тәрбиелік:
- құрастырылған оқу жағдайларын бағдарлау
және тиімді шешімді таба білу;
- алғашқы медициналық көмекті абдыраусыз көрсете алу
- студенттердің
ой-өрісін кеңейту;
-оқылатын тақырыпқа қызығушылығын ояту.
- топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі:топтармен жұптасып жұмыс істеу, түсіндіру, үйрету, жаттығу, пікірталас, оқу, консультация, бақылау жұмысы.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер,мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
7. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жүрек-өкпе реанимациясы.
2. Жалпы АВС – алгоритмі
3.Өкпеге тыныс беру
4. «Ауыздан-мұрынға» тыныс беру амалы
5. «Ауыздан-ауызға» тыныс беру амалы
6. Жүрекке жабық массажды орындау тәртібі:
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10. Ақпараттық материалмен жұмыс
Жүрек-өкпе реанимациясы.
Әдеби жазбалардан дүниежүзінде реаниматологиялық шаралар АВС-алгоритмі бойынша орындалатынын көруге болады.АВС ережесін 1983 жылы П.Сафар әзірлеген,онда аргонихмді біртіндеп тіріліту кезеңдері көрсетілген,енді соған тоқталып көрелік.
Жалпы АВС – алгоритміне жатады:
• Airway – тыныс жолдары өткізгіштігінің қалыпқа келуі;
• Breathing – тыныстың қалыпқа келуі:
• Circulation – Airway,тыныс жолдары өткізгіштігінің.
Тыныс жолдарының бұзылуы орын алады.
• науқас есінен таңганда,көмекейдің артқы қабырғасына қарай тілдің іғісуында (заподение);
• ауыз қуысында қан,сілекей,құсықтың жиналуында;
• тыныс жолдарының (жоғарғы) ісінуінде,бөгде болуында.
Тыныс алу жолдарының жартылай бітелуі де өмірге қауіпті.Әсіресе осы кезде науқастың басын биік жастыққа орналастыру – өлімнің басты себебі болуы мүмкін.
Тыныс алу өткізгіштігін қалпына келтіру үшін науқасты тегіз,қатты жерге жатқызып,Сафардың үштік әдісін жасауға кіріседі:
1) Зардап шегушінің басын барынша шайқалту.Бастың осындай қалпында 80 жағдайда есін жоғалтқан зардап шегушілерде тыныс алу жолдарының өткізгіштігі қалпына келеді,оның басты себебі көмекеймен төменгі жақтың арасындағы тіндер созылады,тілдің түбі алға қарай жылжуы болвп табылады.Егер зардап шегушінің мойын омыртқалары зақымданса,осындай амалды орындаудан бас тарту керек.
2) Төменгі жақты алға қарай жылжыту.Ауыз қуысында және жұтканшақта қан,сілекей,құсық болса оны саусақпен шұғыл түрде тазалайды.Осы амалды орындаған кезде зардап шегушінің басын бір жағына қарай бұрады.
Жоғарыдағы амалдарды жасауға бір минуттан аз уақыт жұмсалады.
Осыдан кейін келесі В кезеңге көшеді – breathing,тыныс алудың қалыпқа келуі;
Егер тыныс алу жолдары ашық болса және үрлегенде ауа өкпеге енсе,өкпені жасанды желдетуді бастайды.Ал егер үрлегенде өкпеге ауа өтпесе,тыныс алу жолдарында бөгде заттың болуын болжау керек.Осы кезде орындалады:
1) Сұқ саусақпен немесе 2-3 саусақтарды жұтқыншаққа енгізіп,бөгде затты алып тастауға тырысады (саусақты пинцет тәрізді ұстау керек);
2) Ессіз жатқан зардап шегушіні бір жанына жатқызып,екі жауырыны ортасынан алақанның проксимальдық бөлігімен 4-5 рет қатты соғады немесе зардап шегушіні шалқасынан жатқызып,іштің жоғарғы бөлігін екі қолмен итеру (толчок) арқылы басады (бұл Хайлик амалы).
Кейінгі екі амал тыныс жолдарындағы қысымды жоғарылатып,бөгде затты «итеріп шығарады».
Егер науқастың есі сақталса,осы екі амалды тік тұрған қалпында орындайды.
S – тәрізді ауа өткізгіш түтікті орнату тіл түбін тұрақтайды,оның обтобтурациясын болдырмайды.Түтікті білік өсі бойымен бұрай отырып енгізеді,түтік болған кезде реанимациялық шаралар тиімді орындалады.
Егер тыныс алу жолдарын қалпына келтіргеннен кейін зпрдап шегушінің тыныс алуы байқалмаса,экспираторлық әдіспен – «ауыздан-ауызға» немесе «ауыздан-мұрынға» амалдары арқылы өкпені жасанды желдетуге (ӨЖЖ) көшу керек.
Құтқарушы өз қауіпсіздігі үшін масканы немесе қол орамалын қолдануға болады.Құтқарушы ауаны өзіне терең тартып,науқастың мұрның екі саусағымен жапқан соң,өз ернімен зардап шегушінің ауызын тығыз жабады да ауаны оның өкпесіне үрлейді.
Жасанды желдету кезінде науқастың кеудесі көтеріледі,содан кейін пассивті (енжарлы) төмен түседі,минуттағы жасанды желдету жиілгі зардап шегушілердің жасына байланысты,бір жасқа дейінгі балаларды 40-35 рет,2-4 жастағы балаларда 100-110 рет,4-8 балаларда 36-24 ре,8 жастан үлкен балалар мен ересектерде 24-30 рет.
«Ауыздан-мұрынға» амалымен жасанды желдету әдісі зардап шегуші ауызын аша алмағанда (ауыз қуысының жарақатында) орындалады.Осы кезде зардап шегушінің ауызы тығыз жабылған,түбір құтқарушы ерінімен зардап шегушінің мұрның қамтып түбір тыныс береді.Алайда оның тиімділігі біршама төмен.Ол амал жаңа тұған нәрестелерде қолданылмайды.
Дәрігерлік көмек кезінде ӨЖЖ Амбу қапшығы қолданылады.Амбу қапшағын қолданғанда ӨЖЖ физиологиялық негізін жақсартады,себебі өкпеге өттегімен қаныққан атмосфера ауасы үрленеді.Сонымен қатар ол гигияналық тұрғында ұтымды.Қапшықтың маскасын бетке орналастыру үшін дәрігер үлкен саусағымен мұрнының аймағына,сұқ саусағын иегіне орналастырады ал қалған саусақтарымен төменгі иекті жоғары қарай тартады (зардап шегушінің ауызын маскамен толық тығыз жабу үшін).
С кезеңі – circulation,қанайналымын қалпына келтіру (жүрек реанимациясы).
Зардап шегушінің ұйқы жіне сан артериясында пульсация анықталмаса,шұгыл түрде жүрекке жасанды массаж жасауға кірісу керек.
Жүрекке жабық массажды орындау тәртібі:
• Зардап шегушінің шалқасынан қатты жерге жатқызады (жерге немесе тақтайға);
• Құтқарушы бір алақаның негізін екінші алақанын үстіне қойып тқстін семсер тәрізді өскінінен екі елі жоғары жерде орналастырады.Кеудеге саусақтарды тигізбеу үшін саусақтарды барынша жазу керек;
• Білекті тік ұстап денемен қималдауға талпынады,шынтақ буынын бүкпеуге тырысу керек;
• Кеудені тік бағытта басып төсті 4-5 см-ге төмен қарай ығыстырған жеткілікті,содан кейін қолды кеудеден алмай босатады;
• Ересектерде кеудені босудың жиілігі 1 минутта 80-100 болу керек.
Жүрек төс пен омыртқа жотасы арасында қысылып,қан жүректің қарыншаларынан аорта мен өкпе артериясына қарай айдалады.Жүрек камералары қанға енжарлы (пассивті) толады.Массаждың нәтижесі перефириядағы тамырларда пульстің пайда болумен бағаланады.
Жүрекке жабық массаж барысында қабырғалар мен төстің сынуы,кейде өкпе тінің жарақаттануы,гемопневматоракс орын алуы мүмкін.Оны кеуде қабырғаларының майычқақ қасиеті төмен,егде жастағы адамдарда байқалады.Алайда осындай асқынулар жүрек реанимациясы кері кқрсетілім бола алмайды.
Реанимация шараларын екі адам орындағанда оның тиімділігі артады,осы мақсатта бірі жүрекке массаж жазаса,екіншісі өкпеге жасанды желдетуді жүргізеді,массаж бен ӨЖЖ қатнасы 5:1 болу керек.
Егер бір адам көмек көрсетсе онда желдету жылдамдығы мен массаж қатынасы 2/15 болады (2 тыныс беру 15 интервал жасау).
Реанимациялық шаралардың тиімділігі көз қарашығының тарылуы және оның жарыққа реакциясы пайда болумен бағаланады.Жүрек функциясының қалпына келуін ұйқы және сан артериясында пульстің пайда болумен анықтайды.
Реанимация жетістіктері науқастарды динамикада бақылауды қажет етеді,себебі кейбір жағдайда клиникалық өлім қайталауы мүмкін.
Егер 30-40 минутта көз қарашығы кең,науқастың тынысы анықталмай және жүрек қызметі қалпына келмесе реанимациялық шараларды тоқтатады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Бақылау жұмысы
І нұсқа
1. Зардап шеккен адамда өмір сүру белгісіне не жатады?
2. Жасанды тыныс алдыру
3. Медициналық көмекті бір адам көрсету ерекшеліктері
ІІ нұсқа
1.Зардап шеккен адамдағы өлім белгілеріне не жатады?
2. Жүрекке тікелей емес массаж
3. Медициналық көмекті екі адам көрсету ерекшеліктері
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру. 1 жастан 8 жасқа дейінгі балалардағы жүрек-өкпе реанимациясы Н16, 202-203 беттер 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: ТЖ ошағында зардап шегушіге және зақымдалушыға реанимациялық іс-шара жасау
(сағат саны: 4сағ -180мин; тәжірибе 4сағ-180мин)
№19 Сабақ: 1 жастан 8 жасқа дейінгі балалардағы жүрек-өкпе реанимациясы
1. Сағат саны: 45 мин (100%)
2. Сабақ түрі: тәжірибелік
3. Сабақтың мақсаты:
- 1 жастан 8 жасқа дейінгі балаларда жүрек-өкпе реанимациясының
ерекшеліктерімен танысу;
- 1 жастан 8 жасқа дейінгі балаларда жүрек-өкпе реанимациясын жасау реттілігін үйрену;
- құрастырылған оқу жағдайларын бағдарлау және тиімді шешімді таба білу;
- алғашқы медициналық көмекті абдыраусыз көрсете алу
- студенттердің ой-өрісін кеңейту;
-оқылатын тақырыпқа қызығушылығын ояту.
- топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі:топтармен жұптасып жұмыс істеу, түсіндіру, жаттығу, оқу, консультация, бақылау жұмысы.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер,мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
7. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жүрек-өкпе реанимациясы
2. 1 жастан 8жасқа дейінгі балалар жүрек-өкпе реанимациясының ерекшеліктері
3. 1 жастан 8жасқа дейінгі балалар жүрек-өкпе реанимациясын орындау реттілігі
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10. Ақпараттық материалмен жұмыс
1 жастан 8 жасқа дейінгі балалардағы жүрек-өкпе реанимациясы
Егер бала есін жоғалтса,тынысы анықталмаса және иық артериясында пульсы анықталмаса (балаларда ұйқы және сан артерияларында пульсті анықтамайды,ол иықтың ішкі жағынан анықталады) бірден жүрек-өкпе реанимациясын орындауға кіріседі,ол үшін:
• Баланы қатты жерге жатқызады;
• Басын артқа қарай шалқайтып,тыныс алу жолдарын ашады;
• Жүрекке массажды бір қолдың алақанымен жасайды;
• Массаж кезінде баланың төсі 2-3 см ығысуы жеткілікті;
• 1 минутта 100-120 қимыл жасалады;
• Тыныс беру мен массаждың қатынасы минутына 1/5 орындалады.
Нәрестеге жүрек-өкпе реанимациясы орындау ерекшелігі:
• 1жасқа дейінгі балада массаж сұқ және ортаңғы саусақтармен жасалады;
• Массаж кезінде төс 1,5 см төмен ығысу керек;
• Пульсті иық артериясынан анықтайды.
Егер жүрек-өкпе реанимациясы нәтижесі болса,кеуде құрсағын көтеріп,тыныс жолдарына бөгет жасаған бөгде заттарды іздейді.Ол үшін келесі әдістер белгілі:
1) Реаниматор нәрестенің басы мен мойынын ұстап,басын төмен қарай салбыратып,баланы өз тізесіне жатқызады.
2) Нәрестенің басын төмен қаратып денесінен немесе аяғынан ұстап сілкейді.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Бақылау жұмысы:
І нұсқа
1. Жүрек өкпе реанимациясы
2. Жас ерекшеліктеріне байланысты жүрек-өкпе реанимациясының жасалу ерекшеліктері
3.1 жастан 8жасқа дейінгі балалар жүрек-өкпе реанимациясының ерекшеліктері
ІІ нұсқа
1. Жас ерекшеліктеріне байланысты жасанды тыныс берудің ерекшеліктері
2. Өлім мен өмір сүру белгілері
3.1 жастан 8жасқа дейінгі балалар жүрек-өкпе реанимациясын орындау реттілігі
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру. Жүрекке тікелей емес массажды орындау тәртібі Н15, 57-63 беттер 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: ТЖ ошағында зардап шегушіге және зақымдалушыға реанимациялық іс-шара жасау
(сағат саны: 4сағ -180мин; тәжірибе 4сағ-180мин)
№20 Сабақ: Жүрекке тікелей емес массажды орындау тәртібі
1. Сағат саны: 45 мин (100%)
2. Сабақ түрі: тәжірибелік
3. Сабақтың мақсаты:
- жүрекке тікелей емес массаж жасау туралы түсінік қалыптастыру;
- жүрекке тікелей емес массаж орындау тәртібен таныстыру;
- құрастырылған оқу жағдайларын бағдарлау және тиімді шешімді таба білу;
- алғашқы медициналық көмекті абдыраусыз көрсете алу
- студенттердің ой-өрісін кеңейту;
-оқылатын тақырыпқа қызығушылығын ояту.
- топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі:топтармен жұптасып жұмыс істеу, жаттығу, пікірталас, бейне материалдар көру, түсіндіру, оқып-үйрену, оқу, консультация, тест тапсырмаларын шешу.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер,мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
7. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жасанды тыныс беру
2. Жүрекке тікелей емес массаж
3. Жасанды тыныс беру әдістері
4. Жүрекке тікелей емес массаж жасаудың ерекшеліктері
5. Жүрекке тікелей емес массаж жасаудың реттілігі
6. Жасанды тыныс беру және жүрекке тікелей емес сыртқы массаждың ережелері
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10. Ақпараттық материалмен жұмыс
Жасанды тыныс беру және жүрекке тікелей емес сыртқы массаж
Тыныс алу табиғи жағдайда ауаны жұту мен оны шығару процесстерінен тұрады. Тынысты алған кезде кеуде клеткасы кеңейіп, өкпенің іші ауаға толады, тынысты шығарған кезде өкпедегі ауа сыртқа шығады. Ересек адамдарда тыныс алу жиілігі минутына (16-18 рет).Егер адам дем алмаса сізде оған көмектесу үшін 1-2 минут ғана бар, өйткені адамның миы үш минут оттегінсіз болса, клиникалық өлім пайда болады.
Сіздің іс-әрекетіңіз:
Зардап шегушінің ауа келуге зиян келтіретін киімдерін жағасын босатып, ауаның қалыпты келуін қамтамасыз ету.
Адамның пульсін тексеріңіз, егер адам демалмаса пульс жоқ болады, еріні, құлағы, беті ақырын көгере бастайды. Кеудесі көтерілмейді.
Адамның дем алудың жолын тазартыңыз. Мүмкін адамның ауызы толған құсығынан немесе сілейкеден демаламай жатыр, - тілін жұтып қойған жағдайда оны шығару керек, тамағы қатты тартылып жүқаланып кетті және сол себебтен адам дем аламай жатыр.
Жасанды тыныс беруде минутына 16-18 рет ырғағын сақтау керек.
Егер адамның жүрегі соқпаса және пульс жоқ болса, онда жасанды дем берумен бірге жүректің тура емес массажды жасау қажет.
Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс берудің екі әдісі бар: «ауызға-ауыз», «мұрынға -ауыз» әдістерімен жүргізіледі. «Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады. Маңдайдағы алақанның саусақтарымен ауаның шықпауы үшін мұрынды жабады. Көмек көрсетуші өзінің аузымен зардап шегушінің аузын толығымен жауып оның тыныс жолдарына ауаны қаттырақ үрлейді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкішілік береді. Жасанды тыныс алдыруды жургізу кезінде кеуде клеткаларын ұдайы бақылауда ұстау қажет. Егер де реанимацияны бір құткарушы жургізсе, онда кеуденің әрбір он бес қысылуына екі- уш рет ауа үрлейді.
Егер адамның жүрегі соқпаса онда миға қан бармай адам тез өліп қалады.
Жүректі жұмыс істеткізуге болады, егер оған біркелкі басып тұрумен бірге өкпеге ауыздан аузына тәсілімен ауаны беріп тұрсаң, адамды құтқаруға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ бұл әдісті адамның жүрегі соқпағаның анық білсеңіз ғана пайдалануға болады. Егер жүрегі ақырын соқса, сіз жоғарыда айтылған қимылдармен қолдасаңыз, оны мүлде тоқтап тастау мүмкін.
Алақандарды бір біріне қосыпкеуденің төменгі жағына қойып, басқанда бүкіл күшті жұмсау керек. Үлкен адамның кеудесі төрт сантиметрге және минутына сексен рет жиілікпен басылу керек.
Егер массаждысіз жалғыз істесеңіз, онда 15 рет жүрек жағын басып бір рет жасанды дем беру керек. Егер массажді екі адам істесе, онда 5 рет жүрек жағын басып бір рет жасанды дем беру керек.
Егер адамда пульс пайда болса, онда жүректін массажды тоқтатып, жасанды дем беруді тоқтатпау керек.
Егер жүректін массажды он жасқа толмаған балаға жасасаңыз, онда кеудесіне бір қолымен басу қажет, ал басудың жиілігі 80-100 рет болуға тиісті.
Егер жүректін массажды сәби балаға жасасаңыз, онда кеудесіне екі саусағымен 25 мм.-ге дейін басу қажет, ал басудың жиілігі 100 рет болуға тиісті.
Нәтижесі:
ұйқы артериясында пульстің пайда болуы;
теріге қан жүруі;
қарашықтың жарыққа рефлекісі.
Жасанды тыныс беруді неге шалқайтпай, мұрнын жаппай, жасауға болмайды
|
|
тыныс алу жолдары жабық
|
тыныс алу жолдары ашық
|
Бас кескінінде көрсетілген тыныс жолдары. Сол жақта басты шалқайтқанға дейінгі, оң жақта шалқайтқаннан кейінгі кескіні.
|
Тіл
|
Клиникалық өлім кезінде тіл жұтқыншаққа кетіп, өкпеге ауа баратын жолды жауып қалады.
|
Жұтқыншақ, көмей жәнекеңірдек
|
Ауаның баруы бас пен мойынның орналасуына байланысты.
|
Басты шалқайтпай-ақ тыныс жолдарының өтуін қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін астыңғы жақты кішкене тартып және көтеріп жұтқыншақта тілдің тұрып қалмауы қажет. Бірақ бұл әдісті жасау үшін бірнеше апта жаттығу қажет.
Басты шалқайтқан кезде
Тіл
|
Төбеге көтеріледі және өкпеге ауаның өтуін босатады.
|
Мұрын тесіктері
|
Егер өкпені жасанды желдетудің «ауыздан-ауызға» әдісі кезінде зардап шегушінің мұрнын қыспаса ауа шығып кетеді.
|
Өкпеге «ауызға-ауыз»жасанды тыныс беру(ӨЖТЖ) әдісін қалай жүргізеді Зардап шегушінің жағын тартпай-ақ, тістердің арасынан ауа өткізуге болады. Тыныс жолдарына ауаны ерінді ашып жіберуге болады.
Оның аузынан тілді шығарудың қажеті жоқ, себебі басты шалқайтқанда тіл тыныс жолдарына ауаның өтуіне кедергі болмайды.
Істеу қажет:
1
|
Оң қолыңмен жағын ұстау
|
Зардап шегушінің төменгі жағын қолмен тартып,
ашу қажет.
|
2
|
Сол қолыңмен мұрнын қысу
|
ӨЖТЖ кезінде ауа шығып кетпеу үшін.
|
3
|
Зардап шегушінің басын шалқайту
|
Тыныс беру әдісі аяқталғанша осы қалыпта ұстау керек.
|
4
|
Аузына толтыра ауа үрлеу
|
Оң қолыңыздың саусақтарымен ұртының іскенін сезсеңіз- демек, ауаның өкпеге бармағаны.
|
Назарларыңызға!: ӨТЖ кезіндегі жұмыс нәтижесін зардап шегушінің көкірек клеткаларының қозғалысынан білуге әрекеттенбеңіз. Жалғыз әрекет жасасаңыз, мұндай жағдайда мүмкін емес. Ұрттың үрленуі- сенімді жолы.
Егер, ӨЖТЖ кезіндегі бірінші әрекет дұрыс шықпаса не істеу керек? Бастың шалқайту бұрышын кеңейтіп, қайта әрекет жасау керек.
Егер, екінші әрекетіңіз де нәтиже бермесе ше?
15рет көкірек тұсынан басып, зардап шегушіні етбетінен аударып жаткызыңыз да, саусақтарыңызбен аузын толық тазалаңыз.ӨЖТЖ қайта жалғастыру керек
Жандандыруды 10-15 минут ұзақтау қалай жасауға болады.
Орта қалыпты деңгейдегі адам жүрек-тыныс жандандыру жұмысын ұзағымен 3-4минут жүргізеді. Екеуі көмекшімен- 10 минуттан коп емес. Үшеуі– көмекшімен қандай деңгейдегі адам үшін –ұзағымен 1- сағат.
Бірінші қатысушы:
|
-жасанда тыныс беруді жүргізу
-ұйқы артериясы мен көз қарашығының әсерін бақылау;
-зардап шегушінің жай-күйіне ақпарат бере отырып;
«Көз қарашығының сезінуі бар!»
«Тамыр соғысы бар!»
т.с.с
|
Екінші қатысушы:
|
- жүрекке тікелей емес сылауды жүргізу;
- «Дем бер!»бұйрығын беру;
- жасанды тыныс беру нәтежесін көкірек клеткаларының көтерілуінен анықтау;
«Ауа өтті!» немесе
«Ауа өтпеді!»
|
Үшінші қатысушы:
|
-зардап шегушінің аяғын көтереді (жүркке қарай қан айналымын жақсарту үшін);
-бірінші қатысушының қуатын қалыптастыру үшін ауыстыру керек;
-серіктестер әрекеттерін келісе отырып жасау керек.
|
Назарларыңызға! Әрбір2-3минут сайын серіктестерді ауыстыру. өйтпесе бірінші қатысушы есінен тануы мүмкін!
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Тест:
1.Зардап шеккен адамда өмір сүру белгісіне ... жатады.
ұйқы артериясында пульстің болуы
көз айнасының құрғауы және мөлдірлігінің азаюы
адамның денесінің қатып-сіресуі
қолмен басқан кезде көз қарашығының жіңішкеруі
денесінде өлім белгілерінің пайда болуы
2.Зардап шеккен адамда өмір сүру белгісіне ... жатады.
тыныс алудың болуы
көз айнасының құрғауы және мөлдірлігінің азаюы
адамның денесінің қатып-сіресуі
қолмен басқан кезде көз қарашығының жіңішкеруі
денесінде өлім белгілерінің пайда болуы
3.Зардап шеккен адамда өмір сүру белгісіне ... жатады.
көз қарашығының жарыққы реакциясының болуы
көз айнасының құрғауы және мөлдірлігінің азаюы
адамның денесінің қатып-сіресуі
қолмен басқан кезде көз қарашығының жіңішкеруі
денесінде өлім белгілерінің пайда болуы
4.Зардап шеккен адамдағы өлім белгілеріне ... жатады.
қолмен басқан кезде көз қарашығының жіңішкеруі+
ұйқы артериясында пульстің болуы
тыныс алуының болуы
көз қарашығының жарыққа реакциясы
ауызға немесе мұрынға тақаған айнаның булануы
5.Зардап шеккен адамдағы өлім белгілеріне ... жатады.
көз айнасының құрғауы және мөлдірлігінің азаюы
ұйқы артериясында пульстің болуы
тыныс алуының болуы
көз қарашығының жарыққа реакциясы
ауызға немесе мұрынға тақаған айнаның булануы
6.Зардап шеккен адамдағы өлім белгілеріне ... жатады.
денесінде өлім белгілерінің пайда болуы
тыныс алуының болуы
көз қарашығының жарыққа реакциясы
ауызға немесе мұрынға тақаған айнаның булануы
ұйқы артериясында пульстің болуы
7.Зардап шеккен адамдағы өлім белгілеріне ... жатады.
адамның денесінің қатып-сіресуі
тыныс алуының болуы
көз қарашығының жарыққа реакциясы
ауызға немесе мұрынға тақаған айнаның булануы
ұйқы артериясында пульстің болуы
8.Жасанды тыныс алдырғанда минутына ... рет ауа жіберу керек.
12 – 18
3 - 9
6 - 12
10 - 20
15 - 25
9.Жүрекке тікелей емес массажды минутына ... рет жасау керек.
60
30
80
100
120
10.Балаларға ж
үрекке тікелей емес массажды минутына ... рет жасау керек.
80
30
60
100
120
11.Медициналық көмекті бір адам көрсеткенде жүректі ... рет басқаннан кейін ауа береді.
15
5
10
20
25
12.Медициналық көмекті екі адам көрсеткенде жүректі ... рет басқаннан кейін ауа береді.
5
10
15
20
25
13. Жасанды тыныс беру кезінде қажет... .
1 рет дем беру және 5 рет көкірек тұсынан басу
ретімен 1 рет дем беру және 1 рет көкірек тұсынан басу
бір мезгілде дем беру мен көкірек тұсынан басу
3-4 дем беру және 1 рет көкірек тұсынан басу
бірінші реттілікте дем беру, содан соң көкірек тұсынан басу
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма беру. ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық гигиеналық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырудың қажеттілігі
Н2, 146бет 2 мин (5%)