Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170



Pdf көрінісі
бет123/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.

 Ыбырай Алтынсарин.
1841 – 1889
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған. Оның әкесі ерте қайтыс 
болды. Ыбырайды атасы Болғожа тәрбиеледі. 1850 жылы Балғожа өзінің немересін қазақ 
балаларына арнап ашылған мектепке оқуға берді. Мектепке ол алғаш татар тілінде оқиды. 
Кейін ол оқуды орыс тілінде аяқтады. Ыбырай жеті жылдық мектепті бітірген соң, туған 
халқы үшін қызмет етеді. Ең алдымен тілмаш, кейін мектепте мұғалім болып істейді. Ол 
қазақ балалары үшін мектептер ашып, жаңа мектептер салдырды. Ол қыздар үшін де 
мектептер ашты. Мектептерге арнап көп жұмыс атқарды.
Дарынды педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» мен 
«Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазып бастырды. Ыбырай бар 
еңбегін жастарды тәрбиелеуге жұмсады. Ол балаларға арнап көптеген өлең, әңгімелер 
жазды. Ыбырай Алтынсарин И. А. Крыловтың, Л. Н. Толстойдың, К. Д. Ушинскийдің 
әңгімелерін қазақ тілінде аударды.
Ыбырай Алтынсариннің «Өзен», «Жаз» деген өлеңдерді табиғат туралы. «Бай баласы 
мен жарлы баласы», «Атымтай Жомарт», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» деген 
әңгімелер - өмірдің әр саласына арналған әңгімелер. Ыбырай Алтынсариннің қай 
шығармасын алсаң да, балаларды білімге, еңбекке, адалдыққа, іскерлікке шақырады. Оның
«Кел, балалар, оқылық» деген өлеңін қазір барлық балалар жатқа біледі.
Ыбырай Алтынсарин әрі педагог, әрі ақын, әрі жазушы болған. Қазақ халқы Ыбырай 
Алтынсаринді әрқашан жоғары бағалайды. Алтынсариннің әдеби, педагогтік еңбектері 
қазақ, орыс тілдерінде бірнеше рет басылып шықты. Қазақстанда бірқатар жалпы және 
арнаулы орта оқу орындарына Ыбырай Алтынсарин есімі берілді. Ыбырай Алтынсарин 


туралы ақын Ғ. Қайырбеков «Дала қоңырауы» атты поэма, драматург М. Ақынжанов 
«Ыбырай Алтынсарин» деген пьеса жазды. Қостанай қаласында оған ескерткіш 
орнатылды. Республикадағы педагогика ғылыми-зерттеу институты Ыбырай Алтынсарин 
есімімен аталады.
Ыбырай Алтынсарин өз халқын жоғары бағалаған. Ол өз халқын сүйген патриот адам.
Ыбырай Алтынсарин халқын адалдыққа, еңбекке және өзге халықтарымен достықта 
болуға шақырды.
Сөздік.
жеті жылдық мектеп – школа-семилетка
тілмаш – переводчик
салу – строить
атқару – исполнять
дарынды – талантливый
құрал – средство
енбегін жұмсады – направил свою работу
жастар – молодежь
табиғат – природа 
қарлығаш – ласточка
адалдық – честность
іскерлік – мастерство
әрі...әрі... – и...и...
әрқашан – всегда
бірқатар – целый ряд
жалпы және арнаулы орта оқу орындары 
– общие и специальные учебные 
заведения
дала – степь
жарлы – бедняк
Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет