Курстық жұмыс Пәні: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі Тақырыбы


Өз бетімен дене жаттығуларын орындау



бет12/23
Дата01.06.2020
өлшемі105,67 Kb.
#71997
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
курстыыыық ж
1 сынып ДЕНЕ ШЫНЫКТЫРУ ҚМЖ
Өз бетімен дене жаттығуларын орындау. Балалардың өз бетттерімен, өз еріктерімен, өз ұсыныстарымен дене тәрбиесі жаттығуларын таңдауы олардың қозғалыс іскерліктерін көрсетеді. Тәрбиешіге балалардың қандай қозғалыс түрлерін, спорт түрлерінің қандай жаттығуларын ұнататынын, қандай қозғалыс түрлеріне икемдіктері, құштарлықтары бар екенін анықтауға көмектеседі. Өз бетімен дене жаттығуларын орындау арқылы, бір-бірлеріне үйренген жаттығуларын көрсету арқылы балалардың қозғалыс тәжірибелері кеңейеді, өздеріне сенімділігі нығаяды.

Сәби және мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың екі түрі бар. Бірінші түрі – мемлекеттік, балалардың дене тәрбиесі жұмыстары бала бақшаларда ұйымдастырылады. Екінші түрі – дербес, өз беттерімен, бұл кезде дене тәрбиесі жұмыстары отбасында жүргізіледі.

Дене тәрбиесі жұмыстарын мемлекеттік түрде ұйымдастыру мектепке дейінгі балалар мекемелерінде міндетті түрде ұйымдастырылуы керек. Кеңес үкіметі ыдырап, аумалы-төкпелі кезде көптеген бала бақшалар жекешелендіріліп кетті. Жекешелендірілген бала бақшалары өз қызметтік бағыттарымен жұмыс істемей, басқа коммерция, ақша табу бағыттарында жұмыс істей бастады. Қазіргі еліміз егемендігін алып, мемелекет экономикасы көтерілген, адамдардың барлығы жұмыстармен қамтамасыз етілген, кәсіпорындардың бәрі жұмыс істеген кезде балабақшалар санын қайтадан көбейту, жаңа бала бақшалар салу құрылыстарын жандандыру мәселелері күн тәртібіне көшті. Қалаларда бала бақшалар салына бастады.

Қазіргі кезде ата-аналары күні бойы жұмыста болғанда балалар бос қамалып отырмай, немесе жалданған бір тәрбиеші, бір мамандық иесінің ғана тәрбиесінде болмай, жоғары дәрежелі мамандардың қарауында болып, жан-жақты тәрбие, білім алулары керек болатын жағдай туды. Жоғары дәрежелі ұстаздар, өз кәсіптерін, мамандықтарын өте жақсы меңгерген адамдар күні бойы жұмыста жүрген жұмысшылардың,қызметкерлердің балаларын өте жоғары деңгейде тәрбиелеуге міндетті. Сол тәрбиенің бірі, маңыздысы – дене тәрбиесі. Сондықтан да біз келешек дене тәрбиесі мамандары мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі жұмыстарын сауатты, білікті, әдістемелік дұрыс жолдармен іске асыруымыз керек.

Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі сабақтары бала бақшалардағы балаларды оқыту және тәрбиелеуге арналған мемлекеттік бағдарламаның «дене тәрбиесі» бөліміндегі міндеттер, дене тәрбиесі жаттығуларының түрлері мен мазмұнына сай өткізіледі. Дене тәрбиесі сабақтарын бала бақшаның тәрбиешілері мен дене тәрбиесі әдіскерлері өткізеді.Дене тәрбиесі сабақтарының әдістемесі балалардың жастарына, қозғалыс мүмкіншілігіне және бала бақшаның базасы мен спорттық құрал-жабдықтарына байланысты жүргізіледі.

2 жастағы балалардың қозғалыстарын жетілдіретін негізгі жаттығулар: жүру, өрмелеу, кедергілерден өту, доптармен, ойыншықтармен, шеңберлермен, гимнастикалық таяқтармен, секіртпелермен ойнайтын әр түрлі ойындар. Бұл жастағы ең тиімді сабақ түрі – ойын. Ойын арқылы балалар өздерінің қимыл қозғалыстарға деген сұраныстарын қанағаттандырады. Дене тәрбиесі жаттығулары сабақтары аптасына 2-3 рет өткізіледі.

2-3 жастағы балалармен сабақ жүргізу кезінде көбінесе сөз қолдану және көрнекі әсер ету әдістері қолданылады. Бұл жас кездерінде балалардың тілдері әбден шығып, сөйлескісі келіп тұрады. Балалардың белсенділігін, ықыластарын, қызығушылықтарын арттыру үшін бейнелі, жан-жануарларды бейнелеу тапсырмалары беріледі. Мысалы: тышқандар секілді ақырын-ақырын жүгіреміз, мысық секілді епті секіреміз, аюлар секілді қатты-қатты тарсылдатып аяқ басамыз т.с.с. бейнелеу тапсырмалары. Дене жүктемесі орташа, онша ауыр да емес, соншалықты жеңіл де болмайтындай ретте берілуі керек. Жүктемені қалай бергенімізді тамыр соғысы арқылы жеңіл бақылауға болады. Сабақтың басталуы мен аяқталуы кезіндегі тамыр соғысының айырмасы 10 соғу/ мин болса, онда жүктеме дұрыс берілген деп есептеледі. Одан көп болып кетсе жүктеме артық берілгені, аз болса жүктеме жеткіліксіз берілгені. Үш жастан асқан балалардың ойын әрекеттері күрделі және әр түрлі болып келеді. Көбінесе мазмұнды, сюжетті, бір адамның немесе жан-жануардың рөлдерін ойнау түріндегі ойындар ойналады.

3-4 жастағы балалармен сабақтар жүргізгенде ЖСЖ 130-140 соғу/мин, 5-7 жастағы балалармен 140-150 соғу/мин кем болмайтын қарқындылықпен жаттығуларды орындағанда ғана бала ағзасына жаттықтыру әсерінің тиімділігі болады. Біртіндеп жүрудің, жүгірудің, секірудің, лақтырудың, өрмелеудің, тепе-теңдік ұстаудың күрделі түрлері қолданылады.

Сәби және мектепке дейінгі жастардағы балалардың дене тәрбиесі кезінде барлық дене қасиеттерін дамыту міндеттері орындалады. Біріншіден, ептілік, қимыл үйлесімділігі қасиеттерін дамытуға назар аудару керек болады. Олар: тепе-теңдікті ұстай білу, дәлдік, ырғақтылық, әр түрлі қозғалыстар үйлесімділігі. Ойын кезіндегі қарапайым қимыл-әрекеттерді орындау, қайталау арқылы жылдамдық қасиеттері дамиды. Күш, күш төзімділігі қасиеттерін дамыту кездерінде алдымен іштің, арқаның, аяқтың, қолдың, табанның бұлшық еттеріне назар аудару керек. Күш жаттығулары аз ғана ауырлықта орындалуы қажет. Ол көбінесе өз салмағын басқару жаттығулары түрінде орындалады. Олар: орнында тұрып отырып-тұрулар, өрмелеулер, секірулер, секіртпелермен әр түрлі жаттығулар және т.б. қарапайым жаттығулар және ойын түрлерінде беріледі.

Жаңа жаттығуларды меңгеру кездерінде бөлшектеп емес, толық үйрету әдісін қолдану қажет. Жаттығулар техникасын бөлшектеп көрсеткенде бала мағынасын ұқпай қалады. Мағынасын ұқпаған соң ол жаттығуға деген баланың қызығушылығы жоғалады.

Педагог саналы көзқарастарын таныта алатын, білімі мен тәжірибиесін жан-жақты дамытып байыта алатын сәт мектепке дейінгі мекеме қабырғасынан басталады. Балабақшаның тәрбие мен оқытудағы негізгі мақсаттары: Денсаулық сақтау мен нығайту және деңгейін көтеруде өз ағзаларындағы қорларын қолдану, баланың дамуында жеке үйлесімділікті қамтамасыз ету, ата- аналарды салауатты өмір салтына араластыру. Балабақшадағы әрбір  тәрбиеші –педагог  оқу-тәрбие жоспарын тиімді әрі нәтижелі етіп ұйымдастыру үшін өздерінің бағдарлық біліктіліктерімен, қабілеттіліктерімен қатар, педагогикалық жаңа технологиялар негіздерін жетік меңгеруі тиіс. Яғни бүгінгі тәрбиешінің басты міндеті әлемдік өркениеттілікке ұмтылып, әлемге танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның болашағын құрайтын жас бүлдіршіндерді саналы азамат етіп тәрбиелеу. Тәрбиенің негізі бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ халқының даналық қағидасын ұстанып, көптеген ұйымдастырылған іс- шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Өйткені, жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы үлгі-өнеге мен тәлім-тәрбиеге байланысты екенінде дау жоқ. Сондықтан да балабақша ұжымы ата-аналардың балабақшада өткізілетін түрлі іс- шаралар мен тәрбие ісіне қатысты тренингтер мен ертеңгіліктер, сондай-ақ пікірталас сағаттарына қатысуларын қамтамасыз етіп отырады. Бұл бала тәрбиесіне байланысты ортақ мәселелерді бірлесе отырып шешуге айтарлықтай мүмкіндік береді.   

Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетін шығармашылық, ізденіс негізінде жүзеге асыруда.  Балабақша балаларының тәрбиесімен білімділігімен қатар денсаулықтарын нығайту мақсатында барлық тиісті шараларды жүргізу медбикенің бақылауы аясында өткізіледі. Осы білім саласы бойынша дене тәрбиесінен ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері де жаңа технологиямен түрлендіріліп, балалардың денсаулығын нығайтып, дене бұлшық еттерін шынықтырып жетілдіруге, сондай ақ жылдамдыққа, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуге ықпалын тигізіп  келеді.   Жыл бойы балаларға сауықтыру мен шынықтыру жүргізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көбі суық тиген аурулармен жиі аурады. Бұл бала ағзасына теріс ықпалын тигізіп, кейде созылмалы сырқатқа айналуы да мүмкін. Осындай ауруды болдырмаудың , одан сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру факторлары. Ауа, су, күннің көзін мақсатты түрде пайдалану, бала бойынша өзгерістерді жағдайларға төселген реакциялардың қалыптасуына көмектеседі, яғни оның ағзасын шынықтырады.  Атап айтар болсақ «Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау» тақырыбына ата-аналар мен бірге балалар дәрігері қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, балалардың денсаулығын нығайту, шынықтыру және қуаттандыратын дәрумендерді қолдану жөнінде кеңінен әңгіме өрбітіп, ата-аналарға бағытты кеңестер бер ілді.  1 Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет