Халық пен қызметкерлердің радиациядан қорғау тәсілдері радиациялық қауіпсіздік нормалары мен негізгі санитарлық ережелермен регламенттеледі:
131-135 йодтың изотопы ерекше радиобиологиялық қауіпті. Йодтың радиоактивті изотоптары адам ағзасына асқорыту, дем алу мүшелері, жарақат пен тері бетінің күйіктері арқылы енеді. Йодтың еріген қосындылары жоғарыда аталған жолдар арқылы 100% жетеді. Апаттан кейінгі уақытта йод радиоизотоптарының ингаляциялы жолмен түсуі қауіпті.
Йодтың радиобелсенді изотоптарының жиналуынан ағзаны қорғау үшін тұрақты йод дәрі-дәрмектерін қолданады. Олар қалқанша безінің блокадасын жасап, сәулелену деңгейін азайтады.
Калий – йодид тұрақты таблеткаларын қолдану
инструкциясы
Калий-йодид таблеткалары – адамның қалқанша безіндегі радиоактивті йодтың жиналуын төмендететін дәрі. Радиоактивті ластанған ластанған жайлауда жайылған сиыр мен ешкінің сүтін пайдаланғанда, калий-йодид дәрісі 50-60 рет қалқанша безінің сәулеленуін төмендетеді. Калий-йодидті бірреттік қолданғанда қорғаныс әсері бір тәулікке дейін сақталады. Радиобелсенді йодпен ластанған өнімдерді жүйелі түрде тамаққа қолданғанда калий-йодид таблеткаларын күніге ішу керек.
Радиоактивті ластану пайда болған кезден бастап, калий-йодид таблеткаларын күніне 1 рет ашқарынға 10 таблетка қабылдау керек, мөлшері:
Барлық жастағы балаларға тамақтану алдында 0,02г калий-йодидті ерітінді түрінде (тәтті, қайнаған су) беру керек. Асқазан-ішек жолдарын тітіркендірмеу үшін дәріні тәтті шәй немесе кисельмен ішу керек. Балаларға дәріні ұнтақтап, кисель немесе шәйға ерітіп беру керек. Дәріні қабылдағаннан кейін кисель немесе тәтті шәй ішкізу керек.
Радиациялық апат кезінде медициналық қорғау заттарына келесі дәрі-дәрмектер жатады.
1.Радиация деген не және ол аркылы пайда болатын сәуле түрлерін түсіндіріп беріңдер.
2. «Адам сәулеленуінің радиациялы әсері» кестені толтырыңдар.
2.Радиациялық апат кезіндегі медициналық қорғау заттарына қандай дәрі-дәрмектер жатады?
№4 билет
1.Калий-йодты пайдалану тәсілі мен қабылдау мөлшерін түсіндіріп беріңдер.
1.Радиациялық зақымдану кезінде алғашқы медициналық қызмет көрсету.
2.№1 сызбаны пайдалана отырып, түрлі сәулелердің ену қабілеті түсіндіріп беріңдер.
№7 билет
1.АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы фосфорорганикалық улағыш заттармен (№2 ұя) улануды алдын алуға арналған дәрілердің құрамы мен қолдану тәртібі.
2.№2 кестесін пайдалана отырып, сәулелі ауру дамуының кезеңдерін атаңдар.
№8 билет
1.АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы құсуға қарсы дәрінің (№7 ұя) құрамы мен қолдану тәртібі.
2.№3 кестесін пайдалана отырып, сәулеленудің әртүрлі мөлшерінің адам ағзасына әсерін атаңдар.
1.Радиациялық зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық қызмет көрсету.
2.АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы №1 радиациядан қорғау (№4 ұя) дәрмегінің құрамы мен қолдану тәртібі.
1. АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы №2 радиациядан қорғау (№6 ұя) дәрмегінің құрамы мен қолдану тәртібі.
2.Радиоактивті заттардың әсеріне құтқарушылар ағзасының қарсы тұруын жоғарылатудағы алдын-алу іс-шаралары.
1. АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы №1 бактерияға қарсы (№5 ұя) дәрмегінің құрамы мен қолдану тәртібі.
2. АИ 2 дәрі-дәрмек қорабына сипаттама беріңіз
1. АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы №1 радиациядан қорғау (№3 ұя) дәрмегінің құрамы мен қолдану тәртібі.
2. Радиациямен зақымдану кезінде алғашқы іс-әрекетіңіз
№13 билет
- жарақттан сақтандыру шаралары және дәрігерлік көмек ерекшеліктерімен танысу.
-оқылатын тақырыпқа қызығушылығын ояту.
- топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
1. Жарақаттану туралы ұғым
2. Жарақаттанудың жіктелуі
3. Жарақаттың асқыну мен ауырлығы
4. Өндірістік жарақаттанумен жоспарлы күрес
5. Ауыл шаруашылық жарақаттары
6. Тұрмыстық кездейсоқ жарақаттар.
7. Балалар жарақаты.
8. Спорттық жарақаттану.
9. Авиациялық жарақаттану.
10. Парашютпен секіру кезінде жарақаттанулар.
11. Медициналық көмек көрсету.
12. Жарақаттанудың денеге тигізетін жалпы әсері.
13. Шоктың даму заңдылықтары
14. Шоктың сипат көрінісі.
15. Шоктың жіктелуі.
Жарақаттану грек тілінен аударғанда зақымдану немесе жарақат алу деген мағынаны білдіреді. Жарақат деп қандай да бір сыртқы ортаның себептерінің әсерінен адам мүшелері мен ұлпаларының анатомиялық бүтіндігінің және физиологиялық қызметінің бұзылуын айтамыз.
В.В. Гориневская (1968) тұжырымы бойынша жарақаттану, - деп белгілі бір жағдайдағы бірдей қалыпты топтағы адамдардың өндірістегі немесе тұрмыстағы пайда болатын қайталама жарақатын айтады.
ІІІ - Қасақана жарақат - әскери
жарақаттану және қаскүнемдік
бұзақылықпен жасалған жарақат.
Себептері бойынша:
Механикалық (соғылу, жаралану, сыну, жыртылу, созылу).
Жоғарғы және төменгі деңгейдегі дене жылулығының әсері (термические).
Химиялық (күйік, улану).
Электрлік жарақат, сәулелік, психикалық және т.б.
Жарақаттан асқыну:
қан кету,
ағзалардың күрделі зақымдануы;
шок.
Кешеуілдеген мерзімде: ұзақ созылмалы іріңдіктер, қимыл - қозғалыстың шектелуі (контрактура).
Жарақаттың ауырлығы:
1) Жарақаттаушы заттардың түріне байланысты (шеге, өткір пышақ, тістеу, шағу, улану, атылған оқ, балта, т.б.).
2) Мүшелер мен ұлпалардың анатомиялық – физиологиялық жағдайына байланысты (үлпершекті мүшелер).
3) Сыртқы орта жағдайына байланысты (қыста суыған кезде шок жиі кездеседі).
Өндірістік жарақаттану – деп өндірістік кеңістікте еңбек ету кезінде кездейсоқ жарақаттануды айтады. Осындай кәсіби өндіріс орындарында болатын жарақаттануларды – кәсіптік жарақаттар деп айтады.
Жарақат түрлері өндіріс саласына байланысты, мысалы, көбінесе машина құрастыру өндірісінде жаралану, соғылу және көптеп көз жарақаттары кездеседі. Химиялық және металлургиялық салада – күйіктер көп болады. Тау – кен өндірістерінде: соғылу, жыртылу, жаншылу, түтікшелі сүйектердің, жамбас сүйектерінің және омыртқа сынықтары көптеп кездеседі.
Дененің жеке бөліктерінің жарақаттану жиілігі өндіріс түріне байланысты келеді. Машина құрастыру салаларында аяқ-қол сүйектерінің төменгі немесе шеткергі бөліктері көптеп зақымдалады.
Өндірістің барлық салаларында ұсақ жарақаттанулар кездеседі. Бұл жарақаттанулар барлық жағдайда еңбек ету қабілетін ұзақ төмендетпейді, бірақ олар өте жиі кездесетіндіктен қосыла келе өте үлкен жұмыс қабілетсіздігіне әкеліп соқтырады.
Сонымен қатар ұсақ жарақаттар іріңді аурулардың себебі болып табылады: іріңді бөртпелер (пиодермия), шиқан, сыздауық, күбіртке, шектелген, шектелмеген іріңдіктерге әкеп соғады. Сондықтан, ұсақ жарақаттармен күрес денсаулық сақтау орындары мен өндірістік мекемелердің медико-санитарлық бөлімдерінің негізгі міндеті болып табылады.
Жарақаттанумен күресу үшін оның себебін білу керек. Өндірістік жарақат себептерін мынандай топтарға бөледі: ұйымдастыру – техникалық, құрал – жабдықтық, санитарлық – гигиеналық жағдайларына байланысты.
Ұйымдастыру – техникалық себептер жұмысшылар мен әкімшіліктің техника қауіпсіздігін дұрыс сақтамауының кепілінен қалыптасады. Мысалы, істен шыққан немесе бұл жұмысқа арналмаған қондырғы мен құралдарды жауапсыз пайдалану, қауіпті жұмысты дұрыс қадағаламау, техникалық білім мен еңбек ету қабілетінің жетіспеушілігі, т.б.
Құрал–жабдық жағдайына байланысты, мысалы: құрал – жабдықтардың жұмысқа жарамсыздығы, сәйкессіздігі, станоктар, қондырғылар мен механизмдердің істен шығуы, т.б.
Санитарлық – гигиеналық себептер. Санитарлық – гигиеналық қалыпты жүйелі сақтамау да жарақаттанудың негізгі себебінің бірі болып табылады. Сонымен қатар – жарық жеткіліксіздігі немесе тым көп болуы, тым жоғары немесе өте төмен деңгейдегі жылудың әсері, ылғалдылық немесе цехтағы ауаның тым құрғақ болуы, өңдірістік шаң – тозаң, жұмыс істеу орнының талаптан тыс жеткіліксіз немесе тарлау болуы да негізгі себептер қатарына жатады. Мұндай себептер жұмыс қарқынын бәсеңдетеді, сондықтан жұмысшылар тез шаршап, шалдығып, олардың жарақаттануына тікелей әсерін тигізеді.
Жарақаттану жұмысшының өзіне байланысты болуы да мүмкін. Мысалы: оның дайындықсыз болуы, кәсіптік деңгейінің төмен болуы, машина мен технологиялық үрдістерді толық жеткілікті білмеуінен, өзі мойындамайтын ауруының болуы, дұрыс ұйықтамауы, алкоголизм, денсаулығының жарамсыздығы, тұрмыс жағдайының нашар болуы, т.б. жатады.
Өндірістік жарақаттанумен жоспарлы күрес 3 бағытта жүргізілуі тиіс:
1) Жарақаттанудың адын алуға бағытталған шаралар;
2) Ауыр жұмыстарды механикаландыру және еңбек қауіпсіздігін қатал түрде қадағалау;
3) Жарақаттанғандарға дәрігерлік көмек ұйымдастыру;
Жарақаттанудың алдын алу жұмыстары техника қауіпсіздігімен айналысатын әкімшілікітің, кәсіподақ ұйымының және дәрігер – хирург көмегімен жүзеге асырылады. Жұмысшыларды жұмыс орнына қабылдағанда немесе бір жұмыстан екінші жұмысқа ауыстырғанда «кезеңдік нұсқаулық тексеріс» (инструктаж) әрбір 3-6 ай сайын жүргізілуі тиіс.
Дәрігерлік көмек көрсету. Алғашқы көмек - өзіндік немесе өзара көмек немесе денсаулық сақтау орнының 2 қызметкерімен көмек көрсетілуі тиіс. Өндірістік дәрігерлік (пункт) жәрдем беретін орындар алыстау болған жағдайда 30-50 жұмысшыларға 1 санитарлық орын тағайындалады, олар дәрі – дәрмектер, таңғыштар, құрсау аспаптарымен жабдықталған болады.
Санитарлық орындарда алғашқы көмек көрсете білетін тәжірибелі адамдар болуы керек. Дәрігерлік немесе фельдшерлік емдеу орындарында таңу жұмыстары мен жүйелі жаңа емдеу шаралары жүргізіледі. Екінші кезеңде бұл мекемелерде сіреспеге қарсы сарысулар еңгізіледі, таңғыштар салынады, шиналар, медикаменттер еңгізеді және науқасты емханаларға жөнелту жұмыстары шешіледі.
Үшінші кезең – зауыт емханасы және аудандық жарақаттанғандарға жәрдем беру мекемесі (травмпункт). Мұнда ұсақ сүйек жарақаттарына және жұмсақ ұлпалардың асқынбаған жарақаттарына амбулаторлық ем көрсетіледі.
Төртінші кезең – дәрігерлік – санитарлық бірлестіктің (медсанчасть) арнайы жарақаттанғандарды емдеу (травматология) бөлімдерінде зақымданудың барлық түріне емдеу шаралары жүргізіледі. Қалпына (реабилитация) келтіру тәсілдері арнайы клинкаларда, ауруханаларда, институттарда жасалады. Қалпына келтіру жүйелері арнайы демалыс, санаторий, сауықтыру орындарында табиғи климаттық тәсілдерді (бальнеотерапия), сазбен, минеральды сулармен, оттегімен емдеуді қолдана отырып жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылық жарақаттары
Жарақаттар көбіне 20-30 жас аралығындағы совхоз жұмысшылары арасында кездеседі. Олар жарақаттанудың барлық түрінің 23-36% -ын құрайды. Жарақаттану жиілігі совхоздарда еңбек ету ұзақтығына байланысты қалыптасады. Ауыл шаруашылық жарақаттары көбіне дала жұмыстары науқанында, егін және оны жинау кезеңдерінде көптеп кездеседі. Бұл мезгілдерде бүкіл ауыл шаруашылық жарақаттарының ¾ бөлігі кездеседі.
Жаралану 43% - 60,8% кездеседі. Орналасуы бойынша аяқ – қол жарақаттары жиі кездеседі (85%). Негізінен білек – шыбық сүйегінің сынығы – машинаның оталдыру білігінің соғуынан, бас сүйек сынығы, омыртқа және жамбас, ортан жілік сынығы – биіктен құлағанда, аяқ – қол сүйектерінің сынуы – машина – транспорт дөңгелегі астында қалу кезінде, т.б. пайда болады.
Әртүрлі шаруашылық салаларында жыртылған, соғылған тістелген жаралар, күн, рентген, кварц, лазер сәулесінің әсерінен болған күйіктер, бөгде заттардың енуінен көз жарақаты, атыс, жарылыстан дамитын оқ жаралары, т.б. болады.
Себептері: жұмысты дұрыс ұйымдастырмау, жұмысшылардың техникалық сауатсыздығы, техника қауіпсіздігін сақтамау, арнайы қорғаныш киімдерін қолданбау салдарынан, т.б. Бұл себептердің ішінде бірінші орынға қойылатыны – ұйымдастырудың дұрыс жолға қойылмағандығы. Тағы атап кетуге болатын себептер: машина мен әртүрлі техникалық құрылымдағы инженерлік қондырғыларда орынсыз ақаулардың болуы.
Тұқым өңдеу шаруашылықтарында - машина мен техникалық тетіктерден 44,4% - ға дейін жарақат алу байқалады.
Картоп – көкөніс шаруашылығында –20,5%, тұқым өңдеу шаруашылығында –9,2%, ал мал шаруашылығында көбінесе 15,1% -ға дейін кесілген, соғылған, жаншылған, тістелген жарақаттар кездеседі.
Көмек ұйымдастыру.
Алғашқы көмек – шаруашылық ұжымдарында дәрігерлік көмек көрсетуге қабілетті жұмыскерлерден құралған санитарлық ұйым орындарында (пост) көрсетіледі.
Фельдшердің басқаруымен дәрігерлік мекеме (мед. пункт) келесі сатылы алғашқы шаралар орны болады. Фельдшерлік дәрігерлік мекеме санитарлық орындардың жұмысын қадағалап, бақылап отырады. Дәрігерлік көмек емханалар мен ауруханаларда көрсетіледі.
Аудандық ауруханаларда жетілдірілген жүйелі көмек көрсетіледі. Одан әрі арнаулы емдеу тәсілдері және толық қалыптастыру шаралары облыстық ауруханаларда көрсетіледі.
Кездейсоқ көше жарақаттары.
Ол жарақаттанудың өте ауыр түрі. Ол екі топқа бөлінеді:
1. Транспорттан болған жарақаттар.
2. Көше мен жаяулар жүретін жолдарда нашар жабдықталғанның әсерінен болған жарақаттар, (тайғақ мұз, көше мен жолдардың тегіс болмауы, шұнқырлардың қоршалмауы, т.б.).
Кездейсоқ бақытсыз жағдайлардың көбісі жол ережесі заңдылықтарын орындамаудан автомобильдердің қақтығысқан кезінде болады.
Себептері: жүргізушілердің жеткіліксіз дайындығынан, көшеде жол жүру ережесін сақтамау нәтижесінде, дыбыстық, жарықтық, көмескі жол ережелерінің көрсеткіш белгілерінің (сигнализация) болмауы, қаланың жол ережелерін сақтаудағы жоспарының жетіспеушілігі, т.б.
Бұл жарақаттардың алдын алу үшін емханалық қызметкерлер қалалық тұрмыстық шаруашылықтармен хабарласып, дер кезінде оларға хабар айтып, өзара байланысып отыруы керек.
Тұрмыстық кездейсоқ жарақаттар.
Жарақаттардың бұл түрі өте жиі кездеседі. Мысалы: Ленинград бойынша - 60,1% (Г.Д. Руденко, 1986), Горький қаласы бойынша - 85,6% (А.К. Тычинкина, 1974). Бұлардың ішінде 8,1% -ы ғана ауруханаға жатқызып емдеуді қажет еткен.
Себептері: үй шаруашылығымен айналысқанда әсіресе ас дайындау кезінде жарақаттану - 44,7%, үй тазалау және жөндеу кезінде - 29,6%, үйді жылыту кезінде 25,7% пайда болады. Бұл жарақаттар ішінде топты төбелес кезінде алған жарақаттар, арақ-шараптан мастық кезіндегі алған жарақаттар өте ауыр келеді және жиірек адамды өлімге мәжбүр етеді.
К.И. Золотухин (1992) мәлімдемесі бойынша мұндай жағдайлар көбінесе демалыс және мейрам күндері болады. Бұл тұрмыстық жарақаттардың негізгі тобына үй жануарларымен тістелген жаралар немесе далада жыланның, қарақұрттың шағуыда жатады.
Алдын –алу шаралары: себептерін уақытылы байқау және салыстырып талдау арқылы жүзеге асырылады.
Бұл жарақаттар түрлерін азайту үшін тұрмыс жағдайын жақсы нәтижеде ұстау керек: қоғамдық тамақтану, үйлер мен пәтерлерге жүйелі жылу, ыстық су, газ беру, орталықтандырылған жылу, құбырлар жүйесін салу, үй жұмыстарын жетілдірілген автоматты түрде тиімді жүйелі жасау арқылы қалыптастыру.
Ең қажетті маңызды шарт – арақ ішімділігімен, нашақорлықпен ұзақ күрес жүргізу, жүйелі тәрбиелік жұмыстармен тұрмысты жақсарту қажет. Бұл жерде әрбір заңдылықтар мен шаралар денсаулық сақтау қызметкерлері мен мемлекеттік, әртүрлі қоғам ұйымдарының көмектері арқылы іске асырылуы тиіс.
Балалар жарақаты.
Барлық тұрмыстық жарақаттар ішінен балалар жарақаты 14,2% -20,9% кездеседі.
Л.И. Чарин (1994), т.б. зерттеушілердің болжамы бойынша тұрмыстық жарақаттар кезінде бала өлімі 2/3 –бөлігіне жетсе, транспорттан жарақаттанудан 1/3 бөлігін құрайды.
Себептері: енжарлық пен жастық себептерінің дұрыс қалыптаса қоймағандығы мен тәжірибесіздігі. Жарақаттар көбінесе ер балалар арасында 70% ға дейін көптеп кездеседі. Алдын алу шараларын балалар бақшасында, мектепте, үйде - тәрбиелеушілер, ұстаздар, ата–аналар түсіндіріп, айтып отырулары керек.
Спорттық жарақаттану.
Ол барлық жарақаттардың ішінен 5,6% құрайды. Бұл жарақат түрі материалдық – техникалық жағдаймен байланысты қалыптасады. Себептері: арнайы киім–кешексіз және аяқ киімінсіз спортпен айналысудан, дайындықтың нашар болуынан, жаттығуды дұрыс жасамау салдарынан, қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан пайда болады.
Әр спорт түріне әр түрлі зақымдану тән: мысалы, коньки тебушілер мен хоккейшілерде көбіне басы мен беті жарақаттанады –28%-36%, ал футболшылар мен баскетболшыларда тізе, иық, жіліншік, табан буындары жиірек жарақаттанады.
Спорттық жарақаттанудың алдын алу шаралары жарыстарға дайындықты дұрыс ұйымдастару, қатысушыларды дәрігерлік бақылаудан уақытымен өткізу, спорттық жаттығулардың сапасы мен дайындығын қатты қадағалау, спортсмендердің жақсы дайындығын қалыптастыру, дәрігерлік көмекті дер кезінде жасау, спорттық жарақаттануды күнделікті тізімге алып, себебін анықтау, сақтандыру шараларымен жүйелі түрде жүргізу қажет.
Авиациялық жарақаттану.
Бұларға үшқыштар мен техникалық жабдықтау жұмысшылары және көмекші жұмысшылардың және де парашютистердің секіруге дайындық кезіндегі және жерге түскен кезіндегі жарақаттанулары жатады. Техникалық жабдықтау жұмысшыларының жарақаттануы әсіресе үшатын машиналарды дайындау кезінде байқалады. Жиілігі жағынан қолдың жарақаты, сүйек сынықтары самолет қалақшаларының соққылы (винт) әсерінен көп кездеседі. Нәтижесінде тұрпайы анатомиялық бұзылыстар мен терең жатқан ұлпалардың жергілікті өзгерістері пайда болады. Одан соң ол жерде ісіну қалыптасады.
Ұшқыштардың жарақаттануы өз алдына сирек кездеседі – аяқ-қол, омыртқа, жамбас, кеуде сүйектерінің сынықтары кездеседі. Өте шапшаң ұшатын ұшақтарда ауаға жылдам көтерілу кезінде құлақтың дабыл жарғағының жарылуы байқалады.
Алдын алу шаралары: ұшақтарға техникалық бақылауды күшейту, ұшқыштарды науқастану, шаршап – шалдығу кезінде ұшуға жібермеу керек.
Парашютпен секіру кезінде жарақаттанулар.
Бұл кезде көбіне түтікше сүйектердің сынықтары кездеседі. Жарақаттану себептері: парашютті дұрыс бекітпеу, дұрыс секірмеу, жерге түскенде аяқты біріктіріп қоймау салдарынан.
Ұшқыштардың жоғарғы деңгейдегі қызудан қалыптасқан күйігін жеке топқа алып қарайды. Олар самолеттің жануы кезінде, жанар майдың атылуы кезінде, мотордағы ыстық судың буының әсері кезінде байқалады. Орналасқан жері бойынша: бет, қол - аяқ, табан сүйектерінде жиі кездеседі. Көбінесе бұл күйіктер 2-3-нші деңгейдегі күйіктер жарасын құрайды.
Алдын алу шаралары: арнайы ұшқыш киімін кию (отқа шыдамды маталардан тігілген), т.б.
Медициналық көмек көрсету.
Санитарлық орындарда: өзіндік, өзара көмек жүргізу.
Дәрігерлік жәрдем беру орындарында (медицинский пункт) алғашқы көмек көрсетілуі керек. Қалалық ауруханада немесе дәрігерлік – санитарлық орталықта, емханаларда арнайы жүйелі түрде көрсетіледі. Облыстық ауруханаларда - жүйелі жетілдірілген қалпына келтіру, емдеу тәсілдері жүргізіледі.
Алдын алу шаралары: жарақаттану себебін анықтау, онымен күресті мекеме әкімшіліктері мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің жүргізулері тиіс.
Жарақаттанудың денеге тигізетін жалпы әсері.
Жарақаттан кейінгі пайда болар патологиялық үрдістер мен дененің жалпы күйзелісте (депрессия) болуы кейініректе жарақаттық шок, - деп атала бастады. Жарақаттық шок – соғыс кезінің басты ауруы және бұл кездері ол кең қанат жайып кездесіп отырады.
Тыныш өмірде шок сирек кездеседі, бірақ өте ауыр, аянышты және үрейлі көрініс тудырады. Бейбіт тұрмыста шок көбінесе темір жол, автомобиль, өндіріс, тұрмыс, шаруашылық, зілзала жарақаттарынан жиі туындайды.
Кейде үлкен жараланған ағзаларды өңдеп, жарасын тігіп немесе алып тастау үшін ұзаққа созылған хирургиялық операциялардан кейін хирургиялық шок туындауы мүмкін. Жараның аумағы мен орналасу орны көп жағдайда жарақаттық шоктың ауырлығын анықтауға себебін тигізеді. Шоктың туындауы, ауырлығы және соңы тек жарақаттың көлеміне ғана байланысты емес, сонымен қатар адамның бастапқы жағдайына да байланысты келеді. Нашар тамақтану, ұзақ ауыру, шаршап-шалдығу, күю, тоңу, қорқыныш сезімі, жүйке жүйесінің қозу жағдайы, қан жоғалту, қосымша ауыр сырқаттар (диабет, т.б.) сияқты көріністер шоктың дамуына, ұзаққа созылуына көбірек себебін тигізеді.
Жарақаттық шоктың клиникалық суреттемесі ХІХ ғ. екінші жартысында көптеген авторлармен сипатталған болатын.
Шоктың жақсы да ұтымды сипаттамасын Н.И. Пирогов өте орынды берген. Ол: «таңу бөлмесінде қол – аяғы жарақаттанып, жұлынған бойы жатыр, айғайлайды, көзі ажарына келмейді, шағымданбайды, еш нәрсеге қатысы жоқ, өзіне еш нәрсе талап етпейді. Денесі суық, беті өліктегідей аппақ, көз қарасы қозғалыссыз, алысқа қараған. Тамыр соғысы жіп тәрізді, зорға анықталады. Сұраққа зорға естілер – естілмес жауап береді. Кейде мүлдем үн қатпайды. Дем алысы зорға байқалады. Тері мен жарада аз ғана ауыртпалық сезіледі, ал егер жарадан шығып тұрған жүйке талшығы қалайда бір әрекет етуден қоздырылса - сырқатта бет еттерінің жиырылумен сезім белгісі байқалады», - деп суреттеген. Мұндай жағдай бірер сағаттан соң жойылып, ал кейде өлер кезіне дейін созылады. Бұл жағдайды Н.И. Пирогов анықтап жазған еңбегі сол, ол бірінші болып шок ұғымына дұрыс анықтама берген және ОЖЖ–нің зақымдалуынан басталатын денедегі жалпы өзгерістерді жүйкелі – рефлекторлы үрдіс, – деп атады.
Жиырмасыншы жүзжылдықтың басында шоктың жүйкелік өзгерістер табиғатынан екендігіне Крайль өз еңбегін арнады.
Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жарақаттық шок клиникалық ғалымдар зеріттеулерінің көз салатын маңызды мәселесі болып табылды. Сонымен қатар түрлі елдердің және біздің елдің де физиолог, патфизиологтары тәжірибелік зеріттеулерге кең жол ашып, шоктың даму заңдылықтары мен ерекшеліктеріне ғылыми негіз беруге ұмтылды.
Шоктың даму заңдылықтары
Ішкі улану (токсемия) теориясы. Бұл теория ХХ ғасырдың басында пайда болды және оның негізін қалаушы француз хирургі Кенью болып саналды. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде жаралыларды клиникалық бақылау үстінде Кенью ұлпалардың зақымдану дәрежесі мен жарақаттық шоктың даму ауыртпалығының арқасында тікелей байланыс барын болжады. Мұндай шок жарақат алғаннан соң біраз уақыттан кейін қалыптасады, себебі оның дамуына улы заттардың құрылуы мен шоғырлануы қажет. Ішкі улану кезеңінің қалыптасуына біраз уақыттың қажеттілігі міне осымен байланысты түсіндіріледі.
Жарақаттық шок көп жағдайда көлемді бұлшық ет жарақаттарынан және көптеген жараланудан соң қалыптасады. Мұндай жағдайда жарақаттанған жерде пайда болған ұлы заттардың жақсы сіңірілуіне қолайлы жағдай туындайды. Тері астында ұлпалар езіліп, олардың ыдырауынан пайда болған улы, қышқылды, шірінді (протеолиз) заттары ашық жарадан шыға алмаған, жиналып шоғырланған жағдайда шок туындайды. Таңғышты салып байлау, жарақаттанған аяқ – қолды алып тастау, зақымданған жерден сұйықтардың еркін ағуына жағдай тудыру - осының барлығы жарақаттық шоктың даму мүмкіндігін азайтады. Ішкі улану кезеңінің пайда болуын эксперименттік тәжрибеде зеріттеу әсіресе жарақаттық шок тудыратын арнайы улы заттарды іздестіру жолын жетілдіреді.
Бірінші империялық соғыстан кейін шок ілімінің бағытын ұстаған Кенью денеде уландыру тудыратын пептон мен гистаминге көп назар аударды. Эксперименттік тәжірибеде жануарға егілген гистаминнің онда қан қысымының төмендеуі мен қанның ұюы және сол сияқты жарақаттық шокта кездесетін белгілерді тудыратындығы анықталды. Бірақ,кейінгі уақытта арнайы зеріттеулердің қортындылары гистаминнің бұлшық ет ұлпаларында көп жағдайда шок тудыруға жеткіліксіз болып, ал қандағы мөлшерінің мүлдем өзгеріссіз болатынын көрсетіп отыр. Соған қарамастан, кейбір авторлардың жазған сынақтарында жарақат алған жануардың қанын келесі жануарға құйғанда оның қан қысымының төмендеуі байқалды.
Жарақат алған жерде улы заттар түзілетініне шек келтірмей –ақ жоғарыда аталған жәйттердің барлығыда шоктың дамуында жалғыз себеп тек қана ішкі улану ғана (токсемия) еместігіне сендіреді. Сондықтан, ішкі улану жарақаттық шоктың даму кезеңінен толық алынған жоқ,қайта оның күмән келтірмейтін негізгі қалыптастырушы (патогенетический фактор) себептерінің бірі болып саналады.
Қан және плазма жоғалту теориясы.
Шок ілімінде Кеньюмен еңгізілген атау «Жоғалған қан» мәселесінің маңызы зор және ғылыми зеріттеу салаларында кеңінен танымал болды. Жарақаттық шоктың даму себептерінің арасында негізінде айналымдағы қанның азаюы туралы болжамды алғаш рет айтқан В.В. Пашутинов (1887) болатын. Клиникалық және тәжірибелік зеріттеулердің көрсетуінше жарақат ұлпаларды зақымдайды, соның әсерінен ісіктің дамуы, плазманың шығуы және қан кету орын алады.
Совет ғалымдары Г.В. Алипов пен И.Р. Петров тамырлар өткізгіштігінің бұзылуы, плазма мен қан аздылықты және қан айналымының жетіспеушілгін шок кезіндегі орталық жүйке жүйесіндегі бұзылыс салдарынан болатын екінші кезектегі құбылыс, - деп тауып,аталған теорияны сәтсіздікке ұшыратты. Шоктың қалыптасуында бастаушы себеп қан бөлінуі емес, қан жоғалту болып саналады (М.И. Ахутин).
Жарақаттық шоктың ауырлығы қан жоғалту көрсеткіштерімен анықталады, сондықтан дәрігердің назары қан кетуді тоқтату мен көп мөлшерде қайта қан құюға бағыттылғаны жөн (М.Г. Скляров).
Жүйкелік – рефлекторлық теория
Шоктың пайда болуындағы орталық жүйкелік себептердің рөлін хирургтар ерте баста байқаған. Жарақаттық шоктың дамуындағы орталық жүйкелік себептері туралы ұғымдар ғылыми негізге көшірілді және тек И.П. Павловтың еңбектері жарық көргеннен соң іске асты. И.П. Павловтың бұл жұмыстары Н.И. Пирогов, С.П. Боткин, И.Е. Веденский, А.А. Ухтумскийдің физиологиялық еңбектерінің негізгі мәселелерімен сәйкес болатын.
А.Н. Гордиенко, И.Р. Петровтың лабораторияларында жарақат алған жануарлардың денесіндегі рефлекторлық өзгерістерге арнайы зеріттеулер жүргізілді. Бұл зеріттеулер жануарларда жұмсақ тіндерді зақымдамай-ақ электр тоғымен шонданай (седалищный) жүйке талшығын қоздыру арқылы шокты тудыруға болатынына көз жеткізді. Тәжрибедегі зеріттеулер мен хирургиялық клиникалардың сынақтарына қарағанда жарақаттық шоктың наркоз жағдайында қалыптасуы қиын екенін көрсетеді. Жүйке жүйесінде қоздырушы үрдістері басым жануарларда жүргізілген жарақат шокпен жиі асқынады. Тәжірибеде айнала жүргізілген новокаинды тежеуден соң аяқ – қолдың зақымдануы жағдайында шок туындауы өте қиынға соғады. Осындай клиникалық – тәжірибелік мағлұматтар жарақат жағдайында туындайтын денедегі өзгерістерді рефлекторлық сипаттағы құбылыс, - деп ойлауымызға толық негіз береді.
Жарақаттық шоктың даму заңдылығы мен ерешеліктерін былай болжамдауға болады: жарақат ұлпалардағы жүйке талшықтарына әсер ете отырып ОЖЖ –іне өте күшті түріткілеу (импульсы) ағымын жібереді. Мұндай жөнсіз күшті қоздырғыштар үлкен жарты шар мен қыртыс астылық ми бөлімдерінің жалпы жағдайын бұзады. Шок ми қыртысының қатысуынсыз да ауыр қоздырғыштар түріткілеуінің әсерінен тек қыртыс асты орталықтарының қатысуымен де туындауы мүмкін (мысалы: тереңдетілген наркоз жағдайында).
Жүйке жүйесіндегі кең таралған қозу - артериялық қысымның (АҚ) көтерілуі, шеткергі тамырлардың түйілуі, ми мен миокард тамырларының кеңеюі, эндокринді бездер қызыметінің (гипофиз, бүйрек үсті безі) және зат алмасудың күшеюі сияқты клиникалық белгілерді береді. Клиникада бұл жағдай шоктың қозу сатысы ретінде сипатталады.
Дененің қалыптастырушы реакцияларының жеткіліксіз болып, күшті қоздырғыш түріткілер ағымының ұзаққа созылған әсерінің арқасында тежеуіш ретінде жарақаттық шоктың тежелу сатысы дамиды, ал тежелу үрдісі жүйке торшаларының одан әрі әлсіреуінің алдын алады.
Жарақаттық шоктың тежелу сатысында мидың қыртыс асты орталықтарының тежелуі байқалады. Тежелу сатысы қоздырушы түріткілер ағымын әлсіретіп, қалыптастырушы қор болып саналады. Онан соң тежелу үрдісі қыртыс астылық – тыныс алу мен тамыр қозғаушы орталықтарына жайылады.
И.Р. Петровтың пікірінше, бұл шоктың соңғы кезеңіне өтуі немесе әлсіреу кезеңі, - деп аталады. Ми қыртысының рефлекторлық басқарылуының бұзылуы салдарынан тысқарыдағы қан айналысы бұзылып, тамырлар сергектігі (тонус) ауытқып, АҚ төмендеп, ағзалар мен ұлпалар оттегіне тапшылыққа және тұншығуға (гипоксияға) ұшырап, патологиялық қан жиналуына, шоғырлануына соқтырады. Осыдан айналымдағы қан мөлшерінің азаюы осыған байланысты дамиды. Айналымдағы қан көлемінің (АҚК- ОЦК) төмендеуі мен ондағы плазманың тамыр қабырғасы арқылы бөлініп шығуы арқасында қанның қоюлануынан оның мөлшері бастапқы түрінен азаяды. ОЖЖ мен тамырларға патологиялық әсер көрсететін зақымдалған аймақта тотықпаған заттар қалдықтарының сіңірілуінің айырықша патологиялық ықпалды маңызы бар. ОЖЖ –не бұзылған қан айналысының және өзгерген қанның газды құрамы едәуір патологиялық тиімді әсер етеді. Сонымен, шоктың даму заңдылықтарының шындығын айтқанда өзіндік бір «жетпіспеген ортаны» (порочный круг) байқауға болады.
Жарақаттық шоктың қалыптасуына қазіргі бағыттағы көзқарастың негізінде жанды – жақты түрде әсер етуші үш негізгі себептер мыналар: жүйкелік, плазма-қан жоғалту, ішкі улану өзгерістері. Шоктың барлық даму сатысында негізгі рөл жүйкелік заңдылықтарға байланысты болып отыр. Қазіргі уақытқа дейін жарақаттық шоктың дамуы мен қалыптасуын түсінбеушіліктер мен атаулық жаңылтпалар өте (агрессия, стресс) жиі кездеседі..
1970 ж. «Вестник хирургии» журналында А.Н. Беркутовтың «Жарақаттық шоктың дамуы мен емделуіне берілген көзқарастарды талдау», - атты мақаласына байланысты пікірталас етек жайды. Бұл мақалада А.Н. Беркутов шок кезіндегі патологиялық үрдістер мен оның даму заңдылықтары туралы тұжырымдар адам тағдырынан емес одан алшақ жатқан тәжірибелердегі жануарлардың жағдайында алынғаны туралы ой қозғайды. Автордың клиникалық деректеріне қарағанда жарақаттың жүйке жүйесіне тигізетін әсері шоктың дамуында барлық ауруларда жетекші рөл атқара бермейді. Көп жағдайда 60% сырқаттарда жарақат көбінесе қан жоғалтумен қабаттасқан.
А.Н. Беркутов шоктың дамуында жиілігі мен маңызы дәрежесінен екінші орынға тіршілікке маңызды ағзалардың зақымдануы мен сыртқы тыныс алудың бұзылуын қояды. Сол пікірталасқа қатынасқан авторлардың көбі «жарақаттық шокты ауыру қоздырушы түріткілеу ағымының ми қыртысына әсерінен туған үрдіс», - деген екі ағымды қайта қарап толықтыруды ұсынады. Шоктың дамуына жүйке жүйесінің әлбетте қатысы бар, бірақ барлық зақымдалуда сырқат жағдайының ауырлығына жауапты бола алмайды. Бірақ, шоктың түрлі даму сатысының қалыптасуында жүйке жүйесінің азап шегуі жетекші рөл атқарады. Денедегі ауыру сезімдерінің рөлін алып тастай алмағанда бұл жағдай нағыз жүйке жүйесіндегі өзгерістерден шокқа өтуі мүмкін. ОЖЖ-нің әлсіреуі тек ауыру қоздырушы түріткілердің бұзылуынан да болу мүмкіндігін ойда ұстаған жөн. Сонымен, клиникалық жағдайда шок әдеттегідей жарақаттың барлық құрама түрлері мен әсерлерінен туындайды (ауыру түріткілері, қан жоғалту, ішкі улану, оның әсерлерінен пайда болатын қан айналысындағы және зат алмасудағы бұзылыстар, улы заттар, т.б.).
Шоктың жіктелуі.
Шоктың негізгі жіктелуі оның даму себептерінен туады.
І – топ ауырсынудан дамитын шок:
Сыртқы әсердің ауыртпалығы:
|
Ішкі әсердің ауыртпалығы:
|
механикалық зақымдану әсерінен болған шок (жарақаттық)
| |
| |
|
асқазан жарасының тесілуі, панкреатит, инсульт кезінде кездесетін шок
|
|
|
|
|
|
|
ІІ – топ әсерлік-құбылыстық (гуморальный) шок:
а) қан құюдан кейінгі шок
б) қан ыдырауынан (гемолиз) қалыптасқан шок
в) анафилактикалық шок
г) инсулинді шок
д) адреналинды, гистаминды шок
е) ішкі уланудан (токсемический), жарақаттық уланудан шок (травматический токсикоз)
ж) сепсистік шок
ІІІ – топ психологиялық шок:
Ауырсыну сезімінің күшеюінен шок - өте қатты ауырсыну сезімінен туындайды, бұл топтағы шоктың тәжрибе жағдайындағы ерекшелігі сан түрлі болып кездеседі.
Өз кезегінде ол сыртқы әсерлерден және ішкі әсерлік құбылыс -өзгерістерден дамитын шок болып екі топқа бөлінеді.
Сыртқы әсерлік шокты көбінесе жарақаттық шок деп атайды. Бұл топқа – жарақаттан, күйіктен, үсіктен, электрден және операциядан кейінгі шоктар енеді.
Ішкі әсерлік құбылыс - өзгерістерден қалыптасқан шок миокард инфарктында жүректегі ауырсынуда (кардиогенный), бүйректегі түйілуде (нефрогенный), ішектің жедел түйілуінде немесе өтімсіздігінде, бауыр түйілуінде (гепатогенный шок), асқазан жарасының тесілуінде, панкреатитте, т.б. орын алады. Тәжірибеде әсерлік – құбылыстық шок жарақаттық шоққа қарағанда сирек кездеседі және жеңілдеу өтеді. Қалыптасатын уақытына байланысты шок екіге бөлінеді:
алғашқы – бірінші кезектегі ертерек қалыптасуы;
кейінірек – екінші кезектегі кешірек дамуы.
Апта өткен соң екінші кезектегі кешірек шоктың даму табиғаты ауыру сезімінің өсуінен емес жиі ішкі әсерлік-құбылыстық өзгерістерге байланысты болып келеді. Мысалы: жарақаттық улану (токсикоз).
Ұлы Отан соғысы жылдары қалыптасатын шоктың ауырлығына қарай жеңіл, орташа және ауыр 3 дәрежелі жіктелуі қолданылып отырды. Бірақ, бұл жіктелу барлық кезде өзін ақтай білмеді. Шоктың ағымын сатыға және кезеңдерге бөлудің де жіктелу мәселесіне тікелей қатысы бар. Шок мәселесінің шешілуіне көп жауапкершілік атқарушы хирургтар арасынан бұл патологиялық үрдістің жіктелу сұрақтарына аса назар аударған Н.Н. Бурденко болатын. Ол алғашқы болып шоктың екі сатысына-бірінші қозуға (эректильная), екінші – тежелуге (торпидная) түпкілікті негіздеп түсінік береді. Бұл сатыларды сипаттауға шоктың клиникалық көрінісін анықтағанда тоқталған жөн.
Шоктың сипат көрінісі.
Шок – сатылы өзгерілетін үрдіс.
Оның сипат - көрінісі уақытпен өзгеріп, шоктың сатысы мен даму дәрежесімен анықталады. Шок ағымында жаңа айтып өткендей қозу, тежелу сатыларын ажыратады және клиникалық көрінісі сырқаттың қай сатыда түскеніне байланысты болады.
Шоктың қозу сатысы – адам жарақат алған уақыттан басталады, ол есін жоғалтпаса да өзінің ауыр жағдайына мән бермейді, аяқ-қолдарын жөнсіз сермеп, мәнсіз көп сөйлеу сияқты белгілермен сипатталады. Жарақаттанған адамда ауыру сезімі бірден жоғарылайды, көзқарасы тынымсыз болып, дауысы тарылады. Тері түсі аппақ, бозарады, қара терге түседі. Тері және сіңір рефлекстері көтеріледі. Көз қарашығы үлкейеді. Жарыққа әсері жылдамдайды. Тамыр соғысы жиілеу, толымдылығы қанағаттанарлық, АҚ – қалыпты, не болмаса жоғары деңгейде болады.
Қозу сатысы әдетте көпке созылмайды, 20-30 мин, бұл уақыт ұзарған сайын тежелу сатысы жеңілдейді. Қозу сатысының тежелу сатысына өтуі тек бірнеше минутқа созылады.
Тежелу сатысы әдебиеттерде қозу сатысына қарағанда біршама ертерек сипатталып жазылған және классикалық үлгіде оны Н.И. Пирогов жазған болатын. Тежелу сатысы кезінде дененің барлық қызыметтерінің қалжырауы қалыптасады. АҚ төмендеуі, шөлдеу, бұлшық ет дірілі, дене қызуының төмендеуі, қанның қоюлануы, pH – жоғарылауы, эритроциттер мен гематокрит деңгейінің өсуі байқалады.
Тежелу сатысының ауырлығын оның 4 түрлі дәрежеге жіктелуі толықтай сипаттайды.
І дәрежелі шок - әдетте орташа ауырлықтағы зақымданумен қосарласады, науқастың жалпы жағдайы – қанағаттанарлықтай, тері беті аппақ, есі сәл тежелулі болуы мүмкін. Тыныс алысы минутына 25-ке дейін жиіленген. Тамыр соғысы минутына 100-ге дейін. АҚ 100/60 мм сынап бағанасынан төмен емес. Шөлдеп, мазаланады.
ІІ дәрежелі шок – орташа ауырлықтағы көбінесе ауыр және көптеген зақымданулармен қосарласады. Жарақаттанған адамның халі ауыр, терісінің түсі – аппақ, бозғылт. Сырқат- жағдайының тежелуінен қоршаған ортасымен баяу ғана араласып, қатысады немесе сұлық жатады, жәй, баяу сөйлейді немесе үнсіз болады. Терісі ағарып, жабысқақ термен жабылған. Тыныс алуы - беткейлі, минутына 30-ға дейін. Тамыр соғысы минутына 130-ға дейін, толымсыз, АҚ –85/50 мм сынап бағанасында, өте төмен, дене қызуы төмендеген.
ІІІ дәрежелі шок – өте ауыр, күрделі және көптеген зақымданулармен қосарласа дамиды. Аурудың жалпы жағдайы өте ауыр, тежеледі, сөйлегенде ретсіз сөз араласады, сұраққа баяу, сыбырлап жауап береді, демігеді, тамыр соғысы –130, толымсыз, жіп тәрізді жінішкеріп, босайды, АҚ – 60/30, дене қызуы біртіндеп төмендейді.
ІV дәрежелі шок – талықсу (коллапс) мен жантәсілім (агональное) жағдайдың орныға бастаумен сипатталады. Жалпы жағдайы шектен тыс ауыр, ессіз, тіршілік рефлекстері жоғалған, анатомиялық тесіктерді қоршаған, жиырылып жапқыш еттер (сфинктер) босаңсиды. Тамыр соғысы – жіп тәрізді, білінер – білінбес, кейбір уақытта мүлдем жоғалады. АҚ – ең жоғарғысы 60 мм., ең төменгісі – 30-40 мм – анықталады. Біртіндеп тыныс алу қозғалысы әлсірейді, жүрек жұмысы тоқтайды, егер қалпына келтіру қарқынды шаралары уақытында жүргізілмесе сырқат өліп кетеді.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
№1 билет
1. Жарақаттану туралы ұғым
2. Жарақаттанудың жіктелуі
3. Жарақаттың асқыну мен ауырлығы
№2 билет
1. Өндірістік жарақаттанумен жоспарлы күрес
2. Ауыл шаруашылық жарақаттары
3. Тұрмыстық кездейсоқ жарақаттар.
№3 билет
1. Балалар жарақаты.
2. Спорттық жарақаттану.
3. Авиациялық жарақаттану.
№4 билет
1. Парашютпен секіру кезінде жарақаттанулар.
2. Медициналық көмек көрсету.
3. Жарақаттанудың денеге тигізетін жалпы әсері.
№5 билет
1. Шоктың сипат көрінісі.
2. Шоктың жіктелуі.
3. Шоктың даму заңдылықтары
№6 билет
1. Қан және плазма жоғалту теориясы.
2. Тұрмыстық жарақаттар
3.
№7 билет
1. Өндірістік емес жарақаттар
2. Жүйкелік – рефлекторлық теория
3. Әскери жарақаттар
№8 билет
1. І дәрежелі шок
2. Жарымдалған жара
3.
№9 билет
1. ІІ дәрежедегі шок
2.Кесілген жара
3. Таңу материалдары
№10 билет
1. ІІІ дәрежелі шок
2. Түйрелген жара
3. Асептика және антисептика туралы ұғым
№11 билет
1. ІV дәрежелі шок
2. Атылған жара
3. Жеке таңу пакеті оны пайдалану тәртібі
№12 билет
1. Шоктың қозу сатысы
2. Сыдырылған жара
3. Жеке таңу пакетін таңу ережесі
№13 билет
1. Таңу түрлері
2. Жарымдалған жара
3.Жараланған кездегі алғашқы медициналық көмек
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру. Соғып алу, буынның шығуы кезіндегі алғашқы медициналық көмекН15, 8-12беттер 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: ТЖ ошағында хирургиялық профильде зақымданғандарды емдеу мен диагностикасының ерекшеліктері
(сағат саны: 8сағ -360мин; тәжірибе 8сағ-360мин)
№6 Сабақ: Соғып алу, буынның шығуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек
1. Сағат саны: 45 мин (100%)
2. Сабақ түрі: тәжірибелік
3. Сабақтың мақсаты:
- соғып алудың белгілерін анықтай білу және медициналық көмек көрсетуге баулу;
- буынның шығу белгілерін білу және алғашқы медициналық көмек көрсете алу
- құрастырылған оқу жағдайларын бағдарлау және тиімді шешімді таба білу;
- алғашқы медициналық көмекті көрсете алу
- студенттердің ой-өрісін кеңейту;
-оқылатын тақырыпқа қызығушылығын ояту.
- топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі:топтармен жұптасып жұмыс істеу,оқу, консультация, бақылау жұмысы.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер,мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
7. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.