Жезқазған -Ұлытау ауданында Сәтбаев мыстан басқа темір (Қарсақбай), марганец
(Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты) қорғасын кендерін ашып барлады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Сәтбаев танк бронын құюға аса қажет марганец кенін
Жездіде ашты. Ол Орал қара металлургиясын марганецпен қамтамасыз етті. Бұл
- Отан
соғысы жеңісіне Сәтбаевтың қосқан үлесі.
Сәтбаев Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай мен Алтайдың темір
және марганец, Кенді Алтайдың көптеген кендерін, Қаратаудың фосфорит кендерінің т.б.
көптеген ірі объектілерді игеруге тікелей араласып, ерекше еңбек сіңірді. Суға тапшы
Сарыарқаның ірі өндіріс орталықтарын сумен қамтамасыз ету мәселесіне, руда байыту
мен металлургиялық процестерді ғылымның ең соңғы жетістіктеріне сәйкес жетілдіруге
бағытталған зерттеу жұмыстарын қолдап, оларды кеңінен өрістетуге көп еңбек жұмсады.
Қазіргі елімізге әйгілі, мол байлық беріп жатқан кен орындарының бәрі дерлік-
Сәтбаев және оның шәкірттері ашқан байлықтар.
Сәтбаев есімімен Ұлттық техникалық университет аталды. Университет алдында
Сәтбаев ескерткіші қойылған. Алматыда Сәтбаев көшесі бар.
Сәтбаев есімін халық мәңгі
ұмытпайды.
Достарыңызбен бөлісу: