Қазақ батырлары.
Қазақ батырлары француздың рыцарлары, жапонның самурайлары, индиялықтардың
кшатрийлері сияқты тек әскери кәсіппен шұғылданған. Сондықтан батырлардың бар
өмірі
соғыста өткен. Соғыс негізінде Отанды жаудан қорғау, елді басқыншылардан азат ету,
халықтың қонысын,
жерін кеңейту, жау қолында өлген ата кегін қайтару
мақсаттарымен
жүргізілген. Үлкен соғыс алдында батырлар үлкен жекпе-жекке шығуы –
олардың басты
міндеттері болған. Жекпе - жек бірнеше күнге созылған.
Қабанбай батыр туған, өлген жылдары белгісіз Қабанбай Ерасыл –
XVIII ғасырдағы
қазақ батыры, әйгілі қолбасы.
Қабанбай Найман тайпасының Қаракерей руынан шыққан, сондықтан оны «Қаракерей
Қабанбай», ал батырлығы үшін «Хан батыры», «Дарабоз» деп атады. Ол
осы рудың биі де
болған. 1745 жылы Қабанбай батыр Ресей қол астына өтуге тілек білдірді. Жоңғарларға
қарсы күресте Ресейді қолдауға уәде берген билердің бірі Кіші жүз ханы Әбілқайыр
болатын. Барақ сұлтан Әбілқайырды өлтірген кезде оны айыптап, оның
Жоңғар
хандығымен жақындасу әрекетіне қарсы шыққан.
Қабанбай батыр тек Орта жүзде ғана емес, Кіші жүздегі уақиғаларға араласқан.
Қабанбай батырдың ерлік істері Абылай ханның жоңғарларға жасаған жорықтарына
байланысты. Мұны «Ер Қабанбай» дастанынан оқып алуға болады.
Қабанбайдың қайда жерленгені туралы ғалымдар әркелкі айтып жүр.
Қабанбай батыр
атында Қазақстан қалаларының көбінде көшелер бар.
Достарыңызбен бөлісу: