Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет2/10
Дата05.06.2017
өлшемі3,2 Mb.
#17823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Иондаушы сәулелердің өлшем бірліктері және көлемдері

Қазіргі кезде универсалды бірлік жүйесі қолданады, ол «Халықаралық бірлік жүйесі - СИ".

Радиоактивті заттың белсенділігі өлшем бірлігі беккерель /Бк/ болып табылатын, радиоактивті заттар санының сипаттамасы. 1Бк-1с уақытта ыдырау акты өтетін радиоактивті активтілік көзі. 1Бк=ыдырау/с. Бұрынғы кезде 1 кюриге тең, 1 грамм радийдің активтілік бірлігі қолданған,

1 кюри=3,7х1010 ыдырау/с=1,7х1010 Бк=37 ГБк.

3-кестеде негізгі радиациялық өлемдер, бірліктер, олардың атаулары мен белгілері. Халықаралық бірлік жүйесі және жүйеден тыс бірліктер.

Дозиметриялық практикада ЗМэВ энергияның фотонды сәулеленуінің сандық сипаттамасы үшін дозаның экспозициялық сәулеленуі де қолданады, ол құрғак ауаның массасын иондауға жұмсалған фотонды сәулеленудің энергиясы.



Экспозициялықдоза бірлігі кулон килограмға - Кл/кг болып табылады, ал рентген және гамма сәулеленудің зкспозициялық дозасы, бұл кезде барлық иондардың электрлік заряд қосындысы бір мәнді, олар бір кулонға тең фотондардан босаған барлық электрондардын иондаушы қабілетін толық қолданып 1 кг массасы бар сәулеленген ауада құрылған
Радиациялық көлемдер және өлшем бірліктер негізі


Физикалық көлем

Бірлік белгілері

Бірлік қатынастар

Жүйелік

Жүйеден тыс

Иондаушы сәулелердің сіңірілген дозасы

Грей/Гр/

Рад/Рад/

1рад=1,01Гр

1Гр=100Рад



Сіңірілген дозаның қуаты

Грей/сек

Гр/с


Рад/сек

1рад/с=0,01Гр/с

1Гр/с=100рад/с



Экспозициялық доза

Кулон/кг

Кл/кг


Рентген

1гр=2:58*10-4кл/кг

1кл/кг=3876р



Экспозициялық дозаның қуаты

Ампер/кг

А/кг


Рентген/сек

Р/с


1р/с=2,58*10-4А/кг

А/кг=3876Р/с



Радиобелсенді көздегі нуклеидтің белсенділігі

Беккерель Бк

Кюри/

Ки/


1ки=3,7*1010Бк

1Бк=27*1012Ки




Экспозициялық доза қуаттылығы ол ампер килограмға деп өлшенеді. А/кг - рентген және j сәулеленудің экспозициялық доза қуаттылығы кезінде 1с уақытта экспозициялық доза 1 Кл/кг өседі.

Экспозициялық дозаның жүйеден тыс бірлігі рентген /Р/, ол Кл/кг-мен былай байланысқан:

1Кл/кг=3,88х103 Р немесе 1Р=2.58 х 10-4 К/кг экспозициялық дозасын қолдану, ауаны ионизациялау өлшемінің әдістерІ жақсы өңделмегенімен байланысты. Одан басқа экспозициялық доза бірлігін қолданудың 50-жылдық дәстүрі бар, экспозициялық доза өлшемінің метрологиялық қамтамасыздануы жақсы өңделген.

Ионизациялық сәулеленудің жұтылу дозасы немесе сәулелену дозасы, сәулеленетін объектілерге берілген ионизациялық сәулелену энергиясының сандық бағасы үшін қолданылады. Сәуле дозасы – олсәулеленетін ортаның масса бірлігінде иондаушы сәулелеріне жұтылған энергиясы. Жұтылған доза бірлігі грей /Гр/ - бұл кезде 1Дж энергия әр түрлі иондаушы сәулелерде 1кг тең сәулеленетін затқа беріледі, яғни 1Гр=1Дж/кг.

Жұтылған дозаның жүйеден тыс бірлігі рад. 1Гр=100рад немесе

1рад=10-2Гр.

Уақыт бірлігіне жататын жұтылған доза, жұтылған дозаның қуаттылығы деп аталады /Р/.

Р=Д/t немесеД=Р*t

Сәулеленген доза қуаттылығының бірлігі 1 Джоуль кг-ға 1с (1Дж/кгС), немесе 1В/кг=1Гр/с.

Интегральды дозадеп, заттың белгілі массасында жұтылған дозаны айтады. Өлшем бірлігі СИ жүйесінде Гр/кг және рад/г-жүйеден тыс бірлік.

Эквивалентті дозаД жұтылған дозаның берілген нүктесінде сапасының ортаңғы коэффициенті ЭСЖ Q сапасының коэффициентінің тәуелділігі 7 кестеде көрсетілген /Кеирим-И.Б.Маркус 1980/.

Си жүйесінде эквивалентті доза бірлігі Зиверт /Зв/ табылады. Q=113в = 1Гр= 1 Дж/кг. Жүйеден тыс бірлік 1Бэр=1сЗв. Эквивалентті доза адамның биологиялық сипаттамасын ескеріп отыратьш бірлік.

Эквивалентті көлем физикалық сипаттамасы бойынша гамма-эквивалент (М) болып табылады. Радиоактивті заттардың эквиваленті - ол у эталондық сапада пайдаланатын сәулелендіргіш тәрізді, өлшемнің кей жағдайларында дәл сондай ү-сәулеленудің экспозициялық дозасының қуаттылығын құрайды. Эталон ретінде қалыңдығы 0,5 мм пластина сүзгіге оралған 1мг радий алынған. 1Мг радийдің 1,0МКИ 3,6* 107 Бк активтілігі және ү-тұрақтысы бар.

Ку=8,4Рхсм2/с х мкм=1,63x10-18 Кл х м2 /кгхс хБк



Егер ү-эквиваленттің көзі белгілі болса, онда экспозициялық дозаның қуаттылығы К(М) арақашықтығына тең.

немесе

ү-эквиваленттің көзі мен оның активтілігі арасындағы байланыс келесідей : 8,4 М=К х с.

Енді медициналық радиологияда қолданатын және туынды болып табылатын бірлік қатынасын атап өтеміз. Иондаушы бөлшектердің ағымы, олардың саны арқылы 1сек ішінде анықталады (белгілінеуі с-1).

Ағым тығыздығы алаңның ағымы болып табылады, ол 1М тең (белгіленуі С-1М-2).

Энергия Джоульмен өлшенеді. Энергия бірлігі электрон-вольтпен /эВ/ байланысты:

1эВ=1,6х 10-19Дж; 1Дж=6,25х1018эВ.


11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Тест:


1. Иондаушы сәулелер бөлінеді

  1. Бета бөлшектер

  2. Альфа бөлшектер

  3. Электромагнитті

  4. Радиотолқындар

  5. Корпускулярлы

2. Корпускулярлы сәулелерге жатады

  1. Нейтрондар

  2. Бета бөлшектер

  3. Пимезондар

  4. Альфа бөлшектер (гелий ядролары)

  5. Радиотолқындар

3. Электромагниттік сәулелерге жатады

  1. Рентген сәулелер

  2. Бета бөлшектер

  3. Гамма-радиоактивті элементтердің сәулелері

  4. Альфа бөлшектер

  5. Тежеуші сәулелер

4. Ену қабілеті өте жоғары сәулелерге жатады

  1. Рентген сәулелер

  2. Бета бөлшектер

  3. Гамма-радиоактивті элементтердің сәулелері

  4. Альфа бөлшектер

  5. Тежеуші сәулелер

5. Ену қабілеті өте төмен

  1. Альфа бөлшектер

  2. Гамма сәулелер

  3. Бета бөлшектер

  4. Ауыр иондар

  5. Радиотолқындар

6. Сіңірілген доза

  1. Объектіге сіңірілген және оның кеңістігінде таралған энергия

  2. Сәуле әсерінен созылмалды радиациялық қауіпті бағалау үшін қолданылатын доза

  3. Атом ядроларының өз бетімен өзгеріске ұшырап, энергия мен иондаушы сәулелерді бөліп шығару

  4. Сәулелендіру кезіндегі объектіге түскен сәуле энергиясы

  5. Сәулеленген заттың салмақ бірлігіне сіңген энергия көлемі

7. Эквивалентті доза

  1. Сәулеленген заттың салмақ бірлігіне сіңген энергия көлемі

  2. Сәуле әсерінен созылмалы радиациялық қауіпті бағалау үшін қолданылатын доза

  3. Атом ядроларының өз бетімен өзгеріске ұшырап, энергия мен иондаушы сәулелерді бөліп шығару

  4. Сәулелендіру кезіндегі объектіге түскен сәуле энергиясы

  5. Объектіге сіңірілген және оның кеңістігінде таралған энергия

8. Экспозициялық доза

  1. Сәулеленген заттың салмақ бірлігіне сіңген энергия көлемі

  2. Сәуле әсерінен созылмалы радиациялық қауіпті бағалау үшін қолданылатын доза

  3. Атом ядроларының өз бетімен өзгеріске ұшырап, энергия мен иондаушы сәулелерді бөліп шығару

  4. Сәулелендіру кезіндегі объектіге түскен сәуле энергиясы

  5. Объектіге сіңірілген және оның кеңістігінде таралған энергия

9. Эквивалентті дозаның (Н) өлшеу бірлігі

  1. Зивет

  2. Грей

  3. Рентген

  4. Беккерель

  5. Бэр

10. Экспозициялықдозаның Си жүйесі бойынша өлшеу бірлігі

  1. Кулон/килограмм

  2. Грей

  3. Джоуль Дж

  4. Зиверт

  5. Беккерель


12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма беру. Радиациялық зақымданудың түрлері

Қ 11, 87-94 беттер2 мин (5%)



Сабақтың тақырыбы: Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері. Жіті сәулелік ауру (сағат саны: 6сағ -270мин; тәжірибе 4сағ-180мин)

3 Сабақ:Радиациялық зақымданудың түрлері



1. Сағат саны: 45 мин (100%)

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:радиациялық зақымданулардың түрлерін және олардың сипаттамаларын анықтай білу;

  • сәулелік аурулардың пайда болуы мен жіктелісін анықтау.

  • тәрбиелік:

- радиациялық зақымданулардыңадам ағзасындағы көрінісін анықтауға баулу;

- радиациялық зақымданулардың қауіптілігі туралы ой өрістерін кеңейту.



  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту;

4. Оқыту әдісі:сұрау, жұптасып жұмыс істеу, түсіндіру, пікірталас, бақылау жұмысы.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: сұрау,презентация, кестелер, суреттер,кеспе қағаздары, бақылау жұмысы.

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.


Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.


7. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Радиациялық зақымданудың жіктелуі

2. Радиациялық әсер және оның түрлері

3. Радиоактивтің өлшем бірліктері

4. Экологиялықаспект

5. Сәулелі аурулардың жіктелісі



9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10. Ақпараттық материалмен жұмыс
Радиациялық зақымданудың жіктелуі
Жіті радиациялық зақымданулар келесі түрде жіктеледі:

1. Этиологиялық факторы бойынша

2. Клиникалық белгілері бойынша
Жедел радиациалық зақымдалудың этиологиялық факторы бойынша жіктелуі:

Радиациялық әсердің келесі түрлерін ажыратады:

- Сәулелену түріне байланысты (гамма-нейтрондық, бетта, альфа ж.т.б.).

- Орналасу көзіне байланысты (сыртқы, ішкі)

- Дене аумағында мөлшердің таралуы бойынша (біркелкі емес, біркелкі, жергілікті)

- Мөлшерінің уақытқа байланысты таралуы (ұзақ, қысқа) Реактивті сәулеленуді қолданудың алғашқы қадамынан бастапиондаушы радиацияның тірі ағзаға әсерін білу дүние жүзілік қоғамды қызықтырды. Бұл кенеттен болған жоқ, себебі зерттеушілер басынан бастап реактивті сәулеленудің теріс әсерін байқаған. 1895 жылы рентгеннің көмекшісі В.Груббе рентген сәулелері мен жұмыс жасағанында қолдары радиациялық күйікке ұшыраған, ал Француз оқымыстысы А.Беккерель (радиоактивтілікті ашқан) радийдің сәулеленуінен терісін ауыр күйікке шалдықтырған. Әлемге белгілі Мария Складовская-Кюри сәулелік аурудан қайтыс болған, қазірге дейін оның бейіті сәуле өткізеді. 20 жылдың соңында дүние жүзіндегі мамандар халықаралық радиациялық қорғаныс комиссиясын ұйымдастырды, оның қызметі радиоактивті заттармен жұмыс істеу ережелерін өндеп дамыту. Халықаралық Радиациялық Қорғаныс комиссиясы (ХРҚ) кезеңінің ұсынысын қолдана отырып комиссия мамандары «ядролық державалық» ұлттық нормативтерді дамытты (5 кесте). Сонымен қатар бұл мәселемен тағы бір халықаралық ұйым - атомдық радиация әсері бойынша Ғылыми Комитет (АРӘҒК). UNIТ-ED NATIONSScientific Committeeon the Effects of Atomic Radiation «UNSCEAR» айналысады. БҰҰ негізінде 155 жылы құрылған. АРӘЖ Бүкіл Ұлттық Ұйымы.


Радиоактивтің өлшем бірліктері


Беккерель (Бк Bq) Кюри (Ки, Си)

1Бк=1ыдырау/сек

1Ки=3,7х1010Бк



Радионуклид бірлігі уақыт бірлігінде ыдырау санын білдіреді

Грей (Гр, Су);

Рад (га)


1Гр=1Дж/кг

1рад=0,01Гр



Сіңірілген мөлшер бірлігі қандай да бір физикалық дене массасы бірлігінде сіңірілген (мыс. ағза тіндерінде) иондаушы сәулелер энергиясының мөлшерін білдіреді

Зивет (ЗвSv)

Бэр (бэр,гет)

РБЭ «рентгеннің биологиялық эквиваленті»


1Зв=1Гр=1Дж/кг (Рж/е У үшін)

1мкЗв=1000000 За

1бэр=0,01Зв=10мЗв


Эквиваленттік мөлшер бірлігі иондаушы сәулеленудің радиациялық қауіптілігінің бірдей еместігін білдіретін коэффициентке көбейтілген сіңірілген мөлшер бірлігін көрсетеді

Грей/сағ

Гр/сағ


Зиверт сағ

Зв/сағ


Рентген сағатына

Р/с


1Гр/сағ=1Зв/сағ=100Р/сағ (Р және У үшін)

1мк Зв/сағ=1мк/Грл1-100мкРл<1кР/сағ=1/1млнР/сағ



Мөлшер қуатының бірлігі. Ағзаның уақыт бірлігінде алған мөлшері (доза)

Экологиялықаспект

Радиациялық сәулелену мәселесі жоғарғы деңгейде тұр. Өйткені Чернобыль және сол сияқты апаттар ерекше психоәлеуметтік құбылыс тудырады. Ол құбылыс радиофобия. Мұның негізгі мысалы ретінде «Гринпис» ұйымы бола алады. Бұл ұйымның қызметі экстремизмге жетеді. Осы ұйымдардың қызметінің нәтижесі бойынша мысалы АРӘҒК, халықтың негізгі бөлімі табиғи радиациялық көздерден сәулеленеді. Сонымен қатар көп жағдайда сәулеленуден қашып құтылу мүмкін емес. Жер шары пайда болғаннан бергі тарихта сәулелену түрлері жерге космостан және жер қыртысындағы радиоактивті заттардан түсетіні белгілі, алайда радиоактивті заттар кеңістікке біркелкі таралмаған. Кейбір құбылыс материалдарын пайдалану, тағам дайындау үшІн газды пайдалану, ашық көмір пештерін жағу, ұшақтарының герметизациясы, медициналық қызмет осының барлығы табиғи радиация көздерінен сәулелену деңгейін жоғарылатады. Табиғи радиация көздерінің ішіндегі ең ауыры, көзге көрінбейтін, дәмі, иісі жоқ ауыр газ (ауадан 7,5 есе ауыр) радон АРӘҒК БҰҰ мәліметі бойынша радон өзінің (өнімдерімен) радиоактивті ыдырауынан кейінгі өнімдерімен бірге сәулеленудің жылдық жеке эквиваленті мөлшерінің % бөлігін және барлық табиғи радиациялық көздерінің жартысы осы радонның әсері.

Егер де радиация көздері техногенді болса, онда біріншіден жер шарында халықтың техногенді сәулеленуі табиғи сәулеленуден едәуір төмен, екіншіден бұл жерде басқа мәселелер жағаласады. Мысалы, экономика, энергетикалық мәселе, яғни қазіргі кезде атомдық энергетика жылу берудің жалғыз, экономикада негізделген түрі болып табылады.

Қазіргі уақытта белсенді білім жинау уақыты деп те айтуға болады. Мысалы, геология (жер туралы ілім) саласында атомдық сынамалар жүргізу жерді зерттеу үшін қажетті құрал болып табылады. Техногенді сәулелену көздерінің ең қауіптісі жоғарыда келтірілген атомдық апаттар немесе сынамалар емес, ал медициналық процедуралар және емдеу әдістері (радиоактивті қолданумен байланысты) көптеген елдерден барлық техногенді радиация көздерінен түскен мөлшер осы медициналық процедураларға байланысты екені анықталды.

Медицинада радиация диагностика үшін және емдік мақсатта (рентген аппараты, сәулемен емдеу) қолданады.

Сонымен радиация қауіпсіз деп тұжырымдау немесе одан мүлдем қорқудың қажеті жоқ.

Негізінен медицинада сәулелендіру науқастың сауығуына бағытталған, сонымен қатар сәуле мөлшерін медицинада әсерін өзгертетіндей етіп төмендетуге болады.

Бұл сұрақты тек медициналық пікір бойынша да қарастыруға болмайды. Яғни, тек адамға байланысты, себебі адам - ол қоршаған табиғи ЭКО жүйенің бір бөлімі болып қана табылады.

Адамнан басқа қоршаған ортада зат және энергия алмасуында көптеген тірі ағзалар, өлі объектілер маңызды қызмет атқарады. Жалпы айтқанда техногенді радиация көздері қоршаған ортаға (адамға емес) өте теріс әсер етеді жылдан жылға радиоактивті заттарды қолданумен технологияның кең таралуы табиғи ЭКО жүйелерге түсетін қысымның одан әрі жоғарылауына әкеледі.

Тіндік радиобұзылыстар келесі кезекпен болады: лимфоидты тін, гемопоэтикалық тін, жыныс бездерінің, терінін, көз шынысының эпителиі, қан тамыр эндотелиі, серозды қабықтар, паренхиматозды ағзалар, бұлшықет, дәнекер тін, шеміршек, сүйек, нерв тіні.

Нерв тіні - радиобұзылыстар жағынан алғанда, яғни күрделі структуралық бұзылыстар туу мүмкіндігіне қарай, соңғы орында тұрады, ал функциональдық бұзылыстар жағынан алғанда ол жоғары радиосезімтал. Нерв рецепторларын сәулеленгеннен кейін бірнеше секунд ішінде заттардың тітіркенуі т.б, нәтижесінде радиолиз және тіндердің жоғалып кетуі болады. Импульстер ең алдымен нерв ортасына түсіп, оның функциялық жағдайын бұзады. Нәтижесінде нервтік регуляция бұзылыстары болып, тіндерде дистрофиялық белгілер мен компенсаторлы процесс бұзылыстары болады.

Эндокринді бездің функционалды активтілігіне ионизациялық сәулелену біршама өзгерістерге әкеледі:

- біріншіден, симпатогипофизарлы, бүйрек үсті без жүйесінің алдымен күшейуі, соңында азаюы;

- нейроэндокринді регуляция сәулеленуі нәтижесінде ағзалармен жүйелердің бұзылыстары болады;

- ионизациялық сәулеленудің әсерінен жасушалық зақымданулардың жалпы механизмі осындай.

Кейде сәулелену түріне, ұзақтығына гемометриясына, ең бастысы сөулелену дозасына байланысты жасушаның интерфазалы өлімінің қатынасы, митотиканың активтілігінің бұзылыстары және әртүрлі тіндегі генетикалық жасушаның өлімі бақыланады.

Бұл, өз кезегінде клиникада сәулелі ауруларға әкелетін симпатокомплексті және соңында сәулелі аурулардың басқа формасынан анықтауға мүмкін береді.

Жоғарыда айтылғандай, сәулелену дозасына байланысты,сәулелі аурулар клиникалық синдромда басымдық көрсетеді. Сәулелі аурулар осыған байланысты 4 түрін ажыратады: (церобральді, токсемиялық, ішектік, жұлындық).


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет