Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын



бет96/214
Дата05.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#12199
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   214
Тірек сөздер:
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1.Бунақтыденелілердің ішкі мүшелер жүйесінің құрылысы.
2. Насекомдардың физиологиясы. Инстинкт.
Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер, макеттер, ылғалды препараттар


1-сұрақ.
Насекомдардың бұлшықет жүйесі жіктелген: денені және оның өсінділерін қозғалысқа келтіретін қаңқа бұлшықеттері және ішкі мүшелер құрамына кіретін – ішкі бұлшықеттер.
Бұлшықет күші салыстырмалы айтарлықтай, өз денесінен 14-25 есе ауыр жүкті қозғай алады, өз дене ұзындығынан 100-1000 есе артық ұзындыққа секіре алады (шегіртке, бүрге). Бұлшықет секундына 1000 рет жиырылуы мүмкін. Бұлшықет жұмысының жеделдігі – кеңірдекті газ алмасу жағдайында бұлшықеттегі химиялық процесс жылдамдығының жоғарылығымен түсіндіріледі.
Асқорыту жүйесі 3 бөліктен тұрады. Эктодермальды алдыңғы ішек кутикуламен төселген – жұтқыншақ, өңеш, жемсау және бұлшықетті қарыннан тұрады және 1-2 жұп сілекей безі болады. 1-ші жұп сілекей безі ас қорыту ферментін бөледі, 2-ші жұп жібек немесе өрмек безіне айналған (көбелек жұлдызқұртында). Алдыңғы ішекте қорек механикалы ұсақталады және сілекейдің әсерінен қорытылады. Қоректену тәсіліне қарай өзгеруі мүмкін. Мысалы: араларда «бал қарыны» - жемсаудың тұйық өсінділерінде бал жиналады, кейін ұялар толтырылады. Өсімдік қоректі насекомдар қарнында ірі хитинді тістер болады.
Энтодермальды ортаңғы ішекте ас қорытылады, сіңіріледі. Алдыңғы ішекпен шекаралас бөлігінде тұйық – пилорикалық өсінділер – ас қорыту безінің қызметін атқарады және қорытылған қоректі сіңіреді. Бауыр редукцияға ұшыраған ( дене массасы жеңілдейді - ұшуға бейімділік ).
Қоректенуге мамандануға байланысты әртүрлі асқорыту ферменттері өндіріледі. Жануарқоректілерде протеолитті ферменттер, өсімдік қоректілерде клетчатканы қорытатын - целлюлоза ферментін бөлуге қабілетті ішек симбионттары: қарапайымдылар мен бактериялардың көмегімен жүзеге асады. Мысалы: термиттер ішегінде ағаштекті қоректі қорытуды қамтамасыз ететін симбионттардың бірнеше ондаған түрі тіршілік етеді. Егерде термит ішегін симбионттардан босатса, термит өледі.
Ортаңғы және артқы ішек аралығында 2-150 эктодермальды мальпигиев тамырлары ашылады.
Артқы ішек ащы, тоқ және тік ішекке жіктеледі. Тік ішек қабырғасында ректаль безі болады, экскримент және эксекримет құрамындағы ылғалды соруды жүзеге асырады.
Зәр шығару мүшесі – мальпигиев тамырлары. Суда, ылғалды ортада тіршілік ететін формаларда мальпигиев тамырлары көп (150), себебі олар осмос қысымын да реттейді, ал қуаңшылықта тіршілік ететін түрлерде 1-2 жұп.
Зәр шығару қызметін май денелер, перикардия клеткалары атқарады. Зат алмасу өнімі жабын – кутикулада да жиналады, түлегенде кутикуламен бірге бөлінеді (дернәсілдерде).
Май денелер бірнеше функция атқарады. Қорек қоры (май, ақуыз , гликоген), метоболия ылғал қоры, дене массасын жеңілдейді. Сондықтан насекомдар ұзақ қорексіз, сусыз өмір сүреді, жылдың қолайсыз маусымын өткізеді.
Қан айналу жүйесі ашық. Қан – гемолимфа дене қуысында мүшелерді жуып, ағады. Жүрегі камераларға бөлінген түтік пішінді арқасында орналасады, жиырылып қанды қозғалтады (құрылысы, СОӨЖ-де қаралады).
Насекомдар қаны плазмадан және қан түйіршіктері – гемоциттерден тұрады, оның арасында фагоциттер , лейкоциттер , амебоциттер болады.
Қоректі затты мүшелерге таратады, зат алмасу өнімін зәр шығару мүшесіне жеткізеді, тіршілік процестерін гуморальды реттейді. Кеңірдек жүйесінің жақсы дамуына байланысты қан организмді газ алмасуға қатыспайды. Кейбір суда тіршілік ететін дернәсілдердің (масалар түрлері ) қанында гемоглобинге ұқсас қызыл пигмент болады. Оттегіге мұқтаждық туғанда, қан газ тасымалдап, тыныс алу процесіне қатысады. Насекомдар қаны дененің тургорын анықтайды, әсіресе жабыны жұқа, жұмсақ дернәсілдерде. Гемолимфа қысымына байланысты жас даралардың қанаттары жазылады, түлеу кезінде жабын жарылады.
Кейбір насекомдар қаны улы, оның қорғаныштық маңызы бар. Мысалы, қанқызы, алагүліктер қанының күйдіргіш қасиеті болады. Қауіп төнгенде, сегменттер және аяқ буындары арасынан қан бөлуге қабілетті. Осындай насекомдар ашық реңді, жыртқыштарды улы, жеуге жарамсыз екенін ескертеді.
Тыныс алу жүйесі – трахей (кеңірдект) сыртқы демтесіктер – стигмамен ашылатын жабынның ішкі терең майысуы (выячивания)
Кеңірдектің іші жұқа кутикуламен – интиммен астарланған, оны спиральды қалыңдаған – тенидин түзеді. Тенидин кеңірдектің қабысуына кедергі болады. Трахей бұталанады, одан өте жіңішке – трахеолдар басталып ұлпа, клетка ішіне енеді, ұлпадағы газ алмастыру жүзеге асырады. Максимальды 10 жұп стигма болады, екі жұп көкіректе, қалғаны құрсақ сегменттерінде орналасады. Кейде кеңейіп ауа қабын түзеді, олар дененің меншікті салмағын жеңілдетеді. Жақсы ұшқыш насекомдарда (шыбын, аралар) ауа қаптары дене қуысының үлкен бөлігін қамтиды. Кеңірдек – ашық жүйе.
2-сұрақ.

Насекомдардың суда дамитын дернәсілдерінде кеңірдек – тұйық, кеңірдекті желбезек (іші кеңірдек торы дамыған тері өсінділері) дамиды. Ол суда еріген оттегімен тыныс алуға мүмкіндік береді.


Басқа буынаяқтылардан насекомдардың ерекшелігі: оттегі ұлпаға кеңірдек жүйе арқылы жетеді, қан айналу жүйесі газ тасымалдауға қатыспайды.
Жүйке жүйесі барлық буынаяқтылар тәрізді – бас миы бауыр жүйке тізбегі.
Бас миы (жұтқыншақ үсті түйін) үш бөлімнен тұрады: прото-, дейто- және тритоцеребрум. Протоцеребрум акронды және көзді, дейтоцеребрум – мұртшаларды, тритоцеребрум – жоғарғы ерінді нервтендіреді. Протоцеребрумда саңырауқұлақтәрізді денешік дамыған, оған көру мүшелерінен жүйке өсінділері келеді. Мінез-құлқы күрделі насекомдардың бас миы, саңырауқұлақты денешігі жақсы дамыған.
Жұтқыншақ асты жүйке ганглиясы 3 жұп ганглиядан тұрады, ауыз аппаратты және алдыңғы ішекті нервтендіреді.
Бауыр жүйке тізбегі 11-13 жұп ганглиядан тұрады: 3 көкірек және 8-10 құрсақ (ганглиялар олигомеризациясы байқалады).
Ішкі мүшелерді нервтендіретін симпатикалық нервтер бар.
Орталық жүйке жүйесіне нейросекреторлы клеткалар кіреді, олардан нейросекреттер аксонмен кардиальды, жанама денелерге алдыңғы көкірек бездеріне келеді, олардан бөлінген гормондар гемолимфаға қосылады. Нейросекрет гемолимфаға қосылады. Нейросекрет эндокрин бездерінің жұмысын реттейді, олар өсу, түлеу, организмнің өсуі және зат алмасуды реттейді.
Жанама дене, дернәсілдерде ювениль гормонын бөледі, ол дернәсілдің дамуын қолдайды, метаморфозды (қуыршаққа айналуды) тежейді. Имагода ювениль гормоны жыныс өнімінің дамуын жеделдетеді.
Кардиаль дене организмде зат алмасуды реттейді. Алдыңғы көкірек безінің сөлі (экдизон-түлеу гормоны) түлеуді іске асырады. Сонымен насекомдардың тіршілік процестері нейрогуморальды реттейді.
Насекомдардың сезім мүшелері: механорецепторлар, хеморецепторлар, термо-, гигрорецепторлар және фоторецепторлар.
Механорцепторлар механикалық тітіркендіргішті қабылдайды. Бұл сипап-сезу, есту және сейсмикалық сезім мүшелері.
Есту және сейсмикалық сезім – ортадағы тербелісті қашықтықты қабылдайды. Бұл сезім мүшелерінің сенсиллалары маманданған, сколпофора деп аталады. Сколопофоралар есту мүшесі – хордотональ құрамына кіреді. Ол әртүрлі насекомдарда дененің әртүрлі бөлігінде орналасады (құрсақ, мұртша, аяқ, қанат)
Сколпофоралар есту мүшесі – тимпаналь құрамына кіреді, ол шекшектерде алдыңғы сирақта орналасады. Шегірткелерде есту мүшесі І-ші құрсақ сегментінде, әнші цикадаларда –құрсақ негізінде көкіректе орналасады. Есту мүшелері тек дыбыс шығаратын насекомдарда болады.
Хеморецепторлар химиялық тітіркендіргішті қабылдайды (контакталы немесе қашықтан). Оған дәм және иіс сезу мүшелері жатады.
Иіс сезу - қашықтық хеморецепция. Иіс сезу сенсиллдері мұртшада болады. Насекомдар иісі арқылы қорегін жұмыртқа салатын орын, жұбын іздейді (көбелек аталығы аналықты 3-9 км сезеді).
Дәм сезу – контактылы хеморецептор. Насекомдардың дәм сезу клеткаларының бірі – ащы, ІІ-сі тәтті, ІІІ-лері қышқыл дәмді сезеді.
Шыбын, көбелектердің дәм сезу мүшесі алдыңғы аяқ табанында, қоңыздарда жақ және ерін өсінділерінде орналасады.
Термо-, гигрорецепторлар ылғалдылық, температураны сезеді (контактылы қашықтан). Олар мұртшада, ауыз аппаратының өсінділерінде орналасады.
Фоторецепторлар – көру мүшелері – күрделі фассет және жай көздер.
Насекомдар күндізгі және ымырт топтарына бөлінеді.
Көбелек, ара, шыбын, құмырсқалар түсті айырады. Ара 4 түсті көреді. І түс адам көретін қызыл, сары, жасыл, ІІ түс көк-жасыл, ІІІ көк сия және 4-ші ультракүлгін түске сәйкес келеді.
Жүйке жүйесі, сезім мүшелері жақсы жетілген насекомдардың тіршілік жағдайларға бейімделу формасы, туа біткен күрделі қылық әрекеті рефлекстік жолмен жүзеге асады. Насекомдардың тіршілік әректеті шартсыз рефлекстерге негізделген: инстинктер, ұрпағына қамқорлық жасау, т.б. Мыс: аралардың шырын, тозаң жинауы, ұяшықтар жасауы, үйір құруы, дернәсілдерін қоректендіру – инстинктивті жүреді.
Ұрпаққа қамқорлықты аналықтар жасайды. Мыс: жалғыз басты аралар ( Vespidae тұқымынан) ағашта, жерде ұяшықтар жасап, оның әрқайсысына шырын, өсімдік тозаңын салып соған жұмыртқаларын салып, бетін жабады. Аналаықтар ұяшық ылғалдылығының жоғарлауын, дернәсілдердің тағам қорына батып кетуден қадағалайды. Ұрпағына қамқорлық – жабайы аңшы араға да тән. Ол өз жемтігін – насекомдарды өлтіріп, ініне жинайды да, оған жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан ара дернәсілдері сол насекомдармен қоректеніп жетіледі.
Кейбір насекомдарда ұрпаққа қамқорлықты аналықтармен бірге аталықтар да атқарады. Мыс: қи қоңызы (Scarabaeus тұқ.) қиды домалақтап, қозған ініне тастап оған жұмыртқасын салады, одан шыққан дернәсіл қиды жеп болғанша аналық және аталық інде жатады, содан кейін оны тастап кетеді.
Қауымдас насекомдарда инстинктік қылық күрделі (аралар, құмырсқалар, термиттер). Олардың қауымы тек өздеріне тиісті қызмет атқаратын және морфологиялық құрылысымен ерекшеленетін даралар тобына бөлінеді. Мыс.:жұмысшы даралар (ара, құмырсқа, термит), «солдаттар (термит), аталық даралар (ара, құмырсқа). Қауымдасып тіршілік ететін, насекомдарда жыныс полиморфизмі айқын байқалады.
Бұл аралардың қауымы ең жоғарғы дәрежеде құрылған. Олардың семьясында бір падиша (аналық), жүздеген аталықтар және 10000-50000 кейде 100000 жұмысшы аралар болады. (СОӨЖ, СӨЖ-де қаралады)
Құмырсқа, термиттер қауымдары да өте күрделі (СОӨЖ, СӨЖ-де қаралады)
Сонымен, қоғамдық насекомдардың тіршілік әрекеті – эволюция барысында ұрпақтан ұрпаққа берілетін шартсыз рефлекстің тізбегі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет