Курсы және оқу семестрі: II курс, III семестр



бет34/38
Дата03.06.2022
өлшемі0,76 Mb.
#145798
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
СРС-ОЗ-2курс-2014-каз

Ситуациялық есептер
Есеп №1
30 жастағы ер адамда қала сыртындағы демалу аймағына келгеннен кейін 1,5 сағаттан соң байқалды: қабағының қызаруы және ісінуі, көздерінің жасаурауы, мұрын бітелуі, даусының қырылдауы, тамағының жыбырлауы, тыныс алудың қиындауы. Үйге қайтқан соң ер адамда аталған симптомдары біршама азайды.
Сұрақтар
1.Берілген симптомдар қандай серпілістің дамуын дәлелдейді.
2.Ол қала сыртында қандай жағдай дамытады.
Есеп №2
Науқасқа аяғының ашық жарақатына байланысты оған екінші рет антигистаминді препаратпен «қорғалатын» сіреспеге қарсы қан сарысуы енгізілді. Соңғы инъекциядан кейін 9-шы тәулікте оның дене температурасы көтеріліп, буындарының ісінуі мен ауырсынуы және терісінде қатты қышымалы бөртпе пайда болды.
Сұрақ:
1.Берілген симптомдар нені нақтылайды?
2. Қандай серпіліс дамыйды?.
Есеп №3.
Артериялық қанда оксигемоглобин 80%, веналық қанда 51% жүректің минуттық көлемі 6 л, қанның оттектік сыйымдылығы 23 көлемі % (0,23 л/л) болса, онда отектік ашығудың түрі қандай?
Есеп №4.
Артериялық қанда оксигемоглобин 98%, веналық қанда 30% жүректің минуттық көлемі 2л, қанның оттектік сыйымдылығы 23 көлемі % (0,23 л/л) болса, онда отектік ашығудың түрі қандай?
Есеп №5.
Артериялық қанда оксигемоглобин 57%, веналық қанда 23%, қандағы карбоксигемоглобин 40%, жүректің минуттық көлемі 8л, қанның оттектік сыйымдылығы 12 көлемі % (0,12 л/л) болса, онда отектік ашығудың түрі қандай?
Есеп №6.
Артериялық қанда оксигемоглобин 97%, веналық қанда 37%, жүректің минуттық көлемі 1,5 л, қанның оттектік сыйымдылығы 23% болса, онда отектік ашығудың түрі қандай?
Есеп №7.
Артериялық қанда оксигемоглобин 97%, веналық қанда 95%, жүректің минуттық көлемі 7л болса, онда отектік ашығудың түрі қандай?
Есеп №8.
27 жастағы Н. науқас ішінің төменгі бөлігінің қатты ауру себебімен хирургиялық клиникаға түсті. Көріністері: науқас әлпеті бозарған, пульсі мен 120, әлсіріген АҚ 80/50 мм. сын. бағ. Тыныс алу жиі және терең. Ішкі қан кету күдігімен жедел лапаротомия жасауда соның салдарынан жатырдан байқалған. Қан кету тоқталады. Іш қуысы шамамен 1 л қаннан тазартылды. Одан кейін қан құю жүргізілді. Науқастағы дамыған отектік ашығудың түріне қорытынды түсінік беріңіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет