Ситуациялық есеп 28 жасар ер кісі дәрігерге ұстамалы бұлшық ет әлсіздігіне басының айналуына, басының ауырсынуын көзінің өткірлігінің төмендеуіне қолдарының дірілдеуіне кей кезде есінің шатасуына себепсіз ашулашақтыққа шағымданды. Бұл шағымдар соңғы 4 айда жиі дами бастады. Науқас бұл шағымдардың себептерін жұмыстағы ұрыс-керіспен және жедел ашығу сезімімен байланыстырады. Тексеру нәтижелеріне сүйене отырып дәрігер «неврастения» диагнозын қойып, сәйкес амбулаторлы ем тағайындады. Соған қарамастан, науқастың жағдайы нашарлай берді, 1,5 айдан кейін ол жедел жәрдем көлігімен стацинарға «белгісіз этиологиялы кома» диагнозымен жеткізілді.
Түскен кезде: есі анық емес, көз қарашықтары ұлғайған, бұлшық ет дірілі, тахикардия, артериялық гипотензия, тынысы біркелкі емес, ҚПЕ (қан плазмасындағы глюкоза) 30 мг %.
Сұрақтар: 1.Науқас дәрігерге келгендегі жағдайы қалай аталады? Жауабын негіздеңіз. Егер сізге қосымша мәліметтер керек болса, сіздің қорытындыңызды растайтындарын айтыңыз.
2.Жедел жәрдем көлігімен науқас қандай жағдайда жеткізілді (патологиялық түрін айтыңыз). Сіздің қорытындыңызды дәлелдеңіз?
3.Осы жағдайдың патогенезінің негізі бола алады?
4.Стационарға жеткізілгендегі науқастың жағдайын патологияның қандай түрлерінен ажырату керек?
5.Науқаста гипоксияның қандай түрі дамыған және оның патогенезін айтыңыз?
Әдістемелік өндеу №3 1. Тақырыбы: Дистрофиялар.
2.Мақсаты: Аралас дистрофиялардын морфологиялық сипаттамасын және даму механизімдерін, себептерін аныктауын үйрету.
3.Тапсырма:№ 1 қосымшаны қараңыз.
5.Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары):№ 1 қосымшаны қараңыз.
6.Тапсыру мерзімі: 2-ші аптада.
7.Әдебиет:№ 2 қосымшаны қараңыз.
8.Бақылау Сұрақтар 1.Дистрофия дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.
2.Аралас дистрофиялардың қандай түрлерін ажыратады?
3.Аралас дистрофиялардың жіктелүі қандай?