Курстық жұмыс Пәні: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі Тақырыбы


Балалардың өсу эталоны мен қисықтары



бет19/23
Дата01.06.2020
өлшемі105,67 Kb.
#71997
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
курстыыыық ж

Балалардың өсу эталоны мен қисықтары. Баланың даму графиктері педиатр мен жалпы практикалық дәрігердің жұмысындағы маңызды құрал болып табылады. Олар баланың маңызды кезеңде физиологиялық өсу және даму қажеттіліктеріне қол жеткізілген сәйкестік деңгейін анықтауға көмектеседі. Алайда өсу барабарлығын түсіндіру қолданылған эталондық деректерге байланысты әрі егер бұл эталон физиологиялық өсуді барабар көрсетпесе, ол қате болуы да мүмкін. Өсу эталоны жекелеген баланың, балалар тобы мен олар өмір сүретін қоғамдастықтардың жалпы әл-ауқатын бағалаудың неғұрлым жиі қолданылатын және құнды құралдар тобына жатады. Өсу эталонының құндылығы іштегі нәресте дамыған кезде және бала кезде көптеген физиологиялық үдерістердің баланың қалыпты өсуін қамтамасыз ету үшін қанағаттандырылуға тиіс екендігімен байланысты. Сөйтіп, индивидтің немесе популяцияның денсаулығының жай күйін барабар бағалау үшін баланың өсуіне берілген бір ғана баға жеткіліксіз болса да, қалыпты физиологиялық даму негізгі нәтиже ретінде әл-ауқат аспектілерінен тұратын кез келген стратегияның қажетті мақсаты болып табылады. Сәбилер мен бүлдіршін жастағы балалар денсаулығындағы айқын білініп тұрған осалдық сонымен қатар балалар тұратын қоғамдастықтың саламаттылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаған кезде баланың өсуі туралы деректерді «пайыздық» индикаторға айналдырады. 0-ден 5 жасқа дейінгі балалардың ер балалар үшін бөлек және қыздар үшін бөлек стандартты Физикалық даму картасы бар. Әрбір карта үш жас ерекшелігі тобына арналған (0-ден 6 айға дейін, 6 айдан 2 жасқа дейін, 2 жастан 5 жасқа дейін) жоғарыда аталған 4 арасалмақты көрсететін 12 физикалық даму графигінен тұрады: Бұл карталарда баланың физикалық дамуын дұрыс бағалау үшін тиісті көрсеткіштерді (жасы, салмағы, бойы/ұзындығы) барынша дәл көрсету қажет. Физикалық дамуды дұрыс бағалау үшін әр балаға мынадай арасалмақты көрсететін 4 кестені пайдалану қажет: Жасына қарай ұзындығы/бойы Бұл көрсеткіш ұзақ уақыт бойы тойып тамақ ішпеу немесе қайталап ауыру салдарынан өсуі кенже- леп қалған балаларды анықтауға мүмкіндік береді. Өз жасы үшін бойы ортадан жоғары балаларды да анықтауға болады, бірақ бойдың биік болуы, егер ол шамадан тыс биік немесе сирек кездесетін эндокринді бұзылыстардың белгісі болмаса, денсаулықтағы кінәрат болып табыла бермейді. Жасына қарай салмағы Жасына қарай салмақ көрсеткіші баланың салмағы жеткіліксіз немесе жеткіліксіз болу қаупі бар ма деген мәселені бағалау үшін қолданылады, бірақ бұл көрсеткіш баланы артық салмағы бар немесе семіздіктен зардап шегуші ретінде жіктеу үшін пайдаланылады. Ескерту: Егер баланың екі аяғында да ісік байқалса, сұйықтың жиналуы баланың салмағын көбейтеді, кейде өте аз салмақты көрсетеді. Баланың нақты салмақ-жасын, салмақ-денесінің ұзындығын/бойын көрсетіңіз, бірақ баланың өсу және даму картасында оның екі аяғында да ісік болған сәтті нақты көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет