б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.
Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.
3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013
Қосымша (Қ)
Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
Ұйымдастыру кезеңі: 15 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 42 мин (15%)
Науқасты төсекте ауыстыру.
Көтеру механизмі.
Төсектегі науқастардың орнын ауыстыру.
Науқасты ыңғайлы жатқызу.
Жаңа сабақты түсіндіру: 81 мин ( 30%)
Жоспар:
Жағдайы нашар науқастардың төсек – орнын ауыстыру;
Халі ауыр науқастарға функционалды көмек көрсету;
Екі немесе үш адаммен ұстау әдісі;
Науқасты жанымен жатып, отырғызып аяғын жерге түсіру
Науқасты шынтағымен көтеру әдісі
Емделуші көп уақытын төсекте өткізеді. Төсек – орны ыңғайлы, таза, матрастарының қаттылығы орташа, несебі өтетін болса, астына сықырламайтын, жатқан орнын былғамайтын плеенка төсеу қажет. Матрас ақжаймамен жиырылмайтындай жабылу керек.
Жағдайы нашар науқасқа матрастың үстіне екі қабатты ақжайма, жастықтың тысын да екі қабаттап салады. Ауа райына, күн мезгіліне байланыстықалың көрпе тысымен беріледі.
Науқастың төсек жапқыштарында қатты тігістер кедергі жасамау керек. Мейірбике науқасқа үнемі көңіл аударып, жағдайын сұрап, қамқорлық жасауы керек. Отыруға ыңғайлы қалып болу үшін төсектің басын көтеру керек, аяғын тізесіне дейін жиып отырғызу керек. Бас жағын көтеру үшін бірнеше жастық қойып биіктетуге болады. Аяқ жақты да биіктету үшін жастық, валик, тізенің астын жоғарылату арқылы түзеуге болады.
Науқасты көтермес алдын, оны қауіпсіз жерге ыңғайластыру, ыңғайлы қалына келтіру, көмек көрсетіп жатқан мед жұмысшы кауіпсіз болуы тиіс, ыңғайлы қалпы және науқастың салмағы мен тепе теңдігін ұстау. Өзіңіздің салмағыңызды ауырлық күшіңізге қолдану, науқасты көтеріп жатқанда бірнеше - қозғалмалы қимыл қолмен жасалады ( қозғалмалы әдісті өте сақ болып істеу Науқастарды жиі отырған немесе жатқан жерінен тұрғызып, болмаса көтеріп, орнын ауыстыруға тура келеді, сондықтан олыр өз күштерімен дұрыс есептеспей, дененің биомеханикалық заңдылықтарын ескермесе, бұл жағдайларда медицина қызметкерлерінің денесіне ауыр салмақ түсіп, омыртқалардың және басқа қозғалыс аппараттарының зақымдануы мүмкін. Түрлі ауыр салмақты заттарды көтергенде, науқастарға көмектескенде дененің биомеханикалық ережелерін қолдану керек.
Салмақты көтерместен бұрын аяқтың табандарының арасын 30 см алшықтықта ұстап, біреуін екіншісінен сәл алға жылжыту керек. Бұл қалыпта медицина қызметкері құлап қалмайтындай өзіне тепе – теңдікті, орнықты тіректі қамтамасыз етеді.
Науқасты немесе ауыр затты көтермес бұрын, оның қасында тұрғанына, оған қол жеткізу үшін алға иілудің қажетсіз екеніне көз жеткізеді.
Көтергенде денені тығыз жақындатып ұстау керек.
Көтергенде дененің жоғарғы жағын тік ұстап, тек қана аяқты тізеден бүгу қажет.
Салмақты шамадан тыс тез қимылмен көтермей, мейлінше бір қалыппен, жәймен көтереді.
Денені бұру үшін, алдымен салмақты көтереді, табанға тіреніп, денені бүкпей, жәймен бұрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |