Курстық жұмыс Пәні: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі Тақырыбы


Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері



бет17/23
Дата01.06.2020
өлшемі105,67 Kb.
#71997
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
курстыыыық ж

2.2. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері

Дене тәрбиесін оқыту әрбір жастағы топтарға арнайы дайындалған түрде беріледі. Нәрістелік және төменгі топтардағы тапсырмалар баланы қызықтыратындай болуы керек, яғни нәтижесі көрінуі қажет. Бала қызығуын арттыру үшін халық ойындарын қолданған дұрыс. Ортаңғы топта үйрету өзіндік ерекшелікке ие. Балалар үлкен төзімділік көрсетіп, қимылды есте сақтауға тырысады. Сондықтан тәрбиеші тапсырманы  аса жақсы түсіндіреді.

Жоғарғы дайындық топтарда тәрбиеші жаттығуды әрдайым орындап, көрсете бермейді. Үйрету өткен сабақпен, салыстыру, талдау, талқылау арқылы түсіндіріледі. Бұл топтарда көбінесе дербес жұмыс істеткен жөн.

Музыкамен өткізілген сабақ оқушы ынта – ықыласын арттырады және баланың темппен ырғақты қабылдауына көмектеседі. Дене тәрбиесі құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты — қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл-қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді. Бес жасар баланың эмоцианалдылығы қуану, ренжу, қанағаттану, өкпелеу сияқты түрлі сезімдік жағдайларын көптеген амал-тәсілдер арқылы білдіру ерекшелігімен сипатталады. Адамгершілік қасиеттерінің біреуді аяу, оның жағдайын түсіну сияқты сезімдері бала бойында қалыптаса бастайды.

Баланың еріктілігі қоғамда қалыптасқан нормалармен, мысалы, бастаған істі аяқтау (конструктор құрастыру, ойыншықтарды жинау, ойын ережелерін есте сақтап, өлеңдер мен ән сөздерін жаттау), өз іс-әрекетін сәйкестендіруден басталады.

Тәрбиеші алдын ала балалардың білім деңгейі мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау құжаттарымен мұқият танысады.

1)  Әр топтың жылдық сағат кестесі балабақшаның жабдықталуына,      жергілікті      ауа      райына,      әр      тоқсанда бағдарламаның өтетін бөліміне, спортты түрлеріне бөлінген сағат санына байланысты құрастырылады .

2) Сабақтың жылдық жоспары.

3) Күнтізбелік жоспар.

4) Сабақтың мазмұндама жоспары.

5) Сынақ алу құжаттары.

Жылдық жоспар графигін құру ережесі.

Жылдық жоспар өз кезегімен өтілетін оқу бағдарламасының құжаты әрбір 2-топқа және жас ерекшелігі тең топтарға жүргізіледі. 1-ден оқулықтың мүмкінділігімен сабақ өтілетін жер жағдайына байланысты таңдау жасап, олардың бағдарлама талаптарына сәйкес, сағатын біліп алып, сол оқу жылына бағдарламалық бөлімдерінен өтілетін құжаттан сағаттар саны құрылады. Кейбір жағдайлардың болмауына байланысты дене тәрбие тәрбиешіі балабақшабасшыларымен келісе отырып, бағдарламаның бөлімдеріндегі берілген сағатты өзгертуіне болады. Бағдарламаға байланысты әрбір топқа дене тәрбие мынандай бөлімдерден тұрады:

1) білім негіздері

2)дағды

3) балаларга қойылатын талаптар

4)дагдыны іскерлікті дамыту мақсатында оқу көрсеткіштері (нормативтер).

Білім негіздері төменгідей тақырыптарга топтастырылды:

Дене тәрбие мен спорттың маңызы, дене жаттығуының ағзаға тигізетін әсері, гигиена талаптары, сабақта тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, дене жаттығуын өз бетінше істей алу және жолдастарына жүргізе білу. Бастауыш топтарда, гимнастика, қозғалмалы ойындар, ұлттық ойындар және жеңіл атлетика сабағының ең қарапайым түрлері қолданылады.

Кішкентай бүлдіршіндердің жауапкершілікті сезіне жүріп жасаған әрбір іс-әрекеті арқылы олардың ептілікке , жылдамдыққа, шыдамдылыққа және батылдыққа тәрбиеленіп келе жатқандығын айқындай түсе , балалардың бір-біріне деген жанашырлығы, көмек қолын созуы олардың адами асыл қасиетті бойларына сіңіріп өсуде екендігін көрсетеді. Сауықтыру жұмыстарының дәстүрлі емес түрлері кеңінен қолданады. Олар: жазғықұмда жаланаяқ жүру, суық сумен су құю, нүктелі төсеніштермен жүру. Қыс мезгілінде таза ауада серундеу, шаңамен сырғанау, шаңғы тебу адам ағзасының жұқпалы аурулар мен суыққа төзімділігі мен қарсылығын арттыратыны анықталған. Қысқы ойын түрлерінен спорттық жарыстар, мерекелік шаралар ұйымдастыру балалар бойына қуанышты көңіл күй сыйлайды. Алдымен балалар ойнайтын ойын аланың өздеріне жақсы таныс жануарлардың, ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін жасап мерекеге сай безендіріп, жолдарды қардан тазартуға белсене қатысып, сол күннен бастап мерекелік көңіл күйде жүреді. Сондықтан да дене шынықтырудан қызықты қысқы жарыстар көбірек ұйымдастыру , жоспарлау, балалардың ойынға деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Ойынның балаға тигізер әсерін мынадай ұшқыр ойымен түйіндеуге болады: «Ойын- өсіп келе жатқан бала организімінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шындала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі , тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі.

  Мектепке дейінгі білім беру стандарты « негізгі үштік» яғни ата-ана , бала, тәрбиеші арасындағы тығыз байланысты орнатуға мүмкіндік беріп отыр. Ата- аналардың қатысуымен өткізіліетін ойындар мен эстафеталық жарыстардың мақсаты баланың денсаулығын жақсарту, спорттық ойынға деген қызығушылығын ояту, балалардың бір-бірімен қарым –қатынасын нығайтып азамат болуға тәрбиелеу, дене, аяқ- қол бұлшық еттерін шынықтыру, спортты сүюге тәрбиелеу. Яғни күнделікті сауықтыру- шынықтыру шараларының қарапайым түрлерін тереңдетіп күрделендіре отырып жүзеге асырылуда. Олар : ЛФК, уқалау, физиоемдеу, фитошайы. Бұл шаралардың барлығы салқын тиюдің алдын алуы. Осы сауықтыру- шынықтыру шаралары жүргізілген кезінен ата-аналардың алғысы шексіз. Ал балалардың балабақшаға қатысуы бүгінгі күні  90%-ды құрайды. Балабақшаға жаңа қабылданған баланың ата-анасымен жүргізілген түрлі бағыттағы, сауалнамалар алдағы даму баспалдағына бірлесе жасаған қадамы деп айта аламын. «Бала не істей алады?», «Ата-ана балабақшаға келгенше балаға не үйретеді?», «Енді бала не үйренуі тиіс?» деген сияқты сауалдар шешімін тауып, отбасымен ынтымақтаса жұмыс істеу үрдіске айналып отыр. Мақсат- тәрбие мен білім беруде отбасыларды, ата-аналарды бірлесе жұмылдыру, баланы тәрбиелеу мен оқытудағы мәліметтерін кеңейту, өзара сыйластық, түсунішілік, бір біріне деген шынайы сенімділік, терең қарым- қатынастарды арттыру.

Балабақша ұжымы ата-аналарды ұйымдастырып, балаларының балабақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған іс- шаралар жиі өткізіліп тұрады. Ата-аналар оқу әрекетіне қатыса отырып, өз балаларын жан-жақты зерттеп танып, не толғандырып жүргенін, не қажет екенін біле алады. Балабақшада «Ашық есік»  ұйымдастырылып, оқу іс –әрекеттері көрсетілді. Осы іс шараға ата-аналар тек қана көрермен ретінде қатысып қоймай, балалармен бірге түрлі логикалық сұрақтарға жауап берсе, кейбір ата-аналар аңдар кейіпіне еніп рөлдерді сомдаса, ал басқалары балалармен бірге құрастыру, жапсырмалау, мүсіндеу жұмыстарын қалай жасау жолдарын үйреніп және балаларының бойынан дарындылық, мейірімділік, ептілік қасиеттердің қалыптасқанын аңғарды. Балаға тіл мәдениетін игерту, баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Тіл дамыту жұмысын тек балабақшада дамытып қоймай, отбасында жүйелі жүргізу үшін ата –аналарға баланың тілін түрлі дидактикалық ойындар арқылы дамытатын жинақ кітапшаларын тараттық. «Қажетті суретті тап», «Формасы ұқсас заттарды тап», «Нені қайдан алуға болады», «Жұмбақ ойындар» атты дидактикалық ойындарды күнделікті өмірде, отбасында, тілі жаңа шыққан баланы сөйлете білу, сөздік қорының көбейтуге қолдана білді. Бала, ата-ана, педагог ынтымақтастығы нығайған сайын түсінісу де жеңіл, пікірлесу де оңай, ең бастысы балаға тиімді екенін байқадық.

Балабақшаның эстетикалық тәрбие жүйесінде мерекелік ертеңгіліктер ерекше орын алады. Олар бала сезіміне әсер ету құралы ретінде өнер мен көркемдік іс – әрекеттерінің түрлерін біріктіреді. Балабақшалар тәжірибиесіне мерекелік ертеңгіліктерді өткізуге белгілі бір көркемдік –педагогикалық талаптар қарастырылады. Онда ең бастысы өнер туындыларының балаға тигізетін ықпалына баса назар аударылады. Ертеңгіліктің тақырыбына және өткізіліп отырған жыл мезгілін бейнелейтін көркемдік безендірулерге үлкен мән беріледі. Егер ертеңгіліктегі балалардың іс- әрекеті, эстетикалық тәрбие міндеттері туралы айтатын болсақ, онда олардың орындалу мәнерлігіне тоқталу қажет. Мәнерлікке баланың көркем іс –әрекетінің түрлеріне қажетті дағдыны үйренуі негізінде өзі орындалған өлендердің , тақпақтардың мазмұнына өз көзқарасын, белгілі бір көңіл күйін білдіре алу мүмкіндігінің пайда болуы нәтижесінде қол жетеді. Өлең айтуда мәнерлікке әуенді нақты орындаумен, таза біріккен үйлесімді үндестікпен, тақпақ оқығанда дауыс екпінінің алуан түрлігімен, жақсы мақаммен биде, қимылдың , музыканың сипатына, музыкалық шығарманың қалыбына сай келуіне байланысты қол жетеді.
Бейнелеу өнері- мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс- әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бала үшін әр қайсысы жеке өзінше қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл күйін білдіре алады. Я.А.Каменский, Ф.Фребель: «Сурет салу, мүсіндеу және түрлі құралдармен айналысатын сабақтар балалардың сезімдерін, ойлау қабілеттерін дамытады», деп айтқан.[6] 

Сурет салу іс –әрекетінде балаларда эмоциялық көңіл-күй пайда болады. Сурет салу әдістерін меңгерту мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын дамытады. Дәстүрлі емес әдіс-тәсіл түрлері: мөр басу, кляксография, манотопия, ылғал бетте сурет салу, шыныда сурет салу, майшаммен, түрту, нүктемен, саусақпен т.б. Дәстүрлі емес әдіс-тәсәлдерді пайдалану ойлау қабілеттерін, қиялын, шығарашылық қабілеттерін дамытады.  Ойын- баланың жетекші іс-әрекеті. Ойынды тәрбиелеу және дамыту құралы ретінде қолданады. Әсіресе дидактикалық ойындар мен түрлі материалдар арқылы жүргізілетін ойындар кеңінен пайдаланылады. Оқу іс-әрекетінде ойын элементтерін тәрбиешіден аса біліктілік пен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Ойынға балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін танымнын білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен мақсатына жете алады. 


Адам баласы өмір бойы тәрбиеленіп, үздіксіз білім алуы қажет. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықылас пен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де, тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі. 
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында « Мектепке дейінгі тәрбие- үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.

Денсаулықтың мықты болуы – адамның өзіне байланысты, бірақ біріншіден, табиғатынан да денсаулығы мықты адамдар кездеседі. Әдетте, денсаулықтың қадірін адам ауырғанда ғана білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықты сақтаудың бірден-бір жолы – зиянды, жат қылықтардан бойын аулақ салып, салауатты өмір салтын ұстанып өмір сүру. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу әлдеқайда тиімдірек. Егер әр адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей, ұзақ өмір сүрген болар еді. Бала күннен қалыптасқан жеке бастың тазалығын сақтау әдеті болашақта да өз денсаулығына зор қамқорлықпен қарауға үйретеді. Тамақ ішер алдында да, ауладан келген кезде де міндетті түрде қолды сабынмен жуу керек. «Қолым таза ғой» деп бірден тамаққа отырса, түрлі ауру микробтарын жұқтырып ауырып қалады. «Тазалық – денсаулық кепілі» деп бекер айтылмаған. Бақшадан, базардан әкелген көкөністерді де міндетті түрде жуып жеу керек. Өйткені, олардың сырты шаң-кір болады. Сондықтан да тамақты жақсылап асықпай, шайнап жеу керек. Денсаулығымызды бір бұзып алсақ, ақшаға да сатып ала алмаймыз. Ал таза жүрсек, ауру-сырқаудан аман-сау боламыз.

Балабақшада өткізілген оқу –тәрбие жұмыстарының сапалы жүргізілуін, педагогтардың кәсіби біліктіліктерін шындау, олардың қаншалықты ізденушілікпен, шығармашылықпен жаңа технологияларды қолдану деңгейлерін анықтау, қажет болғанда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мониторинг айнасы» айдарында бақылау жұмысы жүргізіледі. 


Педагогтің басты міндеті- бойында ұлттық санасы қалыптасқан, дені сау, жан дүниесі бай жан- жақты азамат тәрбиелеп өсіру. «Ел боламын десен, бесігінді түзе» деп дана халқымыз айтқандай тәрбиелі, білімді ұрпақ әрқашан ұлт мақтанышы, беделі болатыны анық. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет