15 Диета.
Белгілеудід қолданылатын кезі; тамақ қорыту мүшелерінің күйі қалыпты және арнайы емдік диета, сонымен қатар белгілеудің қажеті жоқ барлық сырқаттар ауырған жағдайда.
Белгілеудін мақсаты; емдеу мекемесі жағдайында сырқатты физиологиялық нормаларға сай тамақпен қамтамасыз ету.
Жалпы сипаттамасы; тағамның, белогы, майы, көмір сутегі мен калориясы дене еңбегімен шүгылданбайтын дені сау адамның тамақтану нормасына сәйкес, ал витаминдері көбірек. Тамақ сан алуан тағамдардан тұрады. Ет, құс, балық кез келген аспаздық өңдеуде; шұжық сосиска, консервілер- шектелген мөлшерде; сүт тағамдары; сүт немесе айран күнделікті; майларды, сары май және табиғи өсімдіктер майын күнделікті салатқа, винегретке және басқа да тағамдарға кұйып беру; Қиын сіңірілетін майлы тағамдар; майлы ет, қой жөне шошқа еті, сиыр, қой және шошқаның тоңазытқан майы, тәтті ұн тағамдары берілмейді. Татымдықтар шақтап пайдаланады. Аспаздык, өңдеуі витаминдерді сақтап отырып әдеттегідей болады.
Калориясы мен құрамы; 80-100 г белок, 80-100 г май, 400-500 г көмір сутегі, 50-100 г қант, 3000 калорий.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)
Медициналық мекемеде емдік тамақтануды ұйымдастыру. Үлестік-талапты құрастыру, аурухана бөлімдеріндегі тағамдарды сақтау, санитарлы нормалары мен жағдайларына бақылау жүргізу.
11. Жаңа тақырыпты бекіту: 27 мин (10%)
Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
1. Науқастардың тамақтану рационында белок, май, көмірсу ара қатынастары кандай болуы керек.
А) белок ара қатынасы жоғары
Б) белок, май, көмір су ара қатынасы ауру түрімен байланысты
В) 1:1:4 белок, май, көмірсуге сәйкес
Г) май ара қатынасы жоғары
2. Сау адамның тамақтану рационына не кіреді
А) 80-100 г белок
Б) 400-500 г көмірсу
В) 200 г май
Г) витаминдер, микроэлементтер
3. 1 г көмір су организімге қанша ккал береді
А) 0,3 ккал
Б) 4,1 ккал
В) 5,5 ккал
Г) 7,3 ккал
4. 1 г май организімге қанша ккал береді
А) 4,1 юсал
Б) 3,3 ккал
В) 9,3 ккал
Г) 8,8 ккал
5. Көмір су ненің қүрамында болады
А) крахмал
Б)ет
В) қант
Г) жұмыртқа
6. Тамақтану тәртібі бұл-
А) кулинарлық емдеу сипаттамасы
Б) тамақ, ішу уақьпъі және жиілігі
В) тамақтың сапалық құрамы
Г) тамақтың мөлшерлік құрамы
7. Қажет диета жөне оны қолдану ұзақтығы анықталды.
А) диеталық медбике
Б) аға медбике
В) дәрігер
Г) палаталық медбике
8. Порционник талаптарын ас блогына құрастыру есебі:
А) палаталық медбике
Б) аға медбике
В) бөлімше меңгерушісі
Г) диеталык медбике
9. Порционник ішіне кіретін мәлімеггер
А) өр түрлі диеталық столдардың саны
Б) науқастар саны
В) палаталар аталуы
Г) тамақтану төртібі
10. Тамақты кім үлестіреді
А) кіші мед. қызметкері
Б) буфетші
В) палаталық медбике
Г) диеталық дөрігер
Достарыңызбен бөлісу: |