орай, ядролық мемлекеттердің «өзімшіл пиғылы» бұл мәселені үзілді-кесілді шешуге кедергі жасауда. Алайда, бұл мәселе ертелі-кеш шешілмейінше, бүкіл адамзат үстіндегі «ядролық дамокл қылышы» сол үрейінде тұра бермек.Екінші мәселе – бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшемсіз пайдалану, жағалай ортаны ластау – адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелуі мүмкіндігі. Біз бұл мәселеге толығырақ тоқталғанда жөн көрдік.Қайсыбір қоғам - өте күрделі, өзін-өзіұйымдастырып дамыта алатын жүйе. өйткені, қоғамның «атомы» - адам. Оның денесімен қатар ішкі рухани дүниесі ой-өріске, қиял-арманға, шаттық пен әсерге, қайғы-мұң мен махаббатқа, неше-түрлі жарқын және күңгірт сезімдерге толы. әр адам өз өмірінің шеңберінде алдына нешеөтүрлі мақсат-мұраттар қойып соларға жетуге ұмтылады. Егер жнуарлар табиғатпен бірге, соған сәйкес өмір сүрсе, өзін табиғатқа қарсы қоя алмаса, адам өзінің санасы арқасында жағалай қоршаған ортаны өз мұқтаждығына сай етіп өзгертеді, оны таза табиғат қанағаттандыра алмайды. Осы ерекшелікке сай, бүгінгі таңда жер бетінде мыңдаған қалалар, миллиондаған шақырым асфальт және темір жолдар, бүкіл жер бетін қамтитын интернет, теледидар, ұялы телефондар жүйесі жасанды су қоймалары, алып зауыттармен фабрикалар т.с.с. адамның шығармашылық еңбегі арқылы дүниеге келеген заттарды кореміз. Сонымен, қоғам табиғатпен сан-алуан байланыстарға түсіп өмір сүреді.

Енді табиғат пен қоғамның өзара байланысын таңдайтын уақыт та келді. Көне тарихта табиғат қоғамның қалыптасуы мен дамуына екі түрлі әсер тигізді. Біріншіден, табиғаты өте бай, ауа –райы жұмсақ жерде, сонымен қатар, табиғаты өте қатал, ауа-райы суық жерлерде қоғамның дамуы тоқырап, бір орнында тоқтап қалғандай болды. Оның негізгі себептері мынада. Экватордың тұсындағы көп аралдарда адам өзіне керекті нәрселердің бәрін де даяр түрде гүлденген табиғаттан тауып алады. Табиғат адамды жас баланы сияқты әлпештейді. Ол теледидардан көрсететін «Баунти» жарнамасындағы көрініс сияқты. Адам ұйқылы-ояу, оған ешнәрсені ойлап шығару тіпті де қажет емес.

Ал енді солтүстіктегі артта қалған халықтарға келер болсақ, ондағы табиғаттың қаталдығы соншалықты, бүкіл адамдардың жинала жасаған іс-әрекеттері мен күш-қуаттары тек өмірде тірі қалуға ғана жетеді, сондықтан, жағалай қоршаған қатал табиғатты өз еркіне көндіруге мүмкіндіктері болмай қалады. Сондықтан, қоғамның дамуына жақсы жағдай табиғаты жұмсақ, суы мол, бірақ еңбек етуді талап етіп, оның қайырымы мол жерлерде дамыды. Адамзат тарихы көрсеткендей, қайсыбір империя ертелі-кеш ыдырайды. ХХғ. 80 ж. бастап Жер бетіндегі соңғының бірі болып Совет Одағы да үлкен дағдарысқа түсіп, соның нәтижесінде 90ж. Басында тәуелсіз жаңа мемлекттер пайда болды. Тарихта бірінші рет бабаларымыздан қалған алып территорияда қазақ халқының басы бірігіп, әр-түрлі жағдайлармен келген басқа ұлт өкілдерімен қосыла өз мемлекеттігінің негізін қалай бастады.

Жас мемлекеттің алдында негізінен іс жатыр еді. Біріншіден, біртұтасынан (тотальды) мемлекеттік меншікке өткен ұлт байлығын жекешелендіру (приватизация) арқылы нарықтық экономиканы орнату, екіншіден, саяси қондырманы бүгінгі таңдағы талаптарға сай етіп өзгерту (көппартиялық, құқтық мемлекет т.с.с.), үшіншіден, халықтың тілі мен ділін, рухани өмірін қалпына келтіріп қайта жаңғырту болатын. Осы талаптарға сай біздің елде болған көп өзгерістерді философиялық тұрғыдан сараптағанбыз.Ол адамзаттың рухани дағдарысқа түсуі қазақ елінің жас мемлекеттігі осы дағдарыс шеңберінде қалыптасып жатыр. Расында да, Жаңа дәуір адамзатқа екі ғажап идея ұсынған болатын. Оның біреуі – социалистік идея болатын болса, екіншісі – сциентизм, ғылым мен техниканың негізінде қоғам өміріндегі барлық жетіспеушілікті жеңіп, бақытты өмір орнату болатын-ды. Бүгінгі таңда осы екі идеяның да тас-талқаны шықты. Біз ол жөнінде жоғарғы тарауларда өз ойларымызды айтқанбыз. Дәл қазір бүкіл адамзатты елең еткізетін еш жаңа идея болмай тұр.

Әрине, мұндай ақуал өтіп жатқан өзгерістерге өз ықпалын тигізбей қоймайды. Сондықтан да, реформа барысында Батыс елдерінде дүниеге келіп жетілген «оңшыл» либерализм саясаты қолданыла басталды. Бұл саясаттың қысқаша мәнін «әрбіреуге өзінікі» деген қағидаға теңеуге болады. Әр адам өзінше іс-әрекет жасап, ең алдымен өз қамын ойлауы керек. Осы себепті мыңдаған жылдар бойы қауымдастықтың рухында тәрбиеленген халықтың санасында «құндылықтар қақтығысы» пайда болып, үлкен қайшылықтарды тудырды.Әлеуметтік-экономикалық салада асығысты түрде жүргізілген жекешелендіру саясаты (біз оған мәжбір болдық), тез арада қоғамның «жаңа қайта топтануына» (рестратификация) әкеліп, әлеуметтік құрылымды түбегейлі өзгертті. Байлық пен кедейлік арасында қалыптасқан айырмашылық Батыста қалыптасқан өлшемдерді басып өтіп ешқандай сын көтермейтін жағдайға әкелді. Негізгі кемшілік – жаңадан пайда болған дәулетті адамдардың біршамасының, дәлірек айтсақ, - буржуазияның – халық алдындағы жауапкершілігінің төмендігі, моралдық қасиеттерінің тайыздығы. өтпелі қоғамдағы жаңа қалыптасып жатқан кейбір іскер топтар өкілдерінің көбінің бойында қарапайымдылық, басқалардың қамын ойлау, әділеттілік деген қасиеттер жоқтың қасында. Жеңіл келген байлықтың буына мас болған кейбіреулер тіпті дөрекі нәрселерді жасап, өзін қоғамдық пікірге батыл қарсы қоюда.

Мұндай теріс ақуал қалыптасуының негізінде реформаларды тез арада өткізу қажеттігі жатқан болатын. Екіншіден, әрине, Батыс өмір салтына, әсіресе, «тәтті өмір» идеологиясына ойланбай еліктеу жатса керек. Нәтижесінде, «жаңа орыстар», «жаңа қазақтар» деген қоспа сөз пайда болып, халық жүздеген анекдоттарда оларға өз бағасын берді. Олар халықтың сый-қошеметіне ие болу, өз әлеуметтік статусын (орнын) мойындату үшін жаңа жұмыс орындарын ашуы, қорланған көп әлеуметтік мәселелерді шешуге ат салысуы қажет. өйткені, либералдық саясат ұстаған мемлект, біздің жағдайда, тез арада оларды шеше алмайды.

Қазақ елінің ерекшелігін ескере отырып (территория көлемдігі, ауа-райының қаталдығы, халқының аздығы т.с.с.) мемлекттің аса үлкен рөлін ескеру қажет. Олай дейтін себебіміз реформа барысында мемлектке деген «романтикалық», «жеңіл» көзқарастың қалыптасуы, нарыққа аса көп үміт артумен байланысты болады. Реформалардың ойынша, нарық қалыптасса, А.Смиттің «көзге көрінбейтін нарық қолы» барлық экономикалық қатынастарды өзі-ақ ретке келтіреді. Ал мемлект жекенің мүлкін сақтайтын «түнгі күзетші» болып, салықты жинап, қоғамның керектігіне жаратуы керек. Екінші бір кең тараған «либералдық пікір» - тек қана жеке меншіктің аса тиімділігі, ал мемлекттік меншік болса, оның ауырлығы, өзгеріп жатқан ақуалға тез икемделе алмауы т.с.с. Шынына келгенде, әңгіме меншік формасында емес, оны тиімді басқаруда екенін (менеджмент( бүкіл әлем біледі. Олай болса, мемлекеттік меншікті нығайтып, оны басқаратын «топ менеджерлерді» дайындауға аса көп назар аударылуы қажет сияқты. Энергетика, жолдар мен басқа коммуникациялар, су тораптары т.с.с. өмірлік маңызы бар шаруашылық кешендер мемлекеттің қолында болуы керек. Бүгінгі таңда, өз ұлттық капитал қорланған кезде, ел байлығын «оңға-солға» сатуды тоқтатып, керісінше, бұрын басқарған өтіп кеткен шикізат мемлекетке қайта оралту қажет. Сонда ғана мемлекет әлеуметтік мәселелерді кеңінен шеше алатын дәрежеге көтеріледі.

4) Иллюстрациялық материал: Схемелар, таблицалар, слайттар.

5)Әдебиет:

Негізгі:

1. Антология мировой философии. В 4-х т. М.: Мысль,

1993/2002

2. Алексеев П.В. Философия учебник. 2010 -592с.

3. Барулин В.С. Социальная философия. М., 2000.

4. Боженов А.З. Основы философии: Учебное пособие. 2009 -284с.

5. Бруно Дж. О бесконечности Вселенной и мирах //Бруно Дж. Избранное. Самара, 2000//

6. Ницше Фр. Веселая наука. М., 2002.

7. Сенека Луций Анний. О счастливой жизни // Римские стоики. М., 2000

8. Фромм Э. Искусство любви. М., 2004.

9. Фромм Э. Иметь или быть М., 2001

10. Фромм Э. Бегство от свободы. М., 2001.

11. Философия: учебник/ сост. Т. Х. Габитов. 2006 – 404с.

Қосымша:

1. Кішібеков Д. Сыздықов Ұ. Философия.- А.,2002 – 388б.

2. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. – А.,1994,2000

3. Алтаев Ж.А., Философия тарихы. – А., 2011- 468б.

4. Әбішев Қ. Философия.- А., 1998,2000

5. Философиялық сөздік. – А., 1996

6. Ғабитов Т.Х. Философия.- А., 2005.

7. Спиркин А.Г. Философия.- М. 2000

8. Философия;жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық/ құраст. Т. Ғабитов, 2005 – 400б.

9. Хасанов М. Ш. Философия, оқулық. 2012 – 460б.

10. Мырзалы С. Философия, оқулық. 2011 – 672б.

Электронды ресурстар:

1. Алтай Ж. Философия тарихы(Электронды ресурс): оқулық-А.,1999- барлығы 1 экз.

2. Молдабеков Ж. Шығыс философиясы (Электронды ресурс): оқу құралы-

А 2001,- барлығы 1 экз.

3. Философия және мәдениеттану (Электронды ресурс) оқу құралы-

А 2001,- барлығы 1 экз.



6)Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі кездегі глобалдық мәселелерге не жатады?

2. Экологиялық апат қаупін жоюға болады ма?

3. Адам құндылықтарсыз өмір сүре алады ма?



4. Глобалдық сана қалыптасуы мәселесіне не жатады?


1



2



3



11

11 XV-XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1982. 132 б.

2



1




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет