Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170


Әдебиеттер [3] 134бет;[5] 326бет Тақырыбы: Сөйлем. Абай



Pdf көрінісі
бет125/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.

Әдебиеттер
[3] 134бет;[5] 326бет
Тақырыбы: Сөйлем. Абай
Сабақтың мазмұны мен мақсаты

Сөйлем. Айтылу мақсатына қарай. Хабарлы, лепті мағлұмат беру

Берілген грамматикалық дағдыларды тәжірибелік тұрғыда мақсатты қолдана алу



Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын қазақ тілінде жеткізе білу, оның 
шығармаларын мәнерлеп оқи білу
Абай.
1845 – 1904
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай 
ауданында туған. Абайдың әкесі өте қатал адам болса, шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі 
жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегілерді, аңыз 
әңгімелерді айтып, жақсы тәрбиелеп отырған.
Әкесі Құнанбай Абайды 9 жасында Семейдегі діни мектепке береді. Семейде 
жүргенде ол орыс тілін үйренуге тырысады. Үш ай орыс мектебінде оқиды. 13 жасында 
Абайды әкесі бұл оқудан қайта шығарып алады.
Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, олардың шығармаларын қазақ тілінде 
аударады. Абай аударған Пушкиннің «Татьянаның әні», Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау
қалғып» деген өлеңдеріне ән де шығарады.
Абайдың «Болыс болдым мінекей», «Сегіз аяқ», «Интернатта оқып жүр» деген өлендері 
болыс-билерді қатты сынға алады. Ол қазақ халқын мәдениетті болуға, орыс халқынан 
үлгі алуға шақырады. Ол өзінің сөзінде: «Орыстың тілі – дүниенің кілті. Орыстың тілін 
білсең, көкірек, көзің шайдай ашылады», - дейді.
Абай 1904 жылы қайтыс болды. Ол өз шығармаларының кітап болып басылғанын көре 
алмай кетті. Абай өлгеннен кейін – 1909 жылы Петербургте – «Қазақтың ақыны Ибраһим 
Құнанбайұлының өлеңдері» деген атпен кітап болып шықты.
Абай шығармалары кеңес дәуірінде көп данамен әлденеше рет жарық көрді. Орыс 
тіліне, орыс тілінен шетел тілдеріне аударылды. Бұл күндері Абайды, оның шығармаларын
дүние жүзі біледі.
Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясын осы ақын өміріне 
арнады. Мұнда ол Абайдың кішкентай балалық шағынан үлкен азамат-ақын дәрежесіне 
жетуін көрсеткен.
Республикамызда көптеген мектептер және көшелер Абай есімімен аталады. Абай 
атында қала, аудан бар.
Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, композиторы және жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Сөздік
өте қатал – очень строгий
қайырымды – добрый
мінезі жұмсақ – с мягким характером
діни – религиозный
тырысу – стараться
болыс билер – волостные бии
сынға алу – критиковать
дүниенің кілті – ключ к миру
көкірек, көзің шайдай ашылады – 
станешь грамотным, образованным
басылу – издаваться
кеңес дәуірі – советская эпоха
даңа – экземпляр
әлденеше рет – много раз
жарық көру – выйти в свет
арнау – посвящать
азамат- ақын – поэт-гражданин
дәреже – степень
есім – имя
негізін қалаушы - основоположник
Сөйлем - ойды білдіре алатын тілдің ең кіші бөлшегі. Сөйлемнен кіші тілдік
бөлшектер, мысалы, жеке сөздер, сөз тіркестері ойды білдіре алмайды, олар тек жалаң я
күрделі ұғымды ғана білдіреді.
Біршама тиянақты ойды білдіре алатын сөздер тобын (кейде жеке сөзді де) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет