Лабораториялық сабақтың жоспары және мазмұны:
1. Эмбрионнан кейін даму: жартылай метаморфозды дамитын насекомдардың дернәсілдері. провизор мүшелері
2. Толық метаморфозды дамитын насекомдардың дернәсіл типтері.
3. Насекомдардың қуыршақ типтері, имаго.
Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесі:
1.Жартылай метаморфозды дамитын тарақан, шегіртке, қанадаланың эмбрионнан кейінгі дамуын қарастырып, олардың дернәсілдерінің ересек формаға ұқсастығын және ерекшеліктерін анықтау, суретін салу.
Инеліктің, біркүндіктердің дернәсілдерін қарап, провизор мүшелерін анықтау, атқаратын қызметін көрсетіңдер.
2.Ылғылды препараттан, сызба-кестеден толық метаморфозды дамитын ( зауза қоңызы, колорад қоңызы, көбелек, үй шыбыны,т.б.) насекомдардың эмбрионнан кейінгі даму жолымен танысып, дернәсіл типтері: нағыз дернәсіл, жұлдыз құрт, жалған жұлдыз құрт, аяқсыз дернәсіл, аяқсыз-бассыз дернәсілдерді қол лупасымен қарап, оларға тән белгілерді анықтап, суретін салу.
3. Ылғылды препараттан, сызба-кестеден насекомдардың қуыршақ стадиясын қарап, типін анықтап, биологиялық маңызын көрсету, суретін салу.
Достарыңызбен бөлісу: |