Курстық ЖҰмыс қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Тақырыбы: Ес процестерінің эмоционалдық түстерін бағалау



бет4/5
Дата19.05.2022
өлшемі1,04 Mb.
#144068
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сейдуәлі Арайлым ТП-18-2к2
пед жаңа сұрақтар2019-20, НКТ 402 ДФ, Сурдопсихология пәні, 2 5199613946864082840, Документ Microsoft Word (3), Тест сұрақтар
Тақырыбы: Ес процестерінің эмоционалдық түстерін бағалау
Мақсаты: нашар көретін балалардың эмоционалдық өмірінің деңгейін бағалай отырып, есте сақтау процестерінің даму ерекшеліктерін анықтау.
Құралдар: карандаш және сурет дәптер.
Уақыты: 20-30 минут.
Нұсқауы: Мен саған қызық ертегі айтып беремін, екеуміз бірге сурет саламыз.
Мазмұны: Балаға ертегі оқылады: мазмұны қызықты болу қажет және кейіпкерлер саны 2-3 тен аспауы қажет. Ертегі айтылып болған соң сол сәтте баламен бірігіп отырып рурет салынады. Ең бастысы баланың кейіпкерлерді талдауы, түстерге бояуы, қосымша мәлімет беруі, ой пікірмен бөлісуі және т.б.
Нәтижелерін өңдеу: сапалы түрде бағалау жасалынады.
Андақұлова Халида осы мектептің 2-а сынып оқушысы. 8- жаста. Көру бұзылысы: мектепке дейінгі жаста пайда болды. Қоршаған ортасы: ата-анасы, әпкесі. Жұмыс жүргізу барысындағы ерекшеліктер: жұмысты ережесімен орындады , кейіпкерлердің киімдерінің әрқайсысының түстерін бояп шықты. Көмек қажет еткен жоқ.
Қорытынды: Халида мен оқыған ертегінің кейіпкерлерін талдады. Ондағы шал мен кемпірдің мінезіндегі жан ашығыштықты, өте мейірімді, балаларының жоқтығынан қиналып жүргендігін айтып, шал мен кемпірді жағымды кейіпкер деп санады. Олардың киімдерінің түстерін ашық түспен бояды. Жалпы алғанда Халиданың сөздік қоры орташа.
Тақырыбы: « Мазмұнын қайта айтып бер »
Мақсаты: Ұзақ мерзімді ес процесін зерттеу ерекшекліктерін белгілеу.
Уақыты: 3 минут.
Нұсқауы: Мен сендерге әңгіме оқып беремін, ал сендер оны мұқият тыңдап алып, біраз уақыт өткен соң айтып бересіңдер.
Мазмұны: Балаларға қызықты оқиға оқылады. 30 минут өткен соң оқиғаны балалар жеке – жеке қайтадан айтып беруі қажет.
Нәтижелерін өңдеу: таблицаға әр балалның көрсеткіші енгізіліп, деңгейлермен бағаланады.
Жоғары деңгей: Бала оқиғаны сөзбе сөз қайталап берді. Әңгіменің сюжеті өзгерген жоқ.
Орташа деңгей: Бала сюжетті өзгерткен жоқ, бірақ қарапайым деңгейде өз сөзімен түсіндіріп берді.
Төмен деңгей: Бала оқиғаның сюжетін есінде сақтамаған, сөйлемдері байланыссыз , эмоционалдық компоненттері берілгенімен сюжетпен мүлдем байланысы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет