Мектептерде баланың шығармашылық қабілетін арттыру үшін көп жағыдай жасалған. Шығармашылық қабілетін арттырудың жалпы негізгі мақсаты ол оқушы жан-жақты болып тәрбиеленуін қадағалау. Оқушы мектеп жасынан бастап өз бойын сахнаға, үлкен топ алдында сөйлеуге үйрету арқылы, мұғалімдер көп нәтижеге қол жеткізеді:
Міне, талдау жұмысын жүргізіп, қарап отырсақ барлық мектеп ішінде немесе мектептен тыс жүргізілетін барлық жұмыстар оқушы бойында шығармашылық қасиетті дамытады. Бала осы істермен шұғылдану барысында өзінің мамандығын таңдауына да толықтай қол жеткізеді. Мысалы, бала әдеби үйірмелерге қатысып, белсенділік танытса, ол әдебиет мұғалімі немесе актерлік жұмыстармен шұғылдана алады.