1.3. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері, олардың мазмұны.
Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егер де тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т.б. Соған орай «Педагогикалық энциклопедия»сөздігінде «форм»ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:
1. Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;
2. Белгілі бір мазмұннның сырқы көрінісі;
3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу.
Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы «тәрбие жұмысының формасы» және «тәрбие процесін ұйымдастыру формасы» деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процессінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық,адамгершілік ) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым-қатыныстары ашық жарияланады.
«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің компазициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын,әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.
«Тәрбие шарасы» топтық ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актісі ретінде қарастырылады.
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық- бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт.Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оның элементтері мынадай болып келеді: мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат- педагогтардың ұйымдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысалы, «Қайырымдық акциясы», «Ғылыми апталық» т.с.с Мақсат- тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды. Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді. Мысалы, «Адамға музыка не үшін керек?» тақырыбының мақсаты- оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытуды көздесе:
12
1. Оқушылардың музыкалық талғамы және қызығушылығын айқындау(сауалнама,әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы);
2. Музыка жайында көзқарастарын және түсініктерін қалыптастыру (кеш өткізу,кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру);
3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау.
4. Тәрбие шарасын өткізу.
5. Педагогикалық талдау жұмысы : шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, амал тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу. Бұл жоғарыда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын ұйымдастырдық. Осындай қызықты ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары оқушылардың жауапкершілігін арттырады, эстетикалық талғамдарын күшейтеді, сергектік сезімін, өзінің туған жеріне, өскен еліне, Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына өз ықпалын тигізеді.
Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының тәрбие жұмыстарының формасы сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Сынып сағаты – оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда, өнер саласындағы талғам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды мен жағымсыз мінез нормаларына, олардағы дұрыс қөзқарасты қалыптастыруға, ұлтжандылық сезімдерін шыңдауда сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып табылады.
Сынып сағатын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділіктері артады, оларда іскерлік дағды қасиеттері қалыптасады. Сынып сағаты негізінен екі бағытта жүргізіледі. Біріншісінде, әдетте, өткен апта негізінде сыныптағы оқушылардың үлгерім нәтижелері мен сабаққа қатысуы, тәртібі, оқуы, қоғамдық істері және олардың бір бірімен қарым – қатынасы жайлы мәселелер қаралады. Екіншісі – әр тараптағы атқарылатын тәрбииелік шаралар. Олардың қатарына қызықты әңгімелер, кездесулер, диспуттар, пікірталас пен оқырмандар конференциясы бағыттары бойынша жұмыстар жасалады. Сынып немесе тәрбие жұмысын жүргізуде сынып жетекшілерінің еске алатын негізгі міндеті – осы істерге оқушылардың өздерін қатыстыру, оған олардың белсене араласуын, кез келген оқушының тәрбиелік шаралар барысында, яғни оларды дайындау және өткізу кезінде қалыс қалмауын қадағалау. Ол үшін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, оларға белгілі бір бағытта нақтылы тапсырма беріп,олармен ақылдасып, кеңесіп отыру тәрбие жұмысының барысында оның нәтижелі болуын қамтамассыз етеді. Сондықтан студент – практиканттар сынып белсенділерімен атқарылатын тәрбиелік шаралар
13
төңірегінде алдын ала әңгемелесіп, олардың қорытындасын барлық оқушылармен бірге тұжырымдап, әрқайсысына жеке-дара немесе топтап тапсырмалар беріп отыруы қажет. Сонда ғана ол қызықты әрі табысты өтеді.
Сынып сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының тәрбиелік мағызы да ерекше. Онда оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасын арттырады. Сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Сынып сағатын дайындау және оны өткізу жеке басты қалыптастыруда біріңғай тәрбиелік міндеттерді атқарады. Мұнда қайсыбіріне назар аударуға болмайды. Барлық кезең тәрбиелік маңызы бар кезең болып табылады. Себебі, сынып сағатын дайындау барысында оқушылар оның материалдарын өз беттерімен іздеп тауып, оған қатысты альбомдар, қабырға газеттерін шығарады. Мұндай тапсырмалар оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа шыңдап, дағдыларын қалыпастыра алып, білім дәрежелерін арттыруына да ықпалын тигізеді.
Сынып сағаттарын өткізуде оқуышылаға ұнамайтын, іш пыстырарлық әңгіме жүргізу немесе жаттанды, таптаурын болған сценарий бойынша әдеби музыкалық монтаж жасау арқылы тәрбие шараларын ұйымдастыру тәсілі мектеп өмірінде орын алған. Қазіргі кезде ескірген мұндай тәрбие тәсілдері оқушылардың жан дүниесін тәрбиелеп, оларды адамгершілікке мінез нормаларын қалыптастыру орнына, керісінше, оларды мезі етеді. Ол үшін пікірталас, сұрақ-жауап кештері, қоғамдық-саяси үйірмелері мен клубтар, оқырмандар конференциялары, мектеп театрлары мен үгіт бригадалары, туристік жорықтар жұмыстарын жүргізу керек. Мысалы:
Пікірталас- оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тұрмысы жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының жіне айналасыдағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.
Пікірталастың әңгіме тәсілінен ерекшелігі, онда сынып жетекшісінің қоғамдағы ортаға байланысты адамгершілік мәселелерін айқын меңгеруі. Соңынан, ол оқушылардың адамгершілік сенімдерін қалыптастырудың бірден бір құралы бола алады. Өйткені пікірталас кезінде оқушылардың көзқарасы кеңейіп, тіпті жай тыңдаушылар қатарында емес, соңынан оларды сөйлей білуге, өз ойларын жеткізе білуге, дәлелдей білуге, өз жолдастарының ойына салмақтылықпен пайымдауға үйретеді.
Тәжірибелі сынып жетекшілері бүгінгі күннің көптеген өзекті мәселелерін оқушылар алдында көтере отырып, қаралып отырған сұрақ төңірегіндегі жағдайды лолардың анық аңғара, талдай білуіне, оның себебін анықтап, қортындылай білуге ықпал етеді. Пікірталастың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікірталастыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету. Пікірталастыың табысты өтуінің негізгі шарты алдын ала дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуына үлкен мән беріліп, оған жауапкершілікпен қарау. Сонымен жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі. Олар онымен қажетті әдебиеттерді
14
іріктеп алады да, оларды оқушыларға оқуға ұсынады және көрме ұйымдастырады. Көрнекті ақын –жазушылар, мемлекет және өнер қайраткерлерінің еңбектерінен тақырыпқа сай нақыл сөздерді жазып іледі.
Пікірталас жүргізуші адамды тағайындауға да үлкен мән беру қажет.Ондай адам біреу немесе екеу боғаны жөн. Олар өздерін оқушылар алдында еркін ұстай білетін, таза және тілі жатық, әсерлі сөйлей алатын беделді баланы сайлағаны жөн.Пікірталас өткізу барысында баяндама жасалмайды. Пікірталас мәдениетті түрде оған қатысушылардың бір-біріне көңілі қалмау керек.
Пікірталастың сұрақтарын айындау барысында оның санына емес, сапасына көңіл бөлген жөн. Олар әрі нақтылы болуы керек. Сұрақтарды алдын ала оқушыларға таратып, не болмаса іліп қою міндетті. Тақырыпқа сай оқытылатын әдебиеттер тізімі де күнілгері оқушыларға беріледі.
Пікірталас барысында баяндама жасалмайды. Жүргізуші кіріспе сөз сөйлеп, оның мақсатын түсіндіреді, олан ары қарай ікіралмасу басталады.
Әңгіме
Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып - адамгершілік тәрбиесі. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік , қарапайымдылық және озбырлық , жомарттылық және қатыгезділік, біреуге шын жүректен жақсылық жасау қасиеттеріне қатысты мәселелер қарастырылды. Осы мәселелерге қатысты өткізілген әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға, өмір тәжірибесін дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі.Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауаптары, пікірлермен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені ұйымдастыруда, ең алдымен адамгершілік ұстанымдардың мазмұнын анықтап, түсіндіруден бастаған жөн. Әңгіме жүргізу негізінен бастауыш сынып оқушыларын қамтиды.
Әңгіменің негізгі бағыттары мыналар:
Өз Отанына адал берілгендігі;
Өзі өмір сүріп отырған қоғамның идеологиясына шынайы сенімділігі;
Саналы тәртіп пен мінез құлық, мәдениетіне жауапкершілігі;
Жолдастық, достық қарым-қатынастыққа адалдығы;
Немқұрайдылыққа және жамандыққа төзбеушілігі;
Еңбекке, еңбек адамдарына және халық мүлкіне ізгілікті қарым-қатынасы;
Мұғалім әңгіме өткізу оқушыларға оқығандарынан әлденені оқып беруге, немесе еске түсіруге, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға қатысты өздеріне белгілі бір оқиғаны өзіне алып, оған баға беруге ұсыныс жасайды. Егер әңгімелесу емін-еркін жағдайда өтсе және оқушылар өздерінің пікірлерін қысылмай-қымтырылмай айтатын болса, онда бұл пікірлердің қарама-қарсы болуы табиғи нәрсе.Қате пікір талқыға салынатын болсын, оқушыны қателігі үшін жазғыруға болмайды, оны да, басқа оқушыларды да дұрыс қорытындыға келуіне бағыттау
15
керек. Бірақ мұғалім дайын қорытынды ұсынуға тиісті емес. Әңгіме өткізілгеннен
кейін оқушыларға оның қаншалықты әсер еткендігі, олардың күнделікті өмірде: оқуда жолдастарымен қары-қатынастағы оның нәтижесінің сапасын бақылап, талдау жасап, соған қатысты келешекте тағ да басқадай нендей шаралар ұйымдастырылуы қажеттігіне көңіл бөлу керек. Тақырыптық сұрақтары оңың өзекті міселесіне айналуы керек. Саяси хабарлама. Саяси білім берудің аса маңызды жіне кең тараған формасы. Мұның өзі оқушылардың еліміздегі жіне шет елдегі аса маңызды саяси оқиғалармен танысуына көмектеседі. Сонымен бірге ол ұлттық патриотизм сезімін, басқа елдердің халықтарына деген құрмет, өз елінің табыстары мен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге жағдай туғызады. Мектеп тәжирибесінде саяси хабарларға шолу, тақырыптық жедел хабар әдістері көптеп қолданылады.
Саяси шолуға арналған хабарда бір немесе екі жұма ішінде біздің еліміз бен шетелде болған оқиғалар туралы хабар беріледі.
Білім және ғылым министірлігінің мектептер бас басқармасының, оқушы жастар бөлімінің мақұлдаған жалпы білім беретін мектептерде саяси харламаныңмаптасына бір рет өткізілуі керектігі мен өткізу мерзімі нақтыланып берілген: 1-2сыныптар үшін 5-10минут; 3-4 сыныптар үшін 10-15 минут; 5-7 сыныптар үшін 15-20 минут; 8-10 сыныптар үшін 20-30 минут. Саяси хабарламаны ауызекі журнал, дөңгелек үстел басындағы әңгіме, баспасөз конференциясы, саяси радио хабары секілді формаларда өткізуге болады.
Саяси хабарламаны дайындау және өткізу барысында газет, журнал, радио хабарларының материалдарын қолдануымен қатар, көрнекі құралдарды пайдалануға болады. Мұның бәрі саяси хабарламаны түсінікті етіп, әрі оқушылардың қызығушылығын оятуға көп әсерін тигізеді.
Саяси хабарлама оқу барысында ғана емес, сонымен бірге оқушылардың жазғы демалысы кезінде де, өндіріс бригадалары өткізіп отыруы керек.
Газетпен жұмыс істей білу. Ең жақсы көмекші – газет. Газтті дұрыс пайдалана білсең, біріншіден, оқушыларды барлық саяси оқиғаларға қатыстыра аласың, екіншіден, онда жазылған мақалалар жайындағы түрлі пікірталастар, балалардың сұрақтары жаңа тақырыптарға түрткі себепкер болады.
Газет оқуға үйрету. Мына ережелер бойынша баланың есіне салып отырған жөн:
Газет оқуды күнделікті әдетке айналдыр.
Газеттің әр бетіне өзіндік ерекшелігін, мәні бар екендігін түсіне біл. Сонда ғана мазмұнын түсіне аласың.
Әуелі рубрика, бөлім, тақырып, мақала атауларымен танысып, ең қызқтысы мен негізгісін таңдап ал.
Ең алдымен хабарларды оқыған жөн. Оқығын келген мақала көлемінде, оны оқып шығуға уақытын болмаса, белгілеп қой, кейін оқисың.
Мақаланың негізгі түйіні не екенің, одан не үйренуге болатынын жөнінде ойлан.
Терминдерге көңіл бөліп, олардың ұғымын сөздәктен қара.