1.3 Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары
А. Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен түрі өзгерілмес,
Дегенмен қара я қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса белмес пе екен
Қоймастан құлағына ызыңдаса,
деп, білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды. Бұл мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық мақалаларында да бей-нелі тілмен жақсы білдіреді: «Надандық, өнерсіздік аға жол-дасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ор-далы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты» деп тіпті батыра айтады.
Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминологоия дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істе-ріне араласуына да алып келген – өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.
А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайын бала оқытудың қолдарын газет-журналдар беттерінде нақтылы сөз етеді, әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді. 1913 жылы «Қазақ» газетінде «Оқу жайы» деген бас мақала жарияланады. Мұны жазған А. Байтұрсынов болатын. Бұл мақалада оқу-білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді: «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік»,-дейді. «Надандық» деп отырғаны, әрине, білім-ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп – қазақ жерінде мектептер өте аз дейді. Оның үстіне сол мектептерде бала оқытатын мамандардың да өте тапшы екенін ашып айтады. Оның тапшы болу себебінің бірі – оқытушылар даярлайтын оқу орындарына, мысалы, Орынбордағы Учительская школаға қазына есебінен (яғни стипен¬дия алатын) 7-8 орын ғана берілетіндігі, оқуға түскісі келген балалар өз қаражатымен оқуға тиіс болатындығын айтады. Қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екенді-гін алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе?» деп келісті сауал қояды.
Балаларға білім берудің бірінші басқышы – бастауыш мек-теп. Сондықтан А. Байтұрсынов оқу-білімнің осы бірінші саты-сына қатты назар аударады. 1914 жылы «Бастауыш мектеп» атты көлемді мақаласын жариялайды. ('«Қазақ», 1914. № 61, 9 мамыр). Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керек деген мәселе қойып, сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің жай-жағдайы мәз емес екендігін оларда программа, оқу құралдары дегендердің, жоқтығын мұғалімдер-дің жетіспейтіндігін айтады. Бастауыш мектеп миссионерлік саясаттан аулақ болуы керек дей келіп, халық сауатын ана ті-лінде ашуы керек, атап айтқанда бастауыш мектеп бес жылдық болсын алғашқы үш жылда балалар ана тілінде, кейінгі екі жылда орысша оқысын деген ұсыныс білдіреді. Бастауыш мектептерде: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, шаруа-кәсіп, жаратылыстану пәндері жүретін болсын дел нақты айтады.
Міне, бұл айтылғандардың барлығы А. Байтұрсыновтың оқу-ағарту жайындағы ой-пікірлерін көзқарасын тілек-талаптарын танытады. Өткен ғасырдың II жартысынан бастап көтерілген оқу-ағарту мәселесі қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мәндегі үлкен проблема болса, оны іс жүзінде қолға алған тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин екендігін. білеміз. Осы салада одан кейінгі нақты іс істеген екінші адам («екінші Алтынсарин») Ахмет Байтұрсынов болды.
Міне, осы орайда Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдениеті көгін-де жалаң ағартушы болып қана емес, ғалым-ағартушы болып та көрінді. Ол қазақ тілі мен әдебиетін пән ретінде қазақ тілін-де тұңғыш баяндаушы ғалым.
Достарыңызбен бөлісу: |