Тақырыптың атауы: Кіріспе. Зоология жануарлар әлемі туралы ғылым
Дәрістің мақсаты: Зоология ғылымы, оның зерттеу әдісі, нышаны, жануарлардың маңызы, жүйесі және зоологияның ғылым түрінде қалыптасып, даму тарихы туралы мағлұмат беру.
Техникалық оқу құралдары: сызба – кестелер, бейнефильмдер (жануарлар көптүрлілігі, жануарлардың маңызы) ғалымдар портреттері (Аристотель, К.Линней, Ж.Б.Ламарк, Ж.Кювье, Ч.Дарвин, орыс, қазақ ғалымдары)
Тірек сөздер:
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1.Зоология-жануарлардың морфологиясын, физиологиясын, биологиясын, экологиясын, филогенезін, эволюциясын зерттейтін ғылым.
2. Жануарлардың алуантүрлілігі, таралуы
3. Зоологияның даму тарихы, жүйесі.
1– сұрақ. Жер планетасындағы органикалық дүние бүгінгі күні 4 әлемге бөлінеді: прокариоттар (ядросыз 1-клеткалылар: бактериялылар, көк-жасыл балдырлар), саңырауқұлақтар өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлар. Тірі организмдердің қазіргі классификациясына байланысты биология 4 пәнге бөлінеді: микробиология(бактериология, виросология), ботаника, микология және зоология. Барлық тірінің бірлігі-клетка….Тірі организмдерді зерттеу барысында автотрофты қоректенетін өсімдіктерден жануарлардың ерекшелігі, олар гетеротрофты «голозойлы, сапрофитті) қоректенеді, т.б. . .
Жануарлар әлемі – Zoa немесе Animalia. « Zoon»-грек тілінде жануар деген сөз. Қазіргі кезде 2-2,5 млн.-нен астам түрі белгілі, ал қазба түрлер саны 130 мыңға жуық. Жер бетінде жануарлардың сан мөлшері мен биомассасын анықтау өте қиын, себебі 1 метр куб суда 77 млн-ға жуық ұсық планктонды жәндіктер, ал 1 м.куб топырақта бірнеше жүз мың топырақ омыртқасыздарын кездестіруге болады. Биосферада барлық биотопты, тіршілік ортаны (су, топырақ, құрлық-ауа, тірі организм) меңгерген. Әр тіршілік ортада жануарлар өздерінің тіршілік циклдерін қамтамасыз ететін трофикалық, топикалық және тағы басқа қарым-қатынастар нәтижесінда қалыптасқан бірлестіктер-биоценоздар құрамына кіреді. Биоценоз- биогеоценоз (белгілі абиотикалық жағдаймен сипатталатын және организмдер кешенінен тұратын, зат және энергия алмасу жүретін жүйе бірлігі) құрамына кіреді. Жануарлардың биогеоценоздағы белгілі ортасы-биотоп. Биоценозда әр түрге белгілі экологиялық қатар тән. Олардың экожүйеде функциональды ролі үлкен.
Түрдің экологиясы және эк-лық қатары оның морфофункциональды ерекшклігін анықтап, тіршілік формаларын қалыптастырады. . .мыс.:
Біздің планетаның жануарлар әлемі-ұзақ эволюция нәтижесі. Соңғы геологиялық мәліметтер бойынша жер планетасының жасы – 5-5,5 млрд ж. Алғашқы тіршілік ізі (бактерия, цианобактерия) – 3-3,5 млрд.,эукариот – 2 млрд. , ал көпклеткалылар – 1 млрд жж, кейінгі эволюция жануарлар дүниесінің гүлдеуіне әкелді.
Эволюция ілімінің негізін қалаған ағылшын ғалымы Ч.Дарвин (1809-1882) эволюцияның адаптивті сипатын анықтайтын қозғаушы факторы-табиғи сұрыптау екенін дәлелдеді. Соңғы жаңа концепция бойынша популяция генофондын өзгертетін факторлар тобы: мутация, комбинация, генетико-автоматты процесс, оқшаулану, табиғи сұрыптау. Түр іші популяциялардың жіктелуі-микроэволюция, ал ірі систематикалық топтар эволюциясы- макроэволюция.
Жануарлар әлемінің филогениясы макроэволюция процесінің көрінісі.
Тарихи процесте дивергенция жолымен организмдердің белгілері ажырап, жаңа систематикалық топтар пайда болады. Дивергенция жануарлардың көптүрлілігіне әкеледі.(параллелизм, конвергенция).
2. Систематикалық топтардың шығу тегі – монофилитикалы. Монофилия
– бір ата-тектен пайда болу. Эволюцияда будан жолымен жаңа түрлердің
пайда болуы мүмкін - полифилия .
3. Эволюция процесінде тіршілік формалар қалыптасады.
4. Эволюция адаптивті сипатты. Систематикалық топтардың адаптивті
эволюциясы гүлдеуге - биологиялық прогреске әкеледі
5. Эволюциядағы филогенетикалық өзгеріс – жануарларда гомологиялық
мүшелердің қалыптасуы.
6. Жануарлар организмі тұтастай эволюцияланады. Эволюция барысында организм, оның мүшелері және функциясы жетіледі, яғни коррелятивті дамиды (Ч.Дарвин). Бір мүшенің эволюцияда өзгерісі екінші мүшені өзгертеді. Эволюция жаңа систематикалық топтардың пайда болуына әкеледі.
7. Эволюция процесінде организмнің жеке дамуы және түрдің тіршілік циклі өзгереді.
8. Түрдің жеке және тарихи дамуы биогенетикалық заңда көрінеді (Ф.Мюллер,1864, Э. Гекель, 1866).
Түр эволюциясы биоценоз құрамында ілесті (коадаптивті) жүреді. Коадаптивті эволюция нәтижесі түрлер арасындағы қарым – қатынаста: жыртқыш – жемтік, паразит – ие, симбонттар, квартиранттар гүлді өсімдіктер мен насеком – тозаңдатқыштар т.б. көрінеді.
Зоология жануарлар туралы ғылыми пәндер жүйесі. Зоологияға бір жағынан жануарлардың ірі систематикалық топтарын, ал екінші жағынан олардың құрылысын, тіршілік әрекетін, дамуын, қоршаған ортамен байланысын, эволюциясын т.с.с. зертейтін ғылымдар саласы жатады.
1-ші зоологиялық пәндер тобына: 1 – клеткалы жануарлар туралы ғылым – протозоология, паразит құрттар туралы ғылым – гельминтология, моллюскалар туралы ғылым – малакология, өрмекшітәрізділер туралы ғылым – арахнология, насекомдар туралы ғылым –энтомология, балықтар туралы ғылым – ихтиология, қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар туралы ғылым – герпетология, құстар туралы ғылым – орнитология, сүтқоректілер туралы ғылым - териология немесе маммология т.б. жатады. Бұл ғылымдар екі бөлімге бірігеді: хордалылар типін зерттейтін – омыртқалылар зоологиясы және қалған 23 типті зерттейтін омыртқасыздар зоологиясы.
2- ші зоологиялық пәндер тобына: жануарлардың құрылысын зерттейтін – морфология, оған цитология, гистология, анатомия, эмбриология кіреді; жануарлардың тіршілік процестерін зерттейтін – физиология; қоршаған ортамен қарым – қатынасын зерттейтін – экология; жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейтін – зоогеография; жануарлардың көптүрлілігі мен олардың классификациясын зерттейтін – зоологиялық систематика; жануарлардың тарихи дамуы – филогенетика жатады.
Экологиялық пәндер цикліне: жануарлардың экологиялық морфологиясы және физиологиясы, жануарлардың популяциялық экологиясы, зооценология, мінез – құлық туралы ғылым – этология жатады. Қазба жануарлар туралы ғылымдар: палеозоология, палеоэкология болады.
Достарыңызбен бөлісу: |