4.Иллюстрациялық материалдар:
Дәрістік материалды презентациялау;
Сабақ тақырыбына байланысты плакаттар;
Кестелер мен сызбалар.
5.Әдебиеттер: №1 қосымша ақпаратты қараңыздар.
6.Бақылау сұрақтары:
Жасуша бүлінісі дегеніміз не?
2. Жасуша бүлінісінің себептері қандай?
3. Жасушааралық заттардың және жасушаның бүліністерінің жалпы механизмдері түсіндіріңіз.
4. Апоптоз дегеніміз не ?
Дәріс №3
Тақырыбы: Қабыну
Мақсаты: қабынуға алып келетін негізгі себептерді және қабынудың даму механизмін түсіндіру.
Дәріс тезистері
Қабыну – зақымдаушы фактордың(флогогендік) әсерінен болатын типтік үрдіс. Қабыну кеінде зақымдалған тіндер мен мүшелерде мынадай өзгерістер болады: жасуша құрылымының бұзылысы, қан айналым өзгерісі, қан тамырлар өткізгіштігінің артуы, және тіндердің пролиферациясы. Флогогендік ықпалдар 2 топқа бөлінеді – экзогендік(сыртқы) және эндогендік(ішкі) .
Сыртқы ықпалдарға:
- микроорганизмдер(бактериялар, вирустар,саңырауқұлақтар);
- жануарлар(қарапайымдылар, құрттар,жәндіктер);
- химиялық заттар(қышқылдар, сілтілер);
- механикалық әсерлер(бөгде дене, қысым);
- термиялық әсерлер(жылы, суық);
- сәулелік энергия(рентгендік, радиоактивті, ультракүлгін сәулелер).
Ішкі ықпалдарға: буындарға тұздың жиналуы, тромбоз, эмболия жатады. Мәселен, микроциркуляциялық бұзылыстарға байланысты болған инфаркттың орнында қабыну үрдісі дамиды.
Қабыну үрдісі 3 сатыдан тұрады:
1 сатысы – альтерация
2 сатысы - лейкоциттер көшуімен жүретін экссудация
3 сатысы – пролиферация.
Қан тамырлық өзгерістер 4 фазадан өтеді:
1 фаза – тамырлардың спазмы
2 фаза – артериялдық гиперемия
3 фаза – веноздық гиперемия
4 фаза – стаз (іркіліс) .
Қабыну медиаторлары(дәнекер):
Гуморальдық медиаторлар(кинидер, комплемент жүйесі);
Дайын жасушалық медиаторлар(мес жасушаларының медиаторы,серотонин, гепарин, лизосомдық ферменттер);
Қайта түзілуге қабілетті жасушалық медиаторлар(эйкозаноидтар, лимфакиндер, монокиндер, бос радикалдар).
Альтерация біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік альтерация зақымдаушы ықпалдың тікелей әсерінен дамиды. Екіншілік альтерация – организмнің біріншілік альтерацияға қайтаратын жауабы.
Экссудация – құрамында ақуызы бар қанның сұйық бөлігінің тамыр қабырғасы арқылы қабынған тінге өтуі. Қабыну кезінде бөлініп, тамырдан тінге өтетін сұйықтық экссудат деп аталады. Құрамына қарай экссудаттың келесі түрлерен ажыратады: серозды, фибринозды, іріңді, шірікті, геморрагиялық, аралас.
Экссудация үрдісі даму механизмі бойынша қабыну медиаторларының әсеріне байланысты. Экссудацияның жетекші факторы қан тамыр өткізгіштігінің артуы болып табылады.
Эмиграция – лейкоциттердің қан тамыр сыртына шығып кетуі. Қабыну ошағында ең алғашқы болып полиморфты ядролық лейкоциттер табылады. Қабыну ошағындағы лейкоциттердің негізгі мақсаты бөгде заттарды жұту (фагоцитоз).
Пролиферация – қабынудың үшінші сатысы. Фагоциттік қызметті атқарған лейкоциттер бірнеше сағаттың ішінде жойылады. Макрофагтар қабыну ошағын микроорганизмдерден тазартады. Өлген жасушалар пролиферацияны күшейтетін заттар бөліп шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |