Қорытынды
Қорыта айтқанда, тәрбиеші алдын ала балалардың білім деңгейі мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау құжаттарымен мұқият танысады.
Әр топтың жылдық сағат кестесі балабақшаның жабдықталуына, жергілікті ауа райына, әр тоқсанда бағдарламаның өтетін бөліміне, спортты түрлеріне бөлінген сағат санына
байланысты құрастырылады .
1) Сабақтың жылдық жоспары.
2) Күнтізбелік жоспар.
3) Сабақтың мазмұндама жоспары.
4) Сынақ алу құжаттары.
Нәрістелік жастағы бірінші топтағы балаларға жеке ерекшеліктері арқылы сабақ 12-15 жаттығу мен уқалау (сылау, ысқылау, т.б.) түрлері арқылы өтеді. Бұндай сабақтың ұзақтығы 8-10 мин. Нәрістелік жастағы екінші топтың сабағы екі топқа бөлініп өтіледі: бір жастан бір жарым жасқа дейінгілерге 6 бала қатысады, ал бір жарым жастан екі жасқа дейінгіде 6-10 бала қатысады. Сабақ ұзақтығы 10-15 мин. Әр топқа даму қалпы бірдей балалар жинақталады. Жалпы дамытатын, сабақты бір мезгілде неше бала ойнайтын таяқшалар, шеңберлер қолданады және қимылдың барлық түрі ретіменн орындалады. Сабақ тыныс алу мүмкіндігін де қарастырады. Мектепке дейінгі баалалар үшін сабақ түрі әр түрлі (екі жастан жеті жасқа дейін).
Дене тәрбиесі сабақтары – оқу-тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып есептеледі. Сабақтың мақсаты – жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 20-25 минуттан аптасында 3 рет, ал мектепке дейінгі топтарда 30-35 минуттан өтіледі. Сабақ үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.
Таңғы жаттығу – балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы – 5-10 мин.Дайындық тобында 12 – 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).
Дене тәрбиесінің мезеті – тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл-ой жұмысын арттыру қолданады. Ол шаруадан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.
Қорғаныс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады.
Даму стандарттары барлық сатыларда құнарлы тамақ жеген - тек емшек сүтін еміп, отбасы дастарханынан жоғары сапалы тамақ жеген балаларды өлшеу мен тексеру нәтижелеріне негізделгенін атап өтуге болады. Бір жасқа толмаған балалар үшін ең оңтайлы тамақ емшек сүті екені сөзсіз. Ана сүті – балалар диетасының «алтын стандарты». Сәби жастағы балаларға арналған тағамның мультикомпоненттері теңгерімді болуға тиіс. Тағамның физиологиялық барабарлық қағидаты – осы жастағы баланың тістеу, шайнау, ас қорыту, сіңіру және зат алмасу үдерістеріндегі мүмкіндіктеріне тағам өнімдерінің барынша сәйкестік деңгейі маңызды. ДДСҰ әзірлеген балалардың өсу нормалары әрбір баланың өзінің қалыптасуындағы неғұрлым маңызды жылдар ішінде дамуына ең мықты мүмкіндіктер алуына ықпал ететін жаңа құралдарды білдіреді. Бұл тұрғыдан аталған құрал нәрестелер мен сәби жастағы балалардың өлім-жітімі мен аурушаңдығын азайтуға көмектеседі. Баланың нерв жүйесінің қалыпты дамуы сыртқы тітіркендіргіштер барынша әр алуан болған кезде ғана мүмкін болады. Әсіресе баланың ересектермен, ең алдымен, анасымен, басқа ба- лалармен қарым-қатынасының маңызы зор. Ерте жастан оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін қажетті жаңа білімді бала бақылау, зерттеу, ата-анасымен, балалармен қарым-қатынас жасау және т.б. арқылы алады, баланың анасына осылай бауыр басуы, олардың өзара және тұрақты қарым-қатынас жасауы тек емшек сүтін емудің баланың толыққанды жүйке-психологиялық даму факторларының бірі ретіндегі маңыздылығын тағы бір рет атап көрсетеді. Балаларды ерте жастан дамыту бойынша отбасыларға берілетін ұсынымдар балалардың тәрбиесімен байланысты нақты қиындықтарды шешудің жолдарын ұсынады, ата-аналардың мінез-құлықтарына әсерін тигізеді және ата-аналардың медициналық мекемелерге баруын бағалау қабілеттерін арттырады. Біз нұсқаулықта ұсынған барлық материалдар бүлдіршін жастағы балалардың денсаулығын нығайту үшін дәрігерлер мен медбикелердің күнделікті тәжірибесінде пайдаланылады деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |