Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын



бет56/214
Дата05.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#12199
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   214
3 – сұрақ.
Жануарларды ғылыми негізде зерттеп зоологияның гылым ретінде негізін қалаған гректің ұлы ғалымы, философы Аристотель (384 – 322 б.э.д.) . Ол жануарлардың 500 – ден астам түрін зерттеп, оларды 2-топқа бөлген: 1. «энойма» - қанды жануарлар, 2. «анойма» - қансыз жануарлар.1 – топқа аңдар. Құстар, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер, балықтар; 2 – топқа басаяқты моллюскалар, шаянтәрізділер, моллюскалар «басқалары), насекомдар- өрмекшілер –құрттарды жатқызды. Аристотель насекомдардың дамуын, құстардың көшу және қайту мерзімін, тауықтың бақаның дамуын т.б. зерттеген. «Жануарлар тарихы», «Жануарлардың дене бөліктері туралы» және «Жануарлардың пайда болуы туралы» еңбектерінде жануарлар құрылысы, эмбриологиясы, системасы туралы мәлімдеген.
ХУ – ғасырда капитализмнің дамуына орай зоология дами бастады.
ХУ1 – ХУ11 ғ – да көптеген зоологиялық материалдар жиналды, бұл жинақтау ғасыры деп аталды.
ХУ11 – ғасырда голланд Антон ван Левенгук, ағылшын ғалымы Роберт Гук – тың «клетканы « ашты.
ХУШ – ғасырда швед К.Линнейдің (1707-1778) құрған систематикасы. «Табиғат систематикасы» еңбегінде «түр», «туыс», «тұқымдас», «отряд», «класс» категорияларын пайдаланып алғашқы өсімдіктермен (7540) жануарлардың (4200) түрін зерттеп, сипаттап жазды. Жануарларды 6 класқа бөлді: Сүтқоректілер, Құстар, Хайуандар (бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер), Насекомдар, Құрттар.
К.Линней түр мен туысты латын тілінде атап, бинарлы номенклатура ұсынды. Осы күнге дейін барлық елдің ғалымдары түрді қосарлы атпен латын тілінде атайды. К.Линней систематика ғылымының негізін қалаушы
ХУШ ғ. аяғы және Х1Х ғ. басында органикалық дүние туралы эволюциялық пікірлер айтыла бастады. Француз Жорж Луи Бюффон (1707-1788) «Табиғат тарихы» еңбегінде үй жануарларының өзгеріске ұшырайтындығын дәлелдеді.
Эволюцияны қолдаушылардың бірі француз Жан Батист Ламарк (1744-1829) өзінің «Зоология философиясы» (1809) еңбегінде сыртқы орта әсерінен организмдердің ұдайы өзгеріп отыратынын көрсетіп, алғаш эволюциялық ұғым пайда болды.
Ж.Ламарк жануарларды омыртқасыз және омыртқалылар деп екі топқа бөлді. Омыртқасыздарға 10 класс: Инфузориялар, Полиптер, Сәулелілер, Құрттар, Насекомдар, Өрмекшітәрізділер, Шаянтәрізділер, Буылтық құрттар, Мұртаяқтылар, Моллюскалар , ал омыртқалы жануарларға 4 класс: Балықтар, Бауырымен жорғалаушылар мен Қосмекенділер, Құстар, Сүтқоректілерді топтастырды. Бұл кластарды құрылысының күрделену дәрежесіне қарай «градация» принципімен сатылы орналастырды. Организмдердің күрделенуін олардың ішкі прогреске ұмтылу күшімен түсіндірді.
Ж.Ламаркпен қатар француз Жорж Кювье (1769-1832) салыстырмалы анатомия, корреляция туралы ілімнің негізін қалаушы. Ол систематиканың дамуына да «тип» категориясын енгізіп, өз үлесін қосты (4-тип: Омыртқалылар, Жұмсақ денелілер, Бунақтылар, Сәулелілер). Ж.Кюбье К.Линней сияқты түр өзгермейді, тұрақты деп метафизикалық көзқараста болды.
Ж.Кюбье корреляция принципіне сүйеніп қазба жануарлар қалдығынан 150 жануардың тұрқын қалпына келтіріп, палеонтология ғылымының негізін салды.
Орыс ғалымы Карл Бэр салыстырмалы эмбриологияның дамуына жол ашты.
Х1Х – ғасырда биологияның және т.б. жаратылыстану ғылымдарының дамуы Ч.Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық ілімнің қалыптасуына ғылыми негіз дайындады. Ч. Дарвин өзінің еңбектерінде ( 3 еңбек) органикалық дүниеге материалистік түсінік берген эволюциялық ілімнің қағидалары мен түрлердің тегі және эволюцияның қозғаушы күштерін талқылап, тұжырымдады. Дарвин зоология, биогеография, палеонтология, эмбриология т.б. ғылым салаларының дамуына үлкен үлес қосты.
Х1Х ғасырда Шлейден мен Шванн клетка теориясын ашты. Фриц Мюллер мен Эрнст Геккель биогенетикалық заңды агты.
Систематика, зоогеография, фаунистика саласында М.Мензбер, П.Сушкина, Л.Берг, А.Иванов т.б. зерттеулерінің орны ерекше. Жануарлар экологиясында- Н.Рулье,Д.Кашкаров, А.Формозов т.б. үлкен үлес қосты. Эволюциялық палеонтологияда В.Ковалевский, физиологияда –И.Сеченов, И.Павлов т.б. салыстармалы эмбриологияда – А.Ковалевский, И.Мечников.
Эволюциялық морфология негіздерін шешуде А.Северцов, И.Шмальгаузен табысты еңбек етті.
Паразитологияда Е.Павловский, В.Догель, К,Скрябин, В.Беклемишев, ҚР-да раразитология мен гельминтологияның дамуына И.Галузо, Р.Шульц,Е.Гвоздев, К.Сванбаев т.б. үлес қосты.
Жануарлардың 2,5 млн –дай түрі белгілі және жыл сайын 7 мыңға жуық жаңа түрлер сиппаттап жазылуда. Жануарларды жүйелеумен, тіршіліктің көптүрлілігі туралы ғылам систематика айналысады. Систематика жануарлардың туыстық немесе генеалогиялық байланысын көрсетеді. Қазіргі систематика негізіне морфологиялық, физиологиялық, генетикалық, биохимиялық, экологиялық, географиялық ерекшеліктер алынады. 5 категория(таксон): тип. Класс, отряд, тұқымдас, туыс, түрге бөледі. Жүйелеу топтарына аралық таксондар да қатысады (тип тармағы,т.с.с.)
Қазіргі кезде жануарлар дүниесін 23 типке бөледі:
Жануарларды даму ерекшеліктеріне, құрылымына, зерттеу әдістеріне қарай екі бөлімге бөледі. Алғашқы 22 тип – омыртқасыз жануарлар,ал 23-ші хордалылар типі – омыртқалы жануарлар.
Жануарлар дүниесі клеткалық құрылысына байланыста екі дүние тармағына бөлінеді: Protozoa – бір клеткалылар (5 тип жатады) және Metazoa – көп клеткалылар.
Қарапайымдылар – бір клеткалы эукариоттар, физиологиялық жеке организмдер.
Көп клеткалылар үш бөлім үстіне бөлінеді: фагоцителлозоа – Phagocytellozoa алғ. Қарапайым көп клеткалылар. Оған Placozoa типі жатады. 2-ші бөлім үсті – төменгі сатыдағы көп клеткалылар – Parazoa, губкалар – Spongia типі жатады. 3-ші бөлім үсті – нағыз көп клеткалылар – Eumetazoa. Денесі 2 немесе 3 қабаттан тұрады, мүшелері, ұлпалары жүйке жүйесі жақсы дамыған. Олар дене симметриясына орай сәулелі (радиальды) – Radiata және екі жақты немесе билатеральды симметриялы жануарлар – Bilaterata болып бөлінеді.
Билатеральды, үш қабатты жануарлар целом қуыстарының дамуына байланысты қуыссыз немесе бірінші қуыстылар - Acoelomata , целом қуыстыларға – Coelomataға бөлінеді. Қуыссыздарға төменгі сатыдағы құрттардың 4 типі жатады(көрсету кк).
Соңында билатеральды жануарлар 2 топқа бөлінеді: алғашқы ауыздылар – Protostomia және екінші ретті ауыздылар – Deuterostomia.
Алғ. Ауыздылардың даму кезінде ұрықтың бластопорасы ауыз тесігіне айналады, мезодерма телобластика жолымен дамиды(типтер). Екінші ретті ауыздылардың даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі аналь тесігіне айналады, ал ауыз оған қарама-қар
1. Саркомастигофора типі - Sarcomastigophora
2.Споралылар - Sporozoa
сы эктодерманың майысу нәтижесінде түзіледі. Мезодерма энтероцель жолымен қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет