Тақырып: Насекомдардың анатомиясы.
Мақсаты: Насекомдардың тіршілік әрекеті, қоректену тәсіліне байланысты анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Лабораториялық сабақтың мазмұны:
1. Қара тарақанның ішкі мүшелер жүйесі: бұлшық ет жүйесі, жүректің құрылысы.
2. Ас қорыту, кеңірдек жүйесі және зәр шығару мүшелері.
3. Жүйке жүйесі, жыныс мүшелері.
Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесі:
1. Қара тарақанды сойып, бұлшық ет жүйесі, жүректің құрылысын және оның орналасу ерекшелігін зерттеу.
2. Қол лупасының көмегімен ас қорыту мүшелерін талдап, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек бөлімдерімен танысу, ұшуға байланысты ерекшелігін анықтау, суретін салу.
Трахеи қабырғаларының, май дене және мальпигия түтіктерінің құрылысымен танысу үшін, олардың кесіндісінен уақытша микропрепарат дайындап, микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап, суретін салу.
3.Қол лупаның көмегімен қара тарақанның жыныс мүшелерінің құрылысымен танысып, суретін салу.
Жүйке жүйесінің құрылыс ерекшелігін қарастырып, суретін салу.
Достарыңызбен бөлісу: |