Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар»


А.Байтұрсыновтың ғылыми-саяси шығармашылығы



бет3/11
Дата08.02.2022
өлшемі182 Kb.
#121000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
stud.kz-71552

1.2 А.Байтұрсыновтың ғылыми-саяси шығармашылығы

1910 жылдың 9 мартында Орынборға келіп, А. Байтұрсынов 1917 жылдың соңына дейін сонда қызмет етеді. Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының, Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «қазақтың ерте оянған тобының» инициативасымен елден қаржы жиналып, 1913 жылы «Қазақ» атты газет шығару ұйғарылады. Газеттің редакторлығына А. Байтұрсыновты қамдайды. Сөйтіп ол 1913 жылдың басынан 1917 жылдың соңғы айларына дейін осы органның редакторы болып қыруар еңбек етеді.


Бес жылдай (1913–1918) уақыт өз қаражатымен сол кезең үшін үлкен тиражбен (8000 дана) шығып тұрған «Қазақ» газеті ең алдымен қазақ, халқының ұлттық азаттығы мен мәдени-әлеуметтік дамуы үшін күрескен және қазақ қоғамының мүдделерін көздейтін проблемалар көтеріп, оларға әлеуметтік үн бере білген орган болды. Газет әсіресе тіл мәселесін бірінші орынға қойды. Қазақ тілін сақтап, әрі қарай дамыту керектігін ол үшін қазақ балалары сауатын ана тілінде ашып, ана тілінде оқу керектігін ұлт мектептеріндегі оқу-тәрбие ісін дұрыс жолға қою қажеттігін жиі жазды.
Патша үкіметінің өз қол астындағы халықтарға қатысты саясатына, әкімшілік тәртіптеріне қарсы пікір айтып, шындықты жазғаны үшін жергілікті үкімет орындары тарапынан бұл газетке бірнеше рет штраф салынады, редакторы түрмеге жабылады. Әрине, бұл газет өзінің бес жылдық өмірінің ішінде бастан-аяқ біркелкі бағытта болған жоқ оның беттерінде әрдайым прогрессивтік, демократтық сипаттағы материалдар ғана орын алып қойған жоқ. Дегенмем әр құбылысты, әр нәрсені қазіргі өлшеммен емес, өз кезеңіндегі мән-маңызына қарап бағалау керек деген марксизм-ленинизм қағидаларына сүйенсек, «Қазақ» газетінің халқымыздың мәдениет тарихында елеулі орын алуға тиістігі көрінеді. Оның үстіне, тілі мен стилі жағынан бұл газет - революцияға дейінгі қазақ баспасөзінің ішінде ең бір жақсы үлгісінің бірі, ол әсіресе қазақ әдеби тілінің нормаларын қалыптастырып, таза сақтап отырған қазақ публи¬цистика стилін жетілдіре түскен орган болды. Мұнда редактордың саналы турде жүргізген жұмысы мен сіңірген еңбегі көзге түседі.
А. Байтұрсынов 1917 жылдың соңында газеттен кетіп, осы кезден бастап 1919 жылдың наурызына дейін «Алаш» партиясының жұмысына араласады, «Алашорда» атты уақытша халық кеңесінің (үкіметінің) оқулықтар жазу жөніндегі Комиссиясының құрамында қызмет етеді. «Алаш» - жылдық орта тұсында құрылып, 1920 жылдың орта шенінде тараған ұйым болатын. Ұлттық-ұсақ буржуазиялық идеологияны негізге алған бұл партияның алғашқы кезеңдегі платформасы ұлттық даму, ұлттық тең праволық үшін күрес болса, бұл идея сол теңдікке оқу-білім арқылы, халықтың мәдениетін көтеру арқылы жетуге болады деп танып, осы майданда ширек ғасырдай аянбай тер төгіп, еңбек етіп келе жатқан Байтұрсынов сияқты адамды елеңдетпей тұра алмады. «Алашқа» қызмет ете жүріп, ол өзге партиялардың да ұстанған бағыттары мен көздейтін мақсаттарына үңіледі, оны қазақ халқы үшін қайсысының программасы қолайлы деген ой толғандырады. «Алаш» партиясының Қазан революциясынан кейінгі ұстаған автонымшыл-ұлтшыл платформасы қазақ, қоғамының әрі қарайғы дамуына қол емес екенін түсінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет