Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атынағы педагогикалық колледжі
« »
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар»
Орындаған:
Жетекші:
Орал-2013
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым А.Байтұрсынов
1.1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны................................................................6
1.2 А.Байтұрсыновтың ғылыми-саяси шығармашылығы....................................7
1.3 Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары...........................................................9
1.4. А. Байтұрсынов – қазақ тілін зерттеуші.......................................................11
II. Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
2.1. Ахмет Байтұрсынов жасаған тұңғыш қазақ әліпбиі...................................15
2.2.А. Байтұрсыновтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы..........................17
2.3. А.Байтұрсынов мұраларының ғылыми бағамдалуы...................................20
2.4. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы.............................................................33
Қорытынды............................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................41
Кіріспе
Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды.
Бұл мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық мақалаларында да бейнелі тілмен жақсы білдіреді: «Надандық, өнерсіздік аға жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты» деп тіпті батыра айтады.
Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да алып келген – өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.
А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайын бала оқытудың қолдарын газет-журналдар беттерінде нақтылы сөз етеді, әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді.
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы, ұлт көсемі, қазақтың дара тұлғасы, білім беру жүйесін қалыптастырушы, қазақ халқына «Қазақ әліпбиін» салып кеткен Ахмет Байтұрсынұлы атамызға - 140 жыл толып отыр. Ы.Алтынсарин тілді оқыту барысында оқушыларға сөз мағыналарын, грамматикалық заңдылықтарды жүйелі үйрету қажеттілігіне баса назар аударған.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі А.Байтұрсыновтың айтуы бойынша: «Тіл адамдардың адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», - деген. Яғни, тіл тек адам баласына ғана тән қасиет екенін айтып кеткен.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше.
Кезінде Ахмет Байтұрсынов, оның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары проф. А.Смайлович, Е.Поливанов бағалы пікірлер айтқан болатын.
Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығармашылығы, әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. “Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамы еңбектерінде” (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды. М.Дулатовтың “Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық очерк)” мақаласындағы тарихи фактілер, деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда А.Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған авторлардың бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз. Ал, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын Кеңестер Одағы тұсында зерттеген ғалымдар, Рымғали Нұрғалиев пен Рәбиға Сыздықова болды. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап, Ахмет Байтұрсыновтың өмірін, саяси қызметін, ақындық шығармашылығын және ғылыми еңбектерін ғалымдар жеке жеке алып, салаларға бөліп, зерттеу жұмыстарын бастады.Осы көштің басында тұрған жоғарыда аталған ғалымдармен бірге, ғалымдар З.Қабдоловтың, С.Қирабаевтың, Ә.Қайдаровтың, Ө.Айтбайұлының, Т.Кәкішевтің ғылыми зерттеулері Ахметтануды биік белеске көтерді. Ахаңның еңбектерін тереңдеп зерттеуші ғалымдар қатары көбейіп келеді. Оның ішінде ғалым Ө.Әбдимановтың «Ұлттың рухани көсемі», «Ұлт азаттығын ұлықтаған ақын», «Қырық мысал төл туынды», «Азатшыл ойға көшбасшы басылым», «Қазақ тілінің ұстазы Ахмет Байтұрсынов» тәрізді көптеген зерттеулерін атап өтуге болады. Өткен жылы Апматыдағы Ахмет Байтұрсынов музейінің директоры Р. Имаханбетованың «Ғасыр саңлағы; Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмірбаяны» атты кітабы баспадан жарық көрді. Бұлда Ахметтануға қосылған зор үлес болды. Ахаңның артында қалдырған мұрасы бұлақтың көзі тәрізді. Көзін ашсаң, жарқырап жаңа қырынан көріне береді. Дегенмен, осы күнге дейін жазылған ғылыми зерттеулер Ахмет Байтұрсыновтың отаршылдыққа қарсы, еліміздің тәуелсіздігі үшін кірескен ұлт қайраткері, ақын, қазақ әліппесі мен грамматикасының, терминологиясының және әдебиет теориясының негізін қалаушы ұлы ғалым, аудармашы, фольклорист, журналист публицист, сондай ақ, композитор екендігін дәлелдеп шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |