Су бір ыдыстан екінші ыдысқа тамшылап тұрады. Бірінші ыдыстың суы біртіндеп
азайып уақыттың дәл мезгілін білдіреді. Құм сағаты да осылай жұмыс істейді.
Механикалық сағаттар жөніндегі деректер VІ ғасырдың аяғында-ақ белгілі болған. Ол
туралы ғалымдар Византиялық қолжазбалардан тапты. Мұнда сағаттың бір ғана тілі
болған.
Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс 1657 жылы маятникті сағат ойлап тапты.
Ең алғашқы сағаттар
қалта сағаты деп аталған, өйткені олар
киімнің қалтасына
салынатын болған. Қалта сағатының алтын не күміс шынжырының екінші басында
сағатты бұрап отыратын кілті болған. Қазіргі кезде қалта сағаты сәннен шыға бастады.
Кейіннен қол сағаты пайда болды. Ең алғашқы қол сағатын 1910
жылы Роллекс
компаниясы жасап шығарды.
Сағаттың өмірде алатын орны ерекше: жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі мен
қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілінің алмасуы -
бәрі белгілі бір уақытпен
өлшеніп, анықталып отырады.
Сөздік
Біртіндеп -
постепенно дәл - точный
күрделене бастау - начать усложняться
құм - песок
рөлі артты -
возросла роль дерек - факт
қажеттілігі туды - возникла необходимость қалта –
карман
кілт -
ключик
Достарыңызбен бөлісу: