Курстық жұмыс Пәні: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі Тақырыбы


Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері



бет18/23
Дата01.06.2020
өлшемі105,67 Kb.
#71997
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
курстыыыық ж

2.3.Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері

Үйлесімді физикалық, эмоционалдық және интеллектуалдық даму — денсаулықтың басты көрсеткіштері. Дені сау бала ширақ, күш-қуаты мол, білімге құштар келеді. Ол қоршаған орта жағдайларына жеңіл бейімделеді. Оның үстіне бала жасының негізгі ерекшелігі оның өсу және даму қарқыны екенін ескеру қажет. Бала неғұрлым кішкентай болса, бұл үдерістер соғұрлым тез, жедел өтеді. Педиатрияда «физикалық даму» термині деп балалық шақтың түрлі кезеңдерінде баланың бойының, салмағының, жекелеген дене мүшелерінің өсуі мен биологиялық өсіп-жетілуі түсініледі.

Балалардың бойының өсуі мен дамуын дұрыс бағалау үшін баланың жасына сәйкес бұл пара- метрлер физиологиясының ерекшеліктерін, сондай-ақ оларға ықпал ететін факторларды білу қажет. Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері: дене салмағы; бойы/ұзындығы; бас шеңбері; психомоторлық дамуы. Дене салмағы—баланың өсуі мен дамуының неғұрлым маңызды құрамдас бөлігі, баланың салмақ қосуының баяулап қалуы немесе тоқтап қалуы оның жеткіліксіз тамақтануының және өсуінде кемшілік бар екенінің бірінші белгісі болып табылады. Баланың салмақ қосуының физиологиялық динамикасы қандай? Дені сау, айы-күні жетіп туған нәрестенің салмағы 2,5 - 4,4 кг. аралығында болады. Туғаннан кейінгі алғашқы 3–4 күнде бала денесінің салмағы аздап азая бастайды, 5–6%-ға салмағын жоғалтады, мұны салмақтың физиологиялық кемуі деп атайды. Алғашқы аптадан кейін салмақ қосу тұрақты әрі үздіксіз жүреді. Алғашқы 6 ай ішінде дені сау сәби әр аптада 150 грамнан 250 грамға дейін салмақ қосады. Кейінгі 6 ай ішінде апта сайын денеге салмақ қосу – 100-150 грамды, 12-14 ай арасында – 50 грамды құрайды. Туғанына 5 ай толған соң, бала өзінің дене салмағын туған кезіндегі салмағына қарағанда екі есеге көбейтеді, ал 12 айға қарай – оны үш еселейді.

Бала туғаннан бастап 2 жасқа дейін «денесінің ұзындығы» деген термин қолданылады, ал 2 жастан асқан соң «бойы» деген термин қолданылады. Дені сау, айы-күні жетіп туған нәрестенің денесінің ұзындығы туған кезде 46-56 см болады. Өсу — үздіксіз үдеріс. Түрлі жаста бұл үдерістің жеделдеуі немесе баяулауы мүмкін. Туғаннан кейін бойы өте тез, бірден өсе бастаған баланың әдетте кейінгі айларда өсуі бірте-бірте баяулай бастайды. Алғашқы 6 айда бала 16 см, кейінгі 6 айда 8 см өседі. 1 жастағы баланың бойы шамамен 75 сантиметрге өседі және 4 жаста туған кездегі денесінің ұзындығынан 2 есеге артық, 100 сантиметрді құрайды. 4 және 10 жас аралығында баланың өсуі салыстырмалы түрде баяу әрі бірқалыпты, бұл кезеңдегі бойдың өсуі жылына 5-7 см болады. Баланың бойы жыныстық жетілу басталған кезде жеделдейді. Бас шеңбері. Баланың бас шеңберінің өзгерістерін бақылау оның физикалық дамуына дәрігерлік бақылау жасаудың ажыратылмас компоненті болып табылады. Дені сау баланың басының өсуі оның миының өскенін көрсетеді. Туған кезде баланың бас шеңбері орташа алғанда 34-36 см болады. Бас шеңбері алғашқы айда неғұрлым тез (3-5 см) өседі. Бас шеңберінің орта- ша мәні 3-айда 40,5 см, 6 айда — 43 см, 12 айда — 46 см болады. 6 жастағы баланың бойы ере- сек адамның бойының 70%-ын құрайтын болса, осы баланың бас шеңбері ересек адамның бас шеңберінің 90%-ын құрайды. Баланың өсуі мен дамуы үздіксіз жүріп отырады. Әу баста баланың басы тез өседі. Алғашқы 6 айдан кейін кеуде шеңбері тез өседі. 9-12 айдан бастап аяқ-қолдары мейлінше тез өсе бастайды.

Психомоторлық мінез-құлық баланың өмірінің белгілі бір кезеңдеріндегі нерв жүйесінің түрлі бөліктерінің қалыптасуын білдіретін болғандықтан, баланың дамуының елеулі аспектісі болып табылады. Баланың дамуын бағалау үшін мыналар секілді бірнеше дағдылар түрін бөліп көрсетуге болады: ◊ қозғалтқыш (немесе моторика) – кесені ұстап, оны қолына ала білуі, аузына апара алуы, орнына қоя білуі. ◊ әлеуметтік – тәрбиешімен жұмыс, тәрбиешінің көмегі мен мақтауын күту. ◊ Когнитивті – қай кесенің үлкен, қайсысы кішкентай екенін, бірінің ішіне бірі салынған қандай кеселерді баған етіп тұрғызуға болатынын сынақтан өткізіп және қателіктер арқылы үйрету, тапсырманы орындау оңайға түспейінше оны қайталата беру. ◊ Эмоционалдық – тапсырманы орындау үшін кеселерді бірінің ішіне бірін салмайынша ренжімей немесе ұрыспай түрлі жаңа әрекеттерді жасата беру; қамқор ересек адаммен өзінің жетістіктерін бөлісуі. Баланың дамуының сенімді әрі көрнекті индикаторы оның моторлық дағдыларға (таянышсыз отыруы, төрт тағандап еңбектеуі, басқа адамның көмегімен тұруы, басқаның көмегімен жүруі, өз бетінше тұруы, өз бетінше жүруі) қол жеткізуі, сөйлеу және есту қабілеттерінің дамуы болып табылады. Баланың дамуында ауытқушылықтар байқалған кезде ол міндетті түрде денсаулық сақтау не- месе білім беру жүйелерінің бейінді мамандарына әрі қарай тереңдетіп тексеруге жіберілуі тиіс. Баланың дамуында ауытқушылықтар байқалған жағдайда оның денсаулығын бағалау, мінез- құлқын анықтау және оларды түзету үшін шешім қабылдау мақсатында баланың дамуына мони- торинг жүргізу және бағалау қажет.

Баланың дамуын бағалау оның емдеуге болатын проблемаларын ерте анықтауға мүмкіндік бере отырып, физикалық дамуын, ақыл-ой және әлеуметтік дамуын бағалайтын неғұрлым маңызды аспектілердің бірі болып табылады. «Физикалық даму» түсінігімен антропометриялық көрсеткіштер туралы түсінікті байланыстыру дұрыс деп саналады, ол баланың өсуі мен дамуының, тұтастай алғанда, оның денсаулығының жай-күйін бағалауда психомоторлық даму көрсеткіштерімен бірге пайдаланылатын негізгі көрсеткіштер болып табылады. Көрсеткіштердің бір ғана жалғыз өлшемі баланың осы белгілі бір уақыттағы жай-күйін көрсетеді. Баланың дамуын бағалау және оған мониторинг жүргізу үшін белгілі бір уақыт аралығында мы- наларды: ◊ денесінің салмағы мен оның салмақ қосу жылдамдығын; ◊ бойының өсуін және өсу жылдамдығын; ◊ бас шеңбері және бас шеңберінің өсу жылдамдығын ◊ психомоторлық және ақыл-ой дамуын өлшеу қажет. 1-кесте – Балалардың физикалық және психологиялық-әлеуметтік дамуын өлшеу жиілігі және мерзімдері Жиілігі Мерзімдері бірінші өлшеу туған кезде екінші өлшеу 1 ай 1 жасқа дейін ай сайын 1 жастан 2 жасқа дейін әрбір 3 ай сайын 2 жастан 3 жасқа дейін әрбір 6 ай сайын кейінгі жылдары жыл сайын Емшек сүтінің жеткілікті екенін анықтау қажет болған, сондай-ақ баланың дамуында ауытқушылықтар болған жағдайда баланың салмағын неғұрлым жиірек өлшеу қажет болып та- былады. Баланы зерттеу нәтижелері әлі де рұқсат етілетін шекте болған кезде баланың бойының өсуіне мониторинг жүргізу арқылы оның бойының өсуі мөлшерден тыс ауытқу белгілері дамығанға дейін жеткіліксіз тамақтану немесе ауыру салдарынан тежелгенін не тоқтап қалғанын анықтау мүмкін болады. Оны осылайша ерте анықтау бізге баланың өсуіндегі бұзушылықты ерте түзетуге мүмкіндік береді. Баланың өсуіне монитоирнг жүргізу саламатты балалық шақты қамтамасыз етуге жағымды барынша ықпалын тигізетін медициналық іс-шара болып табылады.

Физикалық даму — бала денесінің физикалық параметрлерінің өсуі, ол дене салмағынан (салмақты құраушы), денесінің немесе бойының ұзындығынан және бас шеңберінен (сызықты құраушы) тұрады. Физикалық дамуды бағалауда осы құрамдас бөліктерді дәл өлшеудің маңызы зор. Дәл және дұрыс өлшеу үшін әдістемені біріздендіру, оны өлшейтін құралдың (таразының) болуы және оны калибрлеу өте-мөте маңызды. Амбулаториялық-емхана жағдайларында және стационарларда антропометриялық көрсеткіштерді өлшеуге арналған жиынтық бой өлшеуіштен, өлшеуіш таспадан және балаларға арналған таразыдан тұрады. 0-ден 2 жасқа дейінгі балалардың дене салмағын өлшеу Нәрестелерді сандық (электронды) таразыларда өлшейді. Нәрестелерді өлшеу үшін қолданылатын таразылар ең аз дегенде 20 г. айырмашылықпен салмақты дәл көрсетуге тиіс.

0-ден 2 жасқа дейінгі балаларды өлшеу алгоритмі мен техникасы;

1. Әрбір өлшер алдында таразы ретке келтіріліп, балаға бейімделуі керек.

2. Алдымен баланың астына төсейтін жаялықты өлшеу ке- рек.

3. Баланы жалаңаштап шешіндіріп өлшеу қажет.

4. 7–8 айдан асқан балаларды отырғызып өлшеуге болады.

5. Баланың таза салмағын өлшеу үшін баланың салмағынан жаялықтың салмағын алып тастау керек.

6. Дәл өлшеу үшін бала қозғалмай, тыныш қалыпта болуы керек. Бұл үшін баланың назарын әлдебір затқа аудару немесе онымен ойнау қажет.

7. Өлшеген кезде бала таразы алаңының ортасында отыруға тиіс. Есте сақтаңыз! Балаларды киіммен өлшеуге болмайды — бұл баланың салмағын дұрыс көрсетпейді. Тамақ ішкеннен кейін өлшемеген жөн. Нәтижелерін мұқият са- нау керек. Дәл өлшенгеніне көз жеткізу үшін қайтадан өлшеу қажет.

2 жастан асқан балалардың дене салмағын өлшеу.Ересектерге арналған таразы пайдаланылуы мүмкін. 2 жастан асқан балаларды өлшеу алгоритмі мен техникасы:

1. Бала шешінуге тиіс. Неғұрлым үлкендерінің ішкі киіммен тұруына болады.

2. Балалар өлшеп жатқан кезде қозғалмауға тиіс.

3. Өлшеп жатқан кезде бала таразы алаңының ортасында тұруға тиіс. Есте сақтаңыз! Балаларды киіммен өлшеуге болмайды — бұл баланың салмағын дұрыс көрсетпейді. 0-ден 2 жасқа дейінгі балалардың денесінің ұзындығын өлшеу Нәрестелердің және 2 жасқа толмаған балалардың ұзындығы (бойы емес) жатқан қалпында өлшенеді. Бойдың ұзындығы жыл- жымалы аяғы бар бой өлшеуіштің көмегімен өлшенеді. 0-ден 2 жасқа дейінгі балалардың денесінің ұзындығын өлшеу алгоритмі мен техникасы:

1. Аяқ киімді, ұйықты, бас киімді шешу қажет.

2. Нәресте немесе сәби қатты, тегіс жерге арқасымен жатқызылады (жұмсақ жерге жатқызу нақты нәтиже бермейді).

3. Басын қатты, белгіленген, тік жерге тірейді

4. Басы, арқасы, жамбасы, аяқтары мен өкшелері өлшеу үстелінің бетіне тиіп жатуы тиіс. Баланың табанын жеңіл ғана тітіркендіру арқылы аяғын тіктейді (Бабинский с.).

5. Табандарын тік қалыпқа келтіреді (90.) және шәкілдің аяқ бөлігіне тірейді (қатты, тік, жылжытуға болатын жұқа тақтайша). Бұдан кейін баланың басы мен өкшесінің арасы өлшенеді.

2 жастан асқан балалардың бойын өлшеу 2 жастан асқан балалардың бойы (ұзындығы емес) қайырмалы отырғышы немесе жылжыма- лы антропометрі бар тік бой өлшеуіштің көмегімен өлшенеді. Бой өлшеуіштің тік тақтасына 2 шәкіл салынған, біреуі – тұрған қалпындағы бойын өлшеуге, екіншісі – тұрқының ұзындығын (отырғандағы бойын) өлшеуге арналған. 2 жастан асқан балалардың бойын өлшеу алгоритмі мен техникасы:

1. Баланы бой өлшеуіш алаңына арқасын шәкілге қаратып жалаң аяқ тұрғызады.

2. Дене тіктеліп, қолы денесін бойлай еркін түсіріліп, тізесі жазы- лып, табаны нық қосылып тұруға тиіс.

3. Басы көзінің төменгі қиығы мен сыртқы есту тесігі (құлағы) бір көлденең жазықтықта болатындай қалыпта тұрады. Бұғағын көтеріп тұрған осындай қалыпта өлшенеді.

4. Өлшенетін баланың шәкілге денесінің үш жері – арқасының жауырын аралығы, құйымшақ тұсы және өкшелері тиіп тұруға тиіс.

5. Бой өлшеуіштің жылжымалы жұқа тақтайшасы баланың төбесіне тигенше тығыз, бірақ қатты баспай, түсіріледі, бұдан соң баланы бой өлшеуіштен шығарып, нәтижесін жазып алады.



Есте сақтаңыз! Балалардың бойын аяқ киіммен өлшеуге болмайды. Баланың бас шеңберін өлшеу Созылатын сантиметрлік лента пайдаланылуға тиіс. Үлкен желке-маңдай шеңбері өлшенеді. Лентаны бастың желке тұсындағы шығыңқы бөлігінен бастап қабақтарының арасындағы доғаға дейін орайды. Қайталап өлшеу оның дәлдігін нақтылайды. Өлшеу дәлдігі 5 миллиметрге дейін. Барлық кезеңдерде жүргізілген баланың өлшемдері бой, дене салмағы және бас шеңберінің стандартты диаграммасында нүкте түрінде белгіленеді және физикалық даму графиктері (қисықтары) жасалады, ал диаграмманың өзі баланың даму картасының ішіне салынуы тиіс (112-нысан). Өлшеу нәтижелерін диаграммаға енгізген кезде неғұрлым жиі жіберілетін қателер баланың жасына қатысты. Баланың туған күнінен бастап дәл хронологиялық жасы әрбір тексеру кезінде есептелуге тиіс. Хронологиялық жас жылдар мен айлардан көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет