Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170



Pdf көрінісі
бет118/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.

Мәтінмен жұмыс
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Оқулықпен жұмыс
[1] 420бет
15-18 жаттығу
Тапсырма
Топтастыру құрастырыңыз
Семантикалық карта құрастыру
Глоссарий
Одағай
- сөйлемде айтылған ойға айтушының немесе жазушының көңіл - күйін, ішкі 
сезімін қатыстыра айту үшін жұмсалатын оқшау сөздердің түрі. 
ООӨЖ: 
[3] 130бет, конспект, [5] 206бет жаттау
ОӨЖ:
[5] 206бет
Әдебиеттер
[3] 130бет
[5] 206бет
Тақырыбы: Еліктеу сөздер. Махмұд Қашқари
Сабақтың мазмұны мен мақсаты

Еліктеу сөздер туралы мағлұмат беру. Түрлі жаттығуларды орындауға қажетті тілдік
материалдарды меңгерулері

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып сұхбаттасу

Махмұд Қашқари өмірімен және еңбектерімен танысу
Махмұд Қашқари
Махмұд Қашқари- ХІ ғасырдағы түркі ғалымы. Ол «Диуани луғат ит-түрк» («Түркі
сөздерінің жинағы») атты еңбегімен әйгілі. Махмұд Қашқаридің туған, өлген жылы
белгісіз. Махмұд Қашқари Ыстықкөл жағасындағы Барсхан қаласының тұрғыны. Кейін
Қашқариге ауысқан. Ол алғаш Қашқарида білім алады, кейін білімін толықтыру
мақсатымен Бұқарада, Бағдатта болады.
Махмұд Қашқари өз заманының аса білімдар филологі, тарихшысы, этнографы,
географы ретінде танылған. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи- салыстырмалы
әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды.
Махмұд Қашқари сол заманғы түркі тайпаларын географиялық орналасу ретімен
батыстан (Румнан) шығысқа (Чина) қарай санап көрсетеді және олардың орналасу
картасын береді. Жеке тайпа тіліне тән сөздерді түсіндіруде этнографиялық, тарихи,
географиялық мәліметтерді де келтіріп отырған. Ол мәліметтерге сүйеніп, ХІ ғасырда
түркі тайпаларының мекен еткен жерін, кімдермен көрші болып араласқанын білуге
болады. Басқа халық өкілдеріне түркі тілін үйренуге кеңес береді.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Еліктеу сөздер.


Еліктеу сөздер деп өмірде ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір –
бірімен қақтығысуымен, соқтығысуынан туатын және жан – жануардың дыбыстау
мүшелерінен шығатын дыбыстарға еліктеуден шыққан сөздерді айтамыз.
Мысалы: 
Сырт-сырт, етіп жас сүйек сынды. Ол әуелі сылқ-сылқ күлді.
Еліктеу сөздер іштей екі салаға бөлеміз – еліктеу сөздер, екінші бейнелеуіш сөздер.
Есту қабілеті арқылы пайда болатын түсініктердің атын білдіретін сөздер еліктеуіш сөздер
делінеді.
Мысалы
: Мылтық тар етті. Қарға қарқ етті.
деген сөйлемдегі тарс, қарқ сөздер
мылтықтың дыбысы мен қарғаның дыбысы шығаруын есту арқылы, соларға еліктеуден
пайда болған сөздер.
Еліктеу сөздер қай түріне болмасын бірден, түбірге сөз түрлендіретін (көптік, тәуелдік,
жіктік) қосымшаларды жалғауға болмайды. Бұларға (еліктеуіш сөздерге) ең алдымен сөз
тудыратын жұрнақтарды жалғап барып, содан кейін түрлендіреміз.
Еліктеу сөздер қосарланып та келеді. Мұндай жағдайда еліктеуіш сөздерден басқа
сөздерді тудыруға келмейді. Мысалы: Дыбыс құлаққа тарс-тарс естіледі.
Еліктеуіш сөздер түрлі дыбыстық өзгерістерге ену арқылы қосарланып келе береді.
Мысалы: тарс-тарс, тарс-тұрс т.б. Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың я
ашық, я қысаң болуы да сол сөздің мағынасына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет