ІІ тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктері және жас кезеңдері
2.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене даму сатылары
Бала туылғаннан бастап, мектепке барғанға дейінгі алғашқы жылдар адам өмірінде өте үлкен маңызға ие. Бұл кезеңде денсаулықтың іргетасы шыңдалады, әр түрлі қабілеттер дами бастайды бастайды, сапалы қасиеттері көрінеді және мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады. Осы жылдарда баланың қалай тәрбиеленуі, оның болашақтағы оқуына, жеке адамзат болып қалыптасуына негіз болады.
Баланы алғашқы жылдары жан-жақты тәрбиелеудің негізгісі дене тәрбиесі болып табылады. Дұрыс дамып келе жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Үш жасқа дейінгі баланың тәуліктік қажеттілігі 6,5 локамация, ал жеті жастағылардікі 16-18 локамация. Қозғалыс ықпалымен жүрек-буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсартады, трек-қимыл жүйесі жетіліп зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының ауруға қарсы әрекетін күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемдітаниды, оның психикасы, еркі, дербестігі, үлгерімі, ұйымшылдығы дамиды.Әсіресе қол саусақтарының қимылы зор мәнге ие, болады. Мидың үлкен жарты шеңбер үлкен жарты шеңбер бөлігінің белсенділігін арттырып, тіл қозғаушы орталықтың дамуын реттейді. Сондықтан бала неғұрлым түрлі қимыл-қозғалыстарды меңгерсе, соғұрлым сезім, қабылдау және де басқа психикалық процестерді дамуын мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгі мекемелерде 2 айдан 7 жасқа дейінгі балалар қатысады. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне, өмір шарттарына, тәрбиесі мен оқу біліміне қарай болып бөлінеді. Олар яслилік және мектепке дейінгі топтар болып бөлінеді. Ясли: нәрестелік жастағы бірінші топ (2 айдан 1 жасқа дейін) және нәрестелік екінші топ (1 жастан 2 жасқа дейін). Мектепке дейінгі: бірінші сәбилік топ (3 жастан 4 жасқа дейін), орташа топ (4 жастан 5 жасқа дейін), жоғары топ (5 жастан 6 жасқа дейн) және мектепке дайындық топ (6 жастан 7 жасқа дейін).
Достарыңызбен бөлісу: |