Курстық жұмыс Пәні: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі Тақырыбы



бет16/23
Дата01.06.2020
өлшемі105,67 Kb.
#71997
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
курстыыыық ж
1 сынып ДЕНЕ ШЫНЫКТЫРУ ҚМЖ
Дене тәрбиесінің мазмұны

Жасына лайықты қимыл – қозғалыс ерекшеліктермен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене тәрбиесінің арнайы құралдары қолданады.

Бала дене тәрбиесінде, әсіресе өте жас кезінде күн режимі басты маңызға ие болады. Күн режимін сақтау (жүйелі сергу,  ұйқы, тамақ т.б.) баланың ырғақтылығын қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін әлсіреуден  сақтайды. Күн режимінің тәрбиелік маңызы да зор: белсенділікті, дербестікті, үлгерушілікті арттырады. Бала даму үшін санитарлық тазалық құрылымының да зор мәнге ие. Тәртіп пен тазалықты ұстану, бөлменің ауасын, жарығын, жылылығын реттеу, дұрыс киіну – дене тәрбиесіндегі ең басты нәрсе.

Бала ағзасын шыңдауда табиғат әсерлері де кеңінен қолданылады, олар: ауа, су және күн. Әр баланың жеке бас  ерекшелігіне байланысьы шыңдайтын процедураларды жүйелі қабылдау жүйке жүйесін нығайтады, бейімділікті арттырады, аурудың алдын алуға көмектеседі.

Дене жаттығулары барлық жастағыларға ортақ. Нәрестелік жастағы балаларды шынықтыру кешеніне бәсең (аяқты бүгу, жазу, қолды кеудеге қысу, оны қапталдарға жазу), белсенді (отырып тұру, тұлғаны, бүгу т.б.) жатады.

Екі жастан жеті жасқа дейін әр түрлі жаттығулар пайдаланылады: 1) гимнастикалық: жүру мен жүгірудің түрлері, тереңдікке, ұзындыққа биіктікке және қапталдан жүгіріп келіп секіру, би қимылдары; 2) сюжетсіз қозғалыс ойындары (жалаушаға дейін жүгіру) және сюжетті («Аққулар мен қаздар»), спорт ойындарының элементтері (бадминтон, стол теннисі); 3) спорт жаттығулары: велосипедпен жүру, шаңғымен сырғанау, т.б; 4) қарапайым туризм: жаяу қыдыру.

Нәрестелік жастағы бірінші топтағы балаларға жеке ерекшеліктері арқылы сабақ 12-15 жаттығу мен уқалау (сылау, ысқылау, т.б.)  түрлері арқылы өтеді. Бұндай сабақтың ұзақтығы 8-10 мин. Нәрестелік жастағы екінші топтың сабағы екі топқа  бөлініп өтіледі: бір жастан бір жарым жасқа дейінгілерге 6 бала қатысады, ал бір жарым жастан екі жасқа дейінгіде 6-10 бала қатысады. Сабақ ұзақтығы 10-15 мин. Әр топқа  даму қалпы бірдей балалар жинақталады. Жалпы дамытатын, сабақты бір мезгілде неше бала ойнайтын таяқшалар, шеңберлер қолданады және қимылдың барлық түрі ретімен орындалады. Сабақ тыныс алу мүмкіндігін де қарастырады.

Мектепке дейінгі балалар үшін сабақ түрі әр түрлі (екі жастан жеті жасқа дейін).

Дене тәрбиесі сабақтары – оқу-тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып есептеледі. Сабақтың мақсаты – жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 20-25 минуттан аптасында 3 рет, ал мектепке дейінгі топтарда 30-35 минуттан өтіледі. Сабақ үш  бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.

Таңғы жаттығу – балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы – 5-10 мин. Дайындық тобында 12 – 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).

Дене тәрбиесінің мезеті – тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл-ой жұмысын арттыру қолданады. Ол шаруадан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.

Қорғаныс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады.

Дене тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі топтарда 20-30 мин, жоғарғы және дайындық топтарыда 45-50 минуттан өтеді. Бұл жерде дене тәрбиесі сабақтарынан айырмасы еркін қимыл қарастырылған, ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.

Дене тәрбиесі мерекелері жылына екі рет орта дайындық топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренген спорт ойындарын, жаттығуларын, билерін пысықтацды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1,3 сағат. Балалардың дербес қимыл қызметі күннің әр түрлі уақытында жасалады: таңертеңгі асқа дейін, сабақ арасында, күдізгі, кешкі  серуенде, түскі ұйқыдан кейін. Ол тәрбиешінің бақылаумен жұүзеге асады. Оның түрлері мен ұзақтығы балалардың қабілеті мен қажеттіліктеріне байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет