4. Иллюстрациялық материалдар:
Дәрістік материалды презентациялау;
Сабақ тақырыбына байланысты плакаттар;
Кестелер мен сызбалар.
5.Әдебиеттер: №1 қосымша ақпаратты қараңыздар.
6.Бақылау сұрақтары:
1.Аритмияның қандай түрлері бар?
2. Миокардтың коронарогендік және коронарогендік емес бүліністерінің айырмашылығы неде?
3. Жүрек жетіспеушілігіне қандай себептер алып келеді ?
3. Жүрек жетіспеушілігі қалай жіктеледі?
Дәріс №2
Тақырыбы: Қан тамырлар тонусының патологиясы.
Мақсаты: артериялық гипертензия және гипотензияның даму заңдылықтарын түсіндіру.
Дәріс тезистері
Қан тамыр тонусның бүліністері гипертониялық және гипотониялық жағдайлар болып бөлінеді.
Симптоматикалық(әйгіленімдік) гипертония белгілі бір аурулардың нәтижесінде , олардың симптомы ретінде көрінеді, кей жағдайларда аурудың бүкіл клиникалық көрінісін айқындайды, сонымен қатар, олардың механизмдері гипертониялық аурудың патогенезіне кіреді. Оларға: бүйректік, эндокриндік, церебралдық және гипертония жатады.
Гипертониялық ауру артериялық қан қысымының тұрақты жоғарылауымен сипатталатын жеке ауру. Гипертониялық аурудың негізінде нейрогуморалдық реттелудің бұзылуы нәтижесінде дамитын қан тамыр тонусының бұзылысы жатыр.
Гипертониялық ауруды клиникада үш сатыға бөледі:
І. Транзиторлық немесе өткінші қалыпты АҚ фонында мезгіл мезгілмен гипертензия ұстамасының болуы.
ІІ. Тұрақты АҚ тұрақты түрде жоғарылауы.
ІІІ. Қан тамырларының атеросклеротикалық зақымдануымен жүретін мүшелік өзгерістер сатысы.
Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы гипертониялық аурудың этиологиялық факторы болып табылады. Адамдардың эмоционалдық реакцияның қозғалтқыш кешенін толығымен тоқтататын қабілеті бар. Бұл вегетативтік орталықтардан күшті қозу толқындардың шығуына алып келеді. Осының салдарынан тамырлардың тонусы күшейіп, АҚ жоғарылайды. Бұл гипертониялық ауру патогенезінің І сатысы болып табылады. Мұндай жағдайда неврозды жойса,АҚ қалпына келеді.
Тамыр қозғалтқыш орталықтың қозуы мынадай көрініс береді:
А) қалпына келмейтін тұрақтылық пен ұзақтық
Б) жоғары инерттілік
В) арнайы қоздырғыштарға деген жоғарғы сезімталдық
Г) басқа қоздырғыштардың әсерінен күшею қабілеті.
Невроздың әсерінен тамыр қозғалтқыш орталық патологиялық доминантты қозу жағдайына түседі, соның салдарынан перифериялық қан тамырлардың жиырылуы болады. Сонымен , гипертония ІІ сатыға өтеді.
Гипертониялық аурудың дамуында жүректік лақтырыстың ұлғаюы маңызды роль атқарады, ол симпатоадреналдық жүйенің белсенуінің нәтижесінде дамиды, соның салдарынан перифериялық қан тамырларының қарсыластығы және жүйелік қан қысымы жоғарылайды. Қан тамырлар жиырылуының ұзақ уақытқа созылуы, тамыр қабырғаларының атеросклеротикалық зақымдануына алып келеді, содан соң гипертония ІІІ сатыға көшеді(мүшелік өзгерістер сатысы). Бұл сатыға тән ерекшеліктер біртіндеп жүрек жеткіліксіздігіне алып келетін, миокардтың компенсаторлық гипертрофиясы және бүйректерде дәнекер тіндердің дамуы болып табылады.
Гипотониялық жағдай клиникада аса маңызды роль атқармайды, ол негізгі аурудың симптомы болып саналады. АҚ тұрақты төмендеуі мына ауруларда: кейбір инфекциялық ауруларда, бүйрекүсті безі қыртысының гипофункциясында, босанудан кейінгі кезеңде, ұзақ уақытқа созылған аштықта байқалуы мүмкін. АҚ күрт төмендеуі сілейме(шок), коллапс және талықсу(обморок) кездерінде байқалады.
Шок түрлі мүшелердегі капиллярлық қан айналымның күрт төмендеуінен,тіндердің оттегімен жеткіліксіз қамтамассыз етілуінен, организм қызметтерінің ауыр бұзылыстарымен сипатталатын, кенеттен дамитын синдром. Шоктың барлық түрінің даму механизмінде ортақ звено бар, ол компенсаторлы-үйренгіштік механизмнің екі типі кезекпен жүруі. Бірінші тип(вазоконстрикторлық)- симпатоадреналдық және гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің белсенуі. Екінші тип(вазодилятаторлық) ишемияны тоқтатуға бағытталған.
Коллапс деп айналымдағы қан көлемі азаюынан артериялық және веналық қысымның қатты төмендеп кетуімен көрінетін қан тамырларының жіті жетіспеушілігін айтамыз. Коллапстың барлық түрлерінің даму жолдарында қан тамыр қызметінің жедел әлсіреуі болады. Соның салдарынан айналымдағы қан көлемі азаяды(кеңіп кеткен қан тамырларда қан жиналып қалуынан), оның ағу жылдамдығы баяулайды, ағзалар мен тіндерге оттегінің тасымалдануы бұзылады. Гипоксия нәтижесінде қан тамырларының өткізгіштігі артып, қанның сұйық бөлшектері тамыр сыртына шығып кетіп, оның айналымдағы көлемін одан сайын азайтады.осыдан артериялық қан қысымы күрт төмендеп кетеді. Бұл өз алдына гипоксия дамуын әрі қарай күшейтеді.
Талықсу(обморок)- қысқа мерзімге естен танумен көрінетін қан тамырлар қызметінің жіті жеткіліксіздігі. Талықсудың даму механизмінің негізінде эмоциялық қозу нәтижесінде кезбе жүйкесінің тонусы жоғарылап кетуі жатыр(қорқыныш, ауру сезімі,венепункция және т.б.). Артериялық қан тамырлардың қызметінің төмендеп кетуінен , айналымдағы қан дененің төменгі бөлігіне ауысады(тұрып тұрған қалыпта). Бас миының ишемиясы дамып, естен тануға алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |