Бөгенбай батыр Сыр
бойында туып, Торғай өзенінің бойында қайтыс болған. Сүйегі
Түркістан қаласындағы Ахмет Йассауи күмбезінде жатыр. Оның Тұраналы, Тұрымбет
деген екі баласы болған.
XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқын торлаған көп жаудан елді қорғауда
Бөгенбай батыр көп ерлік көрсетті. Оның даңқы, әсіресе, жоңғармен, кейін Қытай
әскерімен соғысқанда ерекше көзге түсті. 1725 – 1727 жылдары қазақ жұртының астанасы
– Түркістанды қорғауды Абылай ханмен бірге соғысып, жоңғарларды қуып шықты. 1756 –
1758 жылдары Түркістанға келген Қытай әскерін Үрімшіден асыра қуды.
Бөгенбай батыр – ақылды, білгір болған адам. 1761
жылы Абылайдың Әділ деген
баласымен бірге бітім жасау мәселесімен Қытайға барған. Бөгенбай батыр 1728 жылы 38
жасында 30 мың қолға қолбасшы болды.
Қазақ халқы батырын әр уақытта аса құрметтеген. Қазақстанның көптеген қалаларында
оның атында көшелер бар.
Достарыңызбен бөлісу: