Ситуациялық есеп Хирургиялық ауруханаға жол апаты болған жерден кеуде қуысы, іші, аяқтары зақымдалған және көп мөлшерде қан жоғалтқан науқас жеткізілді.
Қарау кезінде: есі анық, бірақ науқас уақыт пен жағдайды ажырата алмайды, тері қабаттары бозғылт, жүрек соғысы жиі, пульс әлсіз, АҚ 65/15 с.б.б. Науқасқа қан кетіп жатқан тамырларын жалғау үшін ота жасалынып, 1200 мл донор қаны және 2000 мл қан алмастырғыш құйылды сақтау мерзімі 2-17 күн. Жансақтау бөлімінде: науқастың жағдайы ауыр, жүректің жиі соғысы сақталған, артериалдық гипотензия, ентігу және тәуліктік диурезі қалыптан айтарлықтай төмен, зақымдалған тіндердің майда қан тамырла-рынан қан кету анықталды. Зертханалық тексерулердің нәтижелерінен қанның ұюының төмендеуін, гиперпротромбинемия және тромбоцитопения байқалды.
Екінші тәулікте жедел бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері дамыды. Өлім асқынған бүйрек және жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен туындады. Мәйітті ашу кезінде ішкі ағзалардың майда қан тамырларында көптеген тромбоздың белгілері табылды.
Сұрақтар: Науқаста қандай патологиялық үрдіс дамыды: а) жарақаттан кейінгі;
б) жансақтау бөлімінде;
2. Науқаста жансақтау бөлімінде дамыған патологиялық үрдістің патоге-незі қандай?
3. Даму механизмі қандай? а) бүйрек жетіспеушілігі; б) науқаста жүрек қантамыр жетіспеушілігі?
4. Трансфузиялық ем нәтижесіз болды. Жобалап айтыңыз- неге?
Әдістемелік өндеу №2 1.Тақырыбы: Сыртқы орта факторларының адам организіміне тигізетін әсері.
2.Мақсаты: этиологиялық ықпалдарының ағза әсерін аңықтау.
3.Тапсырма:№ 1 қосымшаны қараңыз.
5.Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары): № 1 қосымшаны қараңыз.
6.Тапсыру мерзімі : 2-ші аптада.
7.Әдебиет:№ 2 қосымшаны қараңыз.
8.Бақылау Сұрақтар 1. Этиология деген не?
2. Этиологияны оқытудың теориялық және практикалық маңыздылығы неде?
Тесттер 1.Аурудың сыртқы себептеріне жатады:
А) Жыңысы.
В) Патологиялық тұқымқуалаушылық.
С) Жасы.
Д) Микроорганизмдер.
Е) Патологиялық конституция.
2. Аурудын механикалық себептеріне жатады:
А) Сілтілер.
В) Электр соққы.
С) Иондағыш радиация.
Д) Қысылу.
Е) Төмен температура.
3.Күн өтү ненің әсерінен дамиды:
А) Адамның киіммен жабылған денесіне күн сәулесінің әсері.
В) Сыртқы ортаның температура денгейінің жоғарылауы.
С) Басына бас киім киймей күн сәулесінің әсері.
Д) Күн сәулесінің спектрінің әсері .
Е) Инфракызыл сәулелер.
4.Жылдамдықтың әсерінең не дамиды:
A) Құсу.
В) Атаксия.
С) Адинамия.
Д) Кинетоздар.
Е) Басайналуы.
5. Жоғары атмосфералық қысымның әсерінң байқалады:
A) Газдардын еруінің төмендеуі.
B) Газдардын еруінің жоғарылауы.
C) Десатурация.
D) Декомпрессия.
Е) Парциалды қысымының төмендеуі.